ҚР банк қызметін құқықтық реттеу

Автор: r**************@mail.ru, 27 Ноября 2011 в 10:21, дипломная работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің жалпы бөлімінің күшіне енуіне және оның ерекше бөлімінін қабылдауға дайындығына байланысты, жаңа Азаматтық кодекс банк қызметіне байланысты шарттардың жеке түрлерін реттеуге бағытталған. Тиісті тараулар заем және кредит, банк салымы және шот есеп шарттарын реттеуге арналған.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................3-6
І. БАНКІЛІК ҚЫЗМЕТ АНЫҚТАМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ
1.1 Банкілік қызметтің теориялық негіздері............................................7-10
1.2 Азаматтық құқықтағы банктік қызмет көрсету шарттары.............11-14
1.3 Банктік шот шарты.............................................................................14-20
1.4 Ақша аудару туралы шарт.................................................................20-30
ІІ. БАНК ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ БАНКТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1 Банк жүйесіндегі банктік құқықтық қатынастар.............................31-34
2.2 Банктік қызмет: экономикалық және азаматтық – құқықтық нормалары.........................................................................................................35-37
2.3 Банктік құқықтың пәні, әдістері, жүйесі, қайнар көздері...............38-43
2.4 Банктік заннама: мәні-маңызы және банктік қызметті ұйымдастыру және реттеу: қазіргі заманғы үрдістері,тәсілдері, құқықтық негіздері.......44-54
2.5 Банктік қызметті пруденциалдық реттеу ерекшеліктері................54-56
ІІІ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНК ҚЫЗМЕТІНІҢ АЯСЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ БАНКТІК МІНДЕТТЕМЕЛЕР
3.1 Қазақстанның Ұлттық банкі қызметінің аясындағы банктік құқықтық қатынастар........................................................................................................57-62
ҚОРЫТЫНДЫ-------------------------------------------------------------------------63-68
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.............................................................69-70

Работа содержит 1 файл

банк кызмет - азаматтык-диплом.doc

— 514.00 Кб (Скачать)

    Егер  банк салымы шартының мазмұнына тоқталатын болсақ тараптардың дәл сол құқықтары мен міндеттеріне (мазмұнына) айқын ерекшелікті беру, осы шартты банк қарастырудың негізгі себебі болып табылғанын да атап өтуге болады, өйткені басқаша оған еш қиындықсыз заем қатынастарын реттейтін нормаларды қолдануға болар еді.

    Тараптардың құқықтары мен міндеттері. Банк салымы шарты біржақты шарт болып табылғандықтан ол бойынша міндеттер банкке жүктеледі. Нормалары осы жағдайда да қосымша маңызға ие болатын, банктік қызмет көрсету және заем туралы жалпы ережелерге сәйкес банк өз міндеттемелерін қажет болған жағдайда ақшаларды қайтаруды сөзсіз қамтамасыз ете алатындай орындауға міндетті. Сонымен қатар, клиент банк салымы шартымен алдын ала келісілген шектерде ақшаға билік ету мүмкіндігінен айырылуға тиіс емес.

    Клиент  салымдарды қолма-қол ақшамен де және қолма-қол ақшасыз аударулар жолымен де енгізуге кұқылы. Талап етілмелі салым кезінде салымдар (қосымша жарналар) клиентпен кез келген сомада және кез келген кезеңде енгізілуі мүмкін. Осыған орай банкке салымдар бойынша қосымша жарналар қабылдау міндеті жүктеледі. Мерзімді салымдар, сондай-ақ шартты салымдар кезінде, егер банк салымы шартында өзгеше көзделмесе, салымшы ақшаны бір жолғы жарна түрінде енгізеді.

    Банк  үшінші тұлғалардан салымшының атына түскен ақшаны қабылдауға міндетті, бірақ олар оның бірыңғайландырылған дербес коды туралы қажетті деректерді көрсетуге тиіс.

    Банк, сондай-ақ салымшыға банк салымы шартымен анықталатын мөлшерде салым сомасына сыйақы төлеуге міндетті. Клиент талап етілмелі салымдар шарттары бойынша шарттық қатынастарды банк үшін тез және кенеттен тоқтату мүмкіндігі жоғары болғандықтан, әдетте, бұл шарттар бойынша сыйақы мөлшері мерзімді және шартты салымдарға қарағанда төмен.

    Егер  шартта өзгеше көзделмесе, банктің салым бойынша сыйақының мелшерін біржақты тәртіппен өзгертуге құқығы жоқ. Сыйақы мөлшері талап етілмелі салымдар бойынша енгізілетін қосымша жарналар бойынша өзгеруі мүмкін. Осы ереже қолданылады. Егер мерзімді салым немесе шартты салым шарттарымен клиентке салымға қосымша жарналар енгізу құқығы берілсе. Банк бұл жағдайларда сыйақы мөлшерін, ақша түскен күні банк қолданған сыйақыға сүйене отырып, жаңадан түскен қосымша жарналар бойынша есептейді.

    Сыйақы  төлеу тәртібі шартпен белгіленеді. Егер ол шартта көзделмесе, онда тікелей заңнамалық бағыттар қолданылуға тиіс. Банк салымы бойынша сыйақы салымшыға оның талап етуі бойынша әр тоқсан аяқталғаннан кейін салым сомасынан бөлек төленеді, ал бұл мерзімде талап етілмеген сыйақының сомасы салымның сыйақы төленетін сомасын арттырады.

    Талап етілмелі салым бойынша салымшы  салым бойынша өзіне тиесілі  сыйақыны салым сомасынан бөлек алуға құқылы. Мерзімді салым бойынша да салымшы салым бойынша өзіне тиесілі сыйақыны оның мерзімі аяқталғанға дейін салым сомасынан бөлек алуға құқылы, бірақ бұл ретте, банк салымы туралы шартта өзгеше кезделмесе, сыйақының мөлшері банк талап етілмелі салым үшін қолданатын мөлшерге сәйкес қайта есептелінеді. Салым мерзімінің аяқгалуы бойынша салымшы өзіне тиесілі сыйақыны ол салымды талап ете ме немесе етпей ме оған қарамастан толық мөлшерде алуға құқылы.

    Егер  салым шартты болса, онда салымшының өзіне тиесілі сыйақыны салымның сомасынан бөлек алуы банк салымы шартында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

    Жалпы, салымдар бойынша сыйақы төлеу үшін салымдарды қайтару үшін қолданылатын ережелерде қолданылады. Талап етілмелі салым бой-ынша салымшы сыйақыны кез келген уақытта алуға құқылы екенін біз атап өткенбіз. Мерзімді салымдар бойынша сыйақы төлеу жүзеге асырылатын арнайы мерзімдер белгілеу орынды (ойға қонымды) болып табылады. Шетел валютасымен енгізілген салым бойынша сыйақы да шетел валютасымен төленуге тиіс.

    Салымшы шартты біржақты түрде бұзуға және салымды өзіне қайтаруға құқылы. Егер салым талап етілгенге дейін рәсімделсе, банк салымшының түскен талабы бойынша бүкіл салымды немесе оның бір бөлігін беруге міндетті. Мерзімінен бұрын бұзу құқығы мерзімді салым шарттарына да қатысты. Бұл ретте салымшының салымды беру туралы талабы түскеннен кейін банк салымшының талабы түскен сәттен бастап бес күннен кешіктірмей салымды немесе оның бір бөлігін беруге міндетті. Шартты салымдар бойынша салымшы банктік салым шарты салымды қайтаруды байланыстыратын жағдайлар туындағанға дейін салымды қайтаруға құқылы шартты салымдарды қайтару кезінде мерзімді салымдарды қайтару кезінде де қолданылатын мерзімдер қолданылады. Салымшының мерзімді салым шартын мерзімінен бұрын туындағанға дейін бұзу құқығынан бас тарту туралы банк салымы шартының ережесі жарамсыз болып табылады.

    Шетел валютасымен енгізілген салым, егер заң актілерінде, банк салымы шартывда немесе тараптардың қосымша келісімінде өзгеше көзделмесе, нак сондай валютамен қайтарылуға тиіс.

    Банк  салымшының салымды немесе оның бір  бөлігін қайтару туралы талабын  көзделген мерзімдерде орындамасасыйақыны төлеу банк салымы шартында көзделген талаптарда жалғастырылады.

    Бірқатар  жағдайларда банк салымы шарттары (мерзімді және шартты) олардың әрекет ету мерзімінің (оларды анықтау ережелерін жоғарыда қарастырғанбыз) аяқталу ына байланысты тоқтатылады. Сондықтан мерзімді салым шарттары бойынша банк салымдарын қайтару көзделген салым мерзімінің туындауы бойынша жүзеге асырылады. Шартты салымдар бойынша қайтару банк салымы шарты салымды қайтаруды байланыстыратын жағдайлардың туындауы кезінде жүзеге асырылады.

    Тұрғылықты  халықөз ақшасын банктерге салатын болғандықтан банктердің қызмет етуінің түрақтылығы мен сенімділігі және салымшылардың тиісті мүдделерін ескере отырьш салымдарды толық көлемде өз уақытысында кайтару кепілдіктері аса жоғары маңызға ие бола бастайды.

    Салымшылардың құқықтарын қорғау банк салымын қайтаруды қамтамасыз ету жөніндегі заңдық шаралардың көмегімен жүзегс асырылады. Орын алған жағдайларға байланысты сол бір немесе өзге құралдар мен тәсілдер қолданылуы мүмкін.

    Мысалы, 29 наурыз 2000 жылғы Қазақстан Республикасының "Банк құпиясының мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңды актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңымен салымдарды (депозиттерді) ұжымдық кепілдендіру (сақтандыру) жүйесі енгізіледі. Бұған қоса, салымшылар мен банктердің барлық клиенттерін қамтамасыз етуге банктер үшін белгіленетін, банк қызметін лицензиялау және оған ағымдағы бақылау жасау жүйесі, талаптар (нормативтер) бағытталған.

    Үшінші  тұлғалардың пайдасына салымдар. ҚР АК 764-бабының мәнісінен туындайтыны - үшінші тұлғалардың пайдасына салым жасау банк салымы шартының өз алдына жеке түрін құрайды. Оны бөлудің себебі тараптардың қандай да бір ерекше құқықтары мен міндеттерін белгілеуде емес, ал, үшінші тұлғаның пайдасына салым жасау үшінші тұлғаның пайдасына жасалатын шарттың (ҚР АК 391 -бап) белгісіне толық көлемде сай болмайтындығында, бірақ ҚР АК 764-бабының 4-тармағы аталған норманы, ҚР АК 764-бабының 4-тармағы аталған норманы, ҚР АК 764-бабының нормаларынақайшы келмейтін бөлігінде, үшінші тұлға пайдасына салым жасау қатынастарына қолдануға болатындығын ескертеді. Егер ол осы белгілерге сай болғанда оны үшінші жақтың пайдасына жасалатын кәдімгі шарт (салым) деп есептеуге болар еді. Үшінші тұлға пайдасына салым жасаудың ҚР Азаматтық кодексінің аталған 391 -бабына сәйкес бекітілетін үшінші жақтың пайдасына шарт жасаудан ерекшелігі атына салым енгізілген тұлға салымшыға, яғни шарт бойынша тарапқа айналатындыгында. Үшінші тұлғаның пайдасына жасалатын кәдімгі шартта шартты бастапқы бекіткен субъект шарттан шығып қалмайды, ал үшінші тұлға тек шарт бойынша борышқордан орындауды талап етуге қатысты құқығы бар, құқықтық қатынастардың субъектісіне айналады. Олардың тағы бір ерекшелігі - үшінші тұлға пайдасына жасалатын кәдімгі шарт бойынша ішінара несие берушінің пайдасына және ішінара үшінші тұлғаның пайдасына салым шарты бойынша несие беруші болып толық көлемде салымшы танылады.

    Алайда, ерекшеліктер туралы айта отырып, біз үшінші тұлға пайдасына жасалатын шарт туралы жекелеген ережелерді үшінші тұлға пайдасына салым енгізу қатынастарына қолдануды жоққа шығармаймыз. Үшінші тұлға пайдасына салым шартьшың кей дербестігі туралы болжам заңнаманың тікелей тұжырымдамасына негізделгенін тағы да бір рет атап өтейік. Соның ішінде, 764-баптың 1-тармағында айтылғандай, пайдасына салым енгізілетін азаматтың атын немесе заңды тұлғаның атауын көрсету тиісті банк салымы шартының елеулі талабы болып табылады. Шарт жасау қарсаңында қайтыс болған азаматтың не сол кезде болмаған заңды тұлғаның пайдасына жасалған банк салымы шарты жарамсыз болып табылады. Үшінші жасау қарсаңында жасалған банк салымы шарты қойылатын мұндай талаптар, ең алдымен, жария құқық нормаларының, соның ішінде салық заңнамасының, әрекеті коррупцияға қарсы бағытталған заңнаманың, әрекететуін есепке алумен түсіндіріледі.

    Жоғарыда  атап өткеніміздей, пайдасына салым  енгізілген салымшы шарт бойынша барлық құқықтарды жүзеге асыруға құқылы. Егер оларды жүзеге асыруға оның ниеті болмаса, онда ол шарттан жазбаша түрде бас тартуға тиіс. Пайдасына салым енгізілген тұлғаның жазбаша түрде бас тартуы болса, салымшы құқықтарын бұрын осы салымды енгізген тұлға пайдалана алады.

    Үшінші  тұлға пайдасына жасалатын шарттың негізгі ережелеріне үшінші тұлға пайдасына шартты салым енгізу шарты жақынырақ.

    Бұл шартты салымды енгізу кезінде салым енгізетін тұлға мен салым енгізілген тұлға арасында белгілі бір ішкі қатынастардың болуына байланысты. Мұндай жағдайда банк тек соңғысына ғана қызмет көрсетілейді, ол салым енгізетін түлғаға датиісті қызмет көрсетеді. Оған қызмет көрсету ол енгізетін ақша сомасы үшінші тұлғаның пайдасына егер ол белгілі бір міндеттемелерді орындаған кезде ғана іс жүзівде берілетіндігінен көрініс табады. Сондықтан банк осындай субъектілердің екеуінің де мүдделерін сақтаудың кепілі болып табылады.

    Бұл салымды енгізу кезінде келісілген талап пайдасына салым енгізілген тұлгадан ешқандай әрекеттерде жасауды талап етпейді дегенді білдірмейді.

    Осылайша, үшінші тұлғаның пайдасына шартты салым енгізген кезде ол оған банк салымы шартында көзделген талаптарды сақтаған кезде ғана билік ете алады. Салым бойынша талап банк салымы шартында жазбаша түрде жазылуға, заң актілеріне қайшы келмеуге және онда салымды беруді қиындататын банкке белгіленген талаптарды орындағандығын растайтын кркаттарды табыс етуге міндетті.

    Салым енгізген тұлға шарт бойынша белгілі бір құқықтарға ие болады. Ол өзі белгілеген талапты, егер үшінші тұлғамен бірінші талапты орындағанын растайтын құжаттар берілмесе, өзгертуі мүмкін. Ол қойған талап үшінші тұлғамен орындалмаса, не осы тұлға қайтыс болса, салым енгізген тұлға салымға билік ете алады. Мұндай билік ету құқығы банк салымы шартымен көзделген талап туындағанға дейін орын алады.

    Уақытша жинақтаушы шот. Аталған қатынас шарты салым шартын білдіреді. Бұл шарттың мәнісі төмендегідей. Жаңадан құрылатын заңды тұлға үшін жарғылық қорға ақша төлегендігін растайтын құжат беру қажет болған жағдайларда банк уақытша жинақтаушы шот ашады. Уақытша жинақтаушы шот бойынша жаңадан құрылып жатқан заңды тұлғаның жарғылық қорын қалыптастырумен байланысты операциялар және банк салымы шарты бойынша банкпен көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу жүзеге асырылады. Бұл туралы банк салымы шартында алдын ала ескертілуге тиіс. Уақытша жинақтаушы шотты ашу үшін клиент Қазақстан Республикасының банктерінде банктік шоттарды ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаудың 39-тармағында көзделген құжаттарды беруге тиіс.

    Көріп отырғанмыздай, уақытша жинақтаушы шотты ашу бойынша банк салымы шарты осы салымға билік етуде елеулі шектеулер көздейді. Бұл шартпен екі талап көзделуі мүмкін. Біріншісіне сэйкес мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін банк салым қатынастарын тоқтатады және заңды тұлғаға ағымдағы шот ашады. Егер заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден өтпесе банк, тіркелмеген заңды тұлғаның құрылтайшыларымен уәкілденген жеке тұлғаның мәлімдемесі бойынша, уақытша жинақтаушы шотты жабады және ақшаны заңды тұлғаның құрылтайшыларына (жеке және/немесе заңды тұлғаларға) қайтарады. Қайтару осы тұлғалармен олардың өкіліне берілген тапсырыстарға сәйкес жүргізіледі. Тапсырыстар құрылтайшьшардың атынан шотты жабуды жүзеге асыратын өкілмен (жеке тұлғамен), уақытша жинақтаушы шотты жабу жөніндегі арызбен бірге беріледі.7                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                     
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    ІІ. БАНК ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ БАНКТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

    2.1 Банк жүйесіндегі банктік құқықтық қатынастар 

    Бүгінде Қазақстан Республикасындағы көптеген экономикалық қаржылық және құқықтық құбылыстардың ішінен айрықша қарқынмен дамып жатқан банк жүйесінің негізі банктік құқық қоғамдық — мемлекеттік, корпоративтік - жекеше және халықаралық тиісті талаптарға айтарлықтай бейімделген құқық саласы ретінде ерекшеленуде.

    Қазақстан Республикасының қазіргі банк жүйесінің  нарықтық даму үрдісіне (тенденцияларына) сай ұдайы өзгерістерге ұшырауы, онын жұмыс істеуі негізіндегі банктік. Құқықтың теориялық және практикалық мәселелерін, сондай-ақ түрлі банктік құқықтық қатынастар жүйесінінің мәні мен маңызын танып-білуге деген мүдделілікті (қызығушылықты) арттырып отыр.

Информация о работе ҚР банк қызметін құқықтық реттеу