Жұмыссыздық

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 09:54, курсовая работа

Описание работы

«Жұмыспен қамту» категориясының мазмұндық жағымен бірге жұмыспен қамтумен байланысты үдерістерді реттейтін және қызмет атқаратын мемлекеттік және мемлекеттік емес тұтас бір мекемелер жүйесі жедел дами бастады. Бұл құрылымдардың қызметінің жеделдігі мен кәсіптік білктілігінен халықтық шаруашылық үдерістер тәуелді болды: еңбек рыногының қызмет етуі, кадрларды дайындау мен кәсіптік біліктілігін көтеруді қамсыздандыру, жұмысшы күші мен жұмыс орындарының ұдайы өндірісі, қоғамдағы әлеуметтік серіктестікті реттеу және т.с.с. Бұл қызметтерді жүзеге асырудың табыстылығы жоғарыда аталған құрылымдардың қызметкерлерінен “еңбек” және “жұмыспен қамту” түсініктерінің обьективті ара қатынасын дұрыс түсінуге, атап айтқанда, олардың теңдігін емес, сәйкессіздігін дәлелдеуге негізделген кәсіптік білім мен бейімді талап етеді. Алайда жұмыспен қамту мен еңбек ұғымдары – синоним емес. Еңбек – бұл тәуліктің белгілі бір шеңберінде жұмыс уақытында өтетін қызмет. Кез келген қызмет түрі сияқты еңбек үзіледі, ол үздіксіз басқа бір қызмет түрімен ауысып отырады, демалыспен ауысады. Тіпті ішкі өндірістік еңбек үдерісінде еңбекке тек өндіріс уақытының бір бөлігі – жұмыс кезеңі тиесілі болады.

Работа содержит 1 файл

курс жұмыссыздық.docx

— 139.82 Кб (Скачать)

2010 жылғы  IV тоқсанда жұмыссыздар саны (табысты  жұмысы болмаған, оны үздіксіз  іздеген және оған кірісуге  әзір болған 15 жастағы және одан  асқан адамдар) 474,7 мың адамды,  жұмыссыздық деңгейі 5,5% құрады. 

2008- 2010 жылдардың IV тоқсанында  Қазақстан Республикасындағы  еңбек рыногының  негізгі индикаторлары 

 
 
15 жас  және одан асқан жастағы халық
IV тоқсан 2010ж.

III тоқсан

2008ж. 2009ж. 2010ж.
Экономикалық  тұрғыдан белсенді халық, мың адам 8421,4 8469,2 8616,1 8652,8
Халықтың экономикалық тұрғыдан белсенділік деңгейі, % 71,2 70,8 71,2 71,5
Жұмыспен  қамтылған халық, мың адам 7862,1 7937,4 8141,4 8171,1
  Жұмыспен  қамту деңгейі, %-бен:        
      15 жас және одан асқан жастағы   халыққа шаққанда 66,4 66,4 67,3 67,5
      экономикалық тұрғыдан белсенді халыққа шаққанда 93,4 93,7 94,5 94,4
   Жалдамалы қызметкерлер, мың адам 5229,9 5285,3 5460,0 5447,2
      жұмыспен қамтылған халық санындағы  үлесі, % 66,5 66,6 67,1 66,7
   Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар, мың адам 2632,2 2652,1 2681,4 2723,9
      жұмыспен қамтылған халық санындағы үлесі, % 33,5 33,4 32,9 33,3
Жұмыссыз  халық, мың адам 559,3 531,8 474,7 481,7
  Жұмыссыздық  деңгейі, % 6,6 6,3 5,5 5,6
15-24 жастағы  жұмыссыздар, мың адам 89,8 76,6 56,3 60,1
Жастар  жұмыссыздығының деңгейі, %

(15-24 жастағы)

7,1 6,0 4,7 4,7
 Ұзақ  мерзімді жұмыссыздық деңгейі, % 2,7 2,3 2,1 2,1
Экономикалық тұрғыдан енжар халық, мың адам 3410,5 3489,3 3483,4 3447,4
Халықтың  экономикалық тұрғыдан енжарлылық деңгейі, % 28,8 29,2 28,8 28,5

               2008 - 2010 жылдардағы жұмыссыздық деңгейлері

пайызбен

 

  2010 жылғы IV тоқсанда жұмыссыздардың жалпы санындағы жастардың (15-24 жастағы) үлесі 11,9% немесе 56,3 мың адамды құрады. Жастар жұмыссыздығының деңгейі 4,7% болды, бұл республика бойынша тұтастай алғандағы жұмыссыздық деңгейі көрсеткішінен 0,8 пайыздық тармаққа  аз.

   Жұмыссыздар ішінде жалпы орта  білімі бар адамдар – 37,6% (178,5 мың адам) және орта кәсіптік (арнаулы)  білімі барлар – 26,0% (123,2 мың  адам) басым болды. Жоғары білімі  бар жұмыссыздардың  үлес салмағы  23,3%-ын (110,7 мың адам)  құрады.

   2010 жылғы желтоқсанның соңында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша) 35,4 мың адамды құрады, бұл 2009 жылғы осы  кезеңдегіден 18,0 мың адамға немесе 33,7%-ға аз. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздардың үлесі 0,4% (2009 жылғы желтоқсанда – 0,6%) болды.

   2010 жылы (алдын ала деректер бойынша) экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны 8,6 млн. адамды құрады. Экономиканың әртүрлі саласында 8,1 млн. адам жұмыспен қамтылды, бүл 2009 жылдан 2,7%-ға көп.    Жұмыссыздардың саны көрсетілген кезенде 496,6 мын. адамды, жұмыссыздық деңгейі 5,8% құрады. 
 

  2006-2010 жылдардағы  Қазақстан Республикасындағы жұмыссыз

және  жұмыспен қамтылған  халықтың саны 

 

   2010 жылы жұмыспен қамтылған халықтың арасында ерлер саны 4,2 млн. адамды құрады, немесе 51,3%, әйелдер – тиісінше 3,9 млн. адам және 48,7%. Барлық жұмыспен қамтылғандардан жалдамалы қызметкерлердің үлесі 66,7%, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар – 33,3% құрады.

   Егер жұмыссыздыққа байланысты  көрсеткіштерді өңірлер бойынша  бөлетін болсақ, мынадай нәтижелер  аламыз:

   Графиктен көріп отырғанымыздай  Маңғыстау, Оңтүстік қазақстан  облыстарында және Астана қаласында  жұмыссыздық деңгейі әлі де  болса жоғары. Жұмыссыздық деңгейі  төмен өңірлер: Ақтөбе, Алматы, Атырау  облыстары.  

 

    
 

  
 
 
 
 
 
 
 

  Ал  келесі графиктен 2011 жылдың 3 кварталындағы  аудандар бойынша экономикалық  белсендігін көреміз.  
 
 

 

   Бұл өңірлерде өңірді дамытуды басқару және халықты жұмыспен қамтуды басқару органдарының жаңа жұмыс орындарын құру бағытында жетекші өңірлердің, мысалы Қарағанды облысының тәжірибесін зерттеу және пайдалану бағытында қызметін белсендендіре түсуі қажет.  Ауыл халқын жұмыспен қамтудың алғашқы міндеттерінің бірі мыналар:

халықты жұмыспен қамсыздандыратын кәсіпкерлік  қызметтің барлық нысандарына, шағын  кәсіпкерлікке, өзін-өзі жұмыспен қамтуға, халық қолөнерін дамытуға мемлекеттік  қолдау көрсету;

ауыл  шаруашылық өнімдерін өңдеуді тереңдеті  мен кеңейту, ауылды техникалық жарақтандыру үшін лизингті дамыту, көтерме рыноктар ұйымдастыру және ақпараттық –маркетингтік  қызметтер құру;

ауылдық жерлердегі жұмыссыз халықтың еңбегін  қолдану есебінде тұрмыстық қызмет көрсету обьектілерін, әлеуметтік инфрақұрылым мен өндірістік инфрақұрылым обьектілерін құру және дамыту;

ресми жұмыссыздар мен қатар жасырын  жұмыссыздарды да тарту арқылы қоғамдық жұмыстар бағдарламасын қолдану;

жұмыс істемейтін әйелдер мен жастарды жеке еңбек қызметін қамсыздандыру  үшін халықаралық қаржылық қорлар арқылы қаржы құралдарын тарту;

жұмыссыздық пен кедейшілік және бар вакансиялық  орындар туралы ауыл халқын тұрақты  түрде хабарландырып отыру.

   Сонымен қатар құрылымдық жұмыссыздық  өсіп отыр: бұл жекелеген  мамандықтар  бойынша еңбек рыногында оған  сұраныс пен ұсыныстың теңсіздігінен  болып отыр. Жұмыспен қамту орталықтарына  келетіндердің көпшілігінің мамандығы  немесе білімі жоқ. Бұрынғы  жылдардағыдай ,ауылдық жерлерде  әлі де болса денсаулық сақтау, білім беру мамандары жетіспейді. Көп жағдайларда бұл мамандардың  жоқтығынан емес, қаржыландырудың  жетіспеушілігінен, төмен жалақыға, ауылдағы әлеуметтік - тұрмыстық  жағдайдың артта қалушығынан  болып отыр.

   Қалыптасқан жағдай ауылдағы  жұмыссыздықты төмендетуді қамсыздандыратын  шаралар кешенін өңдеуді талап  етеді. 

   Жалпы алғанда республиканың  еңбек рыногындағы жағдай жұмыссыздық  деңгейінің жаңадан құрылған  жұмыс орындарына орналасқан  азаматтар  санының артуы, экономикалық  өсумен анықталған халықтың экономикалық  белсенділігінің артуы есебінен  тұрақты түрде төмендеп отыр.

   Жұмыспен қамтудың өңірлік мәселелерін  шешуде жергілікті атқарушы органдардың  рөлін арттыруға байланысты келесі  шараларды жүргізуге болады:

  • бос орындар туарыл ақпараттар жинау жөніндегі жұмысты жандандыру;
  • халықты және жұмыс берушілерді еңбек рыногындағы ахуал туралы хабардар ету, буклеттер, жадынамалар, плакаттар тарату арқылы жұмыс іздеуге жәрдемдесу, сондай- ақ бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді жариялау;
  • жұмыс іздеуде қиындық көретін азаматтарға кеңестер беру;
  • лайықты жұмыс таңдауға, оның ішінде бос орындар жәрмеңкелерін, жұмыс іздеу клубтарының қызметін ұйымдастыру, қоғамдық жұмыстарға жіберу жолымен жәрдемдесу;
  • еңбек рыногындағы бәсекелестік қабілеттілікті арттыру мақсатында жұмыссыздарды кәсіптік даярлауға, біліктілігін арттыруға, қайта даярлауға жіберу;
  • еңбек рыногындағы жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс мониторингін  жүргізу;
  • жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жаңа жұмыс орындарын құру жолымен іске асыру, нысаналы топтарды қоса алғанда, еңбек рыногындағы қажеттілікті ескере отырып, жұмыссыздарды кәсіптік даярлаудың және қайта даярлаудың сапасын жақсарту, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және дамыту, қоғамдық жұмыстардың түрлерін кеңейту және қайта бағдарлау;
  • жұмыс күшін аумақаралық, оның ішінде халықаралық шарттарға сәйкес алмасуды дамыту жөнінідегі жұмыс жалғастырылады.

   Қазақстандағы еңбекпен қамту көрсеткіштеріне келесі факторлар әсер етеді: инвестицияның бөлінуі, жалақыны жетілдіру, экономикалық өсудің жоғары қарқынын қамтамасыз ету, экономиканың салалық құрылымын жетілдіру, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, халықты жұмыспен қамту органдарын басқару.

   Экономикалық дамудың жоғары  қарқынын қамтамасыз ету және  эконимканың салалық құрылымын  жетілдіру шағын және орта  кәсіпкерлікті дамыту арқылы  мүмүкін болады. Және де кез  келген қоғамдық үдерістерді  мемлекеттік басқарудың тиімділігін  арттыруға байланысты болып табылады.

   Атап айтқанда, басты міндеті  тиісті өңірдегі халықты жұмыспен  қамту деңгейін арттыру болып  табылатын жұмыспен қамту қызметінің  еңбеккерлерінің еңбегін бағалауды  енгізу керек. Аталған факторлардың  біздің еліміздегі жұмыспен қамту  көрсеткіштеріне ықпалы сөзсіз, алайда мемлекет осы факторлар  арасындағы оңтайлы арақатынасты  табуы қажет.

   Жалақыны жетілдіру – заманауи  экономиканың өзекті міндеті  болып табылады. Мұнда кәсіпорын  – монополистердегі еңбеккерлердің  еңбек  ақысы мен экономиканың  басқа салаларындағы отбасының  минималды қажеттіліктерін өтеуге  жетпейтін, еңбегіне сай төленбейтін  төменгі жалақы деңгейінің арасындағы  диспропорция туралы айтқан жөн  (мысалы, ғалымдардың, медицина қызметкерлерінің, мектеп мұғалімдері мен жоғары  оқу орындарының оқытушыларының). Бұл жоғары білікті  адамдарды  жоғары табыс алып келетін  жұмыспен айналысуға итермелейді,  жалпы алғанда елдің адами  әлеуетіне маңызды нұқсан келіп  отыр.

   Ел үкіметі халықты жұмыспен  қамтуға қатысты бірқатар шаралар  атқарып жатыр. Жұмыссыздықпен  күрес бағдарламасы, халықты жұмыспен  қамту және кедейшілікті төмендету,  халықты әлеуметтік қорғау бағдарламалары  да өңделді. Елде ұзақ мерзімді  кезеңде адами әлеуетті дамытуға  байланысты 2010 жылға дейін Қазақстанның  дамуының стратегиялық жоспары, 2015 жылға дейінгі ҚР индустриалдық  –инновациялық даму стратегиясы,  «Қазақстан- 2030» стратегиясы, 2004-2008 жылдарға арналған халықты жұмыспен  қамту бағдарламасы, ел Президенті  қол қойған БҰҰ декларациясы, 2003-2005 жылдарға арналған Каспий  шельфін дамыту бағдарламасы  және осы бағдарламаларды жүзеге  асыру іс-шараларының жоспарлары  жасалған.

   Қазақстан Республикасындағы еңбек  рыногындағы өзекті мәселелерге  мыналар жатады:

-тиімсіз  жұмыспен қамтудың басым болуы;

-жұмысшы күшіне деген сұраныс пен ұсыныстың біліктілік – кәсіби құрылымының сәйкессіздігі;

-білікті кадрлардың еңбек әлеуетінің жоғалуы;

-кадрлар даярлаудың экономиканың қажеттіліктеріне сәйкес болмауы;

-халықтың жекелеген топтарын (әйелдер, жастар, зейнеткерлік жас алдындағы адамдар, мүгедектер) жұмысқұа орналастырудың қиындығы;

Информация о работе Жұмыссыздық