Жұмыссыздық

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 09:54, курсовая работа

Описание работы

«Жұмыспен қамту» категориясының мазмұндық жағымен бірге жұмыспен қамтумен байланысты үдерістерді реттейтін және қызмет атқаратын мемлекеттік және мемлекеттік емес тұтас бір мекемелер жүйесі жедел дами бастады. Бұл құрылымдардың қызметінің жеделдігі мен кәсіптік білктілігінен халықтық шаруашылық үдерістер тәуелді болды: еңбек рыногының қызмет етуі, кадрларды дайындау мен кәсіптік біліктілігін көтеруді қамсыздандыру, жұмысшы күші мен жұмыс орындарының ұдайы өндірісі, қоғамдағы әлеуметтік серіктестікті реттеу және т.с.с. Бұл қызметтерді жүзеге асырудың табыстылығы жоғарыда аталған құрылымдардың қызметкерлерінен “еңбек” және “жұмыспен қамту” түсініктерінің обьективті ара қатынасын дұрыс түсінуге, атап айтқанда, олардың теңдігін емес, сәйкессіздігін дәлелдеуге негізделген кәсіптік білім мен бейімді талап етеді. Алайда жұмыспен қамту мен еңбек ұғымдары – синоним емес. Еңбек – бұл тәуліктің белгілі бір шеңберінде жұмыс уақытында өтетін қызмет. Кез келген қызмет түрі сияқты еңбек үзіледі, ол үздіксіз басқа бір қызмет түрімен ауысып отырады, демалыспен ауысады. Тіпті ішкі өндірістік еңбек үдерісінде еңбекке тек өндіріс уақытының бір бөлігі – жұмыс кезеңі тиесілі болады.

Работа содержит 1 файл

курс жұмыссыздық.docx

— 139.82 Кб (Скачать)
  • инвестициялық белсенділіктің төмендеуімен, өндіріс көлемінің қысқаруымен, инфляция және салдары тұрақсыз жұмыс орындары болып табылатын макроэкономикалық үрдістерді жеңу;
  • кәсіпорындардағы жұмыстан босатудың массалық қарқын алуын болдырмау;
  • мемлекеттік емес, баламалық экономика секторларында  жұмыспен қамтуды дамыту мен кеңейтуге жағдай құру;
  • еріксіз жұмыстан босатылған немесе жұқмыстан шығып қалу қауіпі бар адамдарға тиімді мақсатты қолдау мен қорғауды қамтамасыз ету;
  • жұмысқа тұруда қиындықтар көп көретін тұлғаларға қосымша көмек көрсету;
  • ұзақ мерзімді жұмыссыздықтың салдарын жұмсарту.

   Мемлекет саясатының  экономика  және жұмыспен қамтуды қолдаудағы  негізгі міндеті – мақсатты  және келешегі бар жұмсыс орындарының  қысқартылуын тежеу, инвестициялық  белсенділіктің артуын ынталандыру,  институционалдық бетбұрыстар, селективті  құрылымдық өзгерістер, инвестициялық  және басқа да мақсатты бағдарламаларды  жүзеге асыру мен өткізу арқылы  ашылатын жұмыс орындарының санын  арттыру. 

   Сонымен бірге республикалық  деңгейдегі жұмыспен қамту саясаты  ТМД және басқа шет елдермен  ерікті және мәжбүрлі көші  – қон жағдайында миграциялық  айырбас пен зейнетақылық қамсыздандыру  бойынша, уақытша табыс табыс  үшін немесе іс- сапармен басқа  мемлекетке шыққанда жалдау мен  әлеуметтік қорғау мәселелері  бойынша құқықтық реттеу жүйесі  және мемлекетаралық қатынастарды  ұйымдастыру жүйесін қарастыруы  қажет яғни республикалық деңгейдің  қызметіне Қазақстанды халықаралық  еңбек бөлінісінің тең құқылы  серіктес ретінде қамтамасыз  ететін құқықтық нормалармен  қамсыздандыру жатады.

    Өңірлік деңгейде жұмыспен қамту  саясаты тиісті деңгейдегі (облыстық) билік органдарының өкілеттілігі  шеңберінде сол аумақтарда азаматтардың  еңбек құқығын жүзеге асыру  үшін жағдайлар құруға бағытталған,  толық, өнімді және еркін жұмыспен  қамтылуды ынталандыратын саясатта  болып табылады. Мемлекеттік жұмыспен  қамту саясатының өңірлік аспектісі  сол өңірлердегі еңбек рыногының  жағдайына әсер етуші ерекше  факторлар мен жағдайларды ескере  отырып, жыл сайын қабылданатын  аумақтық бағдарламалар болып  табылады.

   Өңірлік деңгейдегі мемлекеттік  жұмыспен қамту саясаты жұмыспен  қамтудың аумақтардың демографиялық  және әлеуметтік – экономикалық  дамуның ерекшеліктеріне негізделген  өңірлік және жергілікті бағдарламалары  шеңберінде жүзеге асырылады. 

   Әдетте өңірлік жұмыспен қамту  бағдарламалары үш деңгейге бөлінеді:

республика  деңгейінде жүзеге асырылатын іс –шаралар қарастырылған жұмыспен қамтудың республикалық  бағдарламасы;

облыстық  бағдарлама осы деңгейдегі халықты  жұмыспен қамту іс –шараларын анықтайды, мысалы басыңқы дамушы қалаларды  анықтау;

аудандық (қалалық) жұмыспен қамту бағдарламалары еңбек рыногының жекелеген қатысушыларының  мәселелерін шешуге бағытталған  іс-шаралардан тұрады.

   Еңбек рыногындағы үдерістерді  реттеудегі маңызды орынды еңбеккерді  өнімді еңбек етуге итермелейтін  және барлық мотивациялық қондырғылар  жүйесінің негізінде тұрған еңбек  ақы алады. Рыноктық экономикалы  елдерде еңбек ақының тиімді  және оңтайлы деңгейі мен оның  минималды шегі туралы анық  және нақты түсініктер қалыптасқан.  Бұл заңға сәйкес жұмысшының  өзі мен оның отбасын өмір  сүруге қамсыздандыратын еңбеккерлердің  өмірлік қоры қалыптасады. Жұмысшы  күшінің құны негізінде отбасының  қалыпты қажеттіліктерінің жиынтығы  түсінігі қалыптасатын экономикалық  категория болып табылады. Ол  қажеттіліктерді қанағатттандыру  жұмысшы күшінің ұдайы өндірісін  қамтамасыз етеді.

   Біздің еліміз жетпіс жылдан  астам уақыттан бері әлемде  қажетті өнім туралы беймәлімдікте  өмір сүрді. Жұмысшы күшінің  құны жоққа шығарылды. Жалақы  “еңбектің сапасы мен санына  қарай бөлінетін ұлттық табыстың  үлесі” деп анықталды. “Социалистік  еңбек бойынша бөлу заңы” негізінде  ұлттық табыстың бұл бөлігін  индивидтер арасында “еңбектік  салымға пропорционалды” түрде  бөлу қажет болды. Басқаша айтқанда, осы заңды басшылыққа ала отырып, әрбір еңбеккердің жиынтық табыстағы  үлесін анықтап, кімге көп,  кімге аз төлеу керектігін  анықтауға болатын еді. Алайда  қанша деген сұраққа яғни еңбекке  ақының абсолюттік шамасы қандай  болу керектігіне еңбек бойынша  бөлу заңы жауап бере алмады. Бұл бөлушілік қатынастарды ұйымдастыруда  кең жолдар ашты.

   Мұндай бағыттың элементі біздің  елімізде жекешелендіру үлгісінде  де сақталды. Социалистік кезеңде  бөлушілік қатынастар екі желі  арқылы жүргізілгені белгілі  – еңбекке ақы төлеу арқылы  және екіншісі тұтынудың қоғамдық  қоры арқылы, ол арқылы кеңес  елінің азаматтары түрлі әлеуметтік  қызметтерді (білім беру мен  денсаулық сақтау) тегін немесе  жеңілдікпен (тұрғын үй, коммуналдық  және т.б. төлемдер) пайдаланды. Кейбір  есептеулер бойынша бұл желістер  бойынша бөлінетін материалдық  және рухани игіліктер мен   қызметтер құны жағынан арақатынасы  екіге бір болып бөлінген.

   Рыноктық қатынастарға көшу біздің  елімізде жұмыспен қамтылған  халық арасында тегін немесе  жеңілдікпен бөлуді толығымен  тоқтатуды қарастырды. Нәтижесінде  жұмыс істейтін көптеген азаматтардың  жиынтық қорының қомақты бөлігін  ешқандай өтемақысыз қиып тастау  орын алды. Бұл ел тұрғындарының  тұтыну қоржынының төмендеуіне,  ал бұл әділетсіздікті өтемақылаушы  жекешелендіру мүмкіндіктері пайдаланылмады.

   Жекелеген салаларда халықты  жұмыспен қамтуды біршама дифференциациялау  еңбек рыногын реттеудің қосымша  мемлекеттік шараларын өңдеу  мен жүзеге асыруды талап етеді,  мемлекеттік билік органдарының, жұмыс беруші бірлестіктерінің, кәсіподақтардың, еңбек рыногына  әсер ететін басқа да қоғамдық  бірлестіктердің еңбек рыногына  ықпалын күшейтуді талап етеді. 

   Жұмыс берушілерді қажетті жұмысшы  күшімен жедел қамсыздандыра  алатын, ал жұмыс іздеуші азаматтарды  өзіндік табыстары есебінен тұтынудың  жоғары деңгейін қамтамасыз ететін  тиісті жұмыспен қамсыздандыра  алатын өркениетті еңбек рыногын  дамыту үшін жағдайлар құру  қажет.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

                Өңірлік жұмыспен қамту саясатының ерекшеліктері 

   Жұмыспен қамтуды өңірлік реттеу  өңірлердің дамуының көптеген  ерекшеліктерін ескеруге және  солардың негізінде меншік нысаны, кәсіпорынның өлшемі және т.б.  байланысты нақты, мақсатты бағытталған  жұмыспен қамту іс-шараларын өңдеуге  мүмкіндік береді. Өңірлік еңбек  рыноктарындағы жағдайды жақсартудың  маңызды тәсілдерінің бірі жұмыспен  қамтуды ұйымдастырудың стандартты  емес нысандарын пайдалану болып  табылады. Ол ашық еңбек рыногында  жұмысшы күшінің ұсынысын тежеу  жолы арқылы жұмыспен қамтуға  әсер етуге мүмкіндік береді, жұмыспен қамтылғандардың массалық  түрде жұмыстан босатылуын шектеуге  және жұмыссыздықтың тым өсіп  кетуін болдырмауға мүскіндік  береді.

    Жұмыспен қамтуды ұйымдастырудың  стандартты емес нысандары индивидтер  мен жұмыс берушілердің, сонымен  қатар жалпы қоғамның мүдделеріне  жауап беруші шара болып табылады.

   Жұмыс күшін сатушылар тұрғысынан, әсіресе олардың көпшілігі әйелдер  мен жастар, аталған шара жұмыс  істеумен қатар қоғамдық- пайдалы  істермен қатар жұмыс істеу  мүмкіндігін берді, мысалы, оқу,  балаларды тәрбиелеу, отбасылық  міндеттер, сол сияқты еңбек  қызметінен біртіндеп шығу немесе  қосылу мүмкіндігін бере алды.

   Кәсіпкерлер тұрғысынан бұл жұмыспен  қамту нысаны бірқатар көрсеткіштерге  байланысты ыңғайлы болып табылады, атап айтқанда:

  • Аталған іс-шараны қолдану белгілі бір кезеңде өндірістің обьективті талабы болып табылады ( циклдық тығырыққа байланысты өндірісті қысқарту, капиталдық жөндеудің қажеттілігі, жабдықтарды ауыстыру, тәжірибелі және білікті мамандармен ауыстыру, жұмысшы күшін жұмыстан босату және жаңасын алу шығындарын қысқарту);
  • Қосымша жұмысшы күшін стандартты емес нысанда тарту көп жағдайда қаржылық тұрғыдан тиімді, өйткені жұмысшы күшінің шығындарының пропорционалды өсіміне алып келмейді;
  • Аталған жұмыспен қамту нысаны дәстүрлі нысандарға қарағанда үдемелі, өнімді, нәтижелі болып келеді. Бұл көбінесе творчестволық қызметтерге, операциялық жиынтығы жағынан түрлі болып келетін қызметтерге, белгілі бір шаблонға келе бермейтін қызметтерге, жұмыс уақытының ұзақтығы белгілене алмайтын қызмет түрлеріне қатысты болады.

   Макроэкономикалық деңгейде стандартты  емес жұмыспен қамту нысандары  еңбек рыногында әлсіз әлеуметтік  топтарға табыс табу тәсілін  және өзінің біліктілігі мен  еңбекке қабілетітілігін ұстап  тұруды қамтамасыз ету арқылы  жұмыспен қамту мәселесінің күрделілігін  төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл  нысан қажет болған жағдайда  еңбек рыногын қолда бар еңбек  резервтерімен белгілі бір жұмысшы  күші сегменттерімен толықтыруға  мүмкіндік береді (мүгедектер, қарттар,  әйелдер, жастар және т.с.с).

   Қазіргі күні дамыған рыноктық  экономикалы елдерде стандартты  емес режимде жұмыспен қамтылғандардың  25-тен 30 % дейін еңбек етеді.  Мұндай жұмыспен қамтудың тармақталған  және көптүрлі ұйымдастырушылық  тізбелік жүйесі қалыптасқан,  стандартты емес жұмыспен қамту  нысанында реттелетін әлеуметтік  – еңбектік қатынастардың заңдық  негізі бар. Стандартты емес  жұмыспен қамту түрлеріне мыналар  жатады:

-Уақытша жұмыспен қамтумен қатар жұмысшы күшін қалыпты емес уақыт ұзақтығында пайдалану (маусымдық, ұзартылған, келісім- шарт бойынша жұмыс істеу, уақытша қоғамдық жұмыстар және т.б.);

-Толық емес күні және толық емес жұмыс аптасымен жұымспен қамту;

-Жұмыс орындарын кезектеу ( екі немесе онан көп жұмысшылар арасында жұмыс кезегі уақытында жұмыс орнын бөлу);

-Жұмыс уақыты немесе еңбек қызметін ұйымдастырудың дәстүрлі емес тәсілдері: үйдегі жұмыс, сәйкестілік бойынша жұмыс (немесе екі жұмыс істеуге негізделген жұмыспен қамту), еңбектің икемді кестесі;

-өздігінше жұмыс іздеуге негізделген өзін-өзі жұмыспен қамту және тұрақты немесе уақытша табыс табу мақсатымен,жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру қанағаттандыруды және  өзін-өзі жүзеге асыру үшін өз қаржысы есебінен жекелеген азаматтардың  жұмыс орындарын ашуы;

   Өзін-өзі жұмыспен қамту жұмыссыздықты  қысқартудың маңызды бағыттарының  бірі болып табылады. Өзін-өзі  жұмыспен қамтудың нысандары  жеке еңбек қызметі немесе  шағын кәсіпкерлік саласындағы  қызмет болып табылады.

   Экономиканың мемлекеттік және  жеке секторларындағы жұмыспен  қамту түрлерімен бірге халықты  жұмыспен қамтудағы жаңа құбылыс  экономиканың ресми емес секторындағы  жұмыспен қамту болып табылады.

   Халықаралық еңбек ұйымы экономиканың  ресми емес секторына шағын  капиталмен, төменгі еңбек өнімділігімен,  тұрақсыз жұмыспен қамтылумен, жоғары  емес және тұрақсыз табыспен  қамсыздандырушы  тауарлар мен  қызмет өндірісінің орындарын  жатқызады. Әдетте бұл орындарды  статистикалық орындар есепке  алмайды, үкімет оларға қолдау  көрсетпейді, оларға әлеуметтік  қорғау жүйесі қолданылмайды  және олар көбінесе еңбектік  заңдылықтарға сүйенбейді.

   Экономикада ресми емес сектордың пайда болуы дамыған елдерге тән. Ресми емес қызметтің түрлері алуан, негізгілері мыналар:

  • көшедегі сауда ;
  • жөндеу жұмыстары;
  • компьютерлерді бағдарламалық қамсыздандыруға байланысты жұмыстар;
  • бухгалтерлік жұмыстар мен хатшылық қызметтер;
  • шығындарды төмендету және өндірістің икемділігін арттыру үшін ресми сектордағы бірқатар салаларда келісім-шартпен жұмыс жасау.

Информация о работе Жұмыссыздық