Бағалы қағаздар эмиссиясының тәртібі, эмиссия проспектісі

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 18:48, реферат

Описание работы

Қазіргі заман талабына сай экономикалық өзгерістерге байланысты қандай да болмасын саладағы мамандықтар үшін нарықтық экономика негіздері туралы білімділікті жете меңгерудің маңызы өте зор. Сондықтан, білім берудегі мемлекеттік стандартқа сәйкес «Экономикалық теория негіздері» курсын оқыту барлық мамандықтарда жүргізіледі.

Работа содержит 1 файл

УМК по ОЭТ.doc

— 1.30 Мб (Скачать)

Дегенмен, кез келген қажеттілікті түрге бөлумен жіктеу шарты: бір адам үшін алғашқы деп табылатын қажеттілік басқа адам үшін сәндік бұйым болуы мүмкін, немесе бұрын сәндік деп табылатын нәрсе, енді алғашқы қажеттілік қатарында болуы мүмкін. Мысалы: жоғарғы қажеттілік деп аталатын кітап.

Экономикалық игіліктер – бұл қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатындағы нәрселер мен заттар. Олардың біреулері шексіз түрде болады. (Мысалы: ауа). Оларды еркін игіліктер деп атайды, басқалары шектелген оларды экономикалық игіліктер деп атайды.

Экономикалық игіліктер заттар  (тауарлар) мен қызметтерден тұрады. Қызметтердің заттай тауарлардан айырмашылығы:

1.Олардың өндірісі мен тұтынылуы бір мезгілде болады

2.Оларды мұраға қалдыруға болмайды.

3.Оларды сақтауға немесе жинақтауға болмайды.

Мұндай қажеттіліктер тікелей адамдар арасындағы әрекетке байланысты қанағаттандырады. Пайдалану мақсатына қарай заттай игіліктер мен тауарлар екі түрге бөлінеді.

      Тұтыну заттары (киім – кешек, тамақ баспана).

      Өндірістік құрал – жабдықтар немесе инвестициялық (машина, станоктар, зауыт құралдары).

Тауарды тұтынуға ма, әлде өндірісте ме қайсысына жататынын екі жағдайға байланысты анықтауға болады.

      Тауарды кім сатып алады –  жеке адам немесе фирма.

      Тауар не үшін қажет: тұтыну тауарлары қажеттіліктерді қанағаттандырады, ал өндірістік тауарлар басқа тауарларды өндіру үшін пайдаланылады сондықтан олар қажеттіліктерді аралық түрде қанағаттандырады.

Тауардың екі түрі де ұзақ мерзім және қысқа мерзім аралығында пайдаланады. Кейде көп мерзім қолданылатын игіліктерді ұзақ уақыттық және қысқа уақыттық экономикалық игіліктерге бөлуге болады.

Игіліктерді өзара орын ауыстырушы және өзара толықтырушы тауарлар деп бөлуге болады. Орын ауыстырушы тауарларға тек тұтыну тауарлары мен өндірістік ресурстарды (Мысалы: май мен маргарин балмұздақ пен сусындар, плащ пен пальто) ғана емес сондай ақ жол қызметтің жатқызуға болады және мәдени қызмет саласы т.б жатқызуға болады. Экономикалық игіліктерді қазіргі және болашақтағы деп бөлуге олады.

Басқа ғылымдарға ұқсас  экономикалық теория ғылыми танып-білудің әртүрлі әдістерін  қолданады. Экономикалық теорияның зерттеу  әдістері келесі кестеде көрсетілген.

 

1.1. кесте

Экономикалық теорияның зерттеу  әдістері

 

Жалпы  әдістер

Жеке әдістер

1.         Ғылыми  абстракция әдісі – зерттеліп отырған  құбылыстардың мардымсыз, өткінші жақтарын  дерексіздендіру, олардағы тұрақты қасиеттерді тауып көрсету процесі.

2.         Талдау – зерттелінетін құбылыс өзінің құрамды бөліктері мен жақтарына  ажыратылады.

3.         Жинақтау – құрамды бөліктердің тұтас бір құбылыс болып қалыптасуы.

4.         Индукция – жеке фактілерден жалпы  қорытынды шығару.

5.         Дедукция – жалпыдан жалқыға, бүтіннен бөлшекке көшу.

6.         Эксперимент, гипотеза және т.б.

 

Экономико – математикалық модельдер әдісі, экстраполяция (болжау), баланстық, функциональдық және тағы басқа да әдістер.

 

 

Зерттелінетін құбылыстардың маңыздылығы экономикалық  заңдылықтар мен категорияларға бағынышты.

Экономикалық  заңдылықтар – бұл қоғамдағы көп кездесетін немесе  қайталанып жататын тұрақты іс-әрекеттер және олардың арасындағы  қатынастардың көрінісі. Экономикалық заңдарды  төмендегідей заңдарға айырып қарауға болады:

1.               айрықша экономикалық заңдар. Бұл заңдар олардың  іс-әрекет жасауына жағдайдың сақталуындағы тарихи  дәуірге тән.

2.               ерекше экономикалық заңдар. Бұл белгілі бір шаруашылық  түрлерінің нақты тарихи  дамуының  заңдары.

3.               жалпы экономикалық заңдар. Бұл заңдар барлық тарихи дәуірге тән, олар барлық дәуірлерді біртұтас тарихи үйлесімді процесс етіп байланыстырады.

Экономикалық заңдар мәңгілік, ұзақ мерзімді емес. Экономикалық заңдар тарихи сипатта белгілі бір кезеңде пайда болып, өзгеріп немесе жойылып кетіп отырады. Экономикалық заңдар қоғамдағы объективтік экономикалық процестердің өзгерісімен байланысты болады. Экономикалық теория экономикалық заңдармен қатар экономикалық категорияларды зерттейді. 

Экономикалық категориялар -  адамдардың қоғамдық өндірістік  қатынастарының теориялық көрінісі (тауар, баға, пайда және т.б.).

Экономикалық теория  талдау дәрежесіне қатысты екі  бөлімнен құралады:

      микроэкономика – жеке өндірушілердің қызмет-әрекеттерін, кәсіпкерлік капитал мен бәсекелік ортаның қалыптастыру заңдылықтарын зерттейді. Бұнда жеке тауарлардың бағасы, ресурстар, шығындар, пайда, фирманың қызмет атқару механизмі, бағаның құрылуы және т.б. категориялар талданады.

      макроэкономика – мемлекеттің жалпы экономикасы зерттелінеді, ұлттық экономикалық жүйенің қызмет-әрекеттерін зерттейді, талдау объектісіне жататындар: қоғамның жалпы табысы, жұмыссыздық, инфляция және т.б.

Қазіргі экономикалық теория позитивтік және нормативтік болып екі түрге  бөлінеді.

      Позитивтік  экономика нақты деректер мен құбылыстарға сүйенеді.

      Нормативтік экономика ұсыныстар мен  ұйғарымдар жасайды, яғни экономика қандай болуы керек (болжау) және мақсатқа жету үшін қандай шаралар жүргізу керек.

 

Экономикалық теория бірнеше  қызметтер атқарады:

1.       Танып - білу қызметі -  қоғамдық экономикалық процестер мен құбы-лыстарды терең, әрі жан-жақты зерттеп бөлуі және  түсіндіруі тиіс.

2.       Дүниетанымдылық көзқарас қызметі – экономикалық құбылыстардың сипаттамасына тіршілік позиция  құруына жағдай жасайды.

3.       Ғылыми болжам қызметі  - ғылыми болжам жасап және қоғамдық дамудың  болашағын айқындайды.

4.       Практикалық қызметі – нақты принциптерді және шаруашылықтың тиімді әдістерін жасаумен, сондай-ақ мемлекеттің саясатын ғылыми  дәлелдеумен түсіндіреді.

5.       Методологиялық қызметі – экономикалық теория барлық экономиканың  ғылыми жүйесі үшін методологиялық негіз болып табылады.

       Экономикалық теория қоғамдық ғылым ретінде  үш сұраққа жауап беруі тиіс:

-         Не өндіру керек?  – қандай тауарлар және қызметтер  өндірілуі  қажет?

-         Қалай өндіру керек? – қандай  ресустар, қандай технологияны пайдалану арқылы  өндіру қажет?

-         Кім үшін өндіру керек? - өндірілген тауар қалай  бөлінеді, кімге  арналады, кім сатып алады?  Қоғамның  қажеттілігін  барынша толық қанағаттандыру мәселелерін шешу барысында  экономикалық теория таңдау проблемасымен тығыз байланыста болады.

 

Негізгі түсініктер мен терминдер

Институционализм

Кейнсиандық мектеп

Классикалық саяси экономия

Маржинализм

Меркантилизм

Неолассикалық теория

Физиократизм

Экономикалық заңдылықтар

Экономикалық игіліктер

Экономикалық қажеттіліктер

Экономикалық категориялар

Экономикалық теория

Экономикалық теорияны зерттеу әдістері.

 

Бақылау  сұрақтары

 

1.      Экономикалық теорияның пәні мен әдістері.

2.      Экономикалық теорияның даму кезеңдері.

3.      Экономикалық қажеттіліктердің түсінігі мен түрлері.

4.      Экономикалық теорияның қызметтері.

5.      Негізгі экономикалық түсініктер.

 

 

 

2 тақырып. ҚОҒАМДЫҚ ӨНДІРІСТІҢ НЕГІЗДЕРІ.

 

1.Экономикалық ресурстар мен экономикалық факторлар.

2. Қоғамдық өндірістің құрылымы.

3.Өндіріс және ұдайы өндіріс.

 

Адамзаттың  және қоғамның үстемелі дамуының материалдық негізі – ол  өндіріс. Қоғамдық өнімнің төрт сатыдағы  қозғалысы қоғамдық өндірісті құрайды.

1.      Өндіріс – материалдық игіліктерді пайдалы өнімді  өндіру процесі.

2.      Бөлу -  әрбір адамның  өндірілген өнімділігі үлесін анықтау.

3.      Айырбас – белгілі бір өнімді басқа өнімге айырбастау процесі.

4.      Тұтыну - өндірілген өнімді  қажеттілікті  қанағаттандыру  үшін пайдалану.

Тарихи дамудың қандай сатысында болмасын, адамзат қоғамында, адамдар өмір сүру үшін қажет тамақ, киім, тұрған үй және басқа материалдық игіліктер болуы керек. Адамдардың өмір сүруіне қажет заттар өндірілуге тиісті. Бұлар өндіріс процесінде жасалады.

Өндіріс - бұл қоғам дамуына қажет материалдық игіліктер мен қызметтер жасау мақсатымен табиғат заттарына адамның ықпал ету процесі. Бұл процестің дамуы ұзақ мерзімді қамтиды жабайы өнімдер өндіруден өте күрделі техникалық жүйелер, өзгерістерге икемді кешендер, есептеу машиналар өндірісіне дайын. Өндіріс процесінде игіліктер мен қызметтер жасау тәсілдері және түрлері өзгеріп қоймайды, осымен бірге адамның өзінің өнегелілігі дамып жетіле түседі.

Қандай жүйеде болмасын өндіріс қоғамының табиғатпен қатынасы, байланысы болып табылады. Осы қатынастар өндірістік ресурстар арқылы білінеді. Экономикалық теорияда «ресурс» деген түсінік өндірістің әр түрлі элементтерінің жиынтығы болып табылады, бұлар материалдық және рухани игіліктер мен қызметтер жасауға қолдануы мүмкін. Экономикалық ресурстар: табиғи  ресурстар және материалдық ресурстарға бөлінеді.

Табиғи ресурстар – дегеніміз бұлар адамның өмір сүруінің табиғаттық шарттарының жиынтығының бөлшегі, өндіріс процесінде қолдануға болатын қоршаған ортаның өте маңызды компоненттері. Мысалы, күн қуаты, су ресурстары, пайдалы қазбалар.

Материалдық ресурстар - дегеніміз өздері өндірістің (еңбек құралдары және заттары) нәтижесі болып табылатын, құрал – жабдықтардың барлығы жатады. Қоғамның қандайында болмасын табиғи, материалдық және еңбек ресурстары тән және қажет болып табылады. Нарық экономикасында бұлардың қатарына қаржы ресурстары қосылады. Осыған адамның өндіргіш күштерін бағыттау қажет.

Өндіргіш күштер - бұл адам өзінің өндірісіне және тұтынуына бейімдеп қызмет етуге жұмылдырған күштер. Ал адамсыз өндірістің және тұтынудың болуы мүмкін емес. Сондықтан өндіру және тұтыну үшін қолданылатын табиғат күштері, адамның өндіргіш күштер болып табылады.  Өндіргіш күштердің ішкі құрылымы болады. Олардың ішінен алдымен өндіріс құралдарын және жұмысшы күшін бөліп атап айту қажет.

Өндіріс процесінде экономикалық немесе өндірістік қатынастар қалыптасады. Өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар тұрақты динамикада болады, адамдар өздерінің өндіргіш күштерін өзгертіп отырады, өздеріне жаңа технологияларды, жаңа материалды және т.б. қызмет еттіреді. Технологиялық қатынасатар әр түрлі замандардың ерекшелігін көрсетеді.  Технологиялық заттар формасын немесе қызметтер түрін алатын, ғылыми-техникалық білімдерді жасаумен, қолданумен және оларға материалдық бейне берумен байланысты технологиялық қатынастардың жиынтығы, өндірістің технологиясын құрады. Техника, технология және осылардың негізінде қалыптасатын қатынастар, қоғамының және экономиканың даму дәрежесінің индикаторы болып табылады. Игіліктерді дайындауға қатынасатын факторларды анықтап білу  маңызды мәселе болып табылады.

Экономикалық теорияда өндірістің мүмкіндігі мен нәтижелілігіне шешуші әсер ететін ерекше маңызды элемент, немесе объекті, өндіріс факторлары деп атайды. Өнім өндіруде пайдаланылатын осындай факторлар өте көп болды. Және әр жекелеген өнімді өндіруге икемделген өзіндік факторлар болады.

Өндіріс құралдары екі  бөлшектен құралады:

1.      Еңбек заттары – ол адамның еңбегіне бағытталған зат.

2.      Еңбек  құралдары – ол адамның еңбек затына ықпалын  жүргізетін құрал.

Тұтыну тауарларын жасау үшін инвестициялық игіліктер немесе экономикалық қорлар қажет. Экономикалық ресурстар – экономикалық игіліктерді өндіру үшін пайдаланылатын элементтер, бұнда өндіріс факторы табиғаттан пайда болады және оны адам өндіреді. Өндіріс  ресурстары  бұл  шаруашылық әрекетте қолданылатын өндірістің  әртүрлі  құралдарының  жиынтығы.  Ресурстарға жататындар: табиғи ресурстар, адам ресурстары, қаржылық, ақпараттық және т.б. Осы замандағы индустриалдық нарықтық экономика ақпарат ресурстарсыз болмайды, бұлар ғылыми-техникалық революция кезеңінде өте маңызды рөл атқарады.

Қазіргі кезде өндіріс факторлары ретінде ақпарат үлкен рөль атқарады. Ақпарат бұл сақтау өндеу және жеткізу объектісі болып табылатын мәліметтер. Экономикалық тұрғыдан алғанда ақпарат бұл экономикалық процеске қатысушылардың баға, тауармен қызмет туралы толық мағұмылаттардың болуы. Экономикада ақпарат экономикалық процестерді талдап, дұрыс болжамдар жасауға мүмкіндік береді. Барлық экономикалық ресурстарға бір ғана қасиет тән-ол шектелгендік. Адамдардың қажеттілігі шексіз, әрі үнемі өсіп отырады, ал ресурстар шектелген. Барлық қажеттіліктерді толықтай қанағаттандыруға қоғамның мүмкіндігі жоқ. Сондықтан қоғам алдында тұрған проблема не өндіру керек, қалай өндіру керек, қандай көлемде өндіру керек.

Қазіргі кезде экономикалық теорияда төрт өндірістік факторлар көрсетіледі: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілет. 

1. Өндірістік факторлар ретінде жер  екі жағынан қаралады:

      жер беті ретінде

      экономикалық мақсатта пайдалануға қажетті табиғи игілік ретінде

Оның негізгі ерекшелігі оны көбейтуге және тасымалдауға болмайды. Олардың пайдалану мүмкіндіктері:

 

Өндеу

Қазба түрінде

Орналасқан орын

   Ауыл шаруашылығы;

   орман шаруашылығы.

      Жер асты байлықтарын пайдалану,

      энергетика өндірісі,

      балық аулауда.

-         тұрғын үй құрлысы,

      жол байланысы жүйесі,

      демалыс орындары,

      кәсіпорындар.

Информация о работе Бағалы қағаздар эмиссиясының тәртібі, эмиссия проспектісі