Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 09:54, курсовая работа
«Жұмыспен қамту» категориясының мазмұндық жағымен бірге жұмыспен қамтумен байланысты үдерістерді реттейтін және қызмет атқаратын мемлекеттік және мемлекеттік емес тұтас бір мекемелер жүйесі жедел дами бастады. Бұл құрылымдардың қызметінің жеделдігі мен кәсіптік білктілігінен халықтық шаруашылық үдерістер тәуелді болды: еңбек рыногының қызмет етуі, кадрларды дайындау мен кәсіптік біліктілігін көтеруді қамсыздандыру, жұмысшы күші мен жұмыс орындарының ұдайы өндірісі, қоғамдағы әлеуметтік серіктестікті реттеу және т.с.с. Бұл қызметтерді жүзеге асырудың табыстылығы жоғарыда аталған құрылымдардың қызметкерлерінен “еңбек” және “жұмыспен қамту” түсініктерінің обьективті ара қатынасын дұрыс түсінуге, атап айтқанда, олардың теңдігін емес, сәйкессіздігін дәлелдеуге негізделген кәсіптік білім мен бейімді талап етеді. Алайда жұмыспен қамту мен еңбек ұғымдары – синоним емес. Еңбек – бұл тәуліктің белгілі бір шеңберінде жұмыс уақытында өтетін қызмет. Кез келген қызмет түрі сияқты еңбек үзіледі, ол үздіксіз басқа бір қызмет түрімен ауысып отырады, демалыспен ауысады. Тіпті ішкі өндірістік еңбек үдерісінде еңбекке тек өндіріс уақытының бір бөлігі – жұмыс кезеңі тиесілі болады.
-өңірлік еңбек рыноктарының үлкен сараланымы;
-тоқырауға ұшыраған, жұмыс күші артық ауылдық аудандардағы, шағын қалалардағы жұмыссыздықтың жоғары деңгейі;
-шекаралас мемлекеттерден келетін жұмыс күшінің заңсыз ағымдары болып табылады.
Қазақстандағы халықты
жұмыспен қамту бағыттары.
Елімізде қазіргі күні халықты табысы жақсы тұрақты жұмыс орнымен қамту ісі жан-жақты бағыт бойынша өріс алып келе жатыр деп айта аламыз.
Соның үлкен көздерінің бірі – 2011-2014 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы. Осы бағдарламаның негізінде өткен жылы елімізде 152 жаңа жоба іске қосылды. Биылғы жылы тағы да осындай 192 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Осылардың негізінде жаңадан сан мыңдаған жұмыс орындары ашылатын болады. Жұмыссыз халықтың біраз бөлігі осы жаңа жұмыс орындарына қарай бағытталатын болады. Ал оларды бағыттау тетіктері «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасында нақты айқындалған.
Мемлекет басшысы өзінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауында еңбек нарығының тиімділігін арттыру, табысы аз адамдарды, жұмыссыздар мен өз бетінше жұмыспен айналысушыларды жұмыспен нәтижелі қамтуға жәрдемдесудің белсенді бағдарламаларына тарту міндеттерін жүктеді.
«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бұл жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың табысын арттыруға бағытталған.
Бағдарламаны іске асыру екі кезеңде жүзеге асырылады: бірінші кезең – 2011 жыл, пилоттық жыл болады, екінші кезең – 2012 – 2015 жылдар –Бағдарламаны енгізу кезеңі, 2016 – 2020 жылдар бағдарламаны толық ауқымда іске асыру кезеңі. |
Жұмыспен қамтудың белсенді
Әлеуметтік-экономикалық жаңғыру барысында елде қарқынды дамушы еңбек нарығы құрылды, халықтың экономикалық белсенділігі мен жұмыспен қамту деңгейі тұрақты өсуде.
Алайда оң өзгерістерге қарамастан, ұлттық еңбек нарығында теңгерімсіздік сақталып отыр. Жұмыссыздар бар болғанымен, бос жұмыс орындары толықтырылмай отыр, экономика салаларының мамандарға деген қажеттілігінің объективті болжамы жоқ. Еңбек ресурстары сапасының төмендігіне және өндіріс пен оқудың арасында нақты байланыстың болмауына байланысты жұмыс күшінің, бірінші кезекте білікті кадрлардың, техникалық және қызмет көрсету еңбегі қызметкерлерінің тапшылығы байқалып отыр. Жұмыспен қамтылған халықтың шамамен үштен бірінің кәсіптік білімі жоқ.
Жұмыспен қамтылған халық құрылымында өз бетінше жұмыспен айналысатын адамдардың үлесі – 33,3 % немесе 2,7 млн. астам адамды құрайды. Өз бетінше жұмыспен айналысушылардың негізгі бөлігі ауылдық жерлерде тұрады және жеке шаруашылығын жүргізумен айналысады, одан түсетін табыс тіршілік етуге жеткілікті деңгейде ғана болады. Өз бетінше жұмыспен айналысушылардың басым бөлігі әлеуметтік қорғау және қолдау жүйесімен қамтылмаған.
Ауыл жастарының жағдайы ерекше алаңдаушылық тудырып отыр, кәсіптік білім алуға қолжетімділігі шектеулі болғандықтан, олар ресми еңбек нарығында іс жүзінде бәсекеге қабілетсіз болып табылады.
Еңбек нарығында қалыптасқан мұндай ахуалдың тікелей салдары кедейліктің сақталуы болып табылады, 2010 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 1,1 млн. астам адамның табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен аз.
Табысы аз адамдарды әлеуметтік қолдау мәселесінде жұмыспен қамтуға және табыс табуға жәрдемдесудің белсенді шаралары жеткілікті қолданылмайды.
Әлемдік тәжірибеде осы тектес проблемаларды шешу үшін еңбек нарығындағы белсенді бағдарламалар (бұдан әрі – ЕНББ) қолданылады. ЕНББ еңбек ресурстарын дамыту (кәсіптік даярлау және қайта даярлау), жұмыс күшіне деген сұранысты арттыру (жалақыны/жұмыспен қамтуды субсидиялау, қоғамдық жұмыстар), еңбек нарығын реттеуді жетілдіру (жұмыспен қамту қызметтерін құру, ақпараттық қолдау), еңбек күш-жігерін жандандыруды мемлекет жүзеге асыратын әлеуметтік қолдау жүйесімен үйлестіру («құқықтар мен міндеттер» немесе «өзара міндеттер» стратегиялары, бұл жағдайда мемлекет жұмыспен қамту және оқыту бойынша жоғары сапалы қызметтер көрсетуге міндеттенеді, ал ЕНББ-ға қатысушы жұмысты қарқынды іздеуді жүзеге асыруға міндеттенеді) арқылы жүзеге асырылады.
ЕНББ экономикалық тұрғыдан – жұмыспен нәтижелі қамту ықтималдығының артуын, еңбек өнімділігі мен жалақының өсуін, әлеуметтік тұрғыдан – жұмыссыздықтың төмендеуін, еңбек белсенділігінің артуы мен адам әлеуетінің дамуын болжайды.
Бастапқыда мұндай бағдарламалар экономикалық күйзеліс кезеңінде және жұмыссыздық деңгейі өте жоғары болған кезде қолданылған, ал қазіргі уақытта – экономикасы ауыспалы елдердегі өнеркәсіптік қайта құрылымдаудың кері әсерін азайту және еңбек нарығынан айтарлықтай алшақ халықтың әлжуаз топтарын кіріктіру үшін қолданылады.
Осының негізінде қол жеткізілетін оң нәтижелер ЕНББ әзірлеудің және қазақстандық еңбек нарығында да қолданудың өзектілігін арттырып отыр.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы
Қазақстан Республикасы Президентінің
«Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу
– Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты
Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның
2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын
іске асыру үшін әзірленді.
Бағдарлама Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру тетіктерінің бірі болып табылады.
Бағдарлама 2009 және 2010 жылдардағы жол карталарын іске асырудың қисынды жалғасы болып табылады, бұл ретте дағдарыстан кейінгі дамуға, қазіргі тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалуға және жаңаларын құруға мән беріледі
Бағдарламаны іске асыру екі кезеңде жүзеге асырылатын болады:
1-кезең – 2010 жылдан бастап 2014 жыл аралығында, бұл ретте 2010 жыл пилоттық жыл болып табылады.
2010 жылы Бағдарламада міндеттерді шешу үш бағыт бойынша іске асырылатын болады: жаңа бизнес-бастамаларды қолдау (кадрлар даярлауды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын қоспағанда); кәсіпкерлік секторды сауықтыру; экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау.
2010 – 2014 жылдары міндеттерді шешу екі бағыт бойынша іске асырылатын болады: жаңа бизнес-бастамаларды және экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау.
2-кезең – 2015 жылдан бастап 2020 жыл аралығы.
2015 – 2020 жылдары міндеттерді шешу екі бағыт бойынша іске асырылатын болады: жаңа бизнес-бастамаларды және экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау.
Бағдарламаны
іске асыруға республикалық
30 млрд. теңге көзделіп отыр, оның ішінде:
1) жаңа бизнес-бастамаларды қолдауға 12 млрд. теңге;
2) кәсіпкерлік секторды сауықтыруға 16 млрд. теңге;
3) экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдауға 2 млрд. теңге.
Бағдарламаны одан әрі қаржыландыру тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шеңберінде жүзеге асырылатын болады.
Облыстағы жұмыссыздар қатары 2010
жылдың 9 айында 1800 адамға кеміді. Жұмыссыздықтың
төмендеуіне елімізде жүзеге
асырылып жатқан «Жол картасы»
ерекше әсер еткен еді. Ал
бағдарлама аяқталған уақытта
статистикалық мәліметтер
Биыл «Жол картасы»
«Жол картасы» бойынша 19 192 адам
еңбекпен қамтылды. Бұл жылдары жұмысшы
мамандықтар бойынша орын мол болды. 2009
жылы бағдарлама бойынша облыста 4,5 миллиард
теңге игерілді. Ал биыл 5,4 миллиард теңге
осы істі жалғастыруға бөлінді. Тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық нысандары,
мектептер, балабақшалар, ауруханалар
мен емханалар, мәдениет ошақтары қалпына
келтірілді. Ағымдағы жылы бұл тізімге
мұрағаттардың ғимараттары да қосылды.
Жұмыстың 53,5 пайызы күрделі жөндеу бойынша
жүргізілді. Мердігерлікке негізінен
кішкентай серіктестіктер жұмылдырылды.
Яғни, «Жол картасының» кіші және орта
бизнеске де пайдасы тиді. Енді бір жарым
айда бағдарлама мерзімі аяқталады. Дегенмен
еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды
үйлестіру басқармасының мамандары жұмыссыздық
деңгейі бұрынғы межеге жетпейтінін айтады.
«Жол картасы» өзге де ұзақ мерзімді бағдарламалардың
жүзеге асырылуына негіз болды. Екі жылдың
ішінде өңірде 23 қайта даярлау орталығында
40 мамандық бойынша курсттар жүрді. Курс
тыңдаушыларының 82 пайызы жұмыс тапты.
Аспаздар мен шаштараздар ауылдарда іске
кірісті. Ал электрдәнекерлеушілер әлі
де керек. Биыл курстан өткен 489 адам да
бұл қажеттілікті толық өтей алмайды.
«Бизнестің жол картасы - 2020»бағдарламасы
шеңберінде жеке кәсіпкерлікті қолдауға
жастар практикасына 966 адам жіберілді.
Солтүстік Қазақстан облысында Жол картасы аясындағы «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына сай осы жылы білім беру орындарының 1 025 түлегі жұмыспен қамтылады деп күтілуде.
Жол картасының төрт бағыттарының бірі
жастар тәжірибесін ұйымдастырып, оны
өткізу болып табылады. Облыстық еңбекпен
қамту және әлеуметтік бағдарламаларды
үйлестіру басқармасының мәліметі бойынша,
2010 жылы осы жоспарға сәйкес 1 025 адам тіркеліп,
республикалық бюджеттен 123 миллион теңге
бөлінген. Маусымның 1-індегі жағдай бойынша
бөлінген қаражаттың 13,2 миллион теңгесі
немесе қаңтар-мамыр айларына арналған
жоспардың 100 пайызы орындалған.
«Жастар тәжірибесі» бағдарламасы
бойынша жұмыс істейтін азаматтармен
басқа да қызметкерлер санаты секілді
еңбек шарты міндетті түрде жасалуы тиіс.
Тек бір айырмашылығы – еңбек келісімшартының
мерзімі әр өңірге қарай алты айға дейінгі
мерзімге жасалады. Өйткені «Жастар тәжірибесі»
бойынша жас маман мекемеде алты айға
дейін ғана еңбек ету құқығына ие. Бұл
ретте олардан ҚР Еңбек кодексінің 31-бабында
көзделген құжаттар талап етілуі тиіс.
Жастар тәжірибесі-бұл жоғары оқу орындары,колледж бен лицейді бітірген түлектер үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп отырған мүмкіншілік.
Бітіруші түлек Жастар тәжірибесін меншік түріне қарамастан кез келген ұйымнан өте алады.Жастар тәжірибесіне қатысқан жоғары оқу түлектеріне мемлекет тарапынан 100 % көлемде 15 мың теңге төлем ақы жүргізіледі.Ал жұмыс беруші өзінің қалауынша қосымша төлем беруіне құқылы. Жастар тәжірибесінің ұзақтық мерзімі - 6 ай Жастар тәжірибесін өтуге ниет білдіруші жоғары оқу орындарын бітірген түлектерге
Жастар тәжірибесі дегеніміз ЖОО, колледждер мен лицейді бітіруші түлектерге мамандық алғаннан кейін алғашты тәжірибе алуға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіп отырған қосымша шара.
Жастар тәжірибесіне қатысушы жас түлектерге мемлекет тарапынан ай сайын 100% көлемде 15 мың теңге айлық төленеді.(салық төлемдерін есептемегенде).
Бітіруші жас түлектер Жастар тәжірибесіне меншік түріне қарамастан кез келген ұйымнан өте алады.Жұмыс беруші өзінің қалауынша қосымша төлем ақы бере алады.
Бұл бөлім қазір үкіметтің осы салаға
қаржы бөлу жөніндегі нақты қаулысы шықпаса
да өздерінің жыл соңында жасаған жоспарлары
негізінде ұйымдастыру, іріктеу шараларын
қолға ала бастаған. Мәселен, қазірдің
өзінде 140-тай ұйым, мекемеден 1800-дей адамды
жұмысқа орналастыруға тапсырыс алып
үлгерген. Биыл әлеуметтік жұмысқа 1000
адам, “Жастар іс-тәжірибесі” бағдарламасы
бойынша 550 адамды жұмыспен қамту жоспарланып
отырған көрінеді.
Әлеуметтік жұмысқа 18 топ бойынша
жұмыссыздар қамтылмақ. Олардың ішінен
әуелгі кезекте III топтағы мүгедектер,
көп балалы аналар, бірде-бір адам жұмыс
істемейтін отбасы мүшелері сияқты тұрмысы
төмен жанұяларды қамту көзделіп, іріктеу
жасалған. Бұл жұмыстардың көпшілігі “Өскемен-тәртіп”
мекемесі арқылы жүзеге асырылмақ. Өткен
жылы мұндай жұмысқа тартылған әр адамға
“Жол картасы” бағдарламасы бойынша
Үкімет тарапынан 15 мың сом көлемінде
айлық жалақы төленген. Ал бұған қоса жұмысқа
шақырған мекеме өз мүмкіндіктеріне сай
еңбекпен қамту мекемесімен шарт жасасып,
үстеме жалақы төлейді. Биыл “Жол картасы”
бағдарламасына сай төленетін жалақы
көлемі бұдан артық болмаса, кем болмайтыны
түсінікті жай.
Түрлі мамандық бойынша оқу орындарын
тәмамдаған жастардың тұрақты жұмыс табуына
көмектесетін “Жастар іс-тәжірибесі”
бағдарламасы бойынша биыл 550 жас маманды
жұмысқа орналастыруға 66 миллион теңге
бөлу жоспарланған. Әлеуметтік жұмыс бағдарламасына
120 миллион теңге бөлінбек.
Елбасының тапсырмасына сәйкес өндіріске,
ауыл шаруашылығына, басқадай түрлі кәсіпке
қажетті жұмысшы даярлау, қайта оқыту,
білімін жетілдіру курстарында оқыту
ісі де жалғасын табады. Өткен жылы 84 миллион
теңге қаржы бөлініп, 1430 жұмысшы түрлі
курстан өтсе, мамандық ерекшеліктеріне
сай 2-4 ай мерзімдік бұл оқытуларға биыл
950-дей адам қамтылады деп жоспарлап отыр.
Әрі мұндай оқытуларға қамтылған курсанттарға
ай сайын өткен жылы 7,5 мың теңге көлемінде
шәкіртақы төленген. Биыл да шәкіртақы
көлемі бұдан кем болмайды деп күтілуде.
Жұмыссыздықты азайту мақсатында
осындай тұрақты бағдарламалардың сыртында
уақытша қоғамдық жұмыстарға 1250-дей адам
тартылмақ.