Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2012 в 20:17, дипломная работа
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық зерттеу жұмысында тұрақты экономикалық өсу жағдайындағы аймақ бюджетінің қалыптасуы мен басқарылу негіздері карастырылған.
Қазақстан Республикасының экономикасы дамуының қазіргі кезеңінде реформа ауыртпалығының салмағы шаруашылық жүргізудің аймақтық деңгейіне ауысып, осыған орай басқарудың жергілікті органдарына үлкен өкілеттік беріліп, олардың жауапкершілігі арта түсуде.
Кіріспе ...................................................................................................................... 3
1 Республикалық бюджет оның мәні, қалыптастыру жолдары..............................5
1.1 ҚР бюджет, оның әлеуметтік жағдайын жақсарту ролі.....................................5
1.2 Жергілікті бюджеттің құрамы, қаржы көздері................................................ 11
2 ҚР жергілікті бюджет............................................................................................20
2.1 Жергілікті бюджет (Жітіқара ауданының бюджеті)........................................ 20
2.2 Жергілікті бюджеттің өзгеру динамикасы....................................................... 22
2.3 Жітіқара ауданы бюджет көздері..................................................................... .30
3 Жергілікті бюджеттің қалыптастыруды жетілдіру жолдары............................. 34
3.1 Жітіқара ауданының бюджетті қалыптастыру................................................. 34
3.2 Жітіқара ауданының даму жолдары................................................................. 44
Қортынды.................................................................................................................. 60
Пайдалынған әдебиеттер ......................................................................................... 63
10) көлік жыне коммуникациялар;
11) экономикалық қызметтерді реттеу, стандарттау және т. б. ұйымдар.
Операциялық сальдо – бюджет кірістері мен шығыстары арасындағы айырма ретінде айқындалады.[9]
Әр бюджетте оның кіріс және щығыс бөлігін теңестірген, яғни баланстаған дұрыс. Баланс – бұл тепе-теңдік, бюджетті жасаған кезде негізгі мәселе мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының осындай жай-күйіне жету болып табылады. Кірістердің шығыстардан, яғни бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасының шығыстардың және қайтарымды негізде бөлінетін кірістердің ауқымынан асып түсуі бюджет артығын – профицитін құрайды. Ол мемлекеттік борышты өтеуге бағытталаған немесе бюджеттік қаражаттардың бос қалдығын құрауы мүмкін. Мұндай қажеттілік болмаған жағдайда бұл қаражаттарды пайдалану туралы шешімдері тиісті әкімшіліктер қабылдайды. Шығыстар кірістерден асып түсуі мемлекеттік бюджет тапшылығына әкеледі. Тапшылықтың едәуір әрі тұрақты болуы қаржының дағдарыстық жай-күйін сипаттайды.
Бюджет тапшылығы экономиканың жай-күйін қамтып көрсетеді, ал оның болуы мына себептерге байланысты:
Бюджет тапшылығын төмендету әдістері:
Тапшылықты қаржыландыру –оны жабу үшін қосымша ақша қаражаттарын іздестіру.
Бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары:
Бюджеттің кірістерін көбейтуге, шығыстарын қысқартуға, тапшылықты реттеуге, басқа экономикалық дағдарысқа қарсы шараларды әзірлеу және дәйекті іске асыру мемлекеттің қаржы қаржы жағдайын тұрақтандыруға жағдай жасайды, яғни елдің әлеуметтік экономикалық дамуына жәрдемдесетін болады.
Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер бюджеттерінің, сонымен бірге бюджет процесін мен қатынастарының жиынтығын білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы мен аумақтық құрылысы мен аумақтық бөлінісіне байланысты болады.[10]
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің құрылым унитарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан мемлекеті – федеративті емес, басқарудың Президенттік нысананы және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет.
Қазақстан Республикасында
жиынтығында мемлекеттік
республикалық бюджет;
облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астаның бюджеті;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті.
Қазақстанда төтенше немесі соғыс жағдайы
нда төтенше мемлекеттік бюджеттің әзірленуі, бекітілуі және атқарылуы мүмкін.
Бюджет саясаты ұдайы өндірістік кезең аяқталуының нәтижесінде жинақталған, қаржы ресурстарын жұмылдыру бойынша мемлекеттің қаржы саясатының экономикалық мазмұнын анағұрлым толық көрсетеді, олардың мемлекет дамуының әлеуметтік-экономикалық басымдылықтарының пайдаланылуы және бөлінуі. Қаржы ағындарының қозғалысына реттеудің бастапқы принципі жиынтық тұтынудың өсуіне бағытталған ұдайы өндіріс үдерісінің барлық қатысушыларының мүдделерін ымыраға жеткізуден тұрады. Бюджет- бюджет саясатының негізгі құралы ретінде мемлекеттің қаржы жүйесінің барлық буындарын біріктіреді. Үлкен қаржы ағындарымен басқарудың қажеттілігі осыменен шартталған яғни бұған қоса экономиканы реформалауға арналған шетел несиелері мен инвестициялары елдің төлем балансын өзгерту мен жалпы қоғамдық өнімнің қозғалысына бюджет саясатының белсенді әсері де шартталған.Бюджет саясаты бюджеттің белгілі бір механизмін әзірлеу, қарастыру, бекіту, орындау, бақылау, бюджеттің орындалуы туралы есептің қызмет етуінің әр түрлі бюджет деңгейінің өзара байланысына негізделген. Егер, дамыған елдерде ортақ валютаөқаржылық жүйені жасау бөлігінде қуатты және қаржы саласында орталықтан бағытталған беталыстар айқын түрде көрініс табады.Ал, бұрынғы кеңес үкіметі аумағында қаржы жүйесінің жергілікті деңгейлерін өзін-өзі қаржыландыру, жеке аймақтар мен жергілікті көздерінің мәні мен рөлін күшейту және егеменділіктің қалыптасуының қажеттілігі жандандырылады. Республикада бюджет жүйесінің дамуы аймақтық деңгейдің тұтас шаруашылық кешенінің тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету мақсатында қаржы жүйесінің ортақ шеңберіндегі қаржы буындарының жергілікті және орталық өзара әсерінің тиімді нұсқасын іздеу жолында.Бюджет экономикаға бюджет механизмі арқылы әсер етеді. Экономикаға тұтастай әсер ету құралы ретінде бюджеттің бөлу және бақылау қызметі осыдан көрінеді. Осыған байланысты бюджет саясаты қолда бар қаржы ресурстары мен сұраныстарын қанағаттандыру кірістер мен шығыстар бойынша бюджет шешімерін таңдау және қаржы жүйесін бағалауды қарастырады. Басқаша айтқанда, бюджет саясатын бюджет үдерісін ұйымдастыру жағынан алғанда, бюджет заңдылығын бұзғаны үшін жауапкершілік есебінен бюджеттің барлық деңгейінің орындалуына бақылау, бекіту, қарастыру және құрастыру тәртібі ретінде қарастырылуы мүмкін.
Сызба 1. ҚР бюджет жүйесі
2.1 Жергілікті бюджет (Жітіқара ауданының бюджеті)
Бюджет жүйесінің
қызметі етуі қағидалар негізінде
қамтамасыз етіледі:
- барлық бюджеттің біртұтастығы, толықтылығы,
нақтылығы, жариялылығы және дербестігі;
- мемлекеттік қаржы статистикасының біртұтас
нысаны, ортақ бюджеттік сыныпталу, біртұтас
қаржылық базаның бар болуы;
- бюджетте барлық түсімдердің толық көрінуі
және түсімдердің қайта бөлінуі арқылы
бюджеттің икемді өзара іс-қимыл;
- мемлекеттің ақша несие саясатының өзара
іс-қимылы және ақша жүйесінің біртұтастығы;
Жергілікті
билік органдарының шығыстық өкілдігімен
байланысты бюджет шығыстарын ең аз жасау
принциптерімен, аумақтар дамуының
әлеуметтік- экономикалық шығыстарының
бюджетіне, теңгеріміділікке байланысты,
олардың бюджет шығыстарын ұлғайту қызығушылығында
жергілікті бюджет табыстарының саралануы
жүреді.Қазақстан Республикасы аймағының
жеке бюджеті бұл – елдің бюджет жүйесінің
дербес буыны, яғни жергілікті бюджет.
4). Қазақстанда жергілікті бюджеттер бағалы
қағаздар нарығына шықпастан бұрын ең
алдымен бірқатар ұйымдастырушы – қаржылық
шараларды іске асыр қажет. Ұсыныстар
орталық жіне жергілікті басқару органдарының
әрекеттеріне тікелей қатысты және ұсынытарды
жергілікті бюджетті нығайту үшін жүргізу
қажет, оны жүргізгенне соң жергілікті
алыс- берістерді тиімді дамыту төмендегілерге
негіделеді:
1. үкіметтік
деңгейде қаржы саласын
2. Жергілікті
басқару органдары есептілік
және өзінің жұмысының
3. Жергілікті басқару органдарының несиені
өтеу қабілетінің рейтингін тәуелсіз
сараптауды баалауды алдын-ала жүргізу
қажет.
2003 жылы облыстықң жергілікті бюджеті
нақтыланған бюджетке табыстар бойынша
105,2 %-ға, шығыстар бойынша 98,4 %-ға орындалды.
Табыстар мен шығыстар бойынша нақтыланған
бюджетке кассалық орындалудың %-дық қатынасы
артығымен орыындалды. Бұл дегеніміз жергілікті
бюджет көлемінің артығымен көрсетеді.
Жергілікті бюджет бұл өте серпінді санат, сондықтан аймақтық саясатты мемлекеттің экономикалық өміріне әсер ететін әр түрлі факторлардың есебімен жүзеге асыру қажет. Бұл экономиканың құрылымындағы өзгеріс, халықтың әлеуметтік кепілдігінің деңгейі, халыхтың жасына қарай және кәсіби құрылымының өзгеруі. Жеке аймақтардың экономикалық дамуы деңгейінің әркелкі юолуы және олардың әр түрді тұрпаттары бойынша сараланымы жергілікті бюджет қаражаттарының қалыптасуы мен жұмсалуына әсер етеді.[11]
Жергілікттік органдарының өздерінің функцияларын орындауы үшін басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде өзінің экономикалық аймақтарының шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, заң шығарушы билікті, басқару аппаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін «мемлекеттік бюджет» құрайды. Жалпы айта кететін болсақ жергілікттік бюджет негізінде экономиканың дамуы қалыптасады. Жергілікттік бюджетте өзінің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығындарының қалыптасыру, оларды теңдестіру процесінде заңмен реттеліп отырады. Сонымен қатар мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі.
Жергілікті бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты материалдық-заттай түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорында – бюджеттік қорында затталынады. Мұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық (бөлгіштік) процестер жергілікттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақшаның ағыныңда өзінің көрінісін табады. Бюджеттік қор – бұл қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құндық бөліністің белгілі стадияларын өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ауданға түсетін бөлігі қозғалысының объективті шарттасылған экономикалық нысаны. Бюджеттік қордың қалыптасуы мен пайдаланылуы құнды бөлу және қайта бөлумен байланысты оның қозғалыс процесін білдіреді.
2010 жылғы 1 сәуірдегі
жағдай бойынша бюджеттің
Есептілік кезеңіне
бюджеттің шығыс бөлігі 98,5 % орындалды,
573,6 млн. теңге жоспарланса кассалық
шығындар 564,8 млн. теңгені құрады.
Функционалдық топтар тұрғысындағы шығыстар
мынадай қалыпта құралды:
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер 30,8 млн. теңге. Қорғаныс 0,6 млн. теңге Қоғамдық тәртіп, құқықтық қауіпсіздік, соттық, қылмыстық-атқарушылық қызмет 0,6 млн. теңге. Білім беру 218,1 млн.теңге
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету 109,4 млн. теңге Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы 95,5 млн. теңге Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік 16,2 млн. теңге Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар әлемін қорғау, жер қатынастары 16,4 млн. теңге Өнеркәсіп, сәулеттік, қала құрылысы және құрылыс қызметі 2,4 млн. теңге Көлік және коммуникация 14,7 млн. теңге Басқалары 5,2 млн. теңге Трансферттер 54,9 млн. теңге 2010 жылғы 1 сәуірдегі ҚЕБ арналған қалдық 46,3 млн. теңгені құрады, соның ішінде (1-3 санаттар) түсімдері бойынша шоттың жоспардан асыра орындалуы есебінен – 20,8 млн теңге, жоспарланған шығындардан табыстардың артуы – 15,2 мон. теңге, рұқсат етілмеген трансферттер – 4,3 млн. теңге, бюджеттік қаражаттардың игерілмеуі – 5,1 млн. теңге; түскен нысаналы трансферттердің игерілмеуі – 3695,3 млн. теңге, таратылған бос қалдығы – 2,8 млн. теңге, бюджеттік қаражаттардың таратылмаған бос қалдығы – 2,3 млн. теңге.
2010 жылғы 1 сәуірдегі
жағдай бойынша кредиторлық
Елді мекендерді жасылдандыруды және сәулеттендіруді, «Жітіқара ауданының аудандық орталықты сумен жабдықтау үшін жер асты суларының пайда болған Шортанды науасының құрылысы», «Жітіқара қ. Желтоқсан шағын ауданын сумен жабдықтау желісінің құрылысы», светофор объектісін монтажбен, санитариямен қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жасауға арналып жасасқан шарттар бойынша алдын-ала өткізілген төлем жасауына байланысты пайда болған, 2010 жылғы 1 сәуірдегі дебиторлық қарыз 20,5млн. теңгені құрады. 2009 жылдың 1 сәуірдегі дебиторлық қарыз 33,5 млн. теңге сомасында есептелді.
2.2 Жергілікті бюджеттің өзгеру динамикасы
Жітіқара ауданы
облыстың аумағынан 7,3 мың ш. км. тең немесе
3,7 % тең аумағын алады. Аудан халқы 51074
адамды құрайды, оның ішінде қала халқы
– 34151 адам, село халқы – 16923 адам. Аудан
индустриалдық-аграрлық мамандыққа ие.
2010 жылдың қаңтар-наурызында
ауданның кәсіпорындарында өнеркәсіп
өнімі 4527,7 млн. теңге сомасына шығарылған,
ол 2009 жылдың деңгейінен 3,4 % артық. Өнеркәсіп
өнімінің жеке көлемінің индексі 108,2 %
құрды.
Тау-кен өнеркәсібі
«Костанайские минералы» АҚ ұсынылған.
Кәсіпорынмен 2010 жылдың қаңтар-наурызына
1658,2 млн. теңгеге өнім өндірілген, ол 2009
жылдың деңгейінен асбест топтары бойынша
құрылымдық қозғалыстарға байланысты
0,7 % артық. 3-6 топтағы асбестің өндірісі
46 мың тоннаны құрды, ол 2009 жылдың ұқсас
кезеңінен 17 % артық.
Өңдеу өнеркәсібі
кәсіпорындарымен 2422,8 млн. теңге сомасына
өнім өндірілген, 2009 жылдың деңгейіне
көлемі 4,9 % өсті. 2009 жылмен салыстыру бойынша
тұтас сүт өнімдерінің өндірісі 21 %, нан
– тәтті нан өнімдері 4 %, тәтті тағамдар
6 % көбейді, тоқыма бұйымдарын тігу 20 %
көбейді. Жылдың басында қолайсыз табиғи
жағдайларға және руда шығарылымының
қышқылданғаннан алғашқыға көшу себебіне
байланысты 54 % төмендеуімен, «МеталТрэйдинг»
ЖШС «Доре» ерітіндісінің 46 кг. өндірілген.
Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстыру
бойынша 30 % ұн өндірісінің төмендеуі негізінен
«КазАгроТрейд» ЖШС кәсіпорны ағымдағы
жылы алыс-беріс бидайда жұмыс істегеніне
байланысты. 2 % шұжық өнімдерінің төмендеуі
«Хорошко А.В.» ЖК қызметінің уақытша тоқталуына
байланысты. Электр энергия,
газ және судың өндірісі және бөлінуі
саласында тауарлардың, жұмыстардың және
қызметтердің өндірісі 2010 жылдың қаңтар-наурызына
446,7 млн. теңгені құрды, ол 2009 жылдың деңгейінен
12 % артық. Ауыл шаруашылық жалпы өнімінің
жалпы көлемі 719,8 млн. теңгені құрайды.
Мал шаруашылығы өнімінің жеке көлемінің
индексі пайыз бойынша 2009 жылға 100,3 % құрды.
Есепті кезеңге барлық меншік нысанындағы
шаруашылықтармен өндірілген: таза салмақтағы
ет – 1401,2 тонн, ол 2009 жылдың деңгейінен
0,1 % артық; сүт 4988 тонн, ол 2009 жылдың деңгейінен
40,6 тоннаға немесе 0,8 % артық; жұмыртқа
– 2328 мың дана (2009 жылдан 16 мың данаға немесе
0,7 % артық).