Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 07:37, курсовая работа
Бірақ елімізде жүргізіліп отырған әлеуметтік саясат, әрине мемлекеттің қаржылық мүмкіндігіне, экономикалық дамуға байланысты. Соңғы жылдардағы экономикамыздың қарқында өсуі, ЖІӨ еселеп жоғарлауы әлеуметтік салаға құйылатын қаржының көлемін ұлғайтты. Бұның бәрі түптеп келгенде халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған мемлекетіміздің сындарлы саясатына байланысты.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3 I Муниципалды әлеуметтік-экономикалық жүйе
ретінде
1.1 Муниципалды органдардың құрылуы мен дамуы.............4
1.2 Муниципалды органдар және олардың функционалдық қызметі........................................................................................................8
1.3 Муниципалдық басқарудың шет елдік үлгілері (Германдық үлгі)........12
ІІ Муниципалды дың функционалдық қызметі
2.1 муниципалды мекеменің негізгі міндеті мен
функциялары...........................................................................................18
2.2 муниципалды халықты әлеуметтік қорғау саясатының
негізінде жүзеге асырылатын шаралар.................................................25
ІІІ Қорытынды…………………………..……………………........................39
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………................................40
Ата-аналардың, қорғаншылардың немесе қамқоршылардың бірінің жәрдемақы тағайындату туралы өзі өтініш беруге мүмкіндігі болмаған жағдайда, ата-аналар, қорғаншылар немесе қамқоршылар жәрдемақы тағайындату туралы өтініш жасауға белгіленген тәртіппен берілген сенімхат негізінде басқа адамдарға уәкілеттік беруге құқылы.
Өтінішті уәкілетті органға (аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне) немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтің әкiмiне береді .
Тұрғын үй көмегі. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» № 94-1 Заңының 97-бабының 2-тармағы
Тұрғын үй көмегі - халықты әлеуметтік қорғаудың бір түрі болып табылады. Тұрғын үй көмегі аз қамтамасыз етілген отбасыларына, егер де тұрғын үй күтіп ұстау мен коммуналдық қызмет шығындары (ыстық – суық су, газ, электр, жылу жүйесі, тұрғын үйді ұстау және қоқыс шығару мен лифт қызметі) белгіленген әлеуметтік нормалардың шегінде, отбасы бюджетіндегі оның жиынтық кірісінің 10 пайыздық үлесінен асқан жағдайда тағайындалады.
Тұрғын үй көмегі тұрғын
үй иесінің өтініші мен оған қосымша
төмендегі құжаттардың
- отбасының құрамы туралы анықтама;
- қозғалмайтын мүлікті бағалау және тіркеу басқармасынан жеке меншігінде бір үйден басқа үйі жоқ екені туралы анықтама:
- тұрғын үй құжатының көшірмесі;
- тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызметті тұтыну шығындары бойынша төленген түбіртек көшірмелері;
- отбасының жиынтық табысы туралы анықтама;
- қалалық телекоммуникация желілерінің абоненті болып саналатыны туралы анықтама.
Тұрғын үй көмегін алу құқығы алушы өтінішін қажетті құжаттарымен тапсырған айдан басталады. Тұрғын үй көмегі өткен тоқсанға төленеді.
Күтімге мұқтаж деп танылған І және ІІ топтағы мүгедектерге, жасы сексеннен асқан тұлғаларға күтім жасайтын немесе жұмыс істемейтін, үш жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеумен айналысатындарды есептемегенде, оқымайтын, әскери қызмет атқармайтын және жұмыссыз ретінде жұмыспен қамту бөлімдерінде тіркелмеген еңбекке қабілетті тұлғалары бар отбасыларына тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
Тұрғын үй көмегін алу үшін өтініш тұрғылықты жердегі аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне беріледі.
Өзге адамның көмегін қажет ететін мүгедектер және мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бойынша СТ ҚР 1173-2003 «Халыққа әлеуметтік қызмет. Мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету. Қызмет көлемі» стандартына сәйкес, әлеуметтік көмек мүгедек балалардың ішіндегі өзге адамның көмегін қажет ететін ПМПК қорытындысы бойынша мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетіледі. Үйде көмек көрсету үшін ата-анасының арызын (заңды өкілі), ПМПК-ның қорытындысын, медициналық картасын, мүгедектігі туралы анықтаманы аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өткізеді.
СТ ҚР 1457-2005 «Мүгедектер мен қарттарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінде, әлеуметтік қызмет көрсетудің аймақтық орталықтарында, мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерінде және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік ұйымдарында әлеуметтік қызмет көрсету» стандартына сәйкес, өзге адамның көмегін қажет ететін жалғызбастыларға, сонымен бірге бірінші, екінші топ мүгедектеріне үйде әлеуметтік көмек көрсету келесі құжаттарды аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бөліміне тапсыру негізінде ұсынылады: арыз; жеке куәлігі; тұрғылықты жерінен анықтама; медициналық карта; тұрмыстық жағдайын тексеру туралы акті; зейнеткерлік куәлігі (зейнеткерлік жасындағыларға); мүгедектігін анықтайтын куәлік, ҰОС қатысушысы және мүгедегі жағдайын анықтайтын куәлік, (мүгедектерге, ҰОС қатысушылары және соларға теңестірілгендер); мүгедектерге қосымша: мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі, жеке оңалту бағдарламасының үзіндісінің көшірмесі .
Жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету бойынша ҚР «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі №2247 Заңына сәйкес, соғыс ардагерлеріне коммуналдық қызмет үшін өтемақы төленеді. Өтемақы алу үшін ҰОС қатысушылары мен мүгедектері аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне арыз жазып, жеке куәлік, тұрғылықты жерінен анықтама, ҰОС-на қатысушы мен мүгедектік жағдайын анықтайтын куәлік және есеп айырысу кітапшасын өткізеді.
Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен жеке топтағы азаматтарға әлеуметтік көмек. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 27-бабын басшылыққа алған.
Жұмыс істеген және
жұмыссыз азаматтарды жерлеуге
біржолғы әлеуметтік көмек (
Егер, қайтыс болған адам, өлген күнге дейін кез-келген меншіктегі кәсіпорындарда еңбектік қатынастарда тұрған болса, ал жұмыссыздар жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі бөлімдерде ресми түрде тіркеуде тұрған жағдайда әлеуметтік көмек тағайындалады және төленеді. Әлеуметтік көмек отбасының табысына қарамастан көрсетіледі.
Әлеуметтік көмекті тағайындау туралы өтініш тұрғылықты жердегі аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне келесі құжаттар негізінде беріледі:
1) сақтандыру кассасына ұсынылатын АХАЖ органдары беретін өлім туралы анықтама (түпнұсқасы );
2) еңбек қатынастарын
растайтын құжат (еңбек
3) ресми түрде жұмыссыз
статусын растайтын анықтама;
4)жеке басының куәлігі, СТН.
Әлеуметтік көмек
азаматтың қайтыс болған
25. Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына әлеуметтік көмек.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 23-бабы және «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 27-бабындағы 1-тармақтың 17-тармақшасы басшылыққа алынған.
Әлеуметтік көмек мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына балалары 18 жасқа толғанға дейін тағайындалады және төленеді.
Әлеуметтік көмек ата-анасының өтініші бойынша олардың біреуіне немесе олардың орнындағы адамға тағайындалады. Әлеуметтік көмекті алу үшін тұрғылықты жердегі аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне келесі құжаттар негізінде өтініш тапсырылады:
1)баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі;
2)дәрігерлік әлеуметтік
3)облыстық психологиялық-медициналық-
4) отбасы құрамын растайтын құжат - тоқсан сайын.
Әлеуметтік көмек өткен тоқсанға айлық есептік көрсеткіштің 5 еселенген мөлшерінде беріледі.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 Заңы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 1685 қаулысы.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (МАӘК) - жан басына шаққандағы орташа айлық табысы белгіленген кедейлік шегінен төмен адамдарға және отбасыларына мемлекет тарапынан ақшалай нысанда берілетін төлем. Кедейшілік шегінің мөлшері тоқсан сайын облыстарда, Астана және Алматы қалаларында теңгемен белгіленеді.
Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқын статусына ие адамдардың, шетелдіктердің, Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар және тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар .
Адам (бұдан әрі - өтініш беруші) атаулы әлеуметтік көмек тағайындауы үшін өз атынан немесе отбасы атынан жеке сәйкестендiру нөмiрiн көрсетіп, тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға белгіленген үлгіде өтініш жолдайды.
Өтінішке мынадай құжаттар қоса тіркеледі:
1. отбасы құрамы туралы мәліметтер;
2. өтініш берушінің отбасы мүшелерінің тапқан табысы туралы мәліметтер;
3. Жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы мәліметтер.
Өтiнiш берушi қажеттi
құжаттарды тұрғылықты жерi
Өтініш беруші өтініште
көрсетілген мәліметтердің
Атаулы әлеуметтік көмек алу құқығы тоқсан сайын табыстар туралы құжаттардың табыс етілуі арқылы расталады.
Қабылданған шешімді жүзеге асыру мәселесін бақылау – тексеру бөлімінің қызметі болып саналады. Сонымен қатар бақылау құқығы өкілдік органның міндетіне де жатады, себебі олар қауымның алдында қабылданған шешімнің жүзеге асырылғаны не асырылмағаны жөнінде жауап береді.
Басқарманың қаржы қызметінің бақылаудың маңызды құралы тексеру комиссиясы болып табылады, олар ғана Кеңес мүшелеріне Қысқасы, өкілдік органның бас қаулысына маңызды деп саналатын барлық мәселені кіргізуге болады. Бірақ оның ішінде қажеті шамалы, артық болып саналатын ережелерді енгізу қате болады, себебі кейін оны өзгерту үлкен күшке түсетіні сөзсіз.
4. Жиналыстағы жұмыстар
Жиналыстың дұрыс жүргізілуі тек қана күн тәртібіндегі мәселелердің тез де талассыз шешілуіне ғана емес, көп жағдайда, проблеманың мәдениетті жолмен қаралуына да әсерін тигізеді. Сондықтан жиналысқа қатысты қағидалар мен нұсқауларды толық меңгеру жиналыстың төрағасына ғана емес, депуттаттарға да өте қажет.
5.Өкілдік органды жинау
Өкілдік орган алдын ала белгіленген тәртіп бойынша шақырылған жиналыстарда ғана мәселелерді талқылап, шешім қабылдай алады. Аса қажетті жағдайда ғана жиналысты кезектен тыс шақыру міндетін төраға өз мойнына алады, ал ол орнында болмаға жағдайда орынбасарға да осындай құқық берілген. Егер төрағаның бірнеше орынбасарлары болса, жоғарыдағыдай құқық орынбасарларға кезекпен беріледі. Жергілікті парламент кем дегенде екі айда бір рет шақырылады .
Жиналыстың міндетті түрде шақырылатын жағдайлары:
– Жаңа сайлаудан кейін;
– Егер жиналыстың шақырылуын белгілі бір бөлігі (Муниципалды құрылымды басқарудың құрылымы жүйесінің жарғысында көрсетілген қағидаға сай) талап еткенде немесе Солтүстік Рейн-Вестфалиядағыдай – фракция күн тәртібіне белгілі бір пунктті кіргізген жағдайда;
– Егер (Бавария мен Баден-Вюрттембергтегідей) азаматтардың жиналысы ұсыныс беріп, муниципалды Кеңестен сол мәселе жөнінже шешім қабылдауды талап етсе.
Егер төраға жиналыс шақырудан бастартса, оның орнында бұл жұмысты бақылау органы атқара алады.
Шақыру қағазын тапсыру уақыты, өкілідк органның іс қағаздарын жүргізілу мәселесі регламентпен бекітіледі. Сонымен бірге әрбір жиналыстың шақырылуы жазбаша жүргізілгені дұрыс. Ерекше жағдайларда шақырудың қысқаша түрі қолданылады. Күн тәртібінен бөлек, талқылануға тиісті мәселелерді ашып көрсететін қосымша материалдар шақырумен бірге тапсырылады. Депутат шақыру қағазын белгіленген мерзімде қолына алса, оның құлақтанғаны болып саналады.
Басқарма басшыларының жылдық есебін бекіту не бекітпеу жөнінде ұсыныс бере алады. Тексеру бөлімі (ревизиялық бөлім) де тәуелсіз субъект болып саналады, олар, мысалы, Солтүстік РейнВестфалияда тек қалалық жиналысқа бағынады да солардан тапсырма алып, жұмыс істейді. Тексеру құқығының тағы бір жағын ұмытпаған жөн: Өкілдік орган өзінің шешімімен басқа бір органға берген тапсырманы кез келген уақытта қайтарып алуға құқығы бар. Жиналыс пен басқарманың арасындағы осындай қайшылықтар бұлардан да жоғары тұрған органдардың қарайтын мәселесі болып табылады.
2. Муниципалды құрылымды басқарудың құрылымыдың жұмысына бақылау жасау.
Муниципалды құрылымды басқарудың құрылымы жүйесі бақылаудан тыс болады деп айту қиын. Федералды Жердің бақылау органы жергілікті қауымның қоғам алдындағы алған міндетін жүзеге асыруын қамтамасыз етіп отыруы шарт. Сонымен қатар бұл орган қауымдардың құқықтарын қорғап та отырады.
Муниципалды құрылымды басқарудың құрылымыды бақылацтын органның өзі екіге бөлінеді. Біріншісі – өзін-өзі бақару жүйесінің жұімісна жалпы бақылау жасайды да, екіншіден, қауымға берілген мемлекеттік міндеттердің қалай жүзеге асырылатынын арнайы бақвлау болып табылады. Алғашқысы – құқықтық жағын тексерумен шектелсе, екінші бағытта құқықтық саламен қатар мамандық жағын да тексере алады. Мемлекеттік мәселеге келгенде бақылау органдары жергілкті өзін-өзі басқару жүйесінің жұмысын толық та жан-жақты тексереді. Аймақ көлеміндегі бақылауды алсақ, оны жүзеге асыру міндеті – ең төменгі деңгейдегі мемлекеттік әкімшілк орган болып саналатын округ директоры немесе округ кеңесшісінің қолында болады, ал Жерлерге бағынышты қалаларға келсек – бұл қызметті үкіметтің президенті атқарады. Ең жоғарғы бақылаушы орган – ішкі істер министрлігі .