Нарық жағдайындағы еңбек ақы төлеуді

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 16:16, курсовая работа

Описание работы

Меншік нысандарының трансформациялануы және әлеуметтік-еңбектік қатынастардың екі жаңа субъектілері – жұмыс берушілер мен жалдамалы жұмысшылардың қалыптасуы сияқты белгілермен сипатталатын Қазақстан Республикасындағы нарықтық өзгерістердің жаңа кезеңі еңбек ақы сияқты көптеген экономикалық категорияларға дәстүрлі қалыптасқан көзқарастарды қайта қарастыруды талап етеді. Сондықтан бүгінгі таңдағы қалыптасқан жағдайларда еңбек ақыны реттеудің нарықтық механизмдерін қалыптастыру проблемасы нарықтық жағдайлардағы еңбек ақының мәнін және оның мөлшерін дифференциациялаудың объективті факторларын анықтау қажеттілігін туындатады.

Содержание

КІРІСПЕ.......................................................................................................................2
1 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЕҢБЕК АҚЫ ТӨЛЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Еңбек ақы төлеуді ұйымдастырудың функциялары мен қағидалары.............4
Еңбек ақы төлеуді ұйымдастырудың нысандары мен жүйелері....................8
Қазақстан Республикасында еңбек ақы төлеуді мемлекеттік реттеу.............13
2 «АРЫСТАН» ЖШС-ДЕ ЕҢБЕК АҚЫ ТӨЛЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ТАЛДАУ
2.1 Қазақстандағы еңбек ақы төлеудің деңгейі мен серпінін талдау..................18
2.2 «Арыстан» ЖШС-нің технико-экономикалық сипаттамасы........................ 24
2.3 «Арыстан» ЖШС-де еңбек ақы төлеуді ұйымдастыруды талдау................29
3 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЕҢБЕК АҚЫ ТӨЛЕУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Еңбек ақы төлеуді ұйымдастырудың шет ел тәжірибесі............................34
3.2 «Арыстан» ЖШС-де еңбек ақы төлеуді ұйымдастыруды жетілдіру олдары...............................................................................................................39
ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................45
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……………………………………………..47

Работа содержит 1 файл

НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЕҢБЕК АҚЫ ТӨЛЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 48.doc

— 675.50 Кб (Скачать)

1. Өндіріс және еңбек тиімділігінің өсуіне қарай нақты жалақыны жоғарлату. Бұл қағида тұтынуды көтерудің экономикалық заңының объективті әрекетіне байланысты, олардың толық қанағаттануы материалдық игіліктер мен қызметтерді көп көлемде алу мүмкіндігін кеңейту арқылы іске асыруға болады. Бірақ мұндай мүмкіндік еңбек тиімділігі, өндірістік қызмет нәтижелерімен байланысты болу керек. Мұндай байланыстың болмауы, бір жағынан жалақыны төлемеуге сәйкесінше инфляцияға алып келуі, екінші жағынан – төмендетілген еңбек үлесінің  тиімділігіне сәйкес номиналды жалақы төлеу. Нәтижесінде жұмысшылардың мұқтаждығын қанағаттандыру мүмкіндігі және жалақыны көбейту жоққа шығады.

2. Еңбек өнімділігі өсу темпінің орташа жалақының өсу темпінен жоғары болуын қамтамасыз ету (немесе өнім өндіру көлемінің өсу темпінің тұтыну қоры өсу темпінен жоғары болуы). Бұл қағиданың мәні - өндіріс тиімділігін жоғарлату мен дамыту негізінде еңбек табыстарын максималдау. Осы бағытта жүру кәсіпорынның дамуы мен өсуіне жағымды жағдай болып табылады. Бұл қағиданы бұзу инфляцияға, елдің экономикасының тоқырау құбылысына алып келеді. Нақты кәсіпорын жағдайында бұл өндіріс құралдарын жаңарту процесінің бәсендеуі, және перспективалы нәтижесі бар жобаларды жасауға бағыт бұзылады – бәсекелестік фирмалардың өнімдеріне қарағанда сапасы төмен өнімге сұраныстың төмендеуі.


 

 

1-сурет - Жалақы функциялары мен ұйымдастыру қағидалары     арасындағы байланыс

 

3. Жұмысшының кәсіпорындағы еңбек нәтижесіне, маңыздылығына және еңбек жағдайына, кәсіпорын орналасқан ауданға байланысты жалақының өзгешелігі. Бұл қағида жұмысшының еңбек біліктілігі тұрғысында материалдық мүддесін жоғарлату керектігі негізінде жасалған. Және де жұмыс күшін қайта өндіруге қажетті, әртүрлі еңбек жағдайындағы, географиялық және климаттық жағдайға байланысты материалдық игіліктердің көлемі белгіленуі керек.

4. Сәйкес еңбекке сәйкес төлем. Нарық жағдайында қарастырып отырған қағиданы жынысы, жасы, ұлты және тағы басқа бойынша еңбек ақы төлеуде дискриминацияны болдырмау деп түсіну керек, кәсіпорын немесе фирма ішіндегі әділеттік қағиданы  қорғау болып табылады.

5. Еңбек ақыны мемлекеттік реттеу.

6. Еңбек нарығы әрекетін есепке алу. Еңбек нарығында мемлекеттік және жеке компаниялардағы жалақының диопазоныны көрсетілген, және де ұйымдастырылмаған секторда.

7. Еңбек ақы жүйесінің қарапайымдылығы, логикалығы еңбек ақы жүйесінің мәні туралы ақпараттылықты қамтамасыз етеді. Атқарушылар жалақы көлемін қандай жағдайда, яғни олардың материалдық игіліктерінің көтеруді нақты алдына қоюы керек.

Көбінде еңбек ақыны  ұйымдастыру қағидаларын функциялармен бірге қарастырады. Себебі бұл қағидалар функцияларды жүзеге асыру үшін бағытталған. Әр қағида бір емес бірнеше функциясымен байланысты. Бірақта бір басты функцияны бөліп көрсетуге болады. Оны орындауға нақты қағида бағытталған. Бұны біз, яғни қағидалардың еңбек ақы функцияларымен байланысын 1 суреттен көрдік.

 

1.2 Еңбек ақы төлеуді  ұйымдастырудың нысандары мен  жүйелері

 

Әр түрлі меншік нысанындағы  кәсіпорындарда еңбекақы төлеудің кең  тараған нысандары: кесімдік және мерзімдік [7] .

Жалақының кесімді нысаны өнімнің әрбір данасына төлем  немесе атқарылған жұмыс көлеміне байланысты. Ал мерзімді  жұмыс істеген уақытына төлем, бірақ күнтізбелік емес, тарифтік жүйемен қарастырылған нормативтік  уақыт.

Нақты бір кәсіпорын  өндірілетін өнімнің мінездемесіне, сол немесе басқа технологиялық процестің болуына, еңбекті және өндірісті ұйымдастыру деңгейіне қарамастан сол немесе басқа еңбек ақы нысанын қолданылады. Мысалы, кесімді жалақы тиімсіз болуы мүмкін, егер тек қана кесімді-сыйақылы немесе кесімді прогрессивті варианттарын қолданса, бірақ егер аккордтық жүйені қолданса, онда тиімділік жоғарылайды. Сол кәсіпорында цехтардағы нақты бір өнім шығаруға байланысты еңбекақы варианттарын қолдану әр түрлі болуы мүмкін. 

Кесімді және мерзімді еңбек ақы төлеудің нысандарын жүйелі түрде көрсетуге болады.  

 

1- кесте -  Жалақы жүйелері мен нысандары

Еңбекақы төлеудің  жүйелері мен нысандары

                       Кесімді

                       Мерзімді

Қарапайым кесімді

Қарапайым мерзімді

Кесімді сый ақылы

Мерзімді сый ақылы

Жанама кесімді

Сағаттық

Аккордтық

Күндік

Кесімді прогрессивті

Апталық

                     Жеке

             Ұжымдық


 

 

     Көптеген  жағдайларда еңбек ақы төлеудің  керекті формасын таңдап алған  жөн.

     Кесімді  еңбек ақыны қолдану жағдайлары:

- нақты жұмысшыға байланысты жұмысшының сандық көрсеткішінің болуы.

- Орындалған жұмыстарды дәл есептеуге мүмкіндіктің болуы.

- Нақты бөлімдегі өнім шығаруды немесе жұмыс атқаруды көбейту мүмкіндкітің болуы.

- Нақты өндірістік бөлімшеде жұмысшыларды өнім көлемін немесе атқарылатын жұмыстарды көбейтуге ынталандырудың керетігі.

     Кесімді  еңбек ақыны қолдануға болмайды  егер ол мынаған әкелсе:

- өнімнің сапасының төмендеуіне;

- технологиялық режимнің бұзылуы;

- құрал-жабдықтарды күтудің төмендеуі;

- техника қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы;

- шикізат пен материалдың шығыны;

Мерзімді еңбек ақыны  қолданудың жағдайлары:

- өнім шығаруды көбейту мүмкіндігінің жоқтығы;

- өндірістік процестің қатаң уақыты белгіленген;

- жұмысшының функциясы технологиялық процесті бақылауға     негізделген;

- өнім шығаруды көбейту бракқа немесе сапасының төмендеуіне алып келеді [21];

Нақты бір кәсіпорында  өндірілетін өнімнің мінездемесіне, сол немесе басқа технологиялық процестің болуына, еңбекті және өндірісті ұйымдастыру деңгейіне қарамастан сол немесе басқа еңбек ақы формасы қолданылады. Мысалы, кесімді жалақы тиімсіз болуы мүмкін, егер тек қана кесімді-сыйақылы немесе кесімді прогресивті варианттарын қолданса, бірақ егер аккордтық  жүйесі қолданса, онда тиімділік жоғарлайды. Сол кәсіпорындарда цехтардағы нақты бір өнім шығаруға байланысты еңбек ақы варианттарын қолдану әртүрлі болуы мүмкін. Нарық жағдайында жоспарлы экономикада мінезді қатаң уақытты белгілеу жоқ, сондықтан кәсіпкер, кәсіпорын басшылығы қолда бар барлық еңбек варианттарын қолданып көруге және кәсіпорын мақсатына сай келетін вариантты таңдап алу мүмкіндігі бар [8].

Жұмысшының жалпы жалақысы кесімді бағаны өндірген өнім көлеміне көбейту арқылы анықталады.

Кесімді-сыйақылы жүйеде жұмысшы жалақысын тікелей кесімді баға және қосымша сыйақыны алады. Бірақ бұл үшін сыйақы берілетін көрсеткіштер нақты көрсетілуі керек, олар әрбір атқарушыға белгілі болуы шарт. Жұмысқа қайта алынған адамдар осы туралы хабардар болуын қадағалау керек. Және де жұмысты орындағаны және асырып орындағаны үшін сыйақы көлемі белгіленуі керек. Бұлар еңбек өнімділігі көрсеткішінің өсуі; өндіріс көлемінің ұлғаюы;техникалық дәлелденген жұмыстар нормасын орындау және нормаланған еңбек сыйымдылығының төмендеуі; өндірістік тапсырмаларды орындау; ахуалды болдырмау; стандарттарды, нормативті-техникалық құжатамаларды қолдану; шикізатты, материалдарды, аспаптарды және тағы басқа материалдық құндылықтарды үнемдеу .

Көрсеткіштер санын  жоғарлатуға болады, сол немесе басқа  көреткішті қолдану нақты өндірістік жағдаймен анықталады. Мысалы, кәсіпорынның тасмалдаушыларға байланысты рекламация көлемі өсіп кетті немесе кәсіпорын сапасына байланысты талаптары жоғары сыртқы рынокқа өз өнімінен шығуға тырысады. Әрине, бұл жағдайда өнімнің сапасына талаптар орындау сапасы жоғарлайды және бұл проблеманы шешуге көрсеткіштер тізімде өз септігін тигізу керек. Бірақ бұл көрсеткіштің тізімі бес-жеті көрсеткіштен көп болмауы керек, себебі олардың көп болуы жұмысшылар есінде сақталып қалмайды.

Жанама-кесімді жүйеде жұмысшының жалақысы кесімді жұмысшылар еңбек көрсететін еңбек нәтижесіне тікелей байланысты. Бұл жүйе негізгі емес, көмекші жұмысшылардың еңбек ақысын есептеу үшін қолданылады.

Аккоррдтық кесімді  еңбек ақыда қолданылып жүрген уақыт нормасы мен бағалау негізінде баға жұмыстың барлық көлеміне белгіленеді (жеке операцияға емес). Еңбек ақының бұл жүйесінде жұмысшыларғы жұмысты атқару уақытын азайтқаны үшін сыйақы беріледі, ал бұл болса еңбек өнімділігінің өсуін күшті ынталандырады [9].

Кесімді прогрессивті жүйеде жұмысшының еңбегі тікелей кесімді баға арқылы атқару нормасы шегінде төленеді, ал норманы асыра орындағанда жоғарлатылған бағамен.

Кесімді прогрессивті еңбек  ақыны төлеуді қолданғанда айрықша  назарды бастапқы нормативтік базаны анықтауға бағаларды көтерідің тиімді шкаласын жасауға, өнім өндіруді есептеу мен нақты кеткен уақытты анықтауға аударған дұрыс.

 Еңбек ақының кесімдік формасы нақты бір жұмысшыға, керек десе ұжымға қолданылуы мүмкін.

Мерзімді жалақыда жұмысшы  атқарылған уақыт көлеміне байланысты ақша алады, бірақ еңбек қарапайым және күрделі болуына байланысты еңбекті мөлшерлеу керек, бұл тарифтік жүйенің көмегімен іске асырылады. Тарифтік жүйенің құрама элементтері болып табылады:

- тарифтік ставка уақыт бірлігіне байланысты әртүрлі топтағы және  категориядағы жұмысшылардың еңбек ақысының көлемі. Бастапқысы болып минималды тарифтік ставка есептелінеді, немесе бірінші разрядтық тарифтік ставкасы. Ол неғұрлым қарапайым еңбектің ақысын анықтайды. Тарифтік ставкалар сағаттық, күндік болуы мүмкін.

- тарифтік торлар біліктілік деңгейіне байланысты еңбек ақы қатынасына белгілеу мүмкін үшін қолданылады. Бұл тарифтік разрядтардың жиынтығы және соларға сәйкес тарифтік коэффициенттер.Тарифтік коэффициент ең төменгі разрядқа бірге тең. Келесі разрядтағы тарифтік коэффициенттер бірінші разрядқа қарағанда қаншама жоғары екендігін көрсетеді.

 Мерзімді жалақының  екі жолы бар: қарапайым мерзімді  және сыйақылы мерзімді.

Басшылар, мамандар және қызметкерлер үшін қызметтік оклад  жүйесі қолданылады. Қызметтік оклад - атқарып отырған қызметіне байланысты белгіленген жалақының абсолютті көлемі.

Жалақыны тариф және оклад бойнша төлеу жағдайында ұжымдағы кейбір жұмысшылардың немесе бүкіл  ұжымның арасындағы қайшылықтарды  жеңу оңай емес. Еңбекті ұйымдастыру  мен ынталандырудың жетілдірілген вариянты ретінде тарифсіз жүйесін қарастырайық. Бұл жүйе рынокқа өту жағдайындағы кәсіпорында кеңінен қолданылады. Берілген жүйеде кәсіпорын жұмысшыларының жалақысы директордан бастап  жұмысшыға дейін еңбек ақы корындағы жұмысшының немесе кәсіпорын немесе бөлімшенің үлесі  ретінде  көрінеді. Бұл жағдайда әрбір жұмысшы жалақысының нақты шамасы кейбір факторларға байланысты:

  • жұмысшының біліктілік деңгейіне;

-     еңбекке қатысу коэфиценті (КТУ);

-      нақты кеткен уақыт;

     Жұмысшының біліктілік деңгейі еңбек ұжымының барлық мүшелеріне белгіленеді және жұмысшының жалақысының нақты бөлудегі бір бөлігі ретінде анықталады.

     Содан кейін кәсіпорынның барлық жұмысшылары он біліктілік топтарына бөлінеді, жұмысшының біліктілік деңгейіне және әртүрлі кәсіптегі жұмысшылардың біліктілік талаптарына байланысты [10].

Біліктілік деңгейі  жүйесі тарифтік разрядтың жүйесіне қарағанда біліктілік еңбекке ынталандыруда  көбірек мүмкіндік жасайды.

Жұмысшының біліктілік деңгейі  оның еңбекке қызмет барысында көтерілуі мүмкін. Мамандарды сәйкес біліктілік топқа қосу сұрағын еңбек ұжымының кеңесі шешеді.

      КТУ кәсіпорын жұмысшыларның барлығына белгіленеді, директорды қоса алғанда және еңбек ұжымы кеңесіне бекітіледі.

Айта кету керек, нарықтық экономика жағдайында жұмыстың маңызды көрсеткіші - өнімді (қызметті) өткізу көлемі болып табылады. Сондықтан өткізу көлемі көп болған сайын, кәсіпорын тиімдірек жұмыс істейді және жалақы өткізілген өнім көлеміне байланысты емес.

 Еңбек ақы төлеудің тарифсіз  жүйесінің әртүрлігі болып келісім (шарттық) жүйе – жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы  белгілі бір мерзімге шарт жасау болып табылады. Шартта еңбек жағдайы, екі жақтың хұқықтары мен міндеттері, жұмысуақыты еңбек ақы деңгейі және де шарттық мерзім көрсетіледі. Шартта екі жақтың мерзіміне дейін шартты бұзғаны үшін жауапкершіліктері көрсетіледі. Шарт жұмысшының кәсіпорында болу мерзімі және де нақты тапсырманы белгілі уақытта орындау керектігі көрсетіледі.

Шарттық жүйенің басты басымдылығы  – жұмысшының және кәсіпорын басшылығының хұқықтары мен міндеттерін нақты көрсету. Бұл жүйе рынок жағдайында тиімді болып келеді.

Кейбір шетелдік кәсіпорында  жалақы үшке бөлінетін жүйе қалыптасқан. Оның бір бөлігі еңбек және қызметті орындағаны үшін төленеді. Екінші бөлігі  жұмыс  істеген жыдары және өмір құнының факторы арқылы белгіленеді, бұл инфляция темпінің прогрессивті кезеңінде өте маңызды болып табылады. Жалақының бұл бөлігін кәсіпорын қызметкерлерінің барлығы алады, бірақ оның шамасы нақты жағдайларға байланысты автоматты түрде түзетіліп отырады.

Үшінші бөлігін төлеу нақты жұмысшыға байланысты және өткен кезеңде қол жеткізген нәтижесіне қарай анықталады. Жаман жұмысшы минималды көлемде алса, жақсы жұмысшы әлдеқайда көбірек алады. Бірақ үшіншісі белгіленген шама болып табылады, ол жоғарлауы немесе төмендеуі мүмкін.

Информация о работе Нарық жағдайындағы еңбек ақы төлеуді