Бюджетті қалыптастыру мәселелері.doc

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2012 в 20:17, дипломная работа

Описание работы

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық зерттеу жұмысында тұрақты экономикалық өсу жағдайындағы аймақ бюджетінің қалыптасуы мен басқарылу негіздері карастырылған.
Қазақстан Республикасының экономикасы дамуының қазіргі кезеңінде реформа ауыртпалығының салмағы шаруашылық жүргізудің аймақтық деңгейіне ауысып, осыған орай басқарудың жергілікті органдарына үлкен өкілеттік беріліп, олардың жауапкершілігі арта түсуде.

Содержание

Кіріспе ...................................................................................................................... 3
1 Республикалық бюджет оның мәні, қалыптастыру жолдары..............................5
1.1 ҚР бюджет, оның әлеуметтік жағдайын жақсарту ролі.....................................5
1.2 Жергілікті бюджеттің құрамы, қаржы көздері................................................ 11
2 ҚР жергілікті бюджет............................................................................................20
2.1 Жергілікті бюджет (Жітіқара ауданының бюджеті)........................................ 20
2.2 Жергілікті бюджеттің өзгеру динамикасы....................................................... 22
2.3 Жітіқара ауданы бюджет көздері..................................................................... .30
3 Жергілікті бюджеттің қалыптастыруды жетілдіру жолдары............................. 34
3.1 Жітіқара ауданының бюджетті қалыптастыру................................................. 34
3.2 Жітіқара ауданының даму жолдары................................................................. 44
Қортынды.................................................................................................................. 60
Пайдалынған әдебиеттер ......................................................................................... 63

Работа содержит 1 файл

Бюджетті қалыптастыру мәселелері.doc

— 475.00 Кб (Скачать)

Бюджет шығындары мынадай түрлерге бөлiнедi:

1) мемлекеттiк  мекемелердiң қызметiн қамтамасыз ететiн шығындар;

2) тұрақты сипаты  жоқ iс-шараларды ұйымдастыру  мен өткiзуге байланысты шығындар;

3) мемлекеттiк  тапсырысқа арналған шығындар - мемлекеттiк  саясатты iске асыру мақсатында (мемлекеттiк органдардың өздерiнiң тұтынуына арналмаған) өндiрiлетiн тауарларға (жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге) мемлекеттiк органдардың ақы төлеуi;

4) жеке тұлғаларға  ақшалай төлемдер - қызметкерлерге  еңбегi үшiн ақшалай төлемдерден  басқа, Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жеке тұлғаларға ақшалай нысандағы төлемдермен байланысты шығындар;

5) заңды тұлғаларға  субсидиялар - мемлекеттiк мекемелер  және қоғамдық бiрлестiктер болып  табылмайтын заңды тұлғаларды  өтеусіз және қайтарылмайтын негiзде қаржыландыру;

6) ресми трансферттер - бюджеттiң бiр деңгейiнен екiншiсiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының  Ұлттық қорына трансферттер төлеу;

7) мемлекеттiң  мiндеттемелерiн орындауға арналған  шығындардың өзге де түрлерi.

Заңды тұлғаларға субсидиялар нақты саланы немесе қызмет аясын әлеуметтiк-экономикалық дамыту мiндеттерiн iске асырудың басқа, неғұрлым тиiмдi тәсiлi болмаған реттерде ғана Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда берiлуi мүмкiн. Заңды тұлғаларға субсидия берудiң басым бағыттары орта мерзiмдi фискалдық саясатпен айқындалады.

Ресми трансферттердiң  жалпылама сипаты да, нысаналы мақсаты  да болуы мүмкiн. Нысаналы сипаты бар  ресми трансферттер нысаналы трансферттер болып табылады.

Қаржылық байланыстарын  орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы «мемлекеттік бюджет» ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Демек, мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құның бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді.

Қазақстан Республикасының Yкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдардың  резервтерi республикалық және жергiлiктi бюджеттердi әзiрлеу кезiнде оларды болжауға болмағандықтан жоспарланбаған және ағымдағы қаржы жылында кейiнге қалдыруға болмайтын қаржыландыруды талап ететiн шығындарды қаржыландыру үшiн республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң құрамында құрылады.[7]

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, жергiлiктi атқарушы органдардың резервi:

1) төтенше резервтi;

2) шұғыл шығындарға арналған резервтi;

3) облыстық бюджеттердiң,  республикалық маңызы бар қалалар,  астана бюджеттерiнiң, аудандар (облыстық  маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң  кассалық алшақтығын жабуға арналған резервтi қамтиды.

Төтенше резерв Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердiң аумағындағы  табиғи және техногендiк сипаттағы  төтенше жағдайларды жою мақсатында ғана пайдаланылады.

Шұғыл шығындарға арналған резерв Қазақстан Республикасының немесе оның әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiгiнiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн жағдайларды жою, соттардың шешiмдерi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, орталық мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi атқарушы органдардың мiндеттемелерiн орындау мақсатында ғана пайдаланылады.

Облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң кассалық алшақтығын жабуға арналған резерв оларда кассалық алшақтық пайда болған жағдайда облыс бюджетiне, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiне кредит беру үшiн тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделедi.

Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң  кассалық алшақтығын жабуға арналған резерв оларда кассалық алшақтық пайда болған жағдайда аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне кредит беру үшiн облыстық бюджетте көзделедi.

Кассалық алшақтықты жабуға қарыз беру қаржы жылы шегiнде  алты айға дейiнгi мерзiмге жүзеге асырылады  және республикалық немесе жергiлiктi бюджеттi нақтылауды талап етпейдi.

Қазақстан Республикасы Үкiметi резервiнiң және жергiлiктi атқарушы орган резервiнiң жалпы көлемi тиiстi бюджет түсiмдерi көлемiнiң екi процентiнен аспауға тиiс.

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiнен ақша бөлу тиiстi қаржы жылына арналған республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерде бекiтiлген көлемдер шегiнде тиiсiнше Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың ағымдағы қаржы жылы аяқталғаннан кейiн күшiн жоятын шешiмдерi бойынша жүзеге асырылады.

Резерв құрамында  көзделген ақша толық көлемiнде  пайдаланылған жағдайда Қазақстан  Республикасының Үкiметi немесе жергiлiктi атқарушы орган қажет болған кезде  Қазақстан Республикасының Парламентiне немесе тиiстi мәслихатқа тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға немесе тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу арқылы Қазақстан Республикасының Yкiметi немесе жергiлiктi атқарушы орган резервтерiнiң мөлшерiн ұлғайту туралы ұсыныстар енгiзедi.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның резервiнен бөлiнген ақша қаржы  жылы iшiнде пайдаланылмаған немесе iшiнара пайдаланылған жағдайда, бюджет бағдарламасының әкiмшiсi бөлiнген ақшаның пайдаланылмаған бөлiгiн ағымдағы қаржы жылының соңына дейiн тиiстi бюджетке қайтаруды қамтамасыз етедi.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың  резервтерiн пайдалану тәртiбiн  Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі  мемлекеттік бюджетке ең алдымен  жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджет қатынастарына белгілі бір өзіндік ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен шықпайды.[8]

Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар – бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі. Бюджеттің түсімдері кірістер, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар, ал оның шығыстары шығындар, бюджеттік кредиттер, қаржы активтерін сатып алу, қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу болып табылады.

Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік-экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет және салық саясатын жүргізудің бағыттары на байланысты болады. Бұл кезде мемлекеттік белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.

Дағдыдағыдай, кірістердің көзі салықтар немесе оларға барабар төлемдер болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік  бюджеті кірістерінің құрамы мен  құрылымы салық төлемдерінің қолданыстағы жүйесімен және салыстырмалы тұрақсыз сипаттағы салықтық емес қаражаттардың  түсімдерімен айқындалады.

Бюджет кодексіне  сәйкес бюджеттің құрылымы мына бөлімдерден  тұрады:

  1. кірістер:

салықтық түсімдер;

салықтық емес түсімдер;

негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;

ресми трансферттер түсімдері;

  1. шығындар;
  2. операциялық сальдо;
  3. таза бюджеттік кредит беру;

бюджеттік кредиттер;

бюджеттік кредиттерді  өтеу;

  1. қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо:

қаржы активтерін сатып алу;

мемлекеттің қаржы  активтерін сатудан түсетін түсімдер;

  1. бюджет тапшылығы (профициті);
  2. бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану):

қарыздар түсімі;

қарыздарды  өтеу;

бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы.

Бюджеттерді бекіту және бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді түзу осы көрсетілген құрылым бойынша жүзеге асырылады.

Бюджеттің кірістері  салықтық және басқа міндетті төлемдер (салықтар және бюджетке төленетін  басқа міндетті төлемдер), ресми  трансферттер, мемлекетке өтеусіз негізде  берілетін, қайтарылатын сипатта болмайтын және мемлекеттің қаржы активтерін сатумен байланысты емес, бюджетке есептептеуге тиісті ақшалар болып табылады. Салықтық емес түсімдер – бюджетке төленетін міндетті, қайтарылмайтын төлемдер, сондай-ақ ресми трансферттерден басқа, бюджетке өтеусіз негізде берілетін ақша. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерге мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды, мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан түсетін ақшалар жатады. Ресми трансферттердің түсімдері – бұл бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне Ұлттық қордан бюджетке түсетін трансферттердің түсімдері.

Мақсатты ресми  трансферттерді қоспағанда, кірістердің  нысаналы мақсаты болмайды.

Бюджет шығындары – қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджет қаражаттары. Шығындардың қатаң мақсатты арналымы болады.

 Бюджет шығындардың  түрлері:

  1. мемлкеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ететін шығындар;
  2. тұрақты сипаты жоқ іс шараларды ұйымдастыру менөткізуге байланысты шығындар;
  3. мемлекеттік тапсырысқа арналған шығындар – мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында (мемлекеттік органдардың өздерінің тұтынуына арналмаған) өндірілетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) мемлекеттік органдардардың ақы төлуі;
  4. жеке тұлғаларға ақшалай төлемдер – қызметкерлерге еңбегі үшін ақшалай төлемдерден басқа, ҚР-ның заңнамалық актілеріне сәйкес жеке тұлғаларға ақша нысанындағы төлемдермен байланысты шығындар;
  5. заңыи тұлғаларға субсидиялар – мемлекеттік мекемелер және қоғамдық бірлестіктер болып табылмайтын заңи тұлғаларды өтеусіз және қайтарусыз негізде қаржыландыру;
  6. ресми трансферттер – бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, сондай-ақ Ұлттық қорға трансферттер төлеу және мемлекеттік міндеттемелерді орындауға арналған шығындардың өзге де түрлері.

Республикалық және жергілікті бюджеттерді болджауға  болмағандықтан жоспарланбаған және ағымдағы қаржы жылында кейінге қалдыруға  болмайтын қаржыландыруды талап  ететін шығындарды қаржыландыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттердің құрамында Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың резервтері құрылады.

Үкіметтің, жергілікті атқарушы органдардың резерві:

  1. төтенше резервті;
  2. шұғыл шығындарға арналған резервті;
  3. облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің, аудандар бюджеттерінің кассалық алшақтығын жабуға арналған резервті кіріктіреді.

Бюджет тапшылығын қаржыландыру – қарыз алу және бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен бюджет тапшылығын жабуды қамтамасыз ету.

Бюджет профицитін пайдалану – қарыздар бойынша негізгі борышты өтеуге бюджет профицитін, қарыздар қаражатын, бюджет қаражатының бос қалдықтарын жұмсау.

Бюджеттік кірістері  – бюджетке қайтарылмайтын негізде  салықтардан, алымдардан және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден  алынатын түсімдердің, салыққа жатпайтын және өзге де түсімдердің, сондай-ақ негізгі капиталды сатудан түсетін кірістердің көлемі.

«ҚР-ның Бюджет кодексіне» сәйкес республикалық бюджеттке  түсетін кірістер мыналар:

  1. салықтық түсімдер, алымдар және тағы басқа да міндетті төлемдер.
  2. салықтық емес түсімдер республикалық меншіктен алынатын кірістер.
  3. негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер;
  4. ресми трансферттердің түсімдері.

Бюджеттік шығыстары  – бұл бекітілген бюджет шегінде  қайтарылмайтын негізде бөлінетін  қаражаттар.

Республикалық бюджетің шығысттары мына бағыттар бойынша жұмсалады:

  1. жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету;
  2. қорғаныс салаларына;
  3. сот жүйесіне, қылмыстық-атқару қызметі;
  4. білім беру;
  5. денсаулық сақтау;
  6. әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру;
  7. мәдениет, спорт, туризм;
  8. ауыл, су, орман, қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары;
  9. өнеркәсіп, құрылыс, сәулет, жер қойнауын пайдалану;

Информация о работе Бюджетті қалыптастыру мәселелері.doc