ҚР банк қызметін құқықтық реттеу

Автор: r**************@mail.ru, 27 Ноября 2011 в 10:21, дипломная работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің жалпы бөлімінің күшіне енуіне және оның ерекше бөлімінін қабылдауға дайындығына байланысты, жаңа Азаматтық кодекс банк қызметіне байланысты шарттардың жеке түрлерін реттеуге бағытталған. Тиісті тараулар заем және кредит, банк салымы және шот есеп шарттарын реттеуге арналған.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................3-6
І. БАНКІЛІК ҚЫЗМЕТ АНЫҚТАМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ
1.1 Банкілік қызметтің теориялық негіздері............................................7-10
1.2 Азаматтық құқықтағы банктік қызмет көрсету шарттары.............11-14
1.3 Банктік шот шарты.............................................................................14-20
1.4 Ақша аудару туралы шарт.................................................................20-30
ІІ. БАНК ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ БАНКТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1 Банк жүйесіндегі банктік құқықтық қатынастар.............................31-34
2.2 Банктік қызмет: экономикалық және азаматтық – құқықтық нормалары.........................................................................................................35-37
2.3 Банктік құқықтың пәні, әдістері, жүйесі, қайнар көздері...............38-43
2.4 Банктік заннама: мәні-маңызы және банктік қызметті ұйымдастыру және реттеу: қазіргі заманғы үрдістері,тәсілдері, құқықтық негіздері.......44-54
2.5 Банктік қызметті пруденциалдық реттеу ерекшеліктері................54-56
ІІІ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНК ҚЫЗМЕТІНІҢ АЯСЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ БАНКТІК МІНДЕТТЕМЕЛЕР
3.1 Қазақстанның Ұлттық банкі қызметінің аясындағы банктік құқықтық қатынастар........................................................................................................57-62
ҚОРЫТЫНДЫ-------------------------------------------------------------------------63-68
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.............................................................69-70

Работа содержит 1 файл

банк кызмет - азаматтык-диплом.doc

— 514.00 Кб (Скачать)

    Осы орайда банктік құқық дербес оқу  пәні, яғни жоғары заң оқу орындарында  құқық саласы банктік құқык және банктік заңнама жөнінде дәріс  беру (жүргізу) пәні ретінде көрініс  табады.

    Банктік құқықты оқу пәні ретінде оқыту (дәрістеу) барысында жоғары заң оқу орындарынын немесе заң факультеттерінің студенттері нарықтық дамудың мызғымас атрибуты банктік құқық (құқык саласы) туралы қажетті білім алады.      

    Банктік құқықты оқу курсы ауқымында  оқыту объектісіне: банктік құқықтың ғылымы; кешенді құқық саласы ретіндегі банктік құқық; банктік заңнама; банктік заңнаманы қолдану практикасы; оқып жаткан студенттерді іс жүзінде банктік құқык, нормаларына түсіндірме беруге және банктік заңнаманы қолдануға машықтандыру жатады.

    Оқу пәні ретінде банктік құқықтың өзіне  тән жүйелілік; объективтілік; қыйсындылык; икемділік; түсініктілік; тиімділік  сияқты принциптері болады.

    Оқу пәні ретіндегі банктік құқықтың Жалпы бөлімінін институттары: Банктік  құқық кешенді құқық саласы ретінде; Банктік және өзге де заңнамалық актілер; Банк жүйесі және банктік құқықтық қатынастар; Банк және лицензиялау — рұқсат беру жүйесіндегі банктердің (операциялық) қызметін мемлекеттік реттеу; Банктік құрылыстың құқықтық негіздері; Банктік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару-реттеу; Банктік бақылау-қадағалаудын құқықтық негіздері; Банктік құқық бұзушылық үшін жауапкершіліктің құқықтық негіздері; Халықаралық банктік құқық болып табылады.

    Ал  оқу пәні ретіндегі Банктік құқықтың Ерекше бөлімі: банктердің банктік шот ашу-жүргізу операцияларын құқықтық реттеу; банктердің депозиттік операцияларын құқықтық реттеу; банктердің кредиттеу операцияларын құқықтық реттеу; банктердің төлемдік-есеп айырысу операцияларын құқықтық реттеу; банктердің бағалы қағаздармен жасалатын операцияларын құқықтық реттеу; банктердің валюталық операцияларын құқықтық реттеу; банктердегі бухгалтерлік есепке алудын және есептіліктің құқықтық негіздері; халықаралық банктік мәмілелерді құқықтық реттеу; банктерге салық салудың құқықтық реттеу сиякты институттардан құралуы мүмкін.

    Банктік құқық ғылымы мен оқу пәнінің  ішкі жүйесі, әдетте банктік құқық  саласының ішкі жүйесіне сай құрылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    2.4  Банктік заннама: мәні-маңызы және банктік қызметті ұйымдастыру және реттеу: қазіргі заманғы үрдістері,тәсілдері, құқықтық негіздері 

    Банктік заңнама мемлекеттік банктік  менеджмент және банктердің банктік  қызметі аясында туындайтын қоғамдық банктік қатынастарды реттейтін  заңнамалық актілердің (зандардың) жиынтығы болып табылады.

    Банктік заңнама тиісті банктердің, банк жүйесінің  және банктік құқық институттарының  нормативтік құқықтық базасын құрайтын, банктік қызметті және оның аясындағы  қоғамдық банктік қатынастарды регламенттейтін, мемлекеттің қаржы, ақша-кредит, валюталық, сыртқы экономикалық саясаты ұстанымдарын іске асыру мақсатында жүргізілетін мемлекеттің монетарлық билігінің және мемлекеттің банктік менеджментінің нормативтік құқықтық негізін қалыптастыратын банктік заңнамалық актілер — арнайы және жалпы сипатты заңдардың жиынтығынан тұрады.

    Осындай арнайы банктік заңдар қатарына: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер  және банк қызметі туралы», «Қазақстан Даму Банкі туралы», «Қазақстан Республикасының  тұрғын үй құрылысы жинақ банкі туралы», «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы», «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері жатады.

    Банктік заңнамалық актілер өздеріне тән мынадай белгілерімен ерекшеленеді:

    1) банктер, банктік қызмет, банк  жүйесі, сондай-ақ оларды мемлекеттік  реттеу туралы заңдар тек заң  шығарушы билік органдары тарапынан  қабылданады;

    2) олар әрдайым ерекше іс жүргізу  нормаларын сақтай отырып қабылданды және жоғары заңи күшке ие болады;

    3)  олар тек мемлекеттің монетарлық  билігі мен банктік құқығы  ауқымындағы қоғамдық банктік  қатынастарды ғана реттейді;

    4) олар заңғы тәуелді нормативтік  банктік құқықтық актілерді қабылдауға  қажетті бастапқы сипаттағы нормалардан тұрады.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                  

    Банк  жүйесі мен банктердің жұмыс істеу  режиміне, қоғамдық банктік қатынастардың  жекелеген тұстарына қатысы бари заңнамалық актілер ретінде: Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, «Ақша төлемі мен аударымы туралы», «Лицензиялау туралы»,. «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы», «Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы» және т.б. Қазақстан Республикасының заңдары көрініс табады.                                                                                                                                                                      

    Демек Қазақстан Республикасының банктік заңнамасы тікелей (арнаулы) банктік заңнамалық актілерден және құрамында тиісті банктік құқық нормалары бар өзге де заңнамалық актілерден құралады.

    Банктік заңнамалық актілер мемлекеттің  банктік менеджменті және ел экономикасының банктік секторы (банк жүйесі) ауқымында жүзеге асырылатын банктік қызметтің құқықтық нысаны болып саналады.

    Банк  жүйесінің кредиттік-қаржылық орталық  ретіндегі мәні мен маңызы, нағыз  өркендеп даму шағы нарықтық экономика  жағдайында айқын көрініс табады.

    Банк  жүйесіндегі кредиттік-қаржылық процестерді мемлекеттік, корпоративтік және т.б. тұрғыдан басқаратын Қазақстан Республикасындағы банктер елдің қаржы жүйесінін орталық буыны болып табылады,сондай-ақ олар ақша-кредит жүйесінің, ұлттық валюталық жүйенің тиімді жұмыс істеуін және тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

    Банк  жүйесіндегі банктік қызмет Қазақстан  Ұлттык Банкі құзырынын ауқымында  және екінші деңгейдегі банктердін өкілеттіктері  шегінде жүзеге асырылады. Өйткені  банктік қызмет тиісті заңнамалық актіде белгіленген банктік операцияларды жүзеге асыру және банктердің құқықтық мәртебесі мен функциялары ауқымымен шектелген.

    Банктік қызмет уәкілетті орган берген лицензиялар-рұқсаттар  негізінде барлық банктік операцияларды  жүйелі түрде банк жүйесінде жүзеге асыруға бағытталған экономикалық іс-әрекеттер болып табылады.

    Банктер жүзеге асыратын банктік операциялардың тиісті заңнамалық актіде нақтылы әрі  мұқият белгіленуі коммерциялық ұйымдарға  уәкілетті мемлекеттік органдар тигізетін басқарушы-реттеуші ықпалдын шегін айқындауға, банктік-құқықтық тәртіптің және заңдықтың қатаң сақталуын бақылауға-қадағалауға зор мүмкіндік береді.

    Бүгінде Қазақстан Ұлттық Банкі мен Қаржы  рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Қазақстан  Республикасы Агенттігінің ұйымдастыру-реттеу ықпалдарының ауқымында:

    —  екі тараптың (жактың) мудделерін құжат  жүзінде айқындап, белгілеу арқылы жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың  ақша қаражаттарын тарту жөніндегі  банктік операциялар;

    — заңи, техникалық-экономикалық ресми  құжаттар негізінде қайтарымды, мерзімді әрі ақылы түрде жеке және заңды тұлғаларға акша қаражаттарын беру жөніндегі заемдық-кредиттік банктік операциялар;

    —  ресми құжаттар нысанында қолма-қол  ақшасыз есеп айырысу жолымен  банктік шоттар аркылы жүргізілетін төлемдер және ақшалай қаражаттарды аудару жөніндегі банктік операциялар нарықтық ұлттық және халықаралық талап-стандарттарды есепке ала отырып жаңаша мазмұнда жүзеге асырылуда.

    Банктердің  банктік кызметінің экономмкалық-құқықтық маңызы мен мән-жайлары оның аясында  туындайтын қаржылық-экономикалық және банктік құқықтық қатынастардын мәні арқылы нақты айқындалады.

    Банк  жүйесін және банктік кызметті ұйымдастырушы-реттеуші уәкілетті мемлекеттік органдар аткаратын негізгі рөл мемлекеттің  экономикалық-қаржылық міндеттері мен  функцияларын жүзеге асыру барысында айқын көрініс табады. Банктік қызметті жүзеге асырушы субъектілердің іс-қимылдарына, банк жүйесіне тікелей мемлекеттік ыкпал ететін Қазақстан Ұлттық Банкі мен Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау женіндегі Қазақстан Республикасының Агенттігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейді, яғни мемлекеттік басқару (атқарушы билік) органдарының қатарына жатпайды.

    Алайда  Қазақстан Ұлттық Банкі атқарушы билік органы болып табылмағанымен, өзінің айрықша уәкілеттілігі мен құзыреті шеңберінде мемлекет атынан, мемлекеттің тапсыруымен және мемлекет мүддесін көздей отырып өз атынан екінші деңгейдегі коммерциялық банктерге қатысты ұйымдастыру — экономикалық ықпалын тигізетін (мемлекеттік экономикалық басқаруды жүзеге асыратын), орталық кредиттік-қаржылық әрі мемлекеттік монетарлық билік органына жатады.

    Қазақстан Ұлттык Банкі мемлекеттік орган  ретінде ел экономикасының елеулі саласы банк секторын экономикалық басқаруды  жүзеге асырады және осы орайда өздері жүргізетін банктік операцияларына қатысты барлық банктердің міндетті түрде орындауына жататын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер шығарады.

    Қазақстан Республикасының банк жүйесі мен  банктік қызмет аясы ақшаның көмегімен  басқарылады, яғни оларға қатысты арнайы мемлекеттік экономикалық (ақшалай) басқару жүзеге асырылады.

    Ақша-кредит саясатын жүргізуші мемлекеттік  монетарлық билік органы Қазақстан  Ұлттық Банкі экономикалық басқару  барысында коммерциялық банктер  мен олардың көптеген клиенттерінің  әсіресе сан мындаған шаруашылық субъектілерінің экономикалық-қаржылық мүдделері мен еріктерін міндетті түрде есепке алады.

    Қазақстан Ұлттық Банкі жүргізетін мемлекеттік  банктік менеджмент аясындағы әр түрлі меншік нысанына негізделген  барлық банктердің қызметі объективті және субъективті факторларды ескере отырып жүзеге асырылатын мақсатты бағдарланған тәртіптеуші ықпалмен қамтылады.

    Коммерциялық  банктер жүргізстін операцияларға  қойылатын жалпы талаптар қоғам  мүддесіне сәйкес мемлекеттік ұйымдастырушы  ықпалдың бір көрінісі болып табылады. Себебі банктер өз банктік операциялык қызметін осындай операцияларды жүргізудің жалпы шарттылықтарын белгілейтін ережелер мен ішкі ережелер болған жағдайда ғана жүзеге асыра алады.

    Банктік операцияларды жүргізудің жалпы  шарттылықтары туралы ережелерде: қабылданатын депозиттердің және берілетін несиелердің шекті сомасы мен мерзімі; депозиттер мен кредиттер бойынша сыйақы ставкасының шектік мөлшері; депозиттер мен кредиттер бойынша сыйақы төлеу шарттылықтары; банктік операцияларды жүргізу ставкалары және тарифтері; банктердің, олардың клиенттерінің құқықтары мен міндеттері және жауапкершілігі; банктер қабылдайтын талаптар; банктік операцияларды жүргізу шарттылықтарына енгізуге қажетті талаптар мен шектеулер көрініс табуға тиіс.

    Банктік қызметті жүзеге асырудың ішкі ережелерінде банк бөлімшелерінің құрылымы, міндеттері, қызметі және өкілеттігі; банктің атынан және оның есебінен мәміле жасайтын адамдар мен банк қызметкерлерінің өкілеттігі; құрылымдық бөлімшелер басшыларының құқықтары мен міндеттері; ішкі аудит қызметінің, кредиттік комитет пен басқа да тұрақты жұмыс істейтін органдардын құрылымы, міндеттері, қызметі және өкілеттігі белгіленеді.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          

Информация о работе ҚР банк қызметін құқықтық реттеу