Автор: r**************@mail.ru, 27 Ноября 2011 в 10:21, дипломная работа
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің жалпы бөлімінің күшіне енуіне және оның ерекше бөлімінін қабылдауға дайындығына байланысты, жаңа Азаматтық кодекс банк қызметіне байланысты шарттардың жеке түрлерін реттеуге бағытталған. Тиісті тараулар заем және кредит, банк салымы және шот есеп шарттарын реттеуге арналған.
КІРІСПЕ................................................................................................................3-6
І. БАНКІЛІК ҚЫЗМЕТ АНЫҚТАМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ
1.1 Банкілік қызметтің теориялық негіздері............................................7-10
1.2 Азаматтық құқықтағы банктік қызмет көрсету шарттары.............11-14
1.3 Банктік шот шарты.............................................................................14-20
1.4 Ақша аудару туралы шарт.................................................................20-30
ІІ. БАНК ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ БАНКТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1 Банк жүйесіндегі банктік құқықтық қатынастар.............................31-34
2.2 Банктік қызмет: экономикалық және азаматтық – құқықтық нормалары.........................................................................................................35-37
2.3 Банктік құқықтың пәні, әдістері, жүйесі, қайнар көздері...............38-43
2.4 Банктік заннама: мәні-маңызы және банктік қызметті ұйымдастыру және реттеу: қазіргі заманғы үрдістері,тәсілдері, құқықтық негіздері.......44-54
2.5 Банктік қызметті пруденциалдық реттеу ерекшеліктері................54-56
ІІІ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНК ҚЫЗМЕТІНІҢ АЯСЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ БАНКТІК МІНДЕТТЕМЕЛЕР
3.1 Қазақстанның Ұлттық банкі қызметінің аясындағы банктік құқықтық қатынастар........................................................................................................57-62
ҚОРЫТЫНДЫ-------------------------------------------------------------------------63-68
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.............................................................69-70
Егер заңнамада немесе банктік шот шартында өзгеше көзделмесе, банк клиенттің ақшаны пайдалану бағытын белгілеу мен бақылауға және оның өз қалауынша ақшаға билік ету құқығына заңнамада көзделмеген шек қоюға құқығы жоқ. Клиент банктік шотты ашу үшін қажетті құжаттарды беруге міндетті. Оның тізімі Қазақстан Республикасының резидент - заңды тұлғалары үшін, Қазақстан Республикасының резидент - жеке тұлғалары үшін, шаруа қожалықтары үшін, резидент емес заңды және жеке тұлғалар үшін, филиалдар мен өкілдіктер үшін шот ашу кезінде, мемлекеттік мекемелер үшін әртүрлі болып табылады. Филиалдар құқықтық дербес субъектілері болып табылмайды және соған байланысты, олар не банктік шот шартының тарабы, не олардың иесі бола алмайды. Сонымен бірге олардың өздері немесе олар үшін заңды тұлғалар ашқан шот филиалдың (өкілдіктің) қызметін қамтамасыз ету үшін арналады.
Резидент - заңды тұлғалардың шотын ашу үшін қол және мөр таңбалары бар құжаттар, клиенттің салық есебіне алыну фактісін куәландыратын салық қызметі органымен берілген құжаттың тұп нұсқасы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуге алу туралы құжаттың көшірмесі беріледі. Заңды тұлғаның филиалдарының (өкілдіктерінің) шотын ашу кезінде филиал (өкілдік) басшысына заңды тұлғамен берілген сенімхаттың көшірмесін, жарғының не филиалдың (өкілдіктің) үлгілі жарғы негізінде қызмет ету фактісін куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін қосымша беру қажет. Мемлекеттік мекемелерге шот ашу үшін Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің рұқсаты қажет. Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының сияқты, басқа да субъектілердің шоттарын ашу үшін қажет құжаттардың тізімі "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы" нұсқаудың 10-тармағымен анықталады.
Клиент бір банкте (оның филиалдары мен өкілдіктерінде) бірнеше шоттар ашқан жағдайда банк клиенттер шот ашу үшін көзделген құжаттарды қайта беруді талап етпеуге құқылы. Бірақ бұл ереже клиенттер - заңды тұлғалар үшін қол және мөр таңбалары бар құжаттарға қатысты, клиенттер - жеке тұлғалар үшін қолтаңбасы бар құжат пен жеке басын куәландыратын құжатқа қатысты қолданылмайды. Бұл банк филиалдарында (бөлімшелерінде) жаңа шарттарды ашуға ғана емес, сонымен қатар шот басқа банкте ашылған және бірінші шот ашылған банктен, соның ішінде қолда бар құжаттарды электрондық тәсілмен беру жолымен расталған жағдайда да қолданылады. Растау тәртібін банктің өзі дербес анықтайды.
Сондай-ақ, клиенттің міндеттерін шот бойынша операцияларды жүргізу кезінде банктік ережелерді сақтау және шот бойынша операцияларды жүргізуге банк шығындарын өтеу жатады.
Клиент шоттағы ақшаны өз қалауынша жұмсауға құқылы. Ол шоттағы ақшаға меншік құқығынан айырылады. Бірақ, оның орнына ақшамен байланысты сол бір немесе өзге операцияларды жасауды банктен талап етудің міндеттемелік құқығына ие болады.
Егер ақша азаматпен енгізілсе, онда банктегі ақшаға билік етуге сол азаматтың өзі не ол осындай құқықты сеніп тапсырған тұлға құқылы болады,
Егер ақша заңды тұлгамен енгізілсе, онда банктегі ақшаға билік ету құқығын осы заңды тұлғаның басшысы және (немесе) ол уәкілдік берген тұлғалар, мәселен, бас бухгалтер пайдаланады. Клиенттің атынан банктегі ақшаға билік етуді жүзеге асырып жатқан тұлғалардың құқықтары клиентпен заңнамада немесе шартта көзделген құжаттарды банкке беру жолымен расталады.
Клиент, егер заңнаманы немесе шартпен өзгеше көзделмесе, кез келген уақытта банктік шот шартын бір жақты түрде бұзуға құқылы. Бұл жағдайда банктік шот жабылады, клиенттің ісінде шотты жабу негізі көрсетілуге тиіс. Банктік шотты оған қатысты орындалмаған талаптар болған кезде жабуға тыйым салынады. Бұған клиент-заңды тұлғаның таратылуы немесе қайта құрылуына не заңды тұлға шотында 1 жылдан астам уақыт, ал жеке тұлға шотында 3 жылдан астам уақыт ақша болмауға байланысты шот жабу жағдайлары кірмейді.
Банктік шот шартын бұзу клиенттің бір ізге түсірілген дербес кодын жою үшін негіз болып табылады. Егер банкте ақша қалып қойса, онда банк ол ақшаны клиентке беруге немесе оның нұсқауы бойынша үшінші тұлғалардың пайдасына аударуға міндетті.
Жалпы банктерге және банктік емес ұйымдарға жатпайтын жеке және заңды тұлғалардың банктік шоттарын жүргізуте қатысты бұл ережелер арнайы заңнамамен, соның ішінде, Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық актілерімен көзделген ерекшеліктермен банктердің өздерінің банктік шоттарына да таралады. Мұнда клиенттердің шоттарына ақша қабылдаумен және олардың шотынан ақшаны клиент көрсеткен шотқа одан әрі аударумен байланысты банктік міндеттемелерді, сондай-ақ банктік қызмет көрсету бойынша басқа да операцияларды қамтамасыз ету үшін ашылатын банктердің корреспонденттік шоттары туралы сөз болып отыр.
Корреспонденттік шоттарды ашумен және жүргізумен байланысты қатынастардың тәртібі корреспонденттік шот шартымен белгіленеді. Ол, өз кезегінде нормативтік реттелуде Азаматтық кодекстен, Қазақстан Республикасының "Төлемдер мен ақша аударулары туралы" Заңынан және өзге нормативтік актілерден басқа жоғарыда аталған Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктері арасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасынын екінші деңгейлі банктері мен банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын үйымдар арасында корреспонденттік қатынастарды орнату Ережелеріне сүйенеді. Банктер мен банктік емес ұйымдардың Ұлттық банкпен корреспонденттік қатынастарын реттеуде басымдық банктік заңнамаға беріледі. Банктер мен банктік емес ұйымдардың резидент емес банктермен корреспонденттік қатынастары олардың арасындағы тиісті шарттар және банктік тәжірибеде қабылданған іскерлік айналым дағдыларымен реттеледі.
Корреспонденттік шот қатынастарының тәртібі корреспонденттік шот шартына сәйкес қызмет көрсету бойынша қызмет көрсететін банк (банктік емес ұйым) және өзге банк (банктік емес ұйым) арасындағы шартпен белгіленді. Тараптардың қатынастары негізінен клиент пен қызмет көрсетуші банк қатынастары сияқты құрылады (банктік шот шартына ұқсас жолмен).
Бұл жағдайда жалпы банктік шот шартының негізгі белгілері яғни оның юнсенсуалдығы, ақылылығы, екі жақтылығы сақталады. Корреспонденттік шот шарты кәсіпкерлік қызмет субъектілері арасында бекітілетін болғандықтан, оның нысаны жазбаша болуға тиіс.
Жоғарыда атап өткеніміздей, банктік шот шартының субъектілік құрамы - елеулі түрде ерекшеленеді, өйткені онда екі жақтан да арнайы ұйымдар (банктер мен банктік емес ұйымдар) ретінде әрекет ететін заңды тұлғалар қатыса алады. Шарт тараптары корреспондент жэне респондент деп аталады. Корреспондент - бұл басқа банкке (банктік емес ұйымға) корреспонденттік шот ашатын банк немесе банктік емес ұйым. Банктер мен банктік емес ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашумен жүргізу кұқығына тек корреспонденттік шоттарды ашу мен жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлггық Банктің лицензиясы бар банктер мен банктік емес ұйымдар ғана ие болады.
Бұл шарт кәсіпкерлік болғандықтан және ол өздері үшін бизнес жүргізу қаупі елеулі болып табылатын банктер (банктік үйымдар) арасында бекітілетін болғандықтан юрреспонденттік шот шарты да, сөзсіз, қауіптілік сипатқа ие. Заңнамалық шешуде мұны есепке алу респондент шарт бекіте отырып, өз тарапынан, корреспонденттің қаржылық жай-күйін талдауы мен өзінің уәкілді органның шешімі негізінде ғана корреспонденттік шот ашуынан көрінеді.
Банктік
шот шарты азаматтық-құқықтық мәнісі
бар бірқатар жағдай-ларды қамтуға тиіс.
Оларға шарт пәні, корреспонденттік қызмет
көрсету шарттары мен оларға ақы төлеу
тәртібі, респонденттің ақшасына билік
ету тәртібі, төлем құжаттарын беру тәртібі
мен төлемдер және (немесе) ақша аударулары
туралы ақпаратпен алмасу тәсілдері жатады.
Шартта, сонымен қатар, корреспонденттің
респондентке әр тоқсан сайын қаржылық
есеп беру тәртібі де көрсетілуге тиіс.
Ол белгілі бір құжаттарды да қамтуы мүмкін.
Мәселен, бухгалтерлік баланс, қаржы-шаруашылық
қызметінің нэтижелері туралы есеп, ақшаның
қозгалыстары туралы есеп және қажет
болған жағдайда қаржылық есептіліктің
өзге де нысандары солардың негізінде
респондент несиелік және жою қауіптерін
бақылау мен азайту мақсаттарында
корреспонденттің қаржылық жай-күйін
талдай алады.
Шартта корреспонденттің корреспонденттік шоттарды ашу мен жүргізуге ұлттық банктің лицензияны қайтып алуы туралы респондентті өз уақытысында хабарландырмағаны үшін жауапкершілік жағдайы көрсетілуге тиіс. Сондай-ақ шарттық әрекет ету мерзімі мен оны бұзу тәртібі, дауларды шешу тәртібі де көзделуге тиіс. Корреспондеиттік шот шартында Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де жағдайлар қамтылуы мүмкін.
Корреспонденттік шот шартына сәйкес респондент өз шоты бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін операцияларды жүзеге асыруға құқылы.
Корреспондент респонденттік корреспонденттік шоты бойынша банктік операцияларды корреспонденттік шарттарды ашу мен жүргізудің ішкі ережелеріне сәйкес жүзеге асырады. Бұл ережелер корреспонденттің уәкілді органымен бекітіледі.
Корреспонденттік қатынастарды орнату Ережелерінің 18-тармағында корреспонденттік шоттарды жабу тәртібі, яғни шартты тоқтату көзделген.
Респондент шотты жабу туралы мэлімдемені беру жолымен кез келген уақытта шарттан бас тарта алады.
Шарттың
әрекет етуі заңнамада немесе шарттың
өзінде көзделген негіздер бойынша,
соның ішінде, шарт бекітілген мерзімнің
өтуі бойынша, корреспондештік шот шарты
әрекетінің тоқтатылуы байланыстырылатын
жағдайдың туындауы бойынша және т.с.с.
тоқтатылуы мүмкін. Егер корреспонденттен
корреспонденттік шот ашу мен жүргізуге
Ұлттық банктік лицензиясы қайтып алынатын
болса, сондай-ақ егер ол банк болған жағ-дайда
респонденттен банктік операцияларды
жүргізуге Ұлттық банктің лицензиясы
қайтып алынатын болса корреспонденттік
шот жабылады. Мүндай шотты жабуға негіз
болып, респондент банктік емес ұйым болғанда,
одан аудару операцияларын жүргізуге
ұлттық банк лицензиясын қайтып алу табылады.
Заңнамамен немесе шартпен корреспонденттік
шотты жабудың басқа да негіздері көзделуі
мүмкін.
1.4
Ақша аудару туралы шарт
Әдетте, банктік шоттар кәсіпкерлік қызметпен айналысатын су-бъектілер үшін қажет. Оларға заңды түлғалар да, жеке кәсіпкерлер де жатқызылады. Заңды тұлға сияқты банкпен тұрақты қатынастар орнатуға, банк қызметін тұрақты негізде пайдалануға ынталы кез келген жеке тұлға ағымдағы немесе жинақтаушы шот (жинактаушы шоттың ерекшеліктері келесі параграфта қарастырылатын болса да) аша алады. Шоттар қайы-рымдылық ақша көмегі көрсетілетін азаматтарға, гранттар берілетін шы-ғармашылық кәсіптер өкілдеріне және т.б. қажет болуы мүмкін.
Алайда бірқатар азаматтар басқа көрсетілген тұлғаларға ақша аудару-мен байланысты банктердің қызметіне деген қажеттілікті белгілі бір жағ-дайларда ғана сезінеді. Мысалы ірі заттарды (үйді, пәтерді, автомобильді және т.б.) сатып алу бойынша төлем жүргізу не басқа елді мекендегі отбасы мүшесін ақшамен қамтамасыз ету қажет болғанда. Бір жолы ғана ақша аударуды талап ететін өзге де өмірлік жағдайлар орын алуы мүмкін.
Біздің қоғам мұшелерінің жоғарыда аталған қажеттіліктері ескеріле отырып, заңнамада арнайы шарт түрі - ақша аудару туралы шарт көзделген.
Ақша аудару туралы шартқа ҚР Азаматтық кодекстің 754,755-баптары арналған. Аударуларды жүзеге асырудың техникалық тәртібі банк заң-намасымен анықталғанмен оған, сөзсіз банктің клиент алдындағы міндеттемелерінің азаматтық-кұқықтық табиғаты ықпал ететін болады. Өз кезегінде клиенттің банк алдындағы кейбір міндеттемелері де орын алатын болады.
Ақша аудару туралы шарт бойынша бір тарап (банк) екінші тараптың (клиенттің) тапсырмасы бойынша клиенттік бірыңғайландырылған дербес код бермей-ақ үшінші тұлғаға ақша аударуға міндеттенеді. Бұл шарттың субъектіде банктік шот болмаған кезде бекітілетіндігі туралы атап өткенімізбен, ол, сондай-ак, не төлеуші не алушы банкпен банктік шоттың шарттық қатынастарында тұрған жағдайларда да бекітілуі мүмкін екенін ескерткен жөн.
Ақша аудару шарты консенсуалды шарт ретінде тұжырымдалады. Бірақ, ҚР Азаматтық кодексінің 753-бабының мазмұнына үңілсек банктік шот ашпай-ақ ақша аудару туралы шарт жасалған болып есептеледі. Егер банк клиенттің тапсырмасын клиент оған осындай банктік қызмет көрсету туралы ұсыныс жасаған кезде орындауға қабылдаса. Яғни бұл шарт, сірә, реалды сипатқа ие екендігі туралы айтуға болады, ал жоғарыда келтірілген заңды анықтаманың тұжырымдамасы мұны ескермеген. Осы айтылғанға сүйене отырып, ақша аудару туралы шарттың басқа анықтамасын шығаруға болады: "Ақша аудару туралы шарт бойынша бір тарап (банк) екінші тараптың (клиенттің) төлем қағаздары мен ақшасын қабылдайды және ақшаны үшінші тұлғаның (бенефициардың) пайдасына аударуға міндеттенеді".
Ақша аудару туралы шарт ақылы шарт болып табылады. Қазақстан Республикасының аумағында банктік шот ашпай қолма-кол ақшасыз төлемдер мен ақша аударуларды жұзеге асыру Ережесінің 21-тармағына сәйкес онда коммиссиялық сыйақы алу тәртібі ескертілуге тиіс.
Бұл шарт бір жақты болып табылады, себебі клиенттің төлем қағаз-дарын, банк қабылдағаннан кейін міндеттер тек сонда ғана болады, өйткені комиссиялық сыйақы аударуға жататын сомамен бірге алынады. Клиентте ақша аударуды жүзеге асырумен байланысты банк-алушының міндеттеріне қарама-қайшы құқықтар болады. Белгілі-бір жағдайларда клиентте ақшаны қайтаруды талап ету қүдықтары пайда болады.