Автор: r**************@mail.ru, 27 Ноября 2011 в 10:21, дипломная работа
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің жалпы бөлімінің күшіне енуіне және оның ерекше бөлімінін қабылдауға дайындығына байланысты, жаңа Азаматтық кодекс банк қызметіне байланысты шарттардың жеке түрлерін реттеуге бағытталған. Тиісті тараулар заем және кредит, банк салымы және шот есеп шарттарын реттеуге арналған.
КІРІСПЕ................................................................................................................3-6
І. БАНКІЛІК ҚЫЗМЕТ АНЫҚТАМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ
1.1 Банкілік қызметтің теориялық негіздері............................................7-10
1.2 Азаматтық құқықтағы банктік қызмет көрсету шарттары.............11-14
1.3 Банктік шот шарты.............................................................................14-20
1.4 Ақша аудару туралы шарт.................................................................20-30
ІІ. БАНК ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ БАНКТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1 Банк жүйесіндегі банктік құқықтық қатынастар.............................31-34
2.2 Банктік қызмет: экономикалық және азаматтық – құқықтық нормалары.........................................................................................................35-37
2.3 Банктік құқықтың пәні, әдістері, жүйесі, қайнар көздері...............38-43
2.4 Банктік заннама: мәні-маңызы және банктік қызметті ұйымдастыру және реттеу: қазіргі заманғы үрдістері,тәсілдері, құқықтық негіздері.......44-54
2.5 Банктік қызметті пруденциалдық реттеу ерекшеліктері................54-56
ІІІ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНК ҚЫЗМЕТІНІҢ АЯСЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ БАНКТІК МІНДЕТТЕМЕЛЕР
3.1 Қазақстанның Ұлттық банкі қызметінің аясындағы банктік құқықтық қатынастар........................................................................................................57-62
ҚОРЫТЫНДЫ-------------------------------------------------------------------------63-68
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.............................................................69-70
Сонымен банкілік қызметке теориялық тұрғыдан берілген анықтамаларға тоқтала келіп, келесідей тұжырымдар жасауға болады. Субъектілік немесе объектілік критерийлерді қарастыра келе, банкілік қызметті осы қызмет түрлерімен айналысатын субъектілердің әрекеттері, қоғамдық қатынастардың банкілік қызметке байланысты шегі, яғни банкілік қызметтің қоғамдық қатынастарда алатын орны, сондай-ақ қаржылық құралдар ретінде ақша, бағалы қағаздар немесе валюталық құндылықтар арқылы түсіндіруге болады.
Енді кезекте банкілік қызметті құқықтық тұрғыдан түсіндіріп өтейік. Банкілік қызмет теориялық тұрғыдан субъектілер әрекеті, қоғамдық қатынастар және тағы басқа да факторлар арқылы түсіндірілсе, құқықтық тұрғыдан заңдар мен құқықтық актілер арқылы түсіндіріледі. Нақтырақ айтсақ. осы заңдық актілерде банкілік қызмет анықтамасы, банкілік қызметті жүзеге асыруды құқықтық реттеу, банкілік қызмет түрлері (операциялар) және тағы басқа да мәселелер қарастырылған.
"Банктер және банкілік қызмет туралы" 31.08.1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығында банкілік қызметке келесідей анықтама берілген (30-бап): Банкілік қызмет — банктердің банкілік операиияларды, сондай-ақ осы заңда көрсетілген басқа да операцияларды жүзеге асыруы. Бұл операциялар тізімі заңның осы бабында көрсетілген.6
Ресей ғалымдары банкілік қызметке түрлі анықтамалар береді. О. М. Олейник банкілік қызметті екі мағынада қарастырып өткен. Тар мағынада, операциялар жинақталып жүзеге асырылғанда ғана банкілік қызметті құрайды. Яғни. кез келген ұйымның негізінде үш қағидадан құралған операцияларды жүзеге асырған кезде ғана мемлекет тарапынан банкті тіркеу туралы талап қою құқығы пайда болады. Шектеу ретінде үш қағиданың біреуінсіз, мысалы есеп жүргізу қызметі ұйымдарға банк құрмай-ақ ақшалай операцияларды жүргізу мен несие беруге мүмкіндік береді. Банк қызметтерді несие ұйымдары, ссуда жинақтаушы кассалар және тағы басқа ұйымдар жүзеге асырады. Бұл жердегі операциялар үшін берілетін үш қағида, олар: қайтарымдылығы, төлемділігі және тездігі.
Ал кең мағынада банкілік қызмет туралы мәселе тек заңмен көрсетілген банкілік операциялар осы банктің өзімен, сондай-ақ несие ұйымдарымен жүзеге асырылғанда ғана қозғалады. Кең мағынада банкілік қызметке осы операциялармен қатар шетел валютасын сатып алу-сату, есеп айырысуды жүргізу, ақша қаражаттарын инкассалау, ақша қаражаттарын сенімді басқару, лизинг операциялары және басқа да операцияларды енгізуге болады. Басқа сөзбен айтқанда, банкілік қызмет кең мағынада айналым, жинақтау және тауар құралдары ретінде ақша және басқа да қаржылық құралдар бойынша арнайы субъект болып табылатын коммерциялық банктер мен несие ұйымдарының банкілік операцияларды жүзеге асыруы. Бұл қызмет сандық және сапалық сипатқа ие, уақыт пен кеңістікте таралады немесе пайда не шығын алып келуі мүмкін.
Бұл анықтамалардан келесідей тұжырымды жасауға болады. Банкілік қызметті тек банктік операциялар жиынтығы деп қана түсініп қою, сонымен қатар қызмет пен операцияның анықтамасын да беріп өтейік. Қызмет ретінде адамдар мүддесіне қарай қоршаған ортаның толық өзгеруі мен қайта құрылуын түсіну керек, операциялар ретінде біртұтас стратегиялық жоспарлар мен оған бағынышты мақсаттар; жүзеге асыруға бағытталған әрекеттерді немесе жеке бір мақсатты орындауды, жеке істерді өнім, мекемелер мен кәсіпорындардағы жеке актілер түсінуге болады.
Сонымен банкілік қызметті жалпы мақсатты біріктірілген ақша және басқа да қаржылық құралдар бойынша операциялар түрін тұрақтандыру немесе жүйелі түрде жүзеге асырылуының жиынтығы ретінде түсінуге
болады. Банктік операциялар жиынтығы банкілік қызметте келесі белгілер болғанда ғана көрініс табады:
-жүзеге асырылу жүйелілігі, яғни жай асырылатын әрекеттерді біріктіретін белгілер болуы;
-
тұрақтылық, операцияларды жүзеге асыру
қызметі, яғни нақты операциялар ұзақ
уақытша немесе нақты белгіленбеген уақытта
жүзеге асырылады;
-
барлық операцияларды тұтас
Тағы бір қарастыра кететін мәселе, банктік қызметтің өзіне тән ерекшеліктері болып табылады. Банкілік қызмет кәсіпкерлік қызметтің бір түрі болып танылғандықтан, оның өзіне тән ерекшеліктері де болады. Кәсіпкерлік қызметтің пайда табу, өз мүлкі шегінде жауап беру, тәуекекелдікке бару секілді ерекшеліктерге ие болғандығын банкілік қызметтің келесідей ерекшеліктерінің 5 түрін көрсетуге болады. Олар:
-
өздерінің ғана емес, сонымен қатар
құрал-қаражаттармен тәуекел ету арқылы
айналымнан пайда түсіру;
- мемлекеттің болуы мен оның қамтамасыз ету шарты болып табылатын қаржылық құралдар айналымынан пайда табу;
- алғашқы екі ерекшеліктің болуымен бірінші кезекте жалпы мүддені, одан кейін мүдделер балансын қамтамасыз ету мақсаты кәсіпкерлік қызметтің осы түріне байданысты мемлекеттік реттеудің болуы.
Банкілік қызметте өзіне тән құқықтық режимдері болады. Бұл жерде құқықтық режим ретінде банкілік операциялар мен мәмілелерді жүзеге асыруды және бекітілген ережелерді сақтамаудың салдары туралы айтып өтуге болады.
Банкілік қызметтегі ерекше шектеулер өндірістік, сауда және сақтандыру қызметтеріне тыйым салу болып табылады. Бұл дегеніміз -ұйымы ретіндегі кез келген заңды тұлғаның қабілеттігінің шектелуі болып табылады.
Банкілік қызмет теориялық тұрғыдан алғанда фактілердің әрекеті мен әлеуметтік-экономикалық өмір ортасы болады. Ал құқықтық жағынан алсақ, банкілік қызмет банктердің операцияларды, сондай-ақ банктер туралы көрсетілген басқа да операцияларды іске асыруы болып табылады.
Мұндай анықтамалар "Банктер және банкілік қызмет Заңның 30-бабында көрсетілген. Олар:
■ депозиттер қабылдау мен несие беру операциялары;
■ кассалық операциялар;
■ ақша аудару операциялары;
• сейфтік операциялар;
•.ломбарттық операциялар;
• төлем карточкалары мен чек кітапшаларын жүргізу операциялары.
Сондай-ақ банктер бағалы қағаздар рыногында дилерлік, клирингтік қызметтермен де алады. Ескере кететін жағдай, банктер қызмет түрлерімен айналысу үшін Ұлттық банктің арнайы лицензиясын алуы керек.
Келесі кезекте банкілік іске анықтама беріп өтейік. Экономикалық сөздікте көрсетілгендей, банкілік іс— 6ұл банкілік жүйені, банкілік саладағы мемлекет саясатын, банкілік реттеу жүйесін, нақты банкілік қызметті, теория мен жинақталған тәжірибені біріктіретін жиынтық.
Бұл жерде банкілік іс анықтамасынан байқайтынымыз, банкілік іс: банкілік жүйе — бірінші және екінші деңгейдегі банктерден; банкілік саладағы мемлекет саясаты — ақша айналымы, банктер арасындағы ақша аударуды жүзеге асыру, банктер мен клиенттер арасындағы қатынастарды, Қазақстанның экономикалық дамуы мен әлемдік экономиканың интеграциясы мақсатында ұйымдастыру, жүргізу; банкілік жүйені реттеу — банктерді ашу, олардың қызметін тоқтата тұру және жабу, лицензия беру, банк қызметін реттеуді жүргізу; банкілік қызмет — банктердің банкілік операциялар жүргізіп, қызмет көрсетуі секілді бірнеше ұғымдар жиынтығынан тұрады.
Банкілік
қызмет дегенде түсінетініміз, банкілік
операциялар мен қызмет көрсетулер
ғана, ал банкілік іс дегенде— банкілік
саладағы мемлекет саясаты, банкілік жүйе,
банкілік қызмет және банкілік жүйені
реттеу туралы мәселе қозғалады. Бүл жерден
шығаратын тұжырымдамамыз келесідей:
банкілік қызмет салыстырмалы түрде тар
мағынада айтылса, ал банкілік іс кең мағыналы
ұғым. Сонымен банкілік қызмет тек банкілік
операцияларды ғана қарастырса, банкілік
іс жалпы банкілік жүйені, соның ішінде
банкілік саясатты, банкілік қызметті
құқықтық реттеуді және жинақталған тәжірибені
қарастырады.
1.2
Азаматтық құқықтағы банктік қызмет көрсету
шарттары
ҚР АК-ң 38-тарауында банктік қызмет көрсету туралы жалпы ережелер жинақталған. Бұл шарттың мәнісі: Бір тарап (банк) екінші тараптың (клиенттің) тапсырмасы бойынша банктік қызмет көрсетуге, ал клиент, егер шартта өзгеше көзделмесе, осы көрсетілген қызметке ақы төлеуге міндеттенеді. Осьшайша, банктік қызмет көрсету шарты, жалпы ереже бойынша, консенсуалды және ақылы шарт болып табылады.
Біздің заңнама банктік қызмет көрсетуге қатысты жалпы нормаларды бекіте отырып алға қарай кезекті қадам жасады және осы бағытта ол кейбір көршілес мемлекеттердің азаматтық заңнамаларының алдында келеді. Мысалы, мұндай нормалар Қырғыз Республикасының Ресей Федерациясының Азаматтық кодекстерінде жоқ. Болашақта аралас шарттардың жекелеген топтарын қалыптастыру кезінде әрқашан да олардың өздеріне тән белгілерін ажырата отырып, жалпы түрде азаматтық заңнамада бекіткен орынды болады. Бұл жалпы құқықтық реттеу сапасына да оңды әсер етеді.
Банктік қызмет көрсету шартын ажыратудың маңыздылығы - оны жүзеге асыру барысында банк пен шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы есеп айырысу несие қатынастарының кем дегенде бір қатысушысының өзара қарым-қатынастарының мәселелері шешілетіндігінде. Осылайша, бұл шарттар есеп айырысу және несие қатынастарының алғы шарттары болып табылады және бірқатар жағдайларда оларды жүзеге асьтрудың тікелей тәртібін де анықтайды.
ҚР
Азаматтық кодексі банктік
1) Банктік шот шарты;
2) ақша аудару шарты;
3)
банк салымы шарты, ол
4) заңнамамен немесе тараптар келісімімен көзделген өзге де шарт түрлері.
Өз қаражаттарына меншік құқығын жүзеге асыру мүмкіндігін клиенттің кедергісіз жүзеге асыру кепілдігін құрған жағдайда банк шоттағы ақшаны пайдалана алады және төлем айналымына жәрдемдесетін шарттарды жүзеге асыру барысында несиелік сипаттағы қатынастар пайда болады.
Есеп айырысу қызметтерін көрсету бойынша шарттарға төлем тапсырыстарымен есеп айырысу шартын, тек шартын, аккредитивтермен есеп айырысу шартын, төлем тапсырыстарымен, талаптар мен инкассалық бөліктермен есеп айырысу жүзеге асатын қарыздыңталаптарды инкассациялау шартын жатқызу қажет. Бұл топқа банк аралық есеп айырысумен байланысты шарттар да жатады: корреспонденттік қатынастар орнату туралы шарт, клирингтік төлемдерде есеп айырысу шарты.
Банктік шоттармен байланысты шарттардан басқа, төлем айналымына жәрдемдесу бойынша банктік шарттарға металдық шоттарды жүргізу кезінде бекітілетін металлдық шот шартын жатқызу қажет. Оның мәнісі -сақталатын құндылықтардың құнын клиенттік есепке алудан көрінеді. Сондай-ақ, бағалы қағаздар нарығында клирингтік операциядан көрінеді.