Бюджетті қалыптастыру мәселелері.doc

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2012 в 20:17, дипломная работа

Описание работы

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық зерттеу жұмысында тұрақты экономикалық өсу жағдайындағы аймақ бюджетінің қалыптасуы мен басқарылу негіздері карастырылған.
Қазақстан Республикасының экономикасы дамуының қазіргі кезеңінде реформа ауыртпалығының салмағы шаруашылық жүргізудің аймақтық деңгейіне ауысып, осыған орай басқарудың жергілікті органдарына үлкен өкілеттік беріліп, олардың жауапкершілігі арта түсуде.

Содержание

Кіріспе ...................................................................................................................... 3
1 Республикалық бюджет оның мәні, қалыптастыру жолдары..............................5
1.1 ҚР бюджет, оның әлеуметтік жағдайын жақсарту ролі.....................................5
1.2 Жергілікті бюджеттің құрамы, қаржы көздері................................................ 11
2 ҚР жергілікті бюджет............................................................................................20
2.1 Жергілікті бюджет (Жітіқара ауданының бюджеті)........................................ 20
2.2 Жергілікті бюджеттің өзгеру динамикасы....................................................... 22
2.3 Жітіқара ауданы бюджет көздері..................................................................... .30
3 Жергілікті бюджеттің қалыптастыруды жетілдіру жолдары............................. 34
3.1 Жітіқара ауданының бюджетті қалыптастыру................................................. 34
3.2 Жітіқара ауданының даму жолдары................................................................. 44
Қортынды.................................................................................................................. 60
Пайдалынған әдебиеттер ......................................................................................... 63

Работа содержит 1 файл

Бюджетті қалыптастыру мәселелері.doc

— 475.00 Кб (Скачать)

Әлемдік қаржылық дағдарыстың  және қоғам алдындағы кәсіпорындардың  әлеуметтік жауапкершілігі жағдайында экономиканың нақты секторының тұрақты  дамуын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан  Республикасы Президентімен қойылған міндеттерге сәйкес, ауданда Жітіқара ауданының әкімдігі мен өнеркәсіптік кәсіпорындар арасында, еңбек құқықтарын, жұмысшылардың экономикалық мүдделері мен кепілдіктерін қамтамасыз ету жөніндегі меморандумдарға қол қойылды, барлығы 58 меморандум. Ірі кәсіпорындар – «Костанайские минералы» АҚ, «Метал Трэйдинг» ЖШС дағдарысқа қарсы іс-шаралар бағдарламалары әзірленген. 

Бүгін Қазақстанның Бүкіл әлемдік сауда ұйымына  кіру жолында, сертификаттауды өткізу қажеттілігі мәселесі, өз бизнесінің болашағын ойлайтын әр бір кәсіпкердің  алдына қойылады. Тиісінше заңнамалық және нормативтік базаның сәйкес келмеуінен орнын табатын, кедергілерді болдармау үшін, Қазақстанның техникалық реттеудің халықаралық тәжірибесіне ауысуы керек.

Жұмыс жасайтын кәсіпорындар барыстарының сәйкес келуін растау, өз өнімінің ұсынылған сапа деңгейіне сенімді болуға мүмкіндік береді. Сонымен ауданда ИСО сериясы 9001-2000, 14001-2004, OHSAS 18001-1999 сәйкестік сертификатына тек қана бір кәсіпорын «Костанайские минералы» АҚ ие, ол кәсіпорынға ішкі және сыртқы нарықтарға халықаралық стандарттарға жауап беретін өнімді шығаруға мүмкіндік берді.

Өнеркәсіптегі негізгі проблемалар:

1) негізгі қорлардың  моральдық және физикалық тозуы  және ескерген технологияларды  қолдану;

2) қайта өңдеу  үшін шикізаттағы іркіліс;

3) өндірісті жаңарту үшін қаражаттардың жоқтығы;

4) жергілікті  өнімнің бәсекеге қабілетсіздігі  және жергілікті өнімнің төмен  тұтыну қасиеттері;

5) сапа менеджменті  жүйесінің халықаралық стандарттарын  енгізу бойынша кәсіпорындардың  төмен белсенділігі.

Экономиканың басқа  салаларының біреуінде де емес, саудада жоғары кәсіпкерлік белсенділік қалыптастырылды, ол тұтыну нарығының дамуында көрінді.  Кәсіпорындардың астам саны сауда саласында қамтылған. Осы жағдай шағын бизнес кәсіпорындары үшін сауда қызметінің аса қол жетімді болғанымен түсіндіріледі, өйткені үлкен капитал салымдарын қажет етпейді және тым қысқа мерзімде қаржылық қаражаттардың айналымын жүзеге асыруға мүмкіндік береді және ШКС үшін аса тартымды болып қала береді.

Ауданда 2009 жылдың 1 қаңтарына 288 сауда объектілері есептеледі, олардың ішінен селолық мекенде – 73, қоғамдық тамақтану пунктері – 45: 33 қалада және 12 селода, бөліну типі бойынша біреуі әрекет етеді – 292 сауда орынына жан-жақты екінші деңгейдегі нарық. 

Саудада қамтылған  халықтың саны – 1493 адамды құрайды немесе шағын кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтіндердің санынан 54 %.

2008 жылы бөлшек  тауар айналымының жалпы көлемі  1054,6 млн. теңгені құрды, ал 2007 жылы  бұл сан 926,7 млн. теңгені құрды.

Өзінің шешімін  әлі күнге дейін таппаған проблеманың  бірі шағын бизнестің саудада қадалғаны болып табылады, және де көбінесе оның көлеңкелі түрлілігінде. Шағын көлеңкелі бизнестің ауқымдарын көруге болады, егер келесі сандарды талдайтын болсақ. Ресми статистика бойынша, яғни тіркеулердің негізінде, елдің ІЖӨ шағын бизнестің үлесі 10,4 % ғана құрайды. Егер өздігінен жұмыс істейтін халықпен есептейтін болсақ, басқа сөзбен айтқанда, «көлеңкеліктер», бұл сан нақты 35 % жетеді.

Қазақстан Республикасындағы  сауда қызметін дамыту мемлекеттік  Бағдарламасының жоқтығы сауда қызметінің дамуында негативті көрінеді.

Сауда саласындағы  проблемалар

1) сауда қызметін реттеу  саласындағы әлсіз заңнамалық  қамтамасыз етілуі;

2) сауда саласы қызметкерлерінің  құқықтық сауаттылығының төмен  деңгейі, жеткіліксіз ақпараттандырылуы;

3) сауда қызметін дамыту бағдарламасының, сауда инфрақұрылымының дамуына қатысты ұсыныстар мен нормативтердің (нормативтердің және халық тығыздылығының есебімен әзірленген сауда желісінің «мамандануының», «шоғырлануының») жоқтығы, ол ішкі сауданың инфрақұрылымының даму деңгейіне кері әсерін тигізеді және теріс бәсекені құрайды. 

Тәуелсіз Қазақстанның тіршілігінің бірінші күндерінен экономиканың нарықтық қалыптасуы сияқты, шағын  бизнеске аса маңызды істегі жетекші  рөлдердің бірі жатқызылады. Шағын  кәсіпкерлікті дамыту және қолдау, оған қазақстандықтардың барынша санын қатыстыру мемлекеттік экономикалық саясаттың басымдылықты саласымен заңдылықты таңылған.

2008 жылдың қорытындылары  бойынша шағын кәсіпкерліктің (бұдан  әрі ШКС) 1877 субъектілері тіркелген,  ол 2007 жылдан 11% артық.

Әрекет ететін ШКС саны 2% өсті және 1493 субъектіні құрды немесе тіркелгендердің санынан 79,5%. Олардағы әрекет ететін қызметкерлер саны - 2721 адамды құрайды. 

 Кәсіпорындардың  көпшілік саны сауда, автомобильдерді  жөндеу саласында, қозғалмайтын мүлікпен операциялар және халыққа қызмет көрсету жөніндегі тұрмыстық фирмаларда қамтылған – 57,7 %, құрылыста – 4,1 %, ауыл шаруашылықта  - 9,4%, өнеркәсіпте – 4% және басқа қызметтерде  –   24,7%.

Шағын бизнес бәсеке ортасын қалыптастырады, нарықтың отандық тауарлар мен қызметтердің толығуына жағдай жасайды. Кәсіпкерлер  өз отбасыларына тек қана жақсы өмірді қамтамасыз етіп қоймай, жаңа жұмыс  орындарды ұсынады, ішкі жалпы табыстың көлемінің орындалуына үлесін қосады. Осылай, 2008 жылы 143 жұмыс орын құрылған.

1000 адамға  кәсіпкерлік белсенділік 29 бірлікті  құрды. Экономикалық белсенді  халық - 31201 адам.

Экономикалық  белсенді халықтан шағын бизнесте қамтылғандардың  үлес салмағы 8,7 % құрды.

2008 жылы ШКС тауарлар жұмыстар мен қызметтердің шығарылымының барлығы – 1258,0 млн.

Шағын кәсіпкерлікті  қолдау және дамыту мақсатында 2008-2010 жылдарға арналған Жітіқара ауданының шағын  кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бағдарламасы әрекет етеді, оның мақсаты  шағын кәсіпкерлік субъектілер санын арттыру үшін жағдай жасау, жаңа жұмыс орындарды құру, шағын кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының объектілерін құру, экономиканы нығайту. Бағдарламаның қаржыландыру көзі болып аудандық бюджет анықталған, оның сомасы  485,0 мың теңгені құрайды. 2008 жылы оның іске асырылуы үшін  125,0 мың теңге бағытталды: 30,0 мың теңге «Ақпараттандыру» акциясына пайдаланылды, 95 мың теңге - әдістемелік оқулықтардың дайындалуына. 2009 жылға 170 мың теңге: 35 мың теңге ақпараттандыру акциясына, 135 мың теңге - әдістемелік оқулықтардың дайындалуына жоспарланды. 2010 жылға – 190 мың теңге тиісінше 35 мың теңге және 155 мың теңге.

Бағдарламаның шеңберінде екі  айда бір рет аудан әкімінің кәсіпкерлермен кездесулері өткізіледі, ол шағын  және орта бизнес субъектілері мен атқарушы билік органдары арасындағы кері байланысты белгілеудің нақты мүмкіндігін береді, аудандағы кәсіпкерліктің дамуына байланысты, проблемалы мәселелердің шешілуіне жағдай жасайды.

 Кәсіпкерлер қызметі үшін жоғары әкімшілік кедергілер:

 нормативтік-құқықтық  базаның жетілдірілмеуі көбінесе  жер телімін алу кезіндегі  рұқсат беру тәртіптерінің, бизнес  объектілерінің құрылысына және  бизнес объектілеріне тұрғын  жайларды қайта жоспарлауға рұқсат  алу проблемаларын жасайды. Сондықтан  тапсырыстарды қарау мерзімін қысқарту туралы мәселені қарау қажет.

Сараптамалық  кеңестердің құзырларын қайта қарау  қажеттілігі жеткен. Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер мәселелердің өте тар шеңберін қарастырады, ал аудандық деңгейлерде олардың тиімділігі көбінесе азырақ, кәсіпкерлердің көңілінен шықпайды. Сараптамалық кеңестердің қызметін жақсарту үшін «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңестер жөніндегі Үлгі ережені бекіту туралы» 2006 жылғы 2.06 № 496 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу жолымен кәсіпкерлік мәселелері бойынша олардың қызметтік міндеттерін кеңейту қажет.

Өнеркәсіптік  өнімінің өндірісіндегі шағын кәсіпкерлік субъектілерінің төмен белсенділігі:

шағын кәсіпкерлік субъектілерінің  экономикалық қызметінің талдануы шағын  бизнес субъектілерінің негізгі  үлесі сауда саласында қамтылғанын  көрсетеді. Осы жағдай сауда қызметі  шағын бизнестің кәсіпорындары  үшін аса қол жетімді және бизнесмендер үшін аса тартымды болатынымен түсіндіріледі, өйткені үлкен капитал салымдарын қажет етпейді және тым қысқа мерзімде қаржы қаражаттарының айналымын жүзеге асыруға мүмкіндік жасайды.

Өнеркәсіп өнімінің өндірісін  белсендіру үшін кредит беру нысандарын қайта қарау қажет, өйткені кәсіпкерлердің көбінде қаржылық қаражаттарының жоқтығынан жаңа өндірісті дамытуға немесе ашуға мүмкіндік жоқ, с.а. сыйақы ставкілерін жылдық 8 % төмендету, бірақ аса қатаң жағдайларда және «Даму» кәсіпкерлікті қолдау Қоры арқылы.

Аса қиын проблемалардың бірі - меншік инвестициялық және айналым  қажеттіліктерін қамтамасыз ету  үшін ШКС көпшілік бөлігінде жеткілікті қаржы ресурстарының жоқтығы: екінші деңгейдегі банктер арқылы емес, тікелей кредит беру бойынша «Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының Қостанайлық филиалы арқылы шағын кәсіпкерлікке кредит беру қажет, қарызгерлерге қаржылық қаражаттардың жетуі үшін, екінші деңгейдегі банктерге нақты бәсеке жасалады. 

2030 жылға дейінгі  Қазақстанның даму Стратегиясының бағыттарынан, Қазақстан халқына Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауынан шыға отырып, шағын кәсіпкерліктің дамуының негізгі міндеті:

1) шағын кәсіпкерліктің  дамуы үшін жағдайларды жасау,  әкімшілік кедергілерді жою; 

2) шағын кәсіпкерлік субъектілері қызметінің салаларын кеңейту және олардың қызметін белсендіру болып табылады.

Шағын кәсіпкерліктің дамуы үшін жағдайларды жасау, әкімшілік  кедергілерді жою

Кәсіпкерлік белсенділікті  көтермелеу, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің  санын арттыру, олардың қызметін дамыту, бәсеке қабілеттілігін, сондай-ақ, жұмыспен қамтылғандардың санын арттыру үшін негізгі міндеттер:

1) кәсіпкерлік  қызметінің, бар болған проблемалардың, қолданыстағы нормативтік – құқықтық  базаның талдануы;

2) кәсіпкерлікті  қолдау және дамыту инфрақұрылымының дамуы, негізінен, кәсіпкерлерді нарықтың конъюктурасы  туралы сенімді және нақты ақпаратпен қамтамасыз ететін.

«... халықтың барлық жіктерінің өмірінің жоғары сапасы мен  алдыңғы әлеуметтік стандарттары»  жету бойынша мемлекет Басшысының тапсырмасын іске асыру бойынша жұмыс адамдық капиталдың дамуымен байланысты мәселелерді бірінші қатарға шығарды.

Адамдық капиталдың дамуы үшін лайықты еңбекті кеңейтудің ерекше маңызы бар.

Өнімді жұмыспен қамтуға көмектесу үшін 2006-2008 жылдарға арналған Жітіқара ауданының жұмыспен қамту Бағдарламасын іске асыру шеңберінде бос жұмыс орындарының белсенді іздеуі мен іріктеп алынуы, жұмыссыздар және халықтың мақсатты топтарының басқа да өкілдерін оқыту, қайта даярлау және біліктілігін көтеру; қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру; әлеуметтік жұмыс орындарын құру, жәрмеңке-бос орындар өткізу, жастар мен әйелдерді жұмысқа орналастыруға көмектесу, кепілденген әлеуметтік төлемдерді қамтамасыз ету және ересек ұрпаққа, мүгедектерге және басқаларына әлеуметтік көмек көрсету қолданылды.

Жыл сайын Жітіқара ауданында 650-ге дейін жұмыс орны құрылды. 2006-2008 жылдары жұмыспен қамту  органына жұмыс іздеумен үндеу салған 2373 мың азаматтың 82,9 % жұмысқа орналастырылды; кәсіби оқу мен қайта даярлауға 110 дейін жұмыссыз бағытталды.

Қабылданған шаралар  нәтижесінде тұрақты экономикалық өсу аясында 2008 жылы халықты жұмыспен қамту саны 32557 адамға дейін өсті (2006 жылғы 30200-ден), ал жалпы жұмыссыздық  деңгейі 8,0 %-дан 6,0 %-ға төмендеді.

Жұмыспен қамту  қызметі кәсіпорындар мен ұйымдарды сауалнамалау әдісімен білікті жұмысшылар мен мамандардың болжамды қажеттігін анықтау бойынша үлкен жұмыс жүргізеді.  Ауданда еңбек нарығы мен білім беру қызметтері нарығына сұраныс пен ұсыныс арасында үйлесімсіздік байқалады. Жалпы қажеттіліктің 80 % жуығы білікті жұмысшылардың қажеттілігін құрайды, ал білім беру қызметтері нарығында оқу орындары түлектерінің үлкен бөлігі – бұл жоғары және орта кәсіби білімді мамандар (80 % жуық) және түлектердің тек 20 % жуығы жұмыс мамандығын алады.

Бұдан басқа, ауданның жұмыспен қамту қызметімен жоғары сынып оқушыларының кәсіби бағдары бойынша жұмыс жүргізілді. Кездесулерге 1213 адам қатысты.

Еңбек қатынынастары  дамуының негізгі тенденциясын саралау  әлеуметтік әріптестік рөлі аясының  кеңеюі мен өсуі; еңбек ақының өсуі сияқты позитивті тенденцияларды дәлелдейді. Ауданда бір жұмыскердің орта айлық номиналдық жалақысы өткен жылдың осыған сәйкес кезеңіне қатынасы бойынша 19 %; осымен қатар ауыл шаруашылығында 37,1 %, балық аулау кәсібінде 21,5 %, өндірісте 24,4 %; құрылыста 24,9 %; саудада – 26,4 %; мынадай салалар: қонақ үйлер мен мейрамханалар – 21,7 %; көлік және байланыс – 22,3 %; қаржы қызметі – 14,9 %; мемлекеттік басқару - 2%; білім беру – 10,2 %; денсаулық сақтау – 9,4 %; коммуналдық қызметтерді ұсыну 27,6 % өсті.

Еңбек нарығындағы  жағдайды тұрақтандыру бойынша ауданда  аудан әкімі мен аудан аумағында  әрекет ететін кәсіпорындар: «Метал Трэйдинг»  ЖШС, «Асбесттік ҚҚК» ЖШС, «МинералСтройСервис» ЖШС, «Агрофирма «Алаш» ЖШС, «Степное»  ЖШС, «Житикара Соцсервис» ЖШС, «Казагротрейд» ЖШС және жұмыскерлердің еңбек құқықтары мен кепілдемелерін қамтамасыз ету бойынша басқалармен өзара қарым-қатынас туралы 59 Меморандумға қол қойылды, бұл халықты жұмыспен қамту саласындағы жағдайды тұрақтандыруға мұрсат береді.

Ауданда бизнестің корпоративті әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде 200 миллион теңгеден аса сомаға әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша меморандумдар жасалды. Меморандумдар жасау бойынша жұмыс жалғасуда.

Әлеуметтік  әріптестер жұмысының негізгі бағыттарының бірі кәсіпорындарда ұжымдық шарттар жасау болып табылады. 1.12.2009 жылғы жағдайы бойынша «Ұжымдық шарт жасаңыз» акциясн өткізу барысында 84 ұжымдық шарт жасалды және әрекет етеді (сонымен қатар ірі-4, орта-44, кіші-36).

Информация о работе Бюджетті қалыптастыру мәселелері.doc