ҚР банк қызметін құқықтық реттеу

Автор: r**************@mail.ru, 27 Ноября 2011 в 10:21, дипломная работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің жалпы бөлімінің күшіне енуіне және оның ерекше бөлімінін қабылдауға дайындығына байланысты, жаңа Азаматтық кодекс банк қызметіне байланысты шарттардың жеке түрлерін реттеуге бағытталған. Тиісті тараулар заем және кредит, банк салымы және шот есеп шарттарын реттеуге арналған.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................3-6
І. БАНКІЛІК ҚЫЗМЕТ АНЫҚТАМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ
1.1 Банкілік қызметтің теориялық негіздері............................................7-10
1.2 Азаматтық құқықтағы банктік қызмет көрсету шарттары.............11-14
1.3 Банктік шот шарты.............................................................................14-20
1.4 Ақша аудару туралы шарт.................................................................20-30
ІІ. БАНК ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ БАНКТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1 Банк жүйесіндегі банктік құқықтық қатынастар.............................31-34
2.2 Банктік қызмет: экономикалық және азаматтық – құқықтық нормалары.........................................................................................................35-37
2.3 Банктік құқықтың пәні, әдістері, жүйесі, қайнар көздері...............38-43
2.4 Банктік заннама: мәні-маңызы және банктік қызметті ұйымдастыру және реттеу: қазіргі заманғы үрдістері,тәсілдері, құқықтық негіздері.......44-54
2.5 Банктік қызметті пруденциалдық реттеу ерекшеліктері................54-56
ІІІ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНК ҚЫЗМЕТІНІҢ АЯСЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ БАНКТІК МІНДЕТТЕМЕЛЕР
3.1 Қазақстанның Ұлттық банкі қызметінің аясындағы банктік құқықтық қатынастар........................................................................................................57-62
ҚОРЫТЫНДЫ-------------------------------------------------------------------------63-68
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.............................................................69-70

Работа содержит 1 файл

банк кызмет - азаматтык-диплом.doc

— 514.00 Кб (Скачать)

    МАЗМҰНЫ 
 
 

КІРІСПЕ................................................................................................................3-6 
 
 

І. БАНКІЛІК ҚЫЗМЕТ АНЫҚТАМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ 

    1.1 Банкілік қызметтің теориялық  негіздері............................................7-10

    1.2 Азаматтық құқықтағы банктік  қызмет көрсету шарттары.............11-14

    1.3 Банктік шот шарты.............................................................................14-20

    1.4 Ақша аудару туралы шарт.................................................................20-30 

ІІ. БАНК ҚЫЗМЕТІ  ТУРАЛЫ БАНКТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ  ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ 

    2.1 Банк жүйесіндегі банктік құқықтық  қатынастар.............................31-34       

    2.2 Банктік қызмет: экономикалық және азаматтық – құқықтық нормалары.........................................................................................................35-37

    2.3 Банктік құқықтың пәні, әдістері, жүйесі, қайнар көздері...............38-43

    2.4  Банктік заннама: мәні-маңызы және банктік қызметті ұйымдастыру және реттеу: қазіргі заманғы үрдістері,тәсілдері, құқықтық негіздері.......44-54

    2.5 Банктік қызметті пруденциалдық  реттеу ерекшеліктері................54-56 

ІІІ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ  БАНК  ҚЫЗМЕТІНІҢ АЯСЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ  – ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ БАНКТІК МІНДЕТТЕМЕЛЕР 

    3.1 Қазақстанның Ұлттық банкі қызметінің  аясындағы банктік құқықтық қатынастар........................................................................................................57-62 
 

ҚОРЫТЫНДЫ-------------------------------------------------------------------------63-68 
 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.............................................................69-70 
 
 
 
 
 
 

    КІРІСПЕ 

     Диплом  жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2030» атты халыққа жолдауында үшінші ұзақ мерзімді басымдық ретінде шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсуді көрсетеді. Бұл басымдықты жүзеге асыру үшін инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып, стратегиялық күшті ілгерілуге бағытталу көрсетіледі. Бұл орайда, таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальды және монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз деп көрсетілген.1

     Қазақстандағы банктік қызмет аясын реттеуге бағытталған  заңдардың жүзеге асу процессі өтпелі нарықтық кезеңдегі күрделі экономикалық реформалар мен ұзаққа созылатын  мемлекеттік бағдарламалар ауқымында  жүзеге асырылуда. Сонымен қатар банктік қызмет аясын реттеуге ба-ғытталған заңдардың тек осы саланы ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің қаржы, валюта, ақша-несие, жалпы экономиканың кез-келген саласына қатысты болатындығын естен шығармаған дұрыс.

     Бүгінгі таңда нарықтық қатынастардың дамуына орай аса көңіл бөлетін мәселелердің қатарына банктік қызмет саласын реттейтін заңдарды дамыту жатады. Ал банктік қызмет аясының жоғарғы деңгейде дамып, халықаралық деңгейге сәйкес болуы осы саланы реттеуге арналған заңдардың тиімді түрде жүзеге асуымен тығыз байланысты. Елімізде банктік қызмет аясын реттеуге арналған заң актілерінің қатарына ең алдымен республикамызда құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылатын Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Қазақстан Республикасының Парла-менті туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және т.б. заң актілерін жатқызсақ болады. Сонымен қатар Конституцияның нормаларынан республикамызда құқықтың қайнар кезі ретінде халықаралық құқық нормаларының да қолданылатынын көреміз. Қазақстан Республикасының Конституциясының2 нормаларына сәйкес Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Република Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады.

     Банктік қызмет аясын реттеуге арналған арнайы заң актілерінің қатарына кешендік құрылысы бойынша мынандай актілерді жатқызамыз: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Қазақстанның Даму Банкі туралы», «Қазақстан Республикасының үй құрылысы жинақ банкі туралы», «Ақша төлемі мен аударымы туралы», «Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі туралы», «Қаржы лизингі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы», «Инвестициялар туралы», «Валюталық реттеу туралы» және т.б. Қазақстан Республикасының Заңдарын жатқызамыз.

    Батыстағы банк жүйелері мен олардың құқықтық негіздері ғасырлар бойы қалыптасса, Қазақстанда және Ресейде бұл  үрдіс тым жылдам жүріп жатыр. Алайда банк ісінің дәстүрлері жоғалған, өзіндік тәжірибе ұмытылған, ал еліміз үшін бүгінгі таңда қандай банктік жүйе және қандай банк заңнамасы қажет екендігін ортақ (бірдей) түсіну жоқ болған жағдайдағы қарқынды өсіп жатқан инновациялар ағымын басқару аса қиын. Нәтижесінде банк жүйесінің құрылымы да, банк қызметін реттейтін заңнама да қалыптасып үлгермей-ақ, ескіріп кетеді және өз кезегінде экономикалық реформа барысын тежей түседі.3

    1987 жылға дейін банк жүйесі үш монополист — банкті қамтыды;                                                                                                                      КСРО-ның Мемлекеттік банкі, КСРО-ның Құрылыс банкісі және КСРО-ның Сыртқы сауда банкісі. Мұнымен қатар мемлекеттік-еңбектік жинақтаушы кассаларының жүйесі де әрекет еткен. Банк жүйесіндегі үстемдік жағдайына КСРО-ның Мемлекеттік банкісі ие болды. Ол эмиссиялық институт бола отырып, сонымен бір мезгілде қысқа мерзімді несиелеу, шаруашылыққа кассалық және есеп-айырысу қызметтерді көрсету орталығы болды. Эмиссиялық функциялар мен клиенттерге есептік-несиелік қызмет көрсету функцияларын біріктіру, оларды бір банкке монопольдық бекітіп беру КСРО-ның Мемлекеттік банктік мемлекеттік басқару және бақылау органына айналдырады. Экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесі жағдайында несие ресурстары формальды сипатта болғандықтан Мемлекеттік банк іс жүзінде, несие ресурстарына шектелмеген монополияға ие болды. Оның шоттарында мемлекеттік несиелік қорды қалыптастыра отырып барлық бос ақша қаражаттары жиналды. Банк мекемелері болса клиенттердің емес, жоғары тұрған ұйымдардың алдында жауапты болды.

    Нарыққа өту жағдайында экономиканы басқаруды  орталықсыздандыру экономиканы  басқару механизміндегі банк жүйесінің рөлін өзгертуді талап етті. Оны қайта ұйымдастыру 1987 жылғы КПСС ОК және КСРО Министрлер кабинетінің 1987 жылғы 17 шілдедегі № 82110 қаулысы қабылдауымен басталды. Банк жүйесінің ұйымдық құрылымын өзгерту, банктердің рөлін арттыру, олардың халық шаруашылығының дамуына ықпалын күшейту, несиені әсерлі экономикалық тетікке айналдыру көзделді.

    1988 жылғы 26 мамырда қабылданған КСРО-ның  «КСРО-дағы кооперация туралы» заңы ерекше маңызды болды. «КСРО-дағы кооперация туралы» заңды, оның елде басталған экономикалық қайта құрулары, оның ішінде, банк жүйесін реформалауды тереңдетудегі рөлі тұрғысынан бағалай отырып, мынаны атап өткеніміз жөн.4

    Кеңес билігінің бүкіл тарихы бойына жаңа экономикалық саясаттан кейін алғаш рет заң жүзінде жеке тұлғаның еңбек аясындағы еркіндік дәрежесі айтарлықтай кеңейтілді. Енді заң азаматтарға, олардың қалауы және қабілеттілігіне сәйкес кооперативтерге бірігуге және заңмен тыйым салынғандардан басқа қызметтің кез келген түрлері мен айналысу үшін кедергісіз шығуға рұқсат берді. (Закон СССР «О кооперации в СССР» 26 мая 1988 г. № 8998-6 ведомости ВС СССР. 1988 № 22, 355-бет). Мұнымен қатар заң мемлекеттік және кооперативтік органдарға кооперативтің шаруашылық қызметіне араласуға қатаң тыйым салынады, осылайша, кооперативке өндірісті жоспарлау және оны жүзеге асырудан бастап, өндірілген өнімді бөлу және сату және кооператив мүшелерінің еңбегін төлеу мәселелерін шешу арқылы көрініс тапқан толық шаруашылық дербестік берілді (Бұл да сонда 23-бап, 5-тармақ).[6, 355 б.]

    Осымен  бір мезгілде заң азаматтарға  берілген құқықтарды іс жүзінде жүзеге асырудың әсерлі механизмін де қарастырды. Атап айтқанда кооперативтік меншікті және кооперативтердің сәтті қызмет етуінің жағдайларын нығайту және дамытудың заңдық кепілдіктері көзделді. Осы жағдайлардың қатарына елде кооперативтік банктерді құру туралы мәселені заң деңгейінде шешуде жатқызылады.

    Заңның 23-бабына сәйкес, «кооперативтердің  одақтары (бірлестіктері) шаруашылық-есептік салалық немесе аумақтық кооперативтік банктер құруға құқылы болды».

    Сонымен қатар осы заңның бірқатар ережелері, әсіресе кооперативті банктерді  және жалпы кооперативтерді құруға қатысты ережелері жедел жүзеге аса бастады және КСРО-дағы мемлекеттік емес банктер жүйесінің қалыптасуына және мемлекеттің банк қызметіне қатысты монополиясын жоюға бастау болды.

    Осының  барлығы кәсіпорындар мен ұйымдардың, олардың жоғарыдан жоспарланбаған қаржылық қаражаттарға деген қажеттілікті тудыра отырып, шаруашылық дербестігін күшейтті. Нәтижесінде, елде орын алған несие механизмі мен бүкіл банк жүйесінің жетілмегендігі барынша айқын сезіле бастады.

    Осылайша, «КСРО-дағы кооперация туралы» заңының  қабылдануы елде кооперативтік және коммерциялық банктердің туындауына мүмкіндік туғызса, ақша-несие қатынастары аясында жиналған проблемаларды шешудің күттірмес қажеттілігі бұл мүмкіндікті шындыққа айналдырады.

    Уақыты  брйынша соңғы болған, КСРО-ның  мемлекеттік мамандандырылған банктерінің  қызметін түбегейлі жақсартуға ұмтылыс 1989 жылдың басында жасалды. Ол кезде наурызда «КСРО-ның мемлекеттік мамандандырылған банктерін толық шаруашылық есепке және өз-өзін қаржыландыруға еткізу туралы» үкіметтік қаулы қабылданды. (Е.В.Осипов-мл научный сотрудник НИЦентра частного права Каз ГУЮ: Понятие банка и банковской деятельности в Республике Казахстан. Юрист справочная система. Юрист 4,0).

    Сонымен қалыптасып жатқан, нарықтық қатынастарға бара-бар ақша — несиелік реттеу жүйесін қалыптастыру мақсатында Мемлекеттік банктің мәртебесі мен оның ел экономикасындағы рөлі өзгертілді.

      Диплом жұмысының мақсаты. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің жалпы бөлімінің күшіне енуіне және оның ерекше бөлімінін қабылдауға дайындығына байланысты, жаңа Азаматтық кодекс банк қызметіне байланысты шарттардың жеке түрлерін реттеуге бағытталған. Тиісті тараулар заем және кредит, банк салымы және шот есеп шарттарын реттеуге арналған. Кодекс кредиторларын құқын қорғауды күшейтудегі принциптік ерекшеліктерден тұрады: құқықты бұзған емес, құқығы бар тарап қорғалады. Екінші ерекшелігі кодекс нормасы және олардың бұзылған нормаларымен коллизиясы мүмкін арақатынасты көрсетеді. Тағы бір ерекшелігі кодекс нормалары және басқа заң не нормативті құқық актілеріне енгізілген нормаларымен олардың  коллизиясы мүмкін арақатынастар. Банк заңдылығы Азаматтық кодекстен, заң күші  бар Қазақстан Республики президентінің жарлықтары “Ұлттық банк туралы” “Қазақстан Республикасы банктер және банк қызметі туралы” және басқа актілерден тұрады. Сондықтан диплом жұмысының мақсаты – банк қызметі туралы азаматтық – құқықтық нормалар жүйесіндегі банктік міндеттемелерді зерттей отырып, осы мәселелерді қарастыру.

    Диплом  жұмысының міндеттері. Диплом жұмысына қойылған мақсаттарға байланысты мынадай  міндеттер қарастырылды:

  • банк қызметі туралы мәліметтер жинақтау;

        -   банкілік қызмет анықтамасы және оның құқықтық жағдайларын қарастыру,

    -  банк жүйесіндегі банктік құқықтық қатынастарды зерттеу;       

    -   банктік қызмет: экономикалық және азаматтық – құқықтық нормаларын қарастыру;

    -  банктік заннама: мәні-маңызы және банктік қызметті ұйымдастыру және реттеу: қазіргі заманғы үрдістері,тәсілдері, құқықтық негіздері

       -  Қазақстандағы банк  қызметінің аясындағы азаматтық – құқықтық нормалар жүйесіндегі банктік міндеттемелер т.б.

      Диплом  жұмысының құрылымы. Диплом кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған  әдебиеттерден тұрады. 
 
 
 
 
 
 

    І. БАНКІЛІК ҚЫЗМЕТ АНЫҚТАМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ

    1.1 Банкілік қызметтің теориялық негіздері 

    Нарықтық экономика жағдайында. кәсіпкерліктің дамуында ел экономикасы үшін пікірдің атқаратын қызметі өте зор. Қай шеттегі болмасын банктер өз қызметтерін толық  жүзеге асырып отырады. Ал екінші деңгейдегі банктер өз қызметтерін пайда табу мақсатында жүзеге асырады. Бұл банктер өз шеттерін операциялар мен мәмілелер жасаудың жүзеге асыратыны белгілі. Енді осы биік қызметке, банкілік қызмет түрлеріне жеке сипаттама беріп өтейік.

    Әкімшілік немесе пәндік критерий банкілік іске айрықша ерекшеліктер беріп, оның мәні мен мазмұнын анықтайды. Банкілік қызметті анықтау үшін ек алдымен банкілік құқық құқықтарымен реттелетін қоғамдық қатынастардың шектерін, түсінігін білу керек. Осылармен қатар тағы бір ескере кететін жағдай. банкілік құқық құралдарымен реттеу арқылы жүзеге асырылатын қызметтермен байланысты субъектілер тобы тек банк шегінен ғана шыға алады.

    Негізінен заңдарды алсақ, банкілік қызметті банктер мен несие ұйымдарының нақты бір немесе басқа да әрекеттерді ақша, бағалы қағаздар және валюталық құндылықтар ретінде қаржылық құралдармен жүзеге асыру арқылы түсіндіреді. Осы аталған объектілер банкілік құқықтың түсінігі мен мазмұнына өзіндік ерекшеліктер беріп, түрліше әсер етеді.

    Француз ғалымдары К. Гавальда мен Жан  Стуфле банкілік қызметті келесідей  жолдармен түсіндірген. Банкілік қызмет клиенттермен немесе басқа несие ұйымдарымен жасалған шарт нысанында көрініс табады.5 Бұл жерде француздық ғалымдар банктер клиенттермен тікелей шарт жасасу арқылы операцияларды орындай отырып, өз қызметтерін жүзеге асырады деп түсіндірген.

Информация о работе ҚР банк қызметін құқықтық реттеу