Автор: r**************@mail.ru, 27 Ноября 2011 в 10:21, дипломная работа
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің жалпы бөлімінің күшіне енуіне және оның ерекше бөлімінін қабылдауға дайындығына байланысты, жаңа Азаматтық кодекс банк қызметіне байланысты шарттардың жеке түрлерін реттеуге бағытталған. Тиісті тараулар заем және кредит, банк салымы және шот есеп шарттарын реттеуге арналған.
КІРІСПЕ................................................................................................................3-6
І. БАНКІЛІК ҚЫЗМЕТ АНЫҚТАМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ
1.1 Банкілік қызметтің теориялық негіздері............................................7-10
1.2 Азаматтық құқықтағы банктік қызмет көрсету шарттары.............11-14
1.3 Банктік шот шарты.............................................................................14-20
1.4 Ақша аудару туралы шарт.................................................................20-30
ІІ. БАНК ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ БАНКТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1 Банк жүйесіндегі банктік құқықтық қатынастар.............................31-34
2.2 Банктік қызмет: экономикалық және азаматтық – құқықтық нормалары.........................................................................................................35-37
2.3 Банктік құқықтың пәні, әдістері, жүйесі, қайнар көздері...............38-43
2.4 Банктік заннама: мәні-маңызы және банктік қызметті ұйымдастыру және реттеу: қазіргі заманғы үрдістері,тәсілдері, құқықтық негіздері.......44-54
2.5 Банктік қызметті пруденциалдық реттеу ерекшеліктері................54-56
ІІІ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНК ҚЫЗМЕТІНІҢ АЯСЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ БАНКТІК МІНДЕТТЕМЕЛЕР
3.1 Қазақстанның Ұлттық банкі қызметінің аясындағы банктік құқықтық қатынастар........................................................................................................57-62
ҚОРЫТЫНДЫ-------------------------------------------------------------------------63-68
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.............................................................69-70
9)
олардың объектілеріне ақшалар,
10) олардың ішінен банктік шоташу, есеп айырысу, депозит тарту, инвестициялау, банктік кредиттеу операцияларына және бағалы қағаздарды эмиссиялауға байланысты қатынастар ерекше көрініс табады;
11) олардың жүйесі банктік және өзге де заңнамалық актілерге, лицензияларға, түрлі банктік шарт нысандарына, сондай-ақ халықаралық банктік стандарт ережелеріне сай жүргізілген банктік операцияларға сәйкес қалыптасады;
12)
олар қаржылық инструменттер
айналымынан пайда алу
13)
олар негізінен сенімгерлік
Банктік құқықтың құқықтық реттеу әдістері оның құқықтық реттеу пәнін құрайтын қоғамдық банктік қатынастарды құқықтық реттеу барысында пайдаланылатын заңи тәсілдер мен құралдар және амалдар жиынтығы ретінде көрініс табады.
Банктік-құқықтық реттеу әдістері банк жүйесіндегі және банктік қызмет ауқымындағы тиісті құқықтар мен міндеттердің туындау негізінде, қоғамдық, банктік қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерінің мәніне-маңызына, банктік құқықтық санкциялардың мән-жайына және т.б. элементтерге сай қалыптасады.
Банктік құқық ауқымында мемлекеттік өктем-әмірлі- императивтік әдіс, қос (не одан да көп) тарапты-келісімді немесе шартты-диспозитивтік әдіс, сондай-ақ банк жүйесінің, банктер мен олардың клиенттерінің және банктік қызметтің қайсыбір мәселелеріне тікелей қатысты императивтік және диспозитивтік құқықтық реттеу әдістерінің аса қажетті жекелеген тұстарын біріктіретін кешенді әдіс пайдаланылады.
Императивтік банктік-құқықтық реттеу әдісі тиісті заңнамалық актілердегі мемлекеттің әмірлі өктем талабын бұлжытпай орындау (орындатқызу) арқылы жүзеге асырылады.
Диспозитивтік банктік-құқықтық реттеу әдісі қоғамдық банктік қатынастардағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін, міндеттемелерін тиісті заннамалық актілер және тараптардың арасында жасалған банктік шарттар негізінде регламенттеу барысында қолданылады.
Кешенді
банктік-құқықтық реттеу әдісі негізінен
қоғамдық банктік қатынасқа
Демек императивтік және диспозитивтік банктік-құқықтық реттеу әдістерінің өзара байланысы мен бірыңғайлығы негізінде кешенді банктік құқықтық реттеу әдісі құрылады. Банктік құқыктың кешенді әдісі банк жүйесінің жұмыс істеуі барысында қоғам мен мемлекеттің және жекеше — корпоративтік ал субъектілерінің мүдделерін ұштастыруға, сондай-ақ, қаржылық инструменттер қозғалысына байланысты қоғамдық банктік қатынастарды реттеуге ат салысады.
Банктік құқықтың жүйесі оның ішкі нысанын (құрылымын) білдіреді. Банктік құкық жүйесінің негізгі белгілеріне онын құқықтық нормаларының біртұтастығы және бірыңғайлығы, сондай-ақ оның құқықтық институттарының өзара байланысы, өзара шартталынғандығы және келісімділігі жатады.
Осындай құқықтық нормалар мен институттардың банктік құкық саласы ішінде орналасу тәртібі объективті сипат алады және өздері реттейтін қоғамдық банктік қатынастардың ерекшеліктеріне байланысты болады.
Банктік
құқықтын жүйесі мақсаттары мен міндеттерінің
және функцияларының бірынғайлығына орай
біріктірілген, сондай-ақ өзара байланыстырылған
және белгілі бір тәртіппен
Банктік құқықтың құқықтық нормалары мен институттарын іштей жүйелеу және топтастыру нәтижесінде оның аса ірі бөлімшелері Жалпы және Ерекше бөлімдері қалыптастырылады.
Құқық саласы ретіндегі банктік құқықтың Жалпы бөлімі:.
1. Банктік құрылыстың құқықтық негіздері.
2.Банктік
қызмет саласындағы
3.
Мемлекеттік банктік бақылау-
4.
Банктік құқық бұзушылық үшін
жауапкершілікті құқықтық
Банктік құқықтың Жалпы бөлімі елдің банк жүйесінің құрылуы және жұмыс істеуі, банктік қызметті жүзеге асыру ауқымын мемлекеттік басқару және реттеу, мемлекеттік банктік бақылау және қадағалау, банктік құқық бұзушылық үшін заңи жауапкершілік шараларын қолдану барысында туындайтын қоғамдық банктік қатынастарды құқыктық реттеу бірыңғайлығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Банктік құқықтың Жалпы бөлімінің құқықтық нормалары оның Ерекше бөлімінде нақтылы көрініс таба отырып, Ерекше бөлім институттарынын жұмыс істеуіне орай туындайтын банктік қатынастарды реттеуге ат салысады.
Құқық саласы ретіндегі Банктік құқықтың Ерекше бөлімін:
1.
Банктердің банктік шот ашу
— жүргізу операцияларын
2.
Банктердің депозиттік
3.
Банктердің кредиттеу
4.
Банктердің төлемдік — есеп
айырысу операцияларын
5.
Банктердің бағалы қағаздармен
жасайтын операцияларын
6.
Банктердің валюталық
Банктік құқықтың қайнар көздері елдің банк жүйесінің құрылуына және жұмыс істеуіне, оны мемлекеттік реттеуге және қадағалауға, сондай-ақ банктік қызметті жүзеге асыруға байланысты туындайтын қоғамдық банктік қатынастарды реттейтін тиісті нормалары бар заңнамалық актілер мен заңға тәуелді нормативтік банктік құқықтық актілер ретінде керініс табады. Демек банктік құқықтың қайнар көздері оның сыртқы (нактылы) нысандарының жүйесін көрсетеді.
Банктік құқықтың қайнар көздеріне Қазақстан Республикасының Конституциясы, арнайы және жалпы банктік және өзге де заңнамалық актілер, заңға тәуелді нормативтік банктік-құкықтық актілер, халықаралық банктік құқық нормалары және халықаралық банктік келісімдер, Конституциялық Кеңестің және Жоғарғы Сот Пленумының шешімдері, қаулылары жатады.
Уәкілетті мемлекеттік органдар шығарған, құрамында банктік құқықтың нормалары бар норматмвтік құқықтық актілер банктік құқықтың кайнар көздері болып табылады.
Банктік құқық ғылымы банктік құқықтың құкық саласы ретінде дамуы, оның экономикалык-қаржылық мән-жайы, атқаратын рөлі, реттеуші әлеуетінің маңызы жөніндегі білім, теориялық ереже, ұғым-тұжырым, ой-пікірлер, идеялар жүйесін білдіреді.
Банктік құқық ғылымы құқық саласы ретіндегі банктік құқықтың ағымдағы мәселелері мен іргелі проблемаларын ғылыми зерделеу-зерттеуге ат салысады.
Банктік құкық ғылымының құрамына:
—
банктік құқық ғылымының
- банктік құқық ғылымының пәні;
—
банктік құқық ғылымының
—
банктік құқық ғылымының
-
банктік құқық ғылымының
Банктік
құқык ғылымының принциптері
құқық саласы банктік құкықты
ғылыми зерттеу және экономикалық мазмұнды
банктік операциялар мен
Банктік құқық ауқымындағы ғылыми зерттеулер мен зерделеулер осы банктік құқық ғылымының принциптеріне сәйкес жүргізіледі.
Банктік құқық ғылымының принциптері ретінде объективтілік; дәйектілілік; шынайылылық; жүйелілік; тарихилық; теория мен практиканың бірыңғайлығы принциптерін атап көрсетуге болады.
Банктік құқық ғылымы езіне тән талдамалы (аналитикалық), сынау (критикалау), конструктивтік, норма жасаушы, банктік заңнама нормаларына түсінік және түсіндірме беру, оқу-дәріс беру функцияларын жүзеге асырады.
Банктік құқық ғылымының пәніне құқық саласы банктік құқык және банктік заңнама жөніндегі ілім жүйесі жатады. Бұл ретте банктік құқықтың құқық саласы ретінде дамуының, банктік-құқықтық реттеу дамуының үрдістеріне жане банктік заңнама проблемаларына аса көңіл бөлінеді.
Банктік құқық ғылымының пәні құқық саласы банктік құқықтың жүйесіне қоса:
- банктік құқықтың принциптері;
- банктік құқықтың әдістері;
-
банктік құқықтың қайнар
- банктік құқықтың нормалары;
- қоғамдық банктік қатынастарды құқықтық реттеу практикасын талдау;
-
құқық қолдану және құқық
- ұлттық банк жүйесінің тарихи дамуы;
-
банктік заңнаманың тарихи
- банктік құқық, банк жүйесі және банктік заңнама дамуының үрдістері;
-
рыноктык үлгідегі банк
Банктік құқық ғылымының әдіснамасы өз пәнін танып-білу және ғылыми нәтиже алу мақсатында осы ғылымда пайдаланылатын зерттеу принциптері мен әдістері болып табылады. Демек банктік құқық ғылымының әдіснамасына банктік құқықтың пәнін танып-білу үшін осы ғылымда пайдаланылатын әдістердің теориялық негіздемесі жатады.
Банктік құқық ғылымының әдістері банктік құқық ауқымымындағы банктік қызметті және қоғамдық банктік қатынастардың құқықтық реттеудің объективті мән-жайларын танып-білу үшін жүргізілетін зерттеуді қамтамасыз ететін амалдар мен тәсілдердің жиынтығы ретінде көрініс табады.
Банктік құқық ғылымың негізгі әдістері формальды-догматтық салыстырмалы-құқықтық, салыстырмалы-тарихи, басқа ғылымдарға шолу жасау, нақтылы-әлеуметтік әдістер болып саналады.
Банктік құқық ғылымының жүйесі құқық саласы банктік құқықтың жүйесімен белгілі бір байланыста болады. Құқық саласы банктік құқықтың жүйесі банктік құқық ғылымының жүйесінде объективті көрініс табады. Себебі банктік құқық ғылымының жүйесі құқық саласы банктік құқық жөніндегі ілім жүйесі ретінде құқықтық нормаларды белгілі бір тәртіппен нақтылы орналасқан орындары бойынша жүйелі түрде зерделеуге жағдай жасайды.
Дегенмен құқық саласы ретінде банктік құқык жүйесіне қарағанда банктік құқық ғылымы жүйесінің өрісі (аукымы) кең екенін ескерген жөн.
Банктік
құқық ғылымының библиографиясы
банктік құқыққа қатысты
Банктік құқық ғылымының библиографиясы аталмыш құқық ғылымы бойынша қол жеткізілген жетістіктерді (ғылыми нәтижелерді) бағалауға мүмкіндік беретін арнайы әдебиеттің тізбесі мен түсіндірмесінен (сипаттамасынан) тұрады, сондай-ақ ол одан әрі зерттелінуге тиіс мәселелердің тарихнамасын зерделеуге қажетті әдебиеттер базасы ретінде қызмет көрсетеді.
Қазіргі рыноктық даму кезеңінде қандай болмасын заңгердің кәсіби дайындығының міндетті элементі банктік құқықты жеткілікті көлемде білу-меңгеру болып табылады.