Жұмыссыздық

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 09:54, курсовая работа

Описание работы

«Жұмыспен қамту» категориясының мазмұндық жағымен бірге жұмыспен қамтумен байланысты үдерістерді реттейтін және қызмет атқаратын мемлекеттік және мемлекеттік емес тұтас бір мекемелер жүйесі жедел дами бастады. Бұл құрылымдардың қызметінің жеделдігі мен кәсіптік білктілігінен халықтық шаруашылық үдерістер тәуелді болды: еңбек рыногының қызмет етуі, кадрларды дайындау мен кәсіптік біліктілігін көтеруді қамсыздандыру, жұмысшы күші мен жұмыс орындарының ұдайы өндірісі, қоғамдағы әлеуметтік серіктестікті реттеу және т.с.с. Бұл қызметтерді жүзеге асырудың табыстылығы жоғарыда аталған құрылымдардың қызметкерлерінен “еңбек” және “жұмыспен қамту” түсініктерінің обьективті ара қатынасын дұрыс түсінуге, атап айтқанда, олардың теңдігін емес, сәйкессіздігін дәлелдеуге негізделген кәсіптік білім мен бейімді талап етеді. Алайда жұмыспен қамту мен еңбек ұғымдары – синоним емес. Еңбек – бұл тәуліктің белгілі бір шеңберінде жұмыс уақытында өтетін қызмет. Кез келген қызмет түрі сияқты еңбек үзіледі, ол үздіксіз басқа бір қызмет түрімен ауысып отырады, демалыспен ауысады. Тіпті ішкі өндірістік еңбек үдерісінде еңбекке тек өндіріс уақытының бір бөлігі – жұмыс кезеңі тиесілі болады.

Работа содержит 1 файл

курс жұмыссыздық.docx

— 139.82 Кб (Скачать)

   Бүкіл әлемде жұмысшылардың қысқартылуы жүріп жатпаса да жұмыс күнін/аптасын қысқаруы пайдаланылуда. Сарапшылардың айтуынша жұмыс берушілердің осы әрекеттері орынды, себебі жұмысшылардың кәсіби маманылығы жоғалмайды. Үрей тудыратын жағдай «ақысыз демалыс» және «штаттың қысқаруы».  
 
 
 
 

                                            ҚОРЫТЫНДЫ 

   Жоғарыда аталғандардан қорытынды жасай келе, қазір Қазақстанның еңбек рыногындағы жағдай біршама тұрақталғанымен жұмыссыздықтың әлі де болса жоғары деңгейде, әсіресе ауылдық жерлерде екендігін атап өту керек.   Рыноктық экономикада жұмыссыздық мәселесін шешпей, экономиканың тиімді қызметін ұйымдастыру мүмкін емес. Ең алдымен, экономиканың мемлекеттік емес секторын сауықтыратын салықтық механизм қажет. Халықты жұмыспен қамтуға қатысты әзірленетін мемлекетік бағдарламалардың мақсаты  – жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және жұмыссыздық деңгейін қысқарту болмақ. Сонымен бірге бағдарламалар мен басқа да мемлекеттік іс –шаралар төмендегідей мәселлерді шешуге бағытталуы тиіс:

  • халықты жұмыспен қамту деңгейінің өсуі ынталандыратын шараларды жүзеге асыру;
  • нысаналы топтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу;
  • халықты жұмыспен қамту саясатын ақпараттық қолдау;
  • жұмыспен қамту саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;
  • экономика салаларында жаңа жұмыс орындарын ашу;
  • жұмысшы күшіне ұсыныс пен сұраныстың теңгерімділігі жөніндегі шараларды қабылдау;
  • әлеуметтік қорғауды қажет ететін нысаналы топтарды жұмыспен қамтуға ықпал жасау;
  • шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және дамыту;
  • жұмыссыздарды кәсіби оқыту және қайта даярлауды ұйымдастыру;
  • қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және жетілдіру;
  • өңірлік жұмыспен қамту мәселелерін шешуде жергілікті атқарушы органдардың рөлін көтеру;
  • жұмыспен қамту мәселлері жөніндегі уәкілетті органның қызметін жұмыспен қамтуды реттеу және еңбек рыногы мәселелерінде еңбек делдалдығымен айналысатын жұмыс берушілермен, қоғамдық бірлестіктермен, жеке жұмыспен қамту агенттіктерімен ықпалдастыру;
  • білім беру ұйымдарының бітірушілерін жұмыспен қамтуға ықпал жасау.

   Сонымен бірге жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті орган үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс -әрекетін кеңейтуі, оларды “ Бос жұмыс орындары” жәрмеңкелеріне қатысуға тарту, жұмыссыздардың біліктілігін арттыруға бағытталған тренингтер мен семинарларды ұйымдастыру мен өткізу үдерістеріне қатыстыру, ұйым қызметкерлерінің өндірісішілік оқыту, жоғары оқу орнының шәкірті мен жұмыс берушінің арасында жұмысқа орналасуға шарт жасасу, кәсіптік білім орындарын бітіргеннен кейін одан әрі жұмысқа орналастыру перспективасымен жұмыспен қамту органдары арқылы жастар практикасын ұйымдастыру, білім беру ұйымдарының түлектерін жұмысқа орналастыру мониторингі жүзеге асырылатын болады. Аталған жұмыспен қамту облысындағы іс – шаралардың барлығы да жұмыспен қамтуды арттыру және жұмыссыздық деңгейін қысқартуға өз үлесін қосады деп ойлаймыз.

   Қазақстандағы еңбекпен қамту көрсеткіштеріне келесі факторлар әсер етеді: инвестицияның бөлінуі, жалақыны жетілдіру, экономикалық өсудің жоғары қарқынын қамтамасыз ету, экономиканың салалық құрылымын жетілдіру, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, халықты жұмыспен қамту органдарын басқару. Экономикалық дамудың жоғары қарқынын қамтамасыз ету және эконимканың салалық құрылымын жетілдіру шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту арқылы мүмкін болады. Және де кез келген қоғамдық үдерістерді мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға байланысты болып табылады.    Атап айтқанда, басты міндеті тиісті өңірдегі халықты жұмыспен қамту деңгейін арттыру болып табылатын жұмыспен қамту қызметінің еңбеккерлерінің еңбегін бағалауды енгізу керек. Аталған факторлардың біздің еліміздегі жұмыспен қамту көрсеткіштеріне тигізетін ықпалы сөзсіз, алайда мемлекет осы факторлар арасындағы оңтайлы ара қатынасты табуы қажет. Жалақыны жетілдіру – заманауи экономиканың өзекті міндеті болып табылады. Мұнда кәсіпорын – монополистердегі еңбеккерлердің еңбек  ақысы мен экономиканың басқа салаларындағы отбасының минималды қажеттіліктерін өтеуге жетпейтін, еңбегіне сай төленбейтін төменгі жалақы деңгейінің арасындағы диспропорция туралы айтқан жөн (мысалы, ғалымдардың, медицина қызметкерлерінің, мектеп мұғалімдері мен жоғары оқу орындарының оқытушыларының). Бұл жоғары білікті  адамдарды жоғары табыс алып келетін жұмыспен айналысуға итермелейді, жалпы алғанда елдің адами әлеуетіне маңызды нұқсан келіп отыр.

   Қазіргі күні республикалық деңгейдегі жұмыспен қамту саясатының басты бағыттары мыналар:

  • инвестициялық белсенділіктің төмендеуімен, өндіріс көлемінің қысқаруымен, инфляция және салдары тұрақсыз жұмыс орындары болып табылатын макроэкономикалық үрдістерді жеңу;
  • кәсіпорындардағы жұмыстан босатудың массалық қарқын алуын болдырмау;
  • мемлекеттік емес, баламалық экономика секторларында  жұмыспен қамтуды дамыту мен кеңейтуге жағдай құру;
  • еріксіз жұмыстан босатылған немесе жұқмыстан шығып қалу қауіпі бар адамдарға тиімді мақсатты қолдау мен қорғауды қамтамасыз ету;
  • жұмысқа тұруда қиындықтар көп көретін тұлғаларға қосымша көмек көрсету;
  • ұзақ мерзімді жұмыссыздықтың салдарын жұмсарту.
 
 
 

                      ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
 

  1. Антосенков  Е.Г. От обслуживания безработицы к  адактивной государственной политике занятости // ЭКО. –1999-№ 2. С.123-126
  2. Белова В.Л. Введение в макроэкономику. Безработица. // Социально –политический журнал – 1998- №1.С.63-75
  3. 2007 жылғы 15 мамырдағы №251-ІІІ Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі.
  4. Қазақстан Респу1бликасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға квота белгiлеу ережесi, жұмыс берушілерге рұқсат берудiң шарттары мен тәртiбi.
  5. Винокуров Г.А. За цивилизационный рынок труда. // ЭКО. –1999- №2. С.115-116
  6. Долан Э.Дж. Макроэкономика. Спб. , 1994.-С.408.Занятость и рынок труда: новые реалии социальных приоритетов.Перспектива.
  7. Дунаева Н.А. Молодежь на рынке труда // Вопросы экономики.-№ 12, 2001-С.81-90
  8. Заславский И.К. О цене труда и безработицы. // Вопросы экономики.- 1999- №1 С. 53-58
  9. Казанцев Б.Н. Проблемы занятости городского населения // Экономика и жизнь. 2001. № 5.С. 78-82
  10. Колесникова О. Об оценке эффективности работы службы занятости // Человек и труд. –2002- №5С.55-56
  11. Котляр А.Э. Теоритические проблемы занятости остаются актуальными // Человек и труд.- 1996.-№5
  12. Байсалаков А. Об опыте работы Карагадинской области по организации трудоустройства безработных // Вопросы труда и социального обеспечения. –2002-№12.С25-26.
  13. Никифорова А.А . Уровень безработицы как ее считать? // Социологический журнал. –1999.-№ 12.С.11-14
  14. Соколова Г.Н. Социальные издержки безработицы и пути ее снижения// Социологические исследования. –2002- №9.С.19-24
  15. Уильямс К. О классовом характере безработицы и путях ее снижения // Социологические исследования.-2001- №3.С. 67-75
  16. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің web-порталындағы (www.stat.kz) мәліметтер.
  17. Қазақстан Республикасы статистика агенттігінің жылнамасы, 2007 жыл.
  18. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің web-порталындағы (www.enbek.kz) мәліметтер.

Информация о работе Жұмыссыздық