Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 16:16, курсовая работа
Меншік нысандарының трансформациялануы және әлеуметтік-еңбектік қатынастардың екі жаңа субъектілері – жұмыс берушілер мен жалдамалы жұмысшылардың қалыптасуы сияқты белгілермен сипатталатын Қазақстан Республикасындағы нарықтық өзгерістердің жаңа кезеңі еңбек ақы сияқты көптеген экономикалық категорияларға дәстүрлі қалыптасқан көзқарастарды қайта қарастыруды талап етеді. Сондықтан бүгінгі таңдағы қалыптасқан жағдайларда еңбек ақыны реттеудің нарықтық механизмдерін қалыптастыру проблемасы нарықтық жағдайлардағы еңбек ақының мәнін және оның мөлшерін дифференциациялаудың объективті факторларын анықтау қажеттілігін туындатады.
КІРІСПЕ.......................................................................................................................2
1 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЕҢБЕК АҚЫ ТӨЛЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Еңбек ақы төлеуді ұйымдастырудың функциялары мен қағидалары.............4
Еңбек ақы төлеуді ұйымдастырудың нысандары мен жүйелері....................8
Қазақстан Республикасында еңбек ақы төлеуді мемлекеттік реттеу.............13
2 «АРЫСТАН» ЖШС-ДЕ ЕҢБЕК АҚЫ ТӨЛЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ТАЛДАУ
2.1 Қазақстандағы еңбек ақы төлеудің деңгейі мен серпінін талдау..................18
2.2 «Арыстан» ЖШС-нің технико-экономикалық сипаттамасы........................ 24
2.3 «Арыстан» ЖШС-де еңбек ақы төлеуді ұйымдастыруды талдау................29
3 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЕҢБЕК АҚЫ ТӨЛЕУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Еңбек ақы төлеуді ұйымдастырудың шет ел тәжірибесі............................34
3.2 «Арыстан» ЖШС-де еңбек ақы төлеуді ұйымдастыруды жетілдіру олдары...............................................................................................................39
ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................45
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……………………………………………..47
Барлық өнімдерді өндіру үшін келесідей шикізаттар қолданылады: ВОРР-полипропилен, РЕТ-полиэтер, ПЭВД-жоғары қысымды полиэтилен, ПВХ-төмен қысымды полиэтилен, клей. Ал ең бастысы құрал-жабдықтар, яғни сурет салу үшін валдар қолданылады, әр өнім түрінің өзінің валы болады.
Кәсіпорынның негізгі өндірісі Талғар қаласында өтеді. Бірақ басында тапсырыс бас офиске түседі. Дизайнерлер суретін салып Қытайға үлгілерін жібереді. Содан кейін Қытайдан өнім өндіру үшін құрал-жабдық, яғни валдар жіберіледі. Талғарда өнім өндірілетін үш цех, дайын өнім сақталатын қоймалар, өнімнің сапасын жақсартатын нормиратор және басқарушылар отыратын офисі бар. Сонымен қатар шикізаттар сақталатын қойма бар.
Цехтарда құрал-саймандар орналасқан. Бірінші цехта полиэтиленді пакеттер шығаратын Экструдер, 6-түсті ротогравюрді мөр машинасы және экструзионды ламинатор орналасқан. Екінші цехта бобинорезка, пакет жасайтын машина, құрғақ ламинатор орналасқан. Ал үшінші цехта дайын өнімдерді қаптайды.
Ал, енді өндіріс технологиясына келсек, бірінші құрал-жабдық бұл - Экструдер. Яғни ол қалындығы түрлі микронды полиэтиленді пленканы үрлейтін машина. Бұл үшін Ресейден әкелінген күріш тәріздес шикізат полиэтилен өте үлкен температурада қыздырылады. Содан кейін цилиндр тәріздес пішінде жоғары көтеріліп төмен арнайы қысқыш арқылы тегістеліп пакет шығарылады. Алғашқы сәтте пакет екі қабатты болады. Бірақ тапсырыс берушінің талғамы бойынша екіге бөліп беруге болады және кейде арнайы логотип салып берілуі мүмкін. Дайын өнім кейін өз сапасын сақтау үшін бір тәулікке нормираторда жатады. Бұл өнімге сурет салу алдында сапасы тексерілуі тиіс, себебі кейде пленка сурет салу барысында жыртылып қалуы мүмкін Өнім тонналап сатылады.
Келесі өндірісте жиі қолданылатын машина бұл – 6-түсті ротогравюрлі мөр машинасы. Кәсіпорынның көптеген өнімдері осы машина арқылы жасалады. Себебі ол қолданыста оңай және әмбебаб, бір уақыт ішінде бірнеше жұмыс атқара алады. Бұл машинада чипсы, тұшпара, шекілдеуік, ванилин, балмұздақ және т.б. үшін орамалар өндіріледі. Бұның 6-түсті деп аталудың себебі онда 6 вал орнатылған, бұлардың әрқайсысы түрлі түске арналған. Өндірісте көбіне қара, көк, қызыл, сары, ақ түсті бояу және РЕТ12 микрон материалы қолданылады. Үрдіс басында қара түспен сөздер жазылады оның үстінен көк, қызыл бояулар жатқызылады. Бұның нәтижесінде жасыл түс пайда болады, соңынан дайын суретті ақ түсті бояумен тегістейді. Керек кезде өнім сапасы және беріктігі жоғары болу үшін оны ламинаттайды. Тәжірибе барысында бұл машинада «Сыр чечел», «ФудМастер – Айскрим», «INGUZ - cемечки », «Жанель-клад хомячка», «Круст-чипсы», «MAXI-чай», «Ванилин», «Бұрыш», «Бумер» Йогуртқа арналған этикетка, «Хрустики-сухарики», «Корона- макарон», «Тан-сусыны» өнімдері үшін орамалар өндірілді .Кейіннен бұл өнімдер құрғақ ламинаторда қатаяды.Бұл үшін этил+қатайтқыш+этил ацетат қолданылады. Кейіннен дайын өнімді бобинорезкада бөлек-бөлек кеседі.
Пакетировкада Фудмастерге арналған Дой-пактар 80-100о температурасында 50 мин. жылдамдығында өндіріледі. Машинадан пакеттер 100 данамен шығады. Сонымен бірге мұнда вакуумды пакеттер шығарады.
Кәсіпорында қағазды да ламинаттайды, бұл қара және қызыл бұрыш орамалары үшін. Бұны өндіру үшін сызықты полиэтилен қолданылады, оны ыстық сұйық түрінде сорып қағазға түсіреді.
Қағаз пакетировкада гриль, фармацевтикалық өнімдер үшін қағаз пакеттер өндіріледі, сонымен бірге мұнда ФРИ кортобына арналған орамалар өндіріледі.
«АРЫСТАН» ЖШС-гі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрлігі және Индустрия мен Сауда Министрлігінің қолдауымен құрылған азық-түлік және қайта өңдеуші өнеркәсібінің тауар өндірушілер бірлестігі құрамына кіреді. Кәсіпорын 2006 жылы 2-ші Қазақстандық халықаралық «Жабдық, Қорап, Орама» көрмесіне қатысты [22].
Кәсіпорын қызметінің технико-экономикалық көрсеткіштерінің өзгеруі жайлы мәліметтерге келетін болсақ талданған мерзім ішінде «Арыстан» ЖШС-гі өндірістік-шаруашылық және қаржылық қызметінде біршама жетістікке жеткенін көре аламыз.
Кәсіпорынның шығаратын өнімдеріне жылдан жылға сұраныс ұлғаюда. Табыстың бірінші абсолютті көрсеткіші өнімді өткізуден түскен түсім. Ол қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижесі есебінде қосылған құн салығын, акциз және сол сияқты міндетті төлемдерді есептелмегенде көрсетіледі.
Төмендегі көрсетілген кесте бойынша, өнім өткізуден түскен түсім 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 996809 мың тенгеге өсті, ол 206,6 % құрады. 2009 жылы жиынтық табыстың жоғарлауы байқалды. Ол 2009 жылы 996809 мың тенгеге өсіп 1478419 мың тенгеге жетті. Әрине бұған әсер еткен өнімнің өзіндік құны десек те болады. Есепті жылы ол алдыңғы жыллмен салыстырғанда кемідіі. Яғни 2009 жылы 103,489 мың тенгені құрады немесе 23,1% ға өсті жиынтық табыстың да ұлғаюыда байқалып тұр, есепті ол 103,544 мың тенгеге өсіпті. Келесі көрсеткіш кезең шығындарына тоқталатын болсақ, бұл көрсеткіш жалпы шығындар, өнімді өткізуге кеткен шығындар, пайыз шығындары, курстық ерекшелік шығындары. Осылардың қосындысы кезең шығындарын береді және мұны 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы 815058 теңгеге өсті немесе 638 пайызды құрады [23] .
5 – кесте - «Арыстан» ЖШС-нің технико-экономикалық көрсеткіштері
№ |
Көрсеткіштер |
Өлшем бірлігі |
Жылдары |
Ауытқулар | ||
2008 |
2009 |
+/- |
% | |||
1 |
Өнімді өткізуден түскен түсім |
мың. тг |
481,610 |
1478,419 |
996,809 |
306,9 |
2 |
Өткізілген өнімнің өзіндік құны |
мың. тг |
210,225 |
103,489 |
106,736 |
49,2 |
3 |
Жиынтық табыс |
мың. тг |
271,385 |
1374,929 |
1103,544 |
506,6 |
4 |
Кезең шығындары |
мың. тг |
151,361 |
966,419 |
815,038 |
638,0 |
5 |
Негізгі қызметтен түскен түсім |
мың. тг |
120,024 |
408,51 |
288,49 |
340,3 |
6 |
өткізілген өнімнің 1 тг-ге шығыны |
тенге |
0,75 |
0,72 |
0,03 |
96 |
7 |
Таза табыс |
мың. тг |
84,01 |
285,96 |
201,95 |
340,38 |
8 |
Өндіріс рентабельдігі |
% |
8,9 |
12,1 |
3,2 |
135,9 |
9 |
Жұмысшылардың саны |
адам |
14 |
32 |
18 |
228,5 |
10 |
Еңбекақы қоры |
мың. тг |
839,0 |
4319,0 |
3480,0 |
514,7 |
11 |
Жұмысшылардың орташа жылдық еңбекақысы* |
мың. тг |
59,92 |
134,968 |
75,048 |
225,2 |
12 |
Өндірістегі негізгі құралдардың орт. жылдық құны |
мың. тг |
896,524 |
1833,868 |
937,344 |
204,5 |
13 |
Қор сыйымдылығы |
тенге |
1,88 |
1,25 |
-0,6 |
66,4 |
14 |
Қор қайтарымдылығы |
тенге |
0,53 |
0,8 |
0,09 |
116,9 |
15 |
Қормен қарулану |
тг./адам |
64037,4 |
57302,6 |
-6734,8 |
89,4 |
16 |
Еңбек өнімділігі |
мың.тг |
34,4 |
46,2 |
11,8 |
134,3 |
*Кәсіпорын 2009 жылы 7 ай жұмыс істеді. Сол себепті орташа айлық жалақы төмен болады
Негізгі қызметтен түскен түсім көрсеткіші бойынша 2008-жылға қарағанда 2009-жылы 240,3 пайызға өсті. Бұның себебі жалпы табыс өсіп жатыр және өнімнің өзіндік құны да төмендеген.
Өндірістегі шығындар мен жұмыс нәтижесі көрсетілетін көрсеткіш, яғни нәтижелі көрсеткіш өткізілген өнімнің 1 тенгеге шығыны. Бұл көрсеткіш көлемі 2008 жылы 0,75 тенге, ал 2009 жылы 0,72 тенге болды. Яғни 0,03 тенгеге кеміді, бұл кәсіпорын аз болса да оң әсерін тигізеді. Егер жылдан жылға осынша деңгейге төмендеп тұрса кәсіпорын үшін бұл өте жақсы.
Өндірісте негізгі мәнді жұмысшылар санына беріледі. Себебі жұмысшылар көмегімен өндіріс үзіліссіз жүреді. Бізде 2008 жылмен салыстырғанда жұмысшылар саны өсті, егер 2008 жылы 14 адам болса 2009 жылы 32 жетті. Бұның басты себебі өндіріс көлемін ұлғайтуға байланысты жаңа еңбек күші қажет болды, сонымен бірге жаңа құралдарды меңгеруге жоғары білікті мамандар қажет болды.
Ендігі көрсеткіш еңбекақы қоры - бұл кәсіпорын жұмысшыларының жалақысының жиынтығы. Бізде 2008 жылы еңбекақы қоры 839 мың тенге болса, 2009 жылы ол 4319 мыңға жетті. Яғни ол 3480 мыңға себебі. Мұның басты себебі кәсіпорын табысы өсті және кәсіпорын үздіксіз жұмыс істейді
Өндірістегі негізгі құралдардың орташа жылдық құны Бұл көрсеткіш кәсіпорынның орналасқан жерін, мекемесін тасымалдайтын транспортты, машиналары жатады Бұлардың қосындысы арқылы негізгі құралдардың орташа жылдық құнын табу үшін, осы көрсеткіштің бәрін қосып, әр жылды жеке – жеке (2) бөлеміз. Бұл көрсеткіш 2008 жылы 896524,5 мың тенгені құрапды. Ал 2009 жылы 2366560,1 мың тенгеге жетті.
Қызметтің соңғы нәтижелері бойынша қорытындыны таза табыс және өндіріс рентабельділігі көрсеткіштері арқылы жасаймыз.
Өндіріс рентабельділігі. Осы көрсеткіш
кәсіпорын өндірісінің
Қор сыйымдылығы қор қайтарымдылық көрсеткішіне кері көрсеткіш болып табылады. Оның қасиеті сонда, оның алымын бірнеше бөлек цех және құрал – жабдықтар группаларға бөліп тастауға болады. Бұл техникалық өндірістік учаскілеріне деген жерін, қор пайдаланудағы жалпы көрсеткішін анықтауға мүмкіншілік береді. Қор сыйымдылығы былтырғы, яғни 2008 жылы 2009 жылмен салыстырғанда кеміді. Осы көрсеткішті есептеу үшін біз: қор сыйымдылығы = негізгі қордың (орт)/ өнімді өткізуден түскен түсім [24].
Негізгі өндірістік қорларды пайдаланудағы жалпы көрсеткіш ретінде қор қайтарымдылығы кәсіпорынның эффектілігін көрсетеді. Осы көрсеткішті 2008 салыстырғанда 2009 жылы 150,9 пайызға өскен. Осы көрсеткішті есептеу үшін біз: қор қайтарым. = өнімді өткізуден түскен түсім / негізгі қордың (орт) Қолданылған негізгі капиталдың деңгейі бір жағынан кәсіпорынның қор құрылымын құруда қолданылатын прогрессивті технологиялық политикасы. Ал екінші жағынан өнім шығару өндірісінде ұйымдастыруы мен технологиясы. Бұл жағдайда басшылар негізгі қорлардың нақты қалай қолданатынын білу керек.
Бұл мақсаттар үшін негізгі
капиталды қолдануды бағалайтын
көрсеткіштер жүйесі қолданылады. Олардың
ішінде ең маңыздалары қор
2009 жылы «Арыстан» ЖШС-ң қор қайтарымдылығы 0,8 тенге, ал 2008 жылы 0,53 тенге болған. Қор қайтарымдылығы көрсеткіші басшыларға бекітілген қорлардан қаншалықты табыс алатынын көрсетеді. 2009 жылы негізгі қорлардың 1 тенгесіне 8 тиын пайда түседі. Бұл аз, бірақ 2008 жылмен салыстырғанда өсті. Егер жыл сайын мұндай өсулер байқалса, онда кәсіпорын пайдасы сондай деңгейде өседі.
6 кесте Негізгі капиталды қолдану көрсеткіштері.
№ |
Көрсеткіштер |
Өлшем бірлігі |
Жылдары |
Ауытқулар | ||
2008 |
2009 |
+/- |
% | |||
1 |
Өнімді өткізуден түскен түсім |
мың. тг |
481610,0 |
1478419,0 |
996809,0 |
306,9 |
2 |
Өндірістегі негізгі құралдардың орт. Жылдық құны |
мың. тг |
896524,5 |
1833868,5 |
937344 |
204,5 |
3 |
Қор сыйымдылығы |
тенге |
1,88 |
1,61 |
0,27 |
85,6 |
4 |
Қор қайтарымдылығы |
тенге |
0,53 |
0,62 |
0,09 |
116,9 |
5 |
Қормен қарулану |
тг.адам |
64037,4 |
57308,0 |
-6729,1 |
89,4 |
6 |
Тозу коэффициенті |
% |
0,07 |
0,11 |
0,04 |
157,1 |
7 |
Жарамдылық коэффициенті. |
% |
0,92 |
0,87 |
-0,05 |
91,5 |
Жоғарыдағы кестеге сүйене отырып қор сыйымдылығы, яғни 1 өнім көлеміне қанша негізгі қор келетінін көрсетеді. Қор сыйымдылығы – бұл өте қажет көрсеткіш, ол капитал салымдарының үнемдеуімен немесе олардың ұлғаюымен байланысты. Қарастырылып отырған кезең уақытында 2008 жылы қор сыйымдылығы 1,86 тенге, ал 2009 жылы 1,24 тенгені құрды. Қор сыйымдылығы төмендеген кезде негізгі өндірістік қорлардың жақсы қолдануы байқалады. Сонымен бірге 1 жұмысшының қормен қарулануы 2009 жылы 57308,3 мың тенгені көрсетті, ол 2008 жылдан 89,4% төмендеді.
Негізгі өндірістік қорларды сипаттайтын келесі көрсеткіш тозу коэффициенті. Ол негізгі құралдардың тозуын көрсетті 2009 жылы 0,11 болса, 2008 жылы 0,07-ге дейін төмендеді, сондықтан оларды ауыстыруы қажет етеді.
Жарамдылық коэффициенті негізгі құралдардың техникалық жағдайын сипаттайды және негізгі құралдардың соңғы құнының бастапқы құнына қатынасы арқылы есептеледі. Қарастырылып тұрған кәсіпорында бұл коэффициент 2009 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда төмендеді. Бұл көрсеткіштің төмен болуы бізге тиімсіз. Себебі, егер негізгі құралдардың жарамдалығы төмен болса, оларды жиі ауыстыру керек болады, ал ауыстырулар қосымша шығындарды керек етеді.
2.3 «Арыстан» ЖШС-де
еңбек ақы төлеуді
Еңбек ақы төлеуді талдау өндірістің ұйымдастырушылық және техникалық деңгейін көтеруімен байланысты [25]. Еңбек ресурстарын тиімді пайдалануын жақсарту жалпы кәсіпорын тиімділігін жоғарлатуға бағытталған [
Еңбек ақы төлеуді талдау келесіден көрінеді:
-кәсіпорында кадрлар құрамы, олардың қозғалысын талдау;
-еңбек өнімділігі деңгейін талдау;
-еңбек ақы қорын пайдалануды талдау,
-негізгі факторлардың жалақы қорын қолдануға әсерін талдау;
Кәсіпорын кадрлары жайлы талдау жасауда келесі сұрақтар қарастырылады:
-еңбек ресурстарының құрамы;
-кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтылуы;
-мамандардың қозғалуы;
Талдау жүргізу алдында қызметкерлерді топтастырылуын қарастырамыз. Кәсіпорындағы барлық мамандар өнеркәсіптік-өндірістік және өндірістік емес топтар деп бөлінеді. Өнеркәсіптік-өндірістік мамандарға кәсіпорынның негізгі қызметімен байланысты (өнеркәсіп өнімдерін өндіру, өндірісті ұйымдастыру және кәсіпорынды басқару) еңбек операцияларымен айналысатын тұлғалар жатады. өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлер жұмысшылар мен жұмыскерлерге бөлінеді. Жұмысшыларға тікелей еңбек құралдарына және өнім қозғалысына, яғни тікелей өндіріске қатысты тұлғалар жатады. Оларға кіші қызмет көрсетуші мамандар жатады, яғни курьер, жүргізушілер.