Нарық жағдайындағы еңбек ақы төлеуді

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 16:16, курсовая работа

Описание работы

Меншік нысандарының трансформациялануы және әлеуметтік-еңбектік қатынастардың екі жаңа субъектілері – жұмыс берушілер мен жалдамалы жұмысшылардың қалыптасуы сияқты белгілермен сипатталатын Қазақстан Республикасындағы нарықтық өзгерістердің жаңа кезеңі еңбек ақы сияқты көптеген экономикалық категорияларға дәстүрлі қалыптасқан көзқарастарды қайта қарастыруды талап етеді. Сондықтан бүгінгі таңдағы қалыптасқан жағдайларда еңбек ақыны реттеудің нарықтық механизмдерін қалыптастыру проблемасы нарықтық жағдайлардағы еңбек ақының мәнін және оның мөлшерін дифференциациялаудың объективті факторларын анықтау қажеттілігін туындатады.

Содержание

КІРІСПЕ.......................................................................................................................2
1 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЕҢБЕК АҚЫ ТӨЛЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Еңбек ақы төлеуді ұйымдастырудың функциялары мен қағидалары.............4
Еңбек ақы төлеуді ұйымдастырудың нысандары мен жүйелері....................8
Қазақстан Республикасында еңбек ақы төлеуді мемлекеттік реттеу.............13
2 «АРЫСТАН» ЖШС-ДЕ ЕҢБЕК АҚЫ ТӨЛЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ТАЛДАУ
2.1 Қазақстандағы еңбек ақы төлеудің деңгейі мен серпінін талдау..................18
2.2 «Арыстан» ЖШС-нің технико-экономикалық сипаттамасы........................ 24
2.3 «Арыстан» ЖШС-де еңбек ақы төлеуді ұйымдастыруды талдау................29
3 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЕҢБЕК АҚЫ ТӨЛЕУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Еңбек ақы төлеуді ұйымдастырудың шет ел тәжірибесі............................34
3.2 «Арыстан» ЖШС-де еңбек ақы төлеуді ұйымдастыруды жетілдіру олдары...............................................................................................................39
ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................45
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……………………………………………..47

Работа содержит 1 файл

НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЕҢБЕК АҚЫ ТӨЛЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 48.doc

— 675.50 Кб (Скачать)

           

  • 3.2 «Арыстан» ЖШС-де еңбек ақы төлеуді ұйымдастыруды жетілдіру жолдары
  •  

    Ең алдымен бұл жерде  белгілі бір жұмысшы категориясы  үшін кәсіби-квалификациялық модель жасап шығару керек. Ол модельге өндіріс тиімділігін қамтамасыз ету үшін белгілі бір жұмысты орындауда жұмысшының бойында болу керек қасиеттер, білімдер және дағдылар тізімі кіру керек. Бұл талаптар әр лауазымға әр түрлі болу керек, яғни сол лауазымға сәйкес келу керек [30].

    Әрине, ұйымдағы қызметкерлердің  жұмыс нәтижесін бағалауға көп  көңіл бөлу керек.Себебі, жұмыс нәтижесін  бағалау арқылы сәйкес жұмысшының жалақысы анықталады. Ал жалақы жұмыс істеудің ең басты мақсаты болып табылады. Сондықтан еңбек нәтижелілігін  бағалау әрқашан да объективті болуы тиіс, сонымен қатар көп шығынды қажет етпеу керек және мүмкін болса, жұмысшылар мен қызметкерлерді ынталандыру керек.

    Ұйым қызметкерлерінің жұмысының нәтижесін бағалаудың объективтілігін қамтамасыз ету  үшін тәжірибеде ЭЕМ-ны қолдану керек. Яғни ол компьютерде ұйымдағы қызметкерлер тізімі енгізіліп тұру керек және сәйкес критерийлер бойынша белгіленіп отыру керек. Мысалы, Ахметов жұмысқа қанша рет кешікті, қанша рет келмеді, қанша рет жұмысты уақытысында орындап үлгермеді т.б. ескере отырып және сонымен қатар сыйақы беру коэффициентін анықтаудағы жағдайларды ескере отырып жалақысынан алып тастау керек, осылай жазалауға болады. Сонымен қатар осы жұмысшы егер жұмыстан тыс уақытта қалып, өз міндетіне жатпайтын жұмысты орындаса немесе есеп беруді мерзімінен ерте орындап тапсырса, оны да компьютер белгілеп алып жалақы бергенде ескерілсе, бұл жұмыс нәтижесін бағалаудың объективтілігін қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар қызметкерді еңбек өнімділігін арттыруға ынталандырады.

    Менің ойымша бұл әдіс бағалау комиссиясын құрғаннан қарағанда тиімдірек. Себебі егер кадрлар бөлімінде қызметкерлер мен жұмысшылардың еңбек нәтижелілігін бағалап отыруға арналған адамдар тобы болса, оларға тұрақты жалақы төлеп отыру керек, және ол адамдардың жеке жақтырмаушылығы болады, сәйкесінше бағалау объективті болмай қалады. Ал ЭЕМ арқылы бағалау жүйесін енгізсе, оны сатып алуға және бағдарлама енгізуге ғана шығын жұмсалады.

    Яғни басшылар мен  мамандарды бағалауда автоматтандарылған аттестациялау жүйесін қолдансақ, онда бағалау тұрақты түрде жүргізіліп тұрады.

    Егер аттестациялау  жиілігі өзгерсе, мысалға жылына 1 рет немесе 2 рет жүргізіліп тұратын  болса, онда аттестацияны қызметкер  еңбегінің нәтижелілігіне әсер ететін Персоналды басқару құралы ретінде  пайдалануға болады. Сонымен қатар аттестацияның нәтижелері мен лауазымдық және квалификациялық жылжу (қозғалу, өсу) арасында және еңбек нәтижелері мен оны төлеу арасындағы тығыз байланысты қамтамасыз етеді.

    Еңбекті ынталандыру  тиімділігін жоғарылату әсіресе  өтпелі экономика жағдайында маңызды.

    Еңбек ақы төлеуді ұйымдастырудың қарастырылған шетелдік тәжірибесінің негізінде Франция кәсіпорындарында қолданылатын еңбекақы төлеу жүйесін атап өтуге болады. Француз еңбек мамандары еңбекті мотивациялау үшін оптималды жағдайлар жасау мақсатымен еңбекақы төлеу жүйесін тұрақты түрде жетілдіріп отыруға тырысады. Ұзақ уақыт бойы бұл идеяға ең жоғары дәрежеде кесімді еңбекақы төлеудің қағидалары сәйкес келеді деп саналды. Бірақ соңғы онжылдықтың ішінде тіпті орындаушы төменгі деңгей орындарында жеке еңбек нәтижелерін қосымша есептеумен бірге мерзімдік еңбекақы төлеуге көшуде айтарлықтай оң тәжірибеге қол жеткізілді. Бұған жеке еңбек нәтижелілігін бағалау жүйесін жетілдіру, сонымен қатар коллективтік пайда түсіру процесіне жеке тарту, қатыстыру қағидаларын қолдану арқылы қол жеткізілді. Қазіргі кезде Францияда еңбекақы төлеудің ең көп формасы мерзімдік болып табылады. Бірақ бұл еңбек нәтижелері үшін өтемақы туралы мәселеде теңдікті білдірмейді. Тіпті, еңбекақы төлеуді ұйымдастыруды жетілдіру оны жекелеу бағытында жүргізіліп жатыр, яғни өнімділік пен оны төлеу арасында тікелей тәуелділік бар. Кесімдік формамен салыстырғанда, жекелеу еңбектің сандық нәтижелерін ғана емес, сонымен қатар, жұмыс орнындағы кейбір тәртіп факторларын да ескереді [31].

    «Арыстан» ЖШС кәсіпорынында жеке еңбек шарты бар екендігін айта кету керек, онда кәсіпорында еңбекті және жалақыны ұйымдастыру бойынша негізгі ережелер, сонымен қатар кәсіпорынның қызметкерлері мен жұмыс берушінің барлық құқықтары мен міндеттері айтылады. Бұл «Арыстан» ЖШС-нде еңбекақы төлеуді ұйымдастыру облысындағы оң момент болып табылады, себебі жеке еңбек шарт жұмыс берушілер мен жалданған қызметкерлер арасындағы қатынасты реттеуші болып табылады.

    Қазіргі кезде «Арыстан» ЖШС-нде еңбекақы төлеудің дәстүрлі формасы қолданылады: мерзімдік. Бірақ нарық жағдайында және еңбекақы төлеудің басқа жүйелерін қолданудың дүниежүзілік тәжірибесін ескере отырып қызметкерлер үшін де, жұмысшылар үшін де еңбекақы төлеудің тарифсіз жүйесін ұсынуға болатын еді. Тарифсіз жүйені келесі белгілер сипаттайды:

    -Қызметкердің еңбекақысының деңгейі жұмыстың коллективтік нәтижелері бойынша есептелетін жалақы қорымен тығыз (толық) байланысты (бұл жерде тарифсіз жүйелер еңбекақы төлеудің коллективтік жүйелерінің класына жатады);

    -Әрбір қызметкерге оның квалификациялық деңгейін кешенді сипаттайтын, осы квалификациялық деңгейге жататын қызметкердің немесе қызметкерлер тобының алдындағы еңбектік іс-әрекетінің деректері бойынша жалпы еңбек нәтижелілігіне қосқан үлесін анықтайтын тұрақты (салыстырмалы түрде тұрақты) коэффициенттер тағайындайды.

    Тарифсіз вариантта  әр қызметкердің жеке жалақысы жалақының  бүкіл коллективтің тапқан жалақысының  қорындағы оның үлесін көрсетеді.

    Кәсіпорында еңбек өнімділігін  арттыру үшін қызметкерлердің еңбек мотивациясын күшейту керек. Бірақ пайдаға қатысу рационализаторлық үшін сыйақы, еңбек тәжірибесі үшін қосымша төлем, икемді еңбек графигі, еңбекті байыту, жеңілдікпен тамақтану және т.б. сияқты мотивациялаушы позициялар қосымша мотивацияларға жатады, және көпшілік жағдайда олар кәсіпорында қарастырылмайды, себебі қосымша капитал салымын талап етеді. Осындай мотивациялаушы элементтер еңбек өнімділігіне тек жанама түрде әсер етеді, және қажетті мотивация ретінде қарастырылмайды, себебі кәсіпорын қызметінің соңғы технико-экономикалық көрсеткіштерінің, атап айтсақ таза табыс пен рентабелділіктің жоғарылауына елеулі әсер етпейді. Кәсіпорынның басшылары жұмыссыздықтың жоғары деңгейімен қолдана отырып ұсынылған бағдарламасын жүзеге асыруға қызығушылық танытпайды. Сондықтан ұсынылған бағдарламаны жүзеге асыру үшін кәсіпорынның өзінің тиімділігін жоғарылату керек.

    Кәсіпорынның тиімділігн жоғарылату жолдары деп оны дамыту бағыттары, шығындардың өсу темпімен салыстырғанда өндіріс нәтижесінің  өсуінің жоғарырақ темпін қамтамасыз ететін қозғалыс аталады.

    Кәсіпорынның шаруашылық байланыстары оның өндіріс тиімділігіне үлкен әсер етеді, және де ерекше ролді  берілген кәсіпорында материалдармен, шикізаттармен, энергиямен, іріктеуші  бұйымдармен, аспаптармен, құралдармен, құрылғылармен, әртүрлі қызметтермен, яғни өндірісті жүзеге асыруға қажетті барлық заттармен қамтамасыз ету бойынша байланыстар ойнайды.

    Шығарылған өнімнің  жоғары сапасын сақтап қалу үшін жеткізілетін материалдар мен іріктеуші бұйымдардың  сапасын тұрақты түрде бақылап отыру керек.

     

    Көрсеткіш

    2008ж.

    2009ж.

    2010ж.болжам

    2009ж% 2008ж-ға

    2010ж% 2009ж-ға

    Өндіріс рентабельділігі, %

    8,9

    12,1

    18,5

    135,9

    152,6

    Таза табыс,

    мың теңге

    84,01

    285,96

    997,5

    340,9

    350


     

    Көріп отырғанымыздай жылдан жылға  кәсіпорын рентабельділігі 35,9 % және 52,6 % өсіп тұр. Осының есебінен таза табыстың да өсуі байқалды.

       

        7 – сурет - Өндіріс рентабельділігін болжау

     

    Осы көрсеткішке  сүйене отырып еңбекақы қорының және жұмысшылардың еңбекақы қорының қаншалықты өзгеретініне көңіл аударайық.

    8 – сурет – Еңбекақы  қорын болжау

     

    Суретке қарап отырсақ  еңбекақы қорының өсу айқын көрінеді. Бұл кәсіпорын үшін өте тиімді және  оң көрсеткіш. Егер еңбекақы қоры өссе, онда жұмысшылардың жалақысы да өседі.

    Ал біз жоғарыда айтып  кеткендей бұның барлығы тиімділікке  байланысты.

    «Арыстан» ЖШС-ң іс-әрекетінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін келесі шараларды жүргізу рационалды болады:

    1. Кәсіпорынның техникалық деңгейін жоғарылату. Бұл топқа келесі шаралар жатады: қолданылатын техника мен өндіріс технологиясын жетілдіру, пайдаланылған шикізат, материал және іріктеуші бұйымдардың сапасын жақсарту, өндірістік процесті автоматтандыру және механизациялау, өнім сапасын жоғарылату.  Өндірістің техникалық деңгейін жоғарылату арқылы тек   қана материалдық шығындардың үнемделуі ғана емес, сонымен қатар өнім өндірісінің еңбек сыйымдылығының азаюын қамтамасыз етеді, яғни өнімнің бір бірлігіне кететін жалақы шығыны азаяды. Егер жұмысшы шығарым шамасын техникалық жетілудің есебіненемес, ал өзініңквалификациясының жоғарылауы есебінен өсіретін болса, онда шығарымның нормалары және бұйымның бағалары қарастырылмайды. Жалақы еңбек өнімділігімен бірдей пропорцияда жоғарылайды. Еңбек өнімділігінің өсуі өнім шығарылымын көбейтеді, ал өнім шығарылымымен бірге кәсіпорынның пайдасы көбейеді.
    2. Өндірісті және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру. Бұл шаралардың құрамына кіреді: өндіріс специализациясын дамыту, оның ұйымдастырылуы мен қызмет көрсетілуін жақсарту, еңбекті ұйымдастыруды жақсарту, өндірісті басқаруды жетілдіру, негізгі қорларды пайдалануды жақсарту, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді және материалдық ресурстарды пайдалануды жақсарту, көлік шығындарын азайту.
    3. Негізгі құралдарды пайдалануды жақсарту. Негізгі құралдарды пайдалануды жақсарту, ең алдымен календарлық кезеңнің ішінде құрылғының жұмыс уақытын жоғарылатуға тәуелді, ол құрылғыға қарауды жақсарту жолымен, уақтылы және сапалы жөндеу жүргізумен, тиісті технологиялық тәртіпті сақтаумен жекелеген учаскелер мен цехтардың өндірістік қуаттылығының сәйкес келмеуін жою жолымен жүзеге асырылады.
    4. Өндірілетін өнімнің көлемі мен құрылымын өзгерту. Өндіріс көлемінің өсу нәтижесінде шартты-тұрақты шығындардың және амортизациялық аударымдардың үнемделуі, сонымен қатар шығарылатын өнімнің құрылымының өзгеруімен және оның сапасын жоғарылатумен байланысты шығындардың өзгеруі жүзеге асырылады.
    5. Маркетинг қызметі сферасын дұрыс ұйымдастыру тауарлық өнімді өткізу процесінде алынатын пайдаға тікелей әсер етеді. Өндірілетін өнімге сауатты жарнама беру әрқашан тұтынушыларға күтілетін әсер береді.

    «Арыстан» ЖШС кәсіпорынының алдында мынадай міндеттер тұр: сапалы өнім өндіру, өндірісте материалдарды толығырақ және дұрысырақ пайдалану, негізгі құралдар мен өндірістік қуаттардың пайдаланылуын жақсарту, кәсіпорынның техникалық деңгейін жоғарылату және, әрине өз өнімін ары қарай өткізу.

    Кәсіпорынның жұмысының  тиімділік көрсеткіштерін есептеу  және талдау жыл сайын оның технико-экономикалық және қаржылық көрсеткіштерінің қалай  жақсарғанын көрсетеді. «Арыстан» ЖШС нарықтық экономика жағдайында қызмет етіп тұр және оның ары қарай дамуға барлық алғышартары бар деп сеніммен айтуға болады.

     

     

     

     

     

     

     

     

    ҚОРЫТЫНДЫ

     

    Еңбек ақы – бұл  жұмысшының және оның отбасы мүшелерінің  физикалық және рухани қажеттіліктерін  қанағаттандыра отырып, жұмыс күшінің  ұдайы өндірісін қамтамасыз ететін тұтыну заттары мен қызметтердің құнына сәйкес келетін жұмыс күшінің бағасы.

    Қазақстан Республикасында  еңбек ақы төлеудің сәйкестігін  талдау керектігі туындайды, соның  ішінде, республиканың салалары мен  аймақтарында. 

    Мемлекеттің жалақыны аймақтық деңгейде реттеу саясаты территориялық айырмашылықтар мен аймақтық коэффициенттерді белгілеуді анықтаудан тұратыны белгілі, ол негізгі жалақыны толықтырып, әділетті еңбек ақы қағидасын қамтамасыз етеді. Ал жұмыс берушілер мен жұмысшылар рөлі, олар әлеуметтік серіктестік қағидасы негізінде жалақы проблемаларын шешу үшін оларды территориялық өзгешеліктерін біріктіруде жатыр. 2009 жылдағы еңбек ақының жоғары деңгейі Маңғыстау облысында байқалған (44369). Еңбек ақы төлеу бойынша айтарлықтай бөлінетін Атырау облысы (48338 тенге) және Астана, Алматы қалалары (33002 теңге және 32622 теңге). Еңбек ақының төмен деңгейі аймақтарға Ақмола облысы (14954 теңге) және Алматы облысы (15933теңге) жатады.

    Салалық аспектіде еңбек  ақы төлеу өзгешелігінің талдауы тағы да республикада еңбек ақы көлемінің өзгешеліктерінің тенденциясының күшеюін көрсетеді.

    Мемлекеттен минималды  еңбек ақы мөлшерін белгілеу кедейлікті жоюға кері әсер етеді. Сондықтан, мемлекетке еңбек ақыны белгілеу жүйесіне мемлекеттік  әсер ету шараларына, олардың экономикалық тиімділігіне кері әсер етуін есепке ала отырып, өте мұқият қарау керек.

    Қазіргі кезде еңбек  ақыны белгілеудің бүкіл жүйесі жеке жұмыс беруші қарамағында. Сондықтан  еңбек ақы саласындағы үрдістер стихиялы сипатта жүреді, ол еңбек  ақы жұмыс күшінің бағасы ретінде өзінің негізгі - ұдайы өндірістік, ынталандырушы және реттеуші функцияларын орындауды қойды.

    Еңбек ақының ынталандырушы  функциясын дұрыс түсіну үшін оның жұмысшыларға әсер ету күшінің жолдары  мен әдістерін анықтау үшін келесі жағдайларды көңілге алудың маңызы зор.

    Информация о работе Нарық жағдайындағы еңбек ақы төлеуді