Нарық жағдайындағы еңбек ақы төлеуді

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 16:16, курсовая работа

Описание работы

Меншік нысандарының трансформациялануы және әлеуметтік-еңбектік қатынастардың екі жаңа субъектілері – жұмыс берушілер мен жалдамалы жұмысшылардың қалыптасуы сияқты белгілермен сипатталатын Қазақстан Республикасындағы нарықтық өзгерістердің жаңа кезеңі еңбек ақы сияқты көптеген экономикалық категорияларға дәстүрлі қалыптасқан көзқарастарды қайта қарастыруды талап етеді. Сондықтан бүгінгі таңдағы қалыптасқан жағдайларда еңбек ақыны реттеудің нарықтық механизмдерін қалыптастыру проблемасы нарықтық жағдайлардағы еңбек ақының мәнін және оның мөлшерін дифференциациялаудың объективті факторларын анықтау қажеттілігін туындатады.

Содержание

КІРІСПЕ.......................................................................................................................2
1 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЕҢБЕК АҚЫ ТӨЛЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Еңбек ақы төлеуді ұйымдастырудың функциялары мен қағидалары.............4
Еңбек ақы төлеуді ұйымдастырудың нысандары мен жүйелері....................8
Қазақстан Республикасында еңбек ақы төлеуді мемлекеттік реттеу.............13
2 «АРЫСТАН» ЖШС-ДЕ ЕҢБЕК АҚЫ ТӨЛЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ТАЛДАУ
2.1 Қазақстандағы еңбек ақы төлеудің деңгейі мен серпінін талдау..................18
2.2 «Арыстан» ЖШС-нің технико-экономикалық сипаттамасы........................ 24
2.3 «Арыстан» ЖШС-де еңбек ақы төлеуді ұйымдастыруды талдау................29
3 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЕҢБЕК АҚЫ ТӨЛЕУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Еңбек ақы төлеуді ұйымдастырудың шет ел тәжірибесі............................34
3.2 «Арыстан» ЖШС-де еңбек ақы төлеуді ұйымдастыруды жетілдіру олдары...............................................................................................................39
ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................45
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……………………………………………..47

Работа содержит 1 файл

НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЕҢБЕК АҚЫ ТӨЛЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 48.doc

— 675.50 Кб (Скачать)

Еңбек кодексімен көзделген  орташа жалақының мөлшерін айқындаудың барлық жағдайлар үшін оны есептеудің бірыңғай тәртібі белгіленеді. Орташа жалақыны есептеу үшін осы төлем көздеріне қарамастан тиісті ұйымда қолданылатын төлем түрлерінің көзделген барлық жүйелері ескеріледі. Жұмыстың кез-келген режимінде қызметкердің орташа жалақысын есептеу оған нақты есептелген жалақыдан және төлеу алдындағы 12 айда нақты істелген жұмыс уақытынан туындап жүргізіледі [17].

Орташа күндізгі жалақысы демалыстарын және пайдаланбаған демалысы үшін өтем төлеу үшін соңғы 3 күнтізбелік  айды есептелген жалақы сомасын 3-ке және 29,6-ға (күнтізбелік күннің орташа айлық  саны) бөлу жолымен есептелінеді. Кодекспен көзделген жағдайларда жұмыс күндері берілетін демалыстарына төлеуге арналған, сондай-ақ пайдалынбаған демалыстарына төлеуге арналған орташа күндік жалақысы есептелген жалақы сомасын күнтізбелік алты жұмыс күндік апта бойынша жұмыс күндерінің санына бөлу жолымен айқындалады. Осы бөлімде еңбек ақы төлеуді ұйымдастырудың теориялық негіздерімен айқын таныстық. Екінші тарауда еңбек ақының Қазақстан Республикасындағы деңгейі мен серпініне талдау жүргіземіз, сонымен бірге «Арыстан» ЖШС –де еңбек ақыны ұйымдастыруды қарастырамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 «АРЫСТАН» ЖШС-ДЕ ЕҢБЕК АҚЫ ТӨЛЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ТАЛДАУ

 

2.1 Қазақстандағы еңбек  ақы төлеудің деңгейі мен серпінін  талдау

 

Еңбек ақы өмір сүрудің басты  кепілденген қайнар көзі болып табылуда. Ол 2009 жылы табыстың 71% құрады. Жалпы ақшалай түсімдердің 11,4%-ын әлеуметтік трансфеттер құрайды, сатулардың барлық түрінен түскен табыс-11,1%. Басқа да ақшалай түсімдер көздерінен -6,5%. Осы үшін еңбек ақының динамикасын терең талдау қажет [18].

Қазіргі уақытта еңбек  ақы белгілеудің  барлық жүйесі іс жүзінде бөлек алып қаралған жұмыс берушінің іс жүргізуінде болып табылады. Осыған байланысты еңбек ақы жөніндегі процестер стихиялық мінездемеге ие болуда, ал жалақы жұмыс күші бағасы ретіндегі өзінің негізгі қызметін атқаруды қайта-қайта өндіру, ынталандыру және реттеу.

 «Маңыздылығы, күрделілігі  жоғары еңбек орташа қоғамдық  еңбекпен салыстырғанда күрделі  еңбек күшінің пайда болуы,  оның құрылуы көп шығындары  керек ететіндігі, осыған орай, оның  бағасы да қарапайым  еңбекке қарағанда жоғары болады. Егер осы күштің бағасы жоғары болса, онда ол жоғары еңбекпен түсіндіріледі және бірдей уақыт аралығында  іске асады». Жоғарыдағы жазылғанды ескеріп, еңбек ақы өзгешеліктерінің салдарына күрделі және қарапайым еңбектен басқа жұмыстың өндірістік-техникалық жағдайларын және табиғи-климаттық, экономикалық жағдайларды жаиқызу керек. Қарастырылған факторларға байланысты еңбек ақының өзгешеліктерінің ғылыми дәлелдеріне байланысты бірдей еңбекке сәйкес ақы төлеу қағидасының іске асқанын айтуға болады. Осыған  байланысты Қазақстан Республикасында еңбек ақы төлеудің сәйкестігін талдау керектігі туындайды, соның ішінде, республиканың салалары мен аймақтарында. 

Мемлекеттің жалақыны аймақтық деңгейде реттеу саясаты территориялық айырмашылықтар мен аймақтық коэффициенттерді белгілеуді анықтаудан тұратыны белгілі, ол негізгі жалақыны толықтырып, әділетті еңбек ақы қағидасын қамтамасыз етеді. Ал жұмыс берушілер мен жұмысшылар рөлі, олар әлеуметтік серіктестік қағидасы негізінде жалақы проблемаларын шешу үшін оларды территориялық өзгешеліктерін біріктіруде жатыр.

Салалық аспектіде еңбек  ақы өзгешелігінің талдауы тағы да республикада еңбек ақы көлемінің  өзгешеліктерінің тенденциясының күшеюін көрсетеді. Бұны біз 2 кестеден көре аламыз.

 

  1. - кесте - ҚР-ның экономика салалары бойынша орташа айлық жалақы                         

(тенге)

Экономикалық қызмет түрлері:

2007ж.

2008ж.

2009ж.

2008ж %

2007 ж-ға

2009 ж %

2008 ж-ға

Орман және балық шаруашылығы

9567

11978

17720

125,2

147,9

Өнеркәсіп

29585

33465

46786

113,1

139,8

Тау-кен өндірісі

45594

54305

66992

119,1

123,3

Өңдеуші өндіріс

24823

30234

36780

121,7

121,6

Электр қуат, газ, су өндіру және қайта бөлу

233369

26889

32099

115,0

119,3

Көлік және байланыс

34140

41637

48663

121,9

116,8

Қаржылық қызмет

55207

64532

70784

116,8

109,6

Білім беру

14406

17964

23434

124,6

130,4

Жылжымайтын мүліктер жалдау және тұтынушыларға қызмет көрсету

36624

40628

57580

110,9

141,7

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер

12112

15195

21204

125,4

139,5

Басқа да коммуналдық, әлеуметтік және жеке қызметтер

24175

29510

48982

122,06

162,9

Мемлекеттік басқару 

18045

26031

32323

144,2

124,1

Қонақ үйлер мен мейрамханалар

40012

44905

51770

110,2

115,2

Құрылыс

34470

38622

55342

112,0

143,2


*ҚР-ның статистика жөніндегі  агенттігінің мәліметтері негізінде

Жоғарыдағы  мәліметтерге қарап Қазақстан Республикасында ең төменгі орташа еңбек ақы орман және балық шаруашылығы саласында. Бірақ бұған қарамастан жылдан жылға еңбек ақы көлемі өсіп келе жатыр. Мысалы, 2008 жылы  мемлекеттік басқару саласында еңбек ақы 18045 тенге болса, 2009 жылы бұл 32 323 теңгеге жетті. Яғни бұл өте жақсы.

2009 жылы бір жұмысшыға   шаққанда орташа айлық еңбек ақы 35 367 тенгеге тең болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 24,4 %-ға жоғарылады, яғни нақты көріністе – 15,3%-ға жоғарылады.  3 – сурет - Экономикалық қызмет түрлері бойынша орташа номиналды жалақы

 

Жалданбалы жұмысшылардың еңбек  ақысының жоғарылауы экономикалық қызметтің  барлық түрлері бойынша анықталады.Ауыл шаруашылық жұмысшылаындың еңбек ақысы 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 47,9 %-ға артты, өнеркәсіп жұмысшылардның-39,8 %-ға, қаржылық қызмет жұмысшыларының – 23,4%-ға, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет жұмысшыларының – 39,5%-ға артты [19].

2009 жылы жалақының жоғарғы деңгейі қаржылық ортада жұмыс істейтін жұмыскерлерде – 70784 тенге  немесе елдегі орташадан екі есе үлкен, тау-кен өнеркәсібінде 66992 тенге немесе 1,9% есе, көлік және байланыста 48363 тенге.

 

  1. - кесте - 2007-2009 жылдар аралығындағы Қазақстан Республикасының аймақтары бойынша орташа айлық жалақы

                                                                                                                                                                                                                                                    (тенге)

Көрсеткіштер

2007 ж.

2008ж.

2009ж.

2008ж % 2007 ж-ға

2009ж % 2008 ж-ға

Қазақстан

17303

20323

23128

117,4

113,8

Ақмола облысы

10170

12332

14954

121,2

121,2

Ақтөбе облысы

18125

21078

23848

116,2

113,1

Алматы аблысы

11683

14278

15933

122,2

111,5

Атырау облысы

35484

41570

48338

117,1

116,2

Шығыс Қазақстан облысы

16832

18816

20099

111,7

106,8

Жамбыл облысы

10750

13437

19779

124,9

147,1

Батыс Қазақстан облысы

20124

27122

29876

134,7

110,1

Қарағанды облысы

16222

18032

19962

111,1

110,7

Қызыл-Орда облысы

12727

14176

19928

111,3

140,5

Қостанай облысы

14160

17046

16803

120,3

98,5

Маңғыстау облысы

36325

38847

44369

106,9

114,2

Павлодар облысы

17631

19695

21801

111,7

110,6

Солт. қазақстан облысы

11823

13780

15245

116,5

110,6

Оңт. Қазақстан облысы

11542

13635

15309

118,1

112,2

Астана қаласы

22717

27658

33002

121,7

119,3

Алматы қаласы

23386

28396

32622

121,4

114,8


«ҚР-дағы еңбек және халықтың жұмыс  бастылығы» ҚР-ның статистикасы жөніндегі Агенттігі

2009 жылдағы еңбек ақының жоғары деңгейі Маңғыстау облысында байқалған (44369). Еңбек ақы төлеу бойынша айтарлықтай бөлінетін Атырау облысы (48338 тенге) және Астана, Алматы қалалары (33002 теңге және 32622 теңге). Еңбек ақының төмен деңгейі аймақтарға Ақмола облысы (14954 теңге) және Алматы облысы (15933теңге) жатады. Бұл көрсеткіштерді біз жоғарғы кестеден байқадық.

 4 - сурет - 2007-2009 жылдар аралығындағы аймақтар бойынша орташа номиналды жалақы

 

Меншік формасына қарай  жалақы көлемінің айтарлықтай өзгешіліктері Қазақстанда қандай да бір жалақы рыногінің және бірегей еңбекті бағалау жүйесінің жоқтығын дәлелдейді. Осының салдары жұмысшылардың шетелдік компанияларға кетуімен және мемлекеттің халықтық табысына бақылаудың жоқтығымен аяқталады.

Кәсіби-біліктілік топтарына қарай жалақы көлемін айыру тарифтік тор негізінде жүргізіледі. Осыған орай айта кету керек, ставка көлемі мен тарифтік жүйе жалақы жақын арадағы уақытқа дейін орталықтан белгіленіп келеді.

Өндірістік сала мен  өндірістік емес сферада қатынастарды белгілеудегі тарифтік тордың жетілмегендігін айту керек. Бір разрядқа жататын жұмысшылардың жалақыларының көлемі оның минималды деңгейіне емес, сонымен қатар материалдың өндірісте еңбек ақы көлемін сыйақылар есебінде көбейту мүмкіндігі бар екендігімен өзгешеленеді.

Бюджеттік сферада мұндай төлемдер аз таралған. Біркелкі емес жағдай жалақы қоры құрылымының динамикасында  да байқалады. Белгілі болғандай, жалақы негізгі және қосымша бөліктерден  тұрады. Негізгі жалақы оның күнделікті бөлігіне қатысты негізінен жұмысшылардың тарифтік ставкаларына байланысты төмен және қызметкерлердің қызметтік окладтарынан тұрады.

 

5 – сурет - Жалақы қорының құрылымы

 

Қосымша жалақының құрамалық  элементтеріне қосымша төлемдер кіреді. 2007-2009 жылдар аралығындағы жалақы қорының динамикасына талдау жасағанда негізгі жалақының үлес салмағының төмендей үрдісін байқауға болады [20].

 

4 – кесте - 2007-2009 жылдар аралығындағы жалақы қорының құрылымының динамикасы

(пайызбен)

Жыл

Жалақы қоры

Негізгі жалақы

Ынталанд. төлемдер

Өтемдік төлемдер

Жұмыс істемеген уақытқа  төлем

Төлемге есептелмеген басқа  да ақшалай сома

2007

100

64,9

15

8,1

7,5

4,5

2008

100

67,0

13,9

7,7

8,0

3,4

2009

100

67,1

14,1

7,5

7,8

3,5


  «Жалақы қоры құрылымы туралы» негізінде есептеледі, 2007-2009 жылдар ҚР-ның статистикасы жөніндегі Агенттігі.

 

Көрініп тұрғандай, іс жүзінде жұмыс  күшіне  шығынның жартысын жалақының  қосымша  бөлігі құрайды. Жалақының  қосымша бөлігінің басым көпшілігін сыйақылар, төлемдер құрайды, бұл еңбек  ақының аймақтық реттеулерімен байланысты. Жоғарыдағы кестедегі мәліметтерді біз оны кеңірек 15-суреттен айқын көрдік.

 

2.2 «Арыстан»  ЖШС-нің технико-экономикалық сипаттамасы

 

«Арыстан» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2009 жылы 19 сәуірде Әділет министрлігінде тіркелген. Кәсіпорын өзін-өзі қаржыландыру толық шаруашылық есеп принципінде қызмет етеді және заңды тұлға болып табылады. Оның жеке балансы, Қазақстан банктерінде жеке шоты өзінің атауы жазылған мөрі мен мөртабаны бар, ол банктерден қарыз алуға, сондай-ақ жарғыға сәйкес Қазақстан Республикасының заңдары бойынша заңды тұлғаларға рұқсат етілген басқа да операцияларды жүзегее асыра алады. Кәсіпорынның мекен-жайы Қазақстан Республикасы, Талғар ауданы, Талғар қаласы, Промышленный көшесі 8 Б.

Кәсіпорын икемді қорап, яғни химиялық, фармацевтикалық және тағам өнімдеріне арнаулы орама материалдарын жаңа толық ротогравюралық және флексополимерлі мөрімен шығаратын кәсіпорын [21].

«Арыстан» ЖШС-гі  бұл  белсенді дамушы құрылым. Оның негізгі  міндеттері өндіріс ұлғайту, өнімді өткізу және нарықта кеңею. Кәсіпорының негізгі мақсаты табыс табу. Сол үшін кәсіпорын жаңа соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтылған. Бұл келесідей өнім өндіруге мүмкіндік береді:

-Полиэтиленмен ламинатталған қағаз;

    -Вакуумдық пакеттер;

    -Сүт өнімдеріне арналған полиэтилендік пленка;

    -«Маечка» тәріздес пакеттер;

    -Мөр басылған полипропиленді пленка;

    -Қағаз пакеттер;

    -10-200 микронды полиэтиленді пленкалар;

    -фармацевтика өнімдеріне арналған ламинатталған қағаз шығару.

Кәсіпорын шығаратын тауарларының ассортименті әр түрлі. Бұл тапсырыс берушінің талғамына байланысты болады. Қазіргі уақытта кәсіпорын шығаратын өнімдер бұл: балыққа арналған вакуумдық пакеттер, балмұздақ, макарон, теңіз өнімдеріне, чипсіге, бұрышқа, ванилинге, шекілдеуікке арналған ламинатталған қағаздар мен пакеттер. Икемді қорап жасаудың технологиясы жоғары температураның қатысуын қажет етеді. Дайын өнім кейіннен өзінің сапасын сақтау үшін нормираторда  тәулік бойы тұрады. Клиенттердің тапсырысы бойынша пакетке түрлі суреттер мен жазулар салынады. Сурет салу алдында өнім сапасы тексерілуі тиіс, себебі кейде сурет салу барысында пленка жыртылып қалуы мүмкін. Сонымен қатар кәсіпорын көзге анық түсетін түрлі-түсті этикеткаларды шығарады. Ал полиэтиленді пленка тек мөлдір түсті ғана емес, сонымен бірге түрлі-түсті бояудар қосу арқылы түсін өзгертеді.

Информация о работе Нарық жағдайындағы еңбек ақы төлеуді