Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2013 в 22:37, курсовая работа
Негізі ретінде құралдарға жеке меншігінің болу және еңбек нәтижесі болып келетін нарықтық экономика жағдайында оның бастапқы тобының жетекші ұйымдық нысаны болып ұжымдық кәсіпкерліктің және акционерлердің инвестициялық белсенділігінің жеткілікті икемділігін қамтамасыз ететін акционерлік қоғамдар бой көрсетеді. Бірақ, тәжірбие көрсеткендей, оларды қамтамасыз ету акционерлік қоғамды басқарудың қандай жүйесі жұмыс істейтіндігі мен оның шаруашылық ету қызметіне ықпал ететін факторлардың қандай шамада ескерілетіндігіне байланысты.
КІРІСПЕ .................................................................................................................6
1 АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАР ҚҰРЫЛУЫНЫҢ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ІСТЕУНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ....11
1.1 Акционерлік қоғамдардар кәсіпкерліктің жетекші ұйымдық нысаны ретінде ..............................11
1.2 Акционерлік қоғамның дамуын және тиімді жұмыс істеуін ынталандыратын факторлары және экономикалық механизмі……................17
1.3 Акционерлік қоғамдардың тиімді қызмет етуін бағалаудың әдістемелік сұрақтары ......................22
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРДЫҢ ДАМУЫН ЖӘНЕ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ .35
2.1 Кәсіпкерліктің акционерлік нысанының даму жағдайы .............................35
2.2 Акционерлік қоғам қызметінің тиімділігін талдау және бағалау ..............39
2.3«Алматыметроқұрылыс» акционерлік қоғамның экономикалық тиімділігін талдау..........................44
3 АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРДАҒЫ ҮЛЕСТІРУШІЛІК ҚАРЫМ–ҚАТЫНАСТАР МЕН БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ......60
Акционерлік қоғамдарды басқаруды жетілдірудің негізгі бағыттары.......60
Акционерлік қоғамдардағы үлестірушілік қарым-қатынастардың тиімділігін жоғарылату жолдары .................71
ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................81
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ................................................84
Тәжірибеде бірлестік нысанының әр түрі кездеседі, бірақ акционерлік жекеменшік жағдайында ұйымдасу процессі, әдетте тәртіп бойынша холдингте сатып алу немесе акция пакетінің берілісі жолымен жүзеге асырылады. Сөз жоқ, холдингтерді құру Акционерлік қоғамды басқаруды ұйымдастыруды жетілдірудің тиімді бағыты болып келеді.
1.2 Акционерлік коғамның дамуын және тиімді жұмыс істеуін ынталандыратын факторлары және экономикалық механизмі
Компания жұмысының
тиімділік деңгейі өзара
Дәл осы ұстаныммен акционерлік қоғамның қарқынды жұмыс істеуінен себепші болатын даму факторын зерттеу маңызды. Акционерлік қоғам қызметіне сыртқы (экзогенді) және ішкі (эндогенді) факторлар ықпал етеді. Сыртқы факторлар өз кезегінде мыналарды қосады: табиғи, ғылыми-инвестициялық, экономикалық және интеграциялық факторлар. Ішкі факторлар материалды-техникалық, технологиялық, ұйымдық, әлеуметті-экономикалық іс-шаралардан құрылады.
Сыртқы (макроэкономикалық) факторлар саясаттық және жалпы экономикалық жағдайлардан (құнсызданудан, бәсекелестіктен, саясаттық және экономикалық дағдарыстан) туған нәтиже.
Ішкі факторлар компанияның өндірістік-экономикалық қызметіне, менеджмент деңгеіне, іскерлік белсенділік деңгейіне және басқаларға байланысты. Біздің көзқарасымыз бойынша кәсіпорынның тиімділігін анықтайтын факторлар құрылымындағы акционерлік қоғамның өзіне тән айрықша ерекшеліктерін есепке алғанда ең маңызды факторын – акционерлік қоғамдардың тартымдылығын атап кеткен жөн. Дәл акционерлер-инвесторлардың белсенділігі көп жерде Акционерлік қоғамның қаржылық-экономикалық күйіне қатты ықпал етеді. Акционерлік қоғам жұмысының тиімділігін анықтайтын берілген факторлар суреті берілген шаруашылық етудің ұйымдық нысанының өзіндік ерекшеліктерін қамтып көрсететін құрылымдарымен толықтырылған.
Акционерлер үшін
акциялардың болжамдалатын
Инвестордың нақты бір қоғамға мүддесі дивиденттік саясатпен және жаңа табысты бөлу пропорциясымен қалыптасады. Инвестор үшін ұжымдық басқару принципін пайдалану негізінде қоғамдық қызметін басқаруға қатысудың мәні бар. Акционер инвестор үшін Акционерлік қоғам қызметі туралы толық және сенімді мәліметтер алу айтарлықтай құндылығын білдіреді. Акционерлік қоғам дамуын ынталандыру және тиімді жұмысы нақты жағдайлар- Акционерлік қоғамның жұмыс істеу факторы есебі негізінде қамтамасыз етіледі. Сондықтан, Акционерлік қоғамның серпінді даму мен нәтижелі қызметі факторлерін саралау, бағалау және есебі басқарудың құрылымының маңызды бөлігі болып келеді. Жұмыстың келесі бөлігінде Акционерлік қоғам дамуы және жұмысының тиімділігі факторына ықпал ету тетігінің құрылымы мен жұмыс істеуі қарастырылады.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік шығынның ақшалай түрін және шаруашылық қызметінің нәтижесін салыстыруын болжалдайтын коммерциялық есептеме негізінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар компания экономикасының ұйымдасуы экономикалық принциптердің белгілі бір жүйесіне сәйкес құрылады. Өндірістік қызметті тиімді жүргізу үшін шаруашылық жүргізуші субъект кәсіпкерлік дербестігінің болуына, өзін-өзі өтеушілігінің қамтамасыз етілуіне, табыс табуына ие болуы қажет. Табыс өзін-өзі қаржыландыру үшін қызмет етеді, ол экономикалық қызмет нәтижесін жандандыруда меншік иелерін және жұмыскерлерді ақшалай-заттай қызықтыруға шақырады. Шаруашылық жүргізуші субъект өзіне жұмыстың соңғы қорытындысы үшін экономикалық жауапкершіліктің барлық толықтығын артады.
Өз шығынын өзі өтеушілік, экономикалық қызығушылық және экономикалық жауапкершілік коммерциялық есептеме категориясымен көрсетілетін экономикалық қарым –қатынастың басты мазмұны болып келеді. Сонымен, ынталандыру шаруашылықты жүргізудің ажырамас шарты болып келеді. Ынталандыру – экономикалық мүдделер арқылы өндіріске ықпал ету нысаны.
Адам қызметіне түрткі болатын желеу, дамудың қозғаушы күші ретінде бола отырып экономикалық мүдделер шаруашылық жүргізуші субъектінің алдында тұрған экономикалық міндеттерді табысты орындауына себепші болады. Сондықтан экономиканы басқарудың құрылымында мүдделердің орны мен рөлін, олардың шаруашылық жүргізуші субъектісі қызметі мен жағдайына байланысын зерттеудің маңызы зор. Мемлекеттің, шаруашылық жүргізуші субъектісінің және жекеленген жұмыскерлердің экономикалық мүдделері бөлінеді.
Кәсіпорындардың,
сонымен қатар акционерлік
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің үлкен деңгейдегі тиімді жұмысқа бағдарлану жүйесі өзіне көптеген элементтерді қосады. Ол ұйымдастырулық, экономикалық және әлеуметтік құрамдас бөлігін қамтиды.
Шаруашылық құрылымның ұйымдастырулық инструменттеріне мыналар жатады: экономиканың заңнамамен реттелуі, экспорт пен импортты лицензиялау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды бақылаудың әр-түрлі нысандары және т.б.
Кәсіпорындар (акционерлік қоғамдар) жұмысының тиімділіге үлкен деңгейде экономикалық ықпал ету жүйесіне мыналар жатады:
- инвестициялық саясат;
- салықтық саясат;
- ғылыми-техникалық және инновациялық саясат;
- амортизациялық саясат;
- ақшалық- несиелік саясат, ұлттық валюта бағамы;
- ақша айналысын реттеу, халықтың жұмыспен қамтылуын, жұмыс-сыздық деңгейін реттеу;
- монополияға қарсы заңнама және бәсекелестікті дамыту; қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдаланудағы экономикалық шаралар;
- сыртқы экономикалық қызметті реттеу;
- еңбекақы төлеуді реттеу;
- мемлекеттік бюджет;
- бағаларды ырықтандыру және нарық жағдайында баға құралымына ықпал ету шаралары;
Атап кеткен шаруашылық құрылымның құрамдас бөліктері әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және экологиялық сипатты жалпы мемлекеттік мәселелерді шешуге бағытталған. Акционерлік қоғам жұмысының тиімділігіне жету үшін, біздің пікіріміз бойынша ынталан-дырудың келесі экономикалық тетігінің жиынтығын пайдалануға болады. Оның көмегімен компанияның, оның бөлімшелерінің және жұмыс-керлерінің мүдделерін келісу қамтамасыз етіледі.
Кәсіпорын жұмысының қорытындысына, сәйкес өндіріс факторлары-ның тиімділігіне тетігінің пәрменділігіне белгіленген шарттарды қолдану кезінде жетуі мүмкін.
Біріншіден, сәйкес үрдістерге ынталандыратын тетіктердің пәрмен-ділігі жоғары және төмен деңгейлі экономикадағы функцияларының келісі-мін қамтамасыз етуі мүмкін. Экономиканың әр түрлі деңгейіндегі тетіктер қызметінің үйлесімсіздігінің мысалы – амортизациялық саясат жүргізу болып келеді. Сөйтіп, ұзақ уақыт бойы амортизациялық саясат жоғары деңгейде көбіне қазыналық мәселелерді шешуге бағытталған болатын. Сонымен қатар кәсіпорындар амортизацияны осы күнгі еңбек құралдарының қарқынды өсу шарттарына сәйкес санауға және салық салынатын табыс шамасын анықтау кезінде оларды «есептеуге» жатқызуға мүдделі болған. Бұл үйлесімсіздік тек 2006-жылы жаңа амортизация жүйесін енгізумен ғана жойылды [6].
Екіншіден, өндірістің дамуын ынталандыру жүйесінің тиімділігі маңызды шарты – шаруашылықты жүргізудің негізгі принциптерін қатаң түрде сақтау болып келеді. Жұмыскерлерге еңбекақыны төлеу және мате-риалдық көтермелеулер деңгейін анықтау әдетте келесі принципиалды тәсілдемелерді жетекшілікке ала отырып жүзеге асырылады:
- жұмыскерлердің тұрмыс деңгейін жоғарылату қажеттілігін;
- еңбекақының өсуімен салыстырғанда еңбек өнімділігінің артуының алдын орау қажеттілігін;
- ел экономикасындағы бөлек салалар мен өндірістердің маңызын есеп-ке алуын;
- жұмыскерлердің біліктілігінің айырмашылығын;
- әр түрлі еңбек шарттарын;
- еңбекақыны төлеуді аудандық реттеуін;
Еңбекақыны төлеу көмегімен еңбек шамасы мен тұтыну шамасын бақылау жүзеге асырылады. Жұмыскерлерді мадақтау барысында «уәждеме» және «ынталандыру» мәнінің ерекше мағынасына зейін қою керек.
Уәждің ынталандырудан ерекшелігі – ол құштарлығын, қалауын, бағдарын және мақсатты нұсқамаларын ескеруге бағытталған ішкі қозғау салатын күш. Еңбек уәждемесінің негізгі нысаны – еңбекақы, экономикалық сипаты бар кәсіпорындарындағы жұмыскерлерге ішкіфирмалық жеңілдіктер жүйесі, бейматериалдық жеңілдіктер және қызметкерлерге берілетін айрықша құқық (жұмыстың икемді кестесіне құқығын беру, демалыстар беру, ақы төленетін демалыстығын созу, зейнетақыға уақытынан бұрын шығу, жұмыскерлерді кәсіпорынды басқаруға тарту, қызметкерлердә моральді мадақтау және қолайлы, әлеуметтік жағдай жасау, жұмыскерлердің қызмет бабымен көтерілуі, оқуы мен біліктілігін көтеруін төлеу) болып табылады. Еңбекақы принципінің саны мен сапасына сәйкес өзгеруі теріс салдар алып келуі мүмкін: еңбек өнімділігі мен өнім сапасы күрт төмендейді, қабілеттілігін көрсету ынтасы жоғалады. Еңбек шамасы мен тұтыну шамасының арасындағы байланыстың өзгеруі оның өнімділігінің өсуін ұстап тұрады. Сондықтан еңбек өнімділігінің қарқынды өсуі еңбекақының өсуімен салыстырғанда қызметкерлердің еңбекақысын төлеуді ұйымдастыруға аса маңызды талаптар орын алады.
Егер кәсіпорында орташа жалақының өсу қарқыны еңбек өнімділігінің өсу қарқынын басып озатын болса, онда өнім өлшеміне қаражат шығыны өседі, өндірістің табыстылығы төмендейді, және де кәсіпорынның жағдайы қиындайды. Осыдан шығаны, жұмыскерлерді материалдық көтермелеу кезінде еңбек өнімділігінің өсу қарқыны еңбекақының өсу қарқынымен салыстырғанда басып озу принципін қатаң сақтау қажет.
Үшіншіден, кәсіпорынның тиімді жұмыс істеу механизмі оның ұйымдық нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшудің 2007-2024 жылдарға арналған тұжырымдамасында белгіленген принциптер, мақсаттар мен шешімдерге сәйкес болуы қажет [7]. Онда дамудың экономикалық, экологиялық, әлеуметтік факторын біріктіру қажеттілігі қарастырылған.
Төртіншіден, экономиканы басқарудың ең маңызды құралына шаруашылық жүргізу стратегиясы және стратегиялық жобасы жатады. нарықтық экономикасы дамыған елдерде көптеген корпорациялар өз қызме-тін міне осыдан бірнеше онжылдықтар бойы жобалап келеді. Ал бізде жоба-лау проблемаларына жақында ғана көңіл аудара бастады. Кәзіргі кезде стра-тегиялық жобалау кәсіпорынды басқару функциясында өз орнын алды. Соған байланысты акционерлік қоғам тиімді жұмысының экономикалық ынталан-дыру жүйесі оның стратегиялық жобасымен үйлескен болу қажет.
Бесіншіден, экономикалық ынталандыру тек мадақтау жүйесін емес, сонымен қатар жауапкершілік шараларын да білдіреді. Осы мақсатпен кәсіпорындардың әр түрлі нормаларды, нормативтерді, ережелерді, жауап-кершіліктерді, ал өндірістік және басқа да бөлімшелер, сонымен қатар атқарушылар – материалдық ықпал жасау шараларын сақтамағаны үшін экономикалық санкциялар; пайдаланылады.
Алтыншыдан, ықпалдандыру жүйесіне талдау жасау барысында басқару ғылымыны шығарған қорытындыларын ескеру қажет. Зерттеушілер жұмыскерлердің еңбек жағдайын қанағаттандыру көп жерлерде қалаған нәтижеге қол жеткізбейтіні белгіленген [8]. Жұмыскерлерге тұрақты жұмыспен қамтылу сенімділігін, мойындауын және сыйлауын қамтамасыз ету маңызды. Жұмыс олардың мүдделеріне сәйкес келу керек. Бизнесте ешқашан да болмағандай адам маңызды. Адам, ең бастысы – ол құдіретті күш. Фирманың гүлдеуі немесе күйреуі – сол адамға байланысты [9].
Акционерлік қоғамдар несиелік жүйе салығы бойынша бюджетпен уақтылы және толық есеп айрысуға материалдық жауапкершілік артады, компанияның шығыны меншікті ресурстар есебінен жабылады. Олар сондай-ақ олардың өнімдерінің жабдықтаушылары, мердігері, тұтынушылары алдында шаруашылық жүргізу шарттарымен қарастырылған міндеттемелерін орындау үшін материалдық жауапкершілік артады. Экономикалық санкциялар мемлекеттік стандарттарды, техникалық шарттарды бұзған кәсіпорындарға; сапасыз және жеткіліксіз тауарларды жеткізушілерге және тағы басқаларға қолданылады. Шарттық қарым-қатынастардың бұзылғаны үшін экономикалық санкциялар барынша кең тараған. Шаруашылық ету субъектісінің экономикалық жауапкершілігі шығындарын өтеу нысаны болады. Экономикалық санкциялар сондай-ақ ішкі өндірістік қарым- қатынасында пайдаланылады. Оларды пайдалану өндірістік бөлімшелердің немесе жеке жұмыскерлер қызметі нәтижесінің нашар жұмыстарының қолайсыз салдарына жатқызуға мүмкіндік береді.