Жұмыссыздық

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 09:54, курсовая работа

Описание работы

«Жұмыспен қамту» категориясының мазмұндық жағымен бірге жұмыспен қамтумен байланысты үдерістерді реттейтін және қызмет атқаратын мемлекеттік және мемлекеттік емес тұтас бір мекемелер жүйесі жедел дами бастады. Бұл құрылымдардың қызметінің жеделдігі мен кәсіптік білктілігінен халықтық шаруашылық үдерістер тәуелді болды: еңбек рыногының қызмет етуі, кадрларды дайындау мен кәсіптік біліктілігін көтеруді қамсыздандыру, жұмысшы күші мен жұмыс орындарының ұдайы өндірісі, қоғамдағы әлеуметтік серіктестікті реттеу және т.с.с. Бұл қызметтерді жүзеге асырудың табыстылығы жоғарыда аталған құрылымдардың қызметкерлерінен “еңбек” және “жұмыспен қамту” түсініктерінің обьективті ара қатынасын дұрыс түсінуге, атап айтқанда, олардың теңдігін емес, сәйкессіздігін дәлелдеуге негізделген кәсіптік білім мен бейімді талап етеді. Алайда жұмыспен қамту мен еңбек ұғымдары – синоним емес. Еңбек – бұл тәуліктің белгілі бір шеңберінде жұмыс уақытында өтетін қызмет. Кез келген қызмет түрі сияқты еңбек үзіледі, ол үздіксіз басқа бір қызмет түрімен ауысып отырады, демалыспен ауысады. Тіпті ішкі өндірістік еңбек үдерісінде еңбекке тек өндіріс уақытының бір бөлігі – жұмыс кезеңі тиесілі болады.

Работа содержит 1 файл

курс жұмыссыздық.docx

— 139.82 Кб (Скачать)

              Жұмыспен қамтуды реттеудің шетелдік тәжірибесі 

   Бүкіл әлемнің ең өткір проблемаларынан  біріне айналып отырған жұмыссыздықпен  күрес мәселесі әлемнің әр  шалғайындағы саясаткерлерді, ғалымдарды, адамзаттың алдыңғы қатарлы өкілдерін қатты толғандыруда. Қазіргі күні жаһандық проблемаға айналып отырған бұл дертпен ұйымдасып күресу мақсатында бірқатар халықаралық ұйымдар жұмыс істеп келеді. Солардың алдыңғы қатарында Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) бар. БҰҰ-ның осы саладағы маманданған мекемесі болып табылатын бұл ұйым 1919 жылы Версаль шарты негізінде құрылған болатын. 1946 жылдан бастап ол БҰҰ аясында ресми мәртебеге ие болды. Халықаралық еңбек ұйымы жұмыс уақытын регламенттеу, жұмыс күшін іріктеуді регламенттеу, жұмыссыздықпен күрес, өндірістегі қайғылы оқиғалармен, кәсіптік аурулармен күрес, еңбек қатынастарында балалардың, жасөспірімдердің және әйелдердің құқықтарын қорғау, кәсіптік-техникалық білімді ұйымдастыру секілді мәселелермен шұғылданады.

  Міне, осы әлем бойынша еңбекпен  қамту, жұмыссыздықпен күрес мәселелерімен  шұғылданатын халықаралық ең беделді ұйым 2010 жылғы өзінің қорытынды есебінде аталған проблеманың барған сайын белең ала түскендігін атап көрсеткен.

   ХЕҰ есебі бойынша 2010 жылы әлемде 250 миллион адам жұмыссыздықтың зардабын тартқан. Бұл көрсеткіш 2007 жылғы қорытындымен салыстырғанда жұмыссыздар қатарының 27,6 миллион адамға арта түскендігін білдіреді.

   ХЕҰ болжамы бойынша 2011 жылы жұмыссыздық жағдайы әлемдегі ең ауқымды проблемалардың бірі болып қала береді. Бұл жылы болжам бойынша 203,3 миллион адам жұмыссыз ретінде тіркеледі.

   Сонымен қатар, халықаралық еңбек ұйымы 2007-2010 жылдар аралығында халықтың жұмыссыздық деңгейі әсіресе, дамыған елдерде өсе түскендігін мәлімдей келе, жұмыссыздықпен күрес мәселесінде Бразилия, Қазақстан, Тайланд секілді елдер жақсы жетістіктерге жетіп келе жатқандығын атап көрсеткен.

   Сөйтіп, қазіргі күндері бүкіл әлем бойынша алғанда Қазақстан өз ішіндегі жұмыссыздықты ауыздықтай алған санаулы елдердің арасынан бой көрсетіп отыр. Бұл әрине, үлкен жақсылық. Елбасының еліміздегі халықтың әлеуметтік проблемаларын белсенді түрде шешу, әлемді кернеген дағдарыспен күресу жөнінде Үкіметке берген тапсырмаларының сәтті орындала бастағандығының бір көрінісі.

   Әлемдік тәжірибеде халықты еңбекпен қамту ісін басқарудың әртүрлі модельдері қолданылады. Мәселен, америкалық модель еңбекке қабілетті азаматтардың елеулі бөлігі үшін еңбек өнімділігі төмен, бірақ халықтың қалың бөлігін кеңінен қамтуға ұмтылатын жұмыс орындарын құрумен ерекшеленеді.     Сарапшылардың пікірінше, мұндай жағдайда жұмыссыздар қатары азайғанымен, халықтың кедей бөлігінің жағдайы онша жақсара қоймайды. Ал скандинавиялық модель мемлекеттік секторда табысы орташа, еңбекақысы қанағаттанарлық жағдайдағы жұмыс орындарын көптеп аша отырып, жұмыс күштерін солай қарай тартуға бейімделген. Бұл модель негізінен мемлекеттік қаржы қаражатына арқа сүйейді. Үшінші еуропалық модель еңбек өнімділігін арттыру арқылы халықты жұмыспен қамту мәселесіне орайластырылған. Мұндай жағдайда жұмысшылардың жалақылары біршама жоғары болады. Қазақстанның қазіргі қолға алған шаралары осы модельге келіңкірейді, бірақ өзіндік ерекшеліктері аз емес.

   Ресми деректерге сүйенсек, 2009 жылы  жұмыссыздық деңгейi Солтүстiк Африкада  – 10,3%, Орталық Африкада – 7,9%, Таяу Шығыста – 9,4%, посткеңестiк  елдер мен Орталық Еуропада, Балқан  түбегiнде – 8,8% (орташа есеппен  алғанда), Латын Америкасында –  7,3%. Құрама Штаттардағы жұмыссыздық  7,6%-ға жеткен. Бұл – соңғы 34 жылда болмаған көрсеткiш. Ал  аспанасты елiнде қазiргi кезде  8,3 млн. жұмыссыз бар. Пайыздық  көрсеткiштермен есептесек, 4%-дың  төңiрегiнде. Биыл Қытайда 6,1 млн.  түлектiң жоғарғы оқу орнын  бiтiретiнiн ескерсек, екi қолға бiр  жұмыс таба алмай сенделгендер  қатары қарая түсетiнi айқын.  Ең төменгi көрсеткiш Шығыс Азияның  еншiсiнде – 3,8%.  
   ХЕҰ берген деректерге сүйенсек, Оңтүстiк, Оңтүстiк-Шығыс, Шығыс Азия аймағында былтыр жаңа өндiрiс орындары көптеп ашылған. Сондай-ақ, ең төменгi көрсеткiш Шығыс Азияның еншiсiнде – 3,8%. Есесiне, қалталылар Орталық Африка мен Оңтүстiк-Шығыс Азия экономикасына инвестиция салуға құлшынбайды.  
   Кедейшiлiк пен жұмыссыздық қаупi төнген аймақтар қатарында ТМД да тұр. Әсiресе, Армения, Украина, Тәжiкстан, Қырғызстанда еңбек нарығы тым күрделi. Қазақстан мен Ресейдегi жағдай ұқсас – ресми деректерге сүйенсек, жұмыссыздық 1-2 пайыз. Тағы бiр жайт, еңбек нарығындағы ахуалдың күрт шиеленiскенiне қарамастан, жұмыс тауып берушi агенттiктер жұмыс тауып берушiлердi барынша көптеп жинауға құлшынуда. Бұл БҰҰ ХЕҰ-ның халықаралық заңнамалық құжаттарына қайшы келедi. Қазақстанға келсек, былтыр Алматыда 10 агенттiк тiркелсе, бүгiнде олардың саны 25-ке жеткен көрiнедi. 
   Бүгiнде қазақ билiгi Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжiкстан сияқты көршiлес елдерден ағылған мигранттарды қадағалауға да көңiл бөлмек.

  ТМД  елдерi арасында экономикалық, әлеуметтiк  және саяси ахуалы тұрақты  Қазақстанға нәпақа табу мақсатында  келетiндер көп. Мысалы, бiр ғана  Алматының өзiнде қазiр 40 мыңнан  астам жатжұрттық жан бағып  жүр. Олардың 13 мыңы – алыс  шет елдерден, қалған 27 мыңы –  ТМД елдерiнiң азаматтары. Тәжiкстан,  Қырғызстан секiлдi елдердiң азаматтарына 3 ай ресми тiркеусiз жүру құқығы  берiлген. Сейсенбiдегi үкiметтiк отырыста  Алматы қаласының әкiмi А.Есiмов  Үкiмет басшысынан 3 ай мерзiмдi қысқартуды  сұрады. ҚР Iшкi iстер министрi Б.Мұхамеджанов  жергiлiктi атқарушы органдармен  бiрлесе отырып, мигранттарға қойылатын  талаптарға қатысты Үкiметке ұсыныс  жасайтындықтарын мәлiмдедi. Министрдiң  алаңдайтын жөнi бар, себебi, ресми тiркеусiз жүргендердiң еркiнсiп кететiнi соншалық, көп жағдайда опындыратын жайттарға әкеп соғады. Мысалы, құқық қорғау органдарынң деректерiне сүйенсек, елiмiзде орын алатын бопсалау, адам ұрлау, қастандықпен кiсi өлтiру сияқты т.б. қылмыстардың 50-60 пайызын сырттан келген мигранттар жасайтын көрiнедi.

  Ресейдің  еңбек ресурстары 87 млн адамды  қамтиды. Олардың басым көпшілігі  (71 млн адам) экономикалық белсенді  халық болып табылады. Жалпы алғанда,  Ресейде жұмыссыздық деңгейі  9,2% деп есептеледі. Бірақ жұмыссыздық  деңгейі аумақ, бойынша үлкен  айырмашылықтар жасайды. Ингушетия,  Дағыстан, Қалмақ Республикасында  оның керсеткіші кей жылдары  50%-ға жеткен. Ал экономикалық  өрлеу тән Саха республикасында,  сондай-ақ ірі қалаларда жұмыссыздың  деңгейі 4—5 %-дан аспайды. Елдегі жұмыспен қамтылғандардың басым бөлігі өндірістік емес салада (57%), қалғандары өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы салаларында еңбек етеді.

    Әлемнің дамыған елдеріндегі экономикалық құлдырау кезеңіндегі жұмыссыздықпен күресудің тәжірибесін қолдауының жан-жақты зерттеу халықты жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеудің оңтайлы отандық механизмін қалыптастыруға ықпал етеді.

   2010 жылдын зерттеу қорытындылары көрсетіп отырғандай, жұмыссыздық деңгейінің ең көп төмендеуі Люксембург және Турция елдерінде байқалады.   Онда жұмыссыздық деңгейі  0,8 %-ға төмендеп, 4,4 %-ды құрады. Норвегия елдерінде жұмыссыздық деңгейі 3,6 % болып, әлемдегі ең төмен деңгей болды. Оңтүстік Азиядағы жұмыссыздық деңгейі 5,2% болса, Оңтүстік-Шығыс Азия мен Тынық мұхиты елдерінде – 6,6 % болды.

   Женевада жасалған жыл сайынғы Халықаралық еңбек бюросының баяндамасына сәйкес Испания елдері мен Словакия елдерінде әлемдегі ең үлкен жұмыссыздық деңгейі әлі де болса сақталуда. Ол 2010 жылы 20,1 % құрады. Ал Словакия елі 14,4% болып, әлемде екінші орынды алады.

   Халықаралық еңбек ұйымының бағалауы  бойынша 2001-2009 жылдар аралығында  күніне 1 АҚШ долларын құрайтын  табыс тауып жұмыс істейтін, кедейшілік  шегінде тұрған адамдардың жалпы  саны, Сахараның оңтүстігінде орналасқан  Африка елдері, Латын Америкасындағы, Таяу Шығыстағы, Солтүстік африкадағы  мемлекеттердегі өңірлерден басқа  жерлерде төмендеген. Сахараның  оңтүстігінде орналасқан Африка  елдерінде ондай адамдардың саны 14 млн. көбейген. Осы кезеңде күніне 2 АҚШ долларынан кем табыс  табатындардың саны Орталық және  Шығыс Еуропа елдерінде (Еуропалық  Одаққа енбейтін елдерде) және  ТМД елдерінде төмендеген, ал  ең көп төмендеу Шығыс Азия  елдерінде байқалып, 65 миллион адамды  құраған. Сонымен бірге  бұл  көрсеткіш Оңтүстік-Шығыс Азия  елдерінде, Тынық мұхиты елдерінде,  Оңтүстік Азия елдерінде, Таяу  Шығыс пен Солтүстік африка  елдерінде артқан, ал ең көп  арту Сахараның оңтүстігінде  орналасқан африка елдерінде  болып, 26 млн адамды құраған. 

   Еуростат деректері бойынша жұмыссыздық деңгейі 2010 жылда  Еуро-аймақта 9,6%. Еуропа елдері арасында жұмыссыздықтың деңгейі Польшада - 9,6%, Данияда – 7,4% тіркелді. Швеция,Италия елдерінде ол – 8,4%, Португалия және Францияда– 9,3-9,6 %. Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі 2010 жылда (бағалау бойынша) 5,8 % құрады.

   Өңірдегі жұмыссыздықтың жоғары деңгейі көші- қон ағынының белсенуіне алып келеді. Қайта құрылымдыау нәтижесінде жұмыстан шығып қалғандардың көпшілігі, жұмыс таба алмаған жастар жұмыс істеу үшін Орталық және Шығыс Еуропа, Ресей мен ТМД елдеріне, Батыс елдеріне эмиграциялаған. Орталық Азиядағы тартымды өңірлердің бірі Қазақстан болып отыр. Орталық және Шығыс Еуропа елдері мен ТМД елдерінде ерлер мен әйелдер арасында да экономикалық белсенділік деңгейі төмендеген.

    Орталық және Шығыс Еуропа  елдері мен ТМД елдерінің негізгі  міндеті – жоғары жұмыссыздық  деңгейін жою мен елдегі еңбекке  қабілетті халықтың әлеуетін  толыққанды пайдалануды қамтамасыз  ету үшін жұмыспен қамту деңгейін  арттыру. Бұл еңбек рыногы мен  әлеуметтік саясат шаралары адамдардың  еңбек рыногына интеграциялануы  мен кедейшіліктің қысқаруын  қарастыратын жағдайда инвестиция  ағынының келуін және жаңа  жұмыс орындарының ашылуын ынталандыратын  макроэкономикалық саясатты енгізгенде  ғана мүмкін.

   Халықаралық еңбек ұйымы БҰҰ жүйесінің арнайы агенттігі, ол алдына әлеуметтік теңдік қағидасын, халықаралық танылған адам құқықтары мен еңбек саласындағы адам құқығын басты орынға қояды. 1919 жылы құрылып, халықаралық еңбек ұйымы БҰҰ арнайы агенттігі болып 1946 жылы құрылды.

   Жапон экономикасы соңғы жылдары біршама жетістіктерге жеткені белгілі, алайда бұл елде де жұмыссыздықтың өсуіне байланысты экономикалық қиындықтар кездесті. Жұмысшы күші рыногындағы жағдайды реттеу үшін мемлекеттің қатысуы жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік бюроны ұйымдастыруды қарастырады. Алайда бұл да жұмысқа орналастыруды арттыруда жеткіліксіз болып табылады. Мемлекеттік бюролармен бірге жеке агенттіктер де маңызды рөл атқарады. Жұмыс орындарын сақтап қалуға тырысатын фирмаларға дотациялар бөлінеді. Мемлекет қарастырған шаралардың арасында оқу орындарын бітірген түлектерді жұмысқа орналастыру да бар. Жұмыстан шығып қалған адамдарға сақтандару жүйесі қызмет етіп, жәрдемақылар төленеді. Массалық жұмыстан босатуды болдырмау, жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейту шаралары да қарастырылған.

   Өндірістің құлдырауы, терең әлеуметтік- экономикалық дағдарыс қазір егеменді мемлекет болған бұрынғы одақ республикаларында өтті.ТМД елдерінің еңбек рыногында қалыптасқан жағдай күрделі болып табылады. Жұмыссыздықты қысқарту үшін бұл елдердің көпшілігінде түрлді әлеуметтік бағдарламалар қабылданып, жүзеге асырылуда, оның ішінде халықты жұмыспен қамтуды оңтайландыру бағдарламалары да бар.

   ТМД елдерінде қабылданған жұмыспен қамту туралы заңдардың бүкіл Достастық аумағында жүзеге асырылуы маңызды болып табылады. ТМД елдері «ТМД елдеріндегі еңбек ресурстарының миграциясы туралы» кепілдемелік акт қабылдады, бұл акт бойынша еңбек мигранттарының құқықтары реттеледі және еңбек миграциясын реттеудің мемлекетаралық негіздері қаланады.

   ТМД елдерінде Парламентаралық Ассамблея ұйымы жұмыс жасайды. Бұл ұйымның әлеуметтік саясат және адам құқықтары жөніндегі тұрақты комиссиясы тәуелсіз мемлекеттердің азаматтарының әлеумсеттік құқықтары мен кепілдемелері Парламентаралық Ассамблея Хартиясын қабылдауға ықпал етті. Бұл құжат БҰҰ, Халықаралық еңбек ұйымының адам құқықтары жөніндегі жалпы декларациясының және басқа да құжаттарының қағидасына негізделген, адам құқықтары облысындағы халықаралық нормаларға сай жасалған. ТМД елдеріндегі халықты әлеуметтік қорғау қағидаларын және бастапқы бағыттарын анықтайтын маңызды құжаттардың бірі Парламентаралық Ассамблеяның төртінші отырысында қабылданған әлеуметтік қамсыздандырудыі кешенді жүйесінің ережесі болып табылады. Бұл құжат әлеуметтік  қамсыздандырудың кәсіби үшдеңгейлі жүйесін дамыту мен халықтың түрлі категориялары арасында дифференцияланған жүйені енгізу келешегін қалыптастыруда бірыңғай бағыттың құрылуына негіз болды.

   Еңбек рыногындағы жағдайды түзетуге және көп шығынды қажет етпейтін бірқатар әлеуметтік – экономикалық саясат шаралары бар. Олар:

  • отандық өндірушіге қатысты тұтынушының мүддесіне қарама – қайшы келмейтін протекционистік саясат жүргізу;
  • белсенді сыртқыэкономикалық саясат жүргізу;
  • майда, оның ішінде отбасылық кәсіпкерлікті дамыту.

   Жұмыссыздарды еңбек рыногына бейімдеу саясаты мәселе өткір болып табылатын аумақтарға ерекше көңіл бөле отырып, нақты өңірлердің ерекшеліктерін ескере отырып жасалуы қажет.

   Жұмыссыздық деңгейін тежеу немесе төмендету үшін экономикалық өсу және жаңа жұмыс орындарын құру арасындағы өзара байланысты күшейту қажет.  Тек қарапайым жұмыс орындары емес, өнімді және тартымды жұмыс орындарын құру – жұмыссыздық деңгейін төмендетудің кепілі болып табылады. Бұл өз кезегінде келешектегі даму мен экономикалық өсуге алғышарттар құрады.

Информация о работе Жұмыссыздық