Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 09:54, курсовая работа
«Жұмыспен қамту» категориясының мазмұндық жағымен бірге жұмыспен қамтумен байланысты үдерістерді реттейтін және қызмет атқаратын мемлекеттік және мемлекеттік емес тұтас бір мекемелер жүйесі жедел дами бастады. Бұл құрылымдардың қызметінің жеделдігі мен кәсіптік білктілігінен халықтық шаруашылық үдерістер тәуелді болды: еңбек рыногының қызмет етуі, кадрларды дайындау мен кәсіптік біліктілігін көтеруді қамсыздандыру, жұмысшы күші мен жұмыс орындарының ұдайы өндірісі, қоғамдағы әлеуметтік серіктестікті реттеу және т.с.с. Бұл қызметтерді жүзеге асырудың табыстылығы жоғарыда аталған құрылымдардың қызметкерлерінен “еңбек” және “жұмыспен қамту” түсініктерінің обьективті ара қатынасын дұрыс түсінуге, атап айтқанда, олардың теңдігін емес, сәйкессіздігін дәлелдеуге негізделген кәсіптік білім мен бейімді талап етеді. Алайда жұмыспен қамту мен еңбек ұғымдары – синоним емес. Еңбек – бұл тәуліктің белгілі бір шеңберінде жұмыс уақытында өтетін қызмет. Кез келген қызмет түрі сияқты еңбек үзіледі, ол үздіксіз басқа бір қызмет түрімен ауысып отырады, демалыспен ауысады. Тіпті ішкі өндірістік еңбек үдерісінде еңбекке тек өндіріс уақытының бір бөлігі – жұмыс кезеңі тиесілі болады.
Алайда олардың арасында
Жұмыссыздардың 2/3 бөлігі материалдық
өндіріс саласынан шыққандар, 1/3
өндірістік емес салада жұмыс
істегендер. Сол сияқты жұмыссыздар
арасында ұзақ уақыт жұмыс
істемеуі себепті кәсіптік
Тіркелген жұмыссыздық деңгейі еңбекке қабілетті халыққа қатысты – 1,5 % құраса, тіркелмегендер- 5,5 % құрайды.
Еңбек рыногы – рыноктық
Жалпылама тұрғыдан алғанда,
Еңбек рыногының негізгі
Еңбекке сұраныс - еңбек рыногындағы
жұмысшы қажеттілігінің
Еңбек ұсынысы – жалдамалы
жұмысқа ынталы, қажетсінетін адамдардың
саны мен құрамын, еңбекке
Еңбек рыногының коньюнктурасы
– жұмыспен қамту баламалылығы
мен еңбек рыногын реттеу
Еңбек рыногындағы тепе-теңдік
сұраныс пен ұсыныстың
-тұрғындардың жалпы санымен;
-жалпы тұрғындар санындағы жұмыс істейтіндер санымен;
-жыл немесе апта бойында жұмысшының атқаратын орташа сағат мөлшерімен;
-жұмысшының жұмсайтын еңбегінің сапасы, саны және біліктілігімен.
Жұмыссыздықтың әлеуметтік салдары – бұл эмоционалдық, қаржылық, отбасылық, медициналық және саяси салдар болып табылады. Жұмыссыздықтың эмоционалдық салдарына адамның өзін - өзі төмен бағалауы, депрессияны, өзіне өзі қол жұмсауын, стационарда психиатриялық емдеудің қажет болу мүмкіндігі жатады. Медициналық мәселелердің арасында – денсаулықтың күйзеліп ширығудың (стресстің) әсерінен бұзылуы (мысалы, жүрекпен бүйрек ауруы, алкоголизм). Жұмыстан шығарылғанға дейінгі еңбеккерлерде қолдарына жұмыстан шыққандығын хабарлайтын мәлімдеме тигеннен кейін артериалдық қысымдары көтеріліп, жаңа жұмыс тапқанша дейін сақталатындығы анықталған. Жұмыссыздықтың салдарынан туындайтын күйзеліп (стресс) өмір сүрудің ұзақтығын қысқартуы мүмкін.
Отбасындағы қатынастардың
Ғалымдар жұмыссыздық пен
Зерттеушілер әзірге жұмыс
Алайда бұл шараның өзі де
толық нәтиже бере алмайды,
себебі жұмыс іздеуші ең
Қалалықтардың жұмыс іздеу барысында
тек өздерінің жеке бастамаларына сенетіндігі
сөзсіз. Ал жұмыс іздеу барысында олар
қандай іс-әрекеттерге барады екен?
Осылайша, респонденттердің көпшілігі
жұмысқа орналасуда өзінің байланыстарын
пайдалану тиімді деп санайды. Әрбір төртінші
адам мемлекеттік жұмыспен қамту орталығына
барса, әрбір оныншы адам жарнамаларға
сенеді екен.
Жұмыспен қамту саясаты:
түрлері, мазмұны.
Жұмыспен қамту саясатын таңдаудың екі түрі бар: активті және пассивті. Осыдан мемлекеттік активті және пассивті жұмыспен қамту саясаттары ажыратылады.
Активті жұмыспен қамту саясаты ( еңбек рыногындағы активті саясат) - бұл:
-мемлекеттің жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында жүргізетін құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық шаралар жиынтығы;
-жұмыс орындарын сақтап қалу үшін еңбеккерлерді жұмыстан босату туралы ескерту және профилактикамен байланысты шаралар;
-жұмыс іздеуші тұлғаларды оқыту, қайта дайындау және кәсіби біліктілігін жоғарылату;
-жұмыс орындарын белсенді түрде іздеу мен іріктеу;
-жаңа жұмыс орындарын ашуды қаржыландыру;
-қоғамдық жұмыстар жүйесі арқылы жаңа жұмыс орындарын ұйымдастыру.
Мұндай саясат шеңберінде еңбеккерлерді жұмыстан шығаруды болдырмауға, жаңа жұмыс орындарын ашуды субсидиялауға бағытталған іс- шаралар жүзеге асырылады.
Пассивті жұмыспен қамту саясаты (еңбек рыногындағы пассивті саясат) негізінен жұмыссыздықтың теріс салдарын реттеуге бағытталған: мемлекет кепілдік беретін жұмыссыздық жәрдемақысын төлеу, оның мерзімі біткен соң - әлеуметтік жәрдемақы төлеу, сол сияқты басқа да шаралар. Пассивті саясат мемлекеттік жұмыспен қамту қызметі арқылы жұмыс орнын таңдау қызметін ұсынады. Көбінесе басыңқы пассивті саясат термині пайдаланылады. Ол да жұмыссыздарға материалдық көмек беруді қарастырады, алайда ұсынылатын қызмет түрі көп болады.
Сырт қарағанда, жоғарыдағы екі вариант та ағымдық мемлекеттік шығыстар тұрғысынан алғанда үнемді болып табылады. Алайда экономикалық өрлеуді пасивті күту тактикасы тек еңбек рыногының жоғары икемділігі жағдайында және жұмысшы күшінің өз бетімен жұмысқа орналасу мүмкіндігі жоғары болған жағдайда ғана өзін өзі ақтай алады. Болмаса еңбек рыногындағы пассивті саясаттың тежеуші реттегіштері әлсіз болып, нақты жағдайды күрделендіріп жіберуі мүмкін.
Активті мемлекеттік халықты жұмыспен қамту саясаты республикалық және өңірлік жұмыспен қамту бағдарламаларын өңдеу мен жүзеге асыру арқылы жүргізілуі мүмкін. Олар еңбек рыногындағы жағдайдан және оның даму болжамынан туындай отырып жасалады.
Халықты жұмыспен қамтудың тиісті заңдылықтарына сәйкес мемлекеттік саясат бағытталған:
-еңбек үшін адами ресурстарды дамыту;
-республиканың барлық азаматтарына факторларға тәуелсіз (жынысы, жасы және т.б.) ерікті еңбек етуге және жұмыспен қамтудың кез келген түрін таңдау мүмкіндіктерін қамтамасыз ету;
-адамның еркін дамуы үшін жағдайлар құру;
-заң шеңберінде жүзеге асырылатын азаматтардың еңбектік және кәіспкерлік бастамаларын қолдау және олардың өндірістік, творчестволық қабілеттерінің дамуына ықпал ету;
-халықты жұмыспен қамту саласында әлеуметтік қорғауды қамсыздандыру, әлеуметтік қорғауды өте қажет ететін және жұмыс іздеуде қиыншылықтар көретіндерге жұмыспен қамтуды қамсыздандырушы шараларды жүргізу;
-массалық және ұзақ уақыттық (бір жылдан артық) жұмыссыздықтың алдын алу және қысқарту;
-әлеуметтік қорғауды қажет ететін азаматарды жұмыспен қамсыздандыратын жұмыс берушілерді ынталандыру;
-халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметті экономикалық және әлеуметтік саясаттардың басқа да бағыттарымен үйлестіру;
-халықты жұмыспен қамту және оған бақылау жүргізу шараларын өңдеу мен жүзеге асыруда мемлекеттік органдардың, кәісподақтардың, еңбеккерлер мен жұмыс берушілердің өкілдерінің қызметін үйлестіру;
-халықты жұмыспен қамтуда халықаралық ынтымақтастық жүргізу.
Халықты жұмыспен қамту бағдарламаларының үш деңгейі бар:
Бұл әрбір бағдарламаның төрт ірі бөлшегі бар:
Республикалық деңгейде