Автор: r**************@mail.ru, 27 Ноября 2011 в 10:21, дипломная работа
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің жалпы бөлімінің күшіне енуіне және оның ерекше бөлімінін қабылдауға дайындығына байланысты, жаңа Азаматтық кодекс банк қызметіне байланысты шарттардың жеке түрлерін реттеуге бағытталған. Тиісті тараулар заем және кредит, банк салымы және шот есеп шарттарын реттеуге арналған.
КІРІСПЕ................................................................................................................3-6
І. БАНКІЛІК ҚЫЗМЕТ АНЫҚТАМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ
1.1 Банкілік қызметтің теориялық негіздері............................................7-10
1.2 Азаматтық құқықтағы банктік қызмет көрсету шарттары.............11-14
1.3 Банктік шот шарты.............................................................................14-20
1.4 Ақша аудару туралы шарт.................................................................20-30
ІІ. БАНК ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ БАНКТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1 Банк жүйесіндегі банктік құқықтық қатынастар.............................31-34
2.2 Банктік қызмет: экономикалық және азаматтық – құқықтық нормалары.........................................................................................................35-37
2.3 Банктік құқықтың пәні, әдістері, жүйесі, қайнар көздері...............38-43
2.4 Банктік заннама: мәні-маңызы және банктік қызметті ұйымдастыру және реттеу: қазіргі заманғы үрдістері,тәсілдері, құқықтық негіздері.......44-54
2.5 Банктік қызметті пруденциалдық реттеу ерекшеліктері................54-56
ІІІ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНК ҚЫЗМЕТІНІҢ АЯСЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ БАНКТІК МІНДЕТТЕМЕЛЕР
3.1 Қазақстанның Ұлттық банкі қызметінің аясындағы банктік құқықтық қатынастар........................................................................................................57-62
ҚОРЫТЫНДЫ-------------------------------------------------------------------------63-68
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.............................................................69-70
Соңғы он жыл ауқымында экономиканың банктік секторында және коғам өмірінде орын алған түбегейлі өзгерістер мен түрлендірулер Қазақстан Ұлттык Банкінің мемлекеттік ақшалай билік органы ретіндегі жан — жақты қызметінің, коммерциялық банктердің алуан түрлі операцияларының маңызы мен пайдасын, қоғамдық-мемлекеттік, сондай-ақ корпоративтік - жекеше экономикалық-қаржылық мүдделерді қамтамасыз ету жолындағы олардың қажеттілігін банк жүйесі нормативтік құкықтық базасының үнемі жетілдірілуі айқындай түсетін сияқты.
Соңғы кездерде Қазакстан Ұлттық Банкі, Қазакстаннын Даму Банкі және коммерциялық банктер нарықтық аядағы шаруашылық байланыстар мен қоғам өмірінің барлық жақтарына көбінесе тікелей немесе жанама түрде ықпал етуде.
Нарықтық экономиканың дамуы жағдайында шаруашылық қатынас -байланыстар аясында тиісті банктік заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтык актілер, тиісті банктік шарттар негізінде жүргізілетін банктік операцияларға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар өзінің қажеттілігімен әрі экономикалық қаржылық сипатымен ерекшеленіп, түрлі банктік құқықтық қатынастар ретінде айрықша көрініс табуда.
Демек,
нарықтық қатынастардағы банктердің өзіндік
және тартылған капиталдары
Қазақстан
Республикасы банк жүйесінің тиісінше
жұмыс істеуі, қазақстандық банктердің
біртіндеп халықаралық
Қазақстандағы банк жүйесі, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін банктік құқық, банк жүйесінің жоғарғы және төменгі денгейлеріндегі банктердің құқықтық жағдайлары, олардың қазақстан экономикасының мемлекеттік және жеке меншік секторында атқаратын рөлі банктік құқықтық қатынастар жүйесінің тиімділігіне қол жеткізуге, сондай-ақ ақша - кредит, қаржы жүйесінің, ұлттық валюталық жүйенің мемлекет және корпоративтік ая мүддесіне сай жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Демек
құқық саласы ретінде банктік
құқықты жоғары оқу орнының шаңырағы
астында зерделеу және танып-білу оның
өзіне тән ерекшіліктерін, экономикалық
және құқықтық мәні - маңызын, құқықтық
ретеу пәні мен құқықтық реттеу әдістерін,
принциптері мен қайнар көздерінің нарықтық
байланыстарды жан-жақты әрі толығымен
қамтитын банктік құқықтық қатынастарды
жеткілікті көлемде игеруге септігін
тигізеді, сондай-ақ банктік және өзге
де заңнамалық актілердің нормаларын
талдау және олардың ережелерін банктік
практикада сауатты қолдана білуге баулиды.
Тиісті
жоғары оқу орындары мен факультетгерде
банктік құқықтық дербес оқу пәні
ретінде дәрістелуі Қазақстандағы
жоғары заңи білім жүйесін халықаралық
және нарықтық тұрғыдан жаңаша қалыптастыруға
өз үлесін қосып отыр.
Осы
орайда банктік құқық саласы бойынша
жанаша дайындалған заңгер мамандардың
алған білімдері деңгейіне
Осындай
кәсіби мамандар, яғни бүгінгі болашақ
зангерлердің жаңа буыны тек банктік
құқықтың құқық саласы ретіндегі
жай және арнаулы салалық даму
мән-жайлары мен заңдылықтарын
ғана емес, сонымен қатар банктік заңнама
мен өзге де нормативтік құқыктың актілердін
нормаларын қоғамдық банктік қатынастарда
қолдану тәртібін де мүмкіндігінше түбегейлі
менгеріп, біліп шығуға тиіс.
Сіздердің
назарларыңызға ұсынылып отырған осы
шағын көлемді оқу құралы білім
стандартының және халықаралық банктік
стандарттар ережелеріне, сондай-ақ
замана әрі банктік практика талаптарын
ескере отырып жаңа оқу бағдарламасына
сай жазылған.
Оның
он бір тараудан тұратын жалпы
және ерекше бөлімдерінін мазмұнында
Қазақстан Республикасынын
ғылыми танып-білудің қазіргі заманғы жанаша жолдары көрініс тапқан.
Нарықтық даму жағдайындағы қоғам өмірінің әр алуан әлеуметтік-экономикалық мүдделерінің түйісетін жері банктер жұмыс істейтін банк жүйесінің аукымы болғандықтан, сондай-ақ осы жүйе арқылы мемлекеттің қаржы, ақша-кредит, оның ішінде валюталық саясатын іске асыру мақсатында түрлі банктік операциялар жүргізілетіндіктен банктер мен олардың қызмет аялары банктік құқық құзырымен камтылатыны бүгінде көпшілікке мәлім.
Осы орайда банктік құқықтың мән-жайын және қажеттілігін негіздеу үшін «банк» сөзінің, банктік қызметтің мағынасын қысқаша анықтау әрі ашып көрсету жен болар деп санаймыз. Банктердің алғашкы қалыптасып, даму кезендері, олардын банктік істері мен қызметі коммерциялық бағдарлы сипатымен сан ғасырлар белесінде тарих бетінде із қалдырғаны белгілі.
Ең
алғашкы банктер ретінде
Дегенмен аталған банктік операциялар толық мәнінде банктік қызмет болып табылмаған. Себебі толыққанды банктік істі дамыту негізін банктердің сақтау функциясына қоса жүргізілген кредиттік операциялар қалаған. Ал көне банктік іс саласындағы кәсіби қызметті жүзеге асырушылар ретінде айырбасшылар мен есімкорлар ғана көрініс тапқан. «Банк» сөзі италян тілінде «вансо» — ақшалы стол, айырбас жүргізілетін орын (дық) деген мағынада түсіндірілген. Сонымен коммерциялық ұйымдар ретінде туындап, дамыған банктер әр дайым кезеңінде банко, трапезид, аргираймос, довейстаи, аргентария менсарии, трансферит, кумулярии деп аталған. Ең бірінші банк «Банка ди Сан Джорджо» Италияның Генуя қаласында 1407 жылы мамандандырылған кредиттік-есеп айырысу институты ретінде құрылған болатын.
Дүние
жүзіндегі елдердің банктері кезінде
Ганзейлік банктер, кенеппен сауда
жасайтын Британ банкі, теніз саудасында
арналған Пруссия банкі, Париж есепке
алу кассасы, Ломбардтар, жиробанктер,
Ресей мәнет канцеляриясы деген және
т.б. аттарымен белгілі болған. Бүгінде
Ресей Федерациясының Орталық Банкі, Франиияның
мемлекеттік банкі, Австрияның Ұлттык
Банкі, Бельгияның ұлттық банкі, Италияның
ұлттық банкі, АҚШ орталық банкі — Федералдық
резервтік жүйе, Ағылшын Банкі және т.б.
елдердің ұлттық немесе орталық банктер
жұмыс істейді.
Қазіргі уакытта банктер меншік нысандарына қарай мемлекеттік банк; жеке меншік банк; акционерлік банк; кооперативтік банк; муниципалдық банк; аралас банк; халықаралық банк болып бөлінеді. Осы банктер өз өкілеттігі мен қызмет аяларына орай депозиттік банк, инновациялық банк; клирингтік банк, коммерциялық банк, жер банкі, ипотекалық банк, жинақтау банкі, консорциалдық банк, даму банкі, әмбебап банк, трансұлттық банктер, тұтыну кредиті банкі, мемлекетаралық банк және т.б. банктер түрінде сипат алады.
Банктер
алғашкы кездерде негізінен ақшалай
операцияларды, сондай-ақ сақтау, есепке
алу, есеп айырысу және айырбасу операцияларын
жүзеге асырған. Кейіннен олар әрбір тарихи
кезеңдерде заем операцияларын, салым
операцияларын, ақшалай есеп айырысу және
төлем операцияларын, ақша белгілерін
эмиссиялауды жүргізген.
Бүгінде
банктер эмиссиялық, депозиттік, кредиттік,
төлемдік, кассалық, лизингтік, трасталық,
факторингтік, валюталық және т.б.
операцияларды тиісті заңнама мен
лицензиялар негізінде жүзеге асыратын
заңды тұлғалар коммерциялық ұйымдар
болып табылады.