Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 07:37, курсовая работа
Бірақ елімізде жүргізіліп отырған әлеуметтік саясат, әрине мемлекеттің қаржылық мүмкіндігіне, экономикалық дамуға байланысты. Соңғы жылдардағы экономикамыздың қарқында өсуі, ЖІӨ еселеп жоғарлауы әлеуметтік салаға құйылатын қаржының көлемін ұлғайтты. Бұның бәрі түптеп келгенде халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған мемлекетіміздің сындарлы саясатына байланысты.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3 I Муниципалды әлеуметтік-экономикалық жүйе
ретінде
1.1 Муниципалды органдардың құрылуы мен дамуы.............4
1.2 Муниципалды органдар және олардың функционалдық қызметі........................................................................................................8
1.3 Муниципалдық басқарудың шет елдік үлгілері (Германдық үлгі)........12
ІІ Муниципалды дың функционалдық қызметі
2.1 муниципалды мекеменің негізгі міндеті мен
функциялары...........................................................................................18
2.2 муниципалды халықты әлеуметтік қорғау саясатының
негізінде жүзеге асырылатын шаралар.................................................25
ІІІ Қорытынды…………………………..……………………........................39
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………................................40
Жоспар КІРІСПЕ.......................
ретінде
ІІ Муниципалды дың функционалдық қызметі
2.1 муниципалды мекеменің негізгі міндеті мен
функциялары...................
2.2
муниципалды халықты әлеуметтік қорғау саясатының
негізінде жүзеге асырылатын
шаралар.......................
ІІІ Қорытынды…………………………..…………………….
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі………………………...............
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі:Қазақстанда бүгінгі таңда әлеуметтік- экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері, мемлекетіміз әлеуметтік бағытқа үлкен мән беріп келеді, себебі біз нарықтық әлеуметтік бағытты таңдадық.
Бірақ елімізде жүргізіліп отырған әлеуметтік саясат, әрине мемлекеттің қаржылық мүмкіндігіне, экономикалық дамуға байланысты. Соңғы жылдардағы экономикамыздың қарқында өсуі, ЖІӨ еселеп жоғарлауы әлеуметтік салаға құйылатын қаржының көлемін ұлғайтты. Бұның бәрі түптеп келгенде халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған мемлекетіміздің сындарлы саясатына байланысты.
Әлеуметтік-саяси шаралардың мақсаты нарықтық еркіндік принципінің әлеуметтік өтеу принципімен және әр адамның лайықты өмір сүруге ажырамас құқығының үйлесімімен қамтамасыз етілуі қажет, ал бұл міндеттерді шешуге және халықтың әлеуметтік әлсіз қабатына адамға лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік шаралардың жиынтығы оның әлеуметтік саясатын анықтайды.
Мемлекеттің әлеуметтік
саясаты сол елдің бастан кешіріп
отырған экономикалық даму кезеңінен,
сол мемлекеттің ұстанып
Еліміз әлеуметтік саясаттың қалыптасуы мен дамуында, әлеуметтік саясаттың заңнамалық негізін, негізгі бағыттарын жасап алды. Негізгі білім, денсаулық, демографиялық жағдай, халықты әлеуметтік қорғау мен қамсыздандыруға, зейнетақы төлеу, халықты жұмыспен қамту саясаты болып келеді.
Жалпы, біздің елдегі бұдан бірнеше жыл бұрын пайда болған децентрализациялау саясаты сол кездегі қаржы мен жауапкерлік тапшылығынан әлеуметтік салаларды орталық органдардың жергілікті билікке ысыра салу ниетінен туғанын да жасырмаған абзал. Енді әлеуметтік салаларға қаржы құйылып, қан жүгіре бастағасын бұл саясатты қайта қарау ниетінің туып отырғаны тағы бар. Оның үстіне миллиондаған бюджет қаржысы қоғамдық бақылаудан тыс қалғаннан кейін, оны жергілікті билік біржақты пайдалану және жемқорлық пен ысырап етудің үлгісін жасап отыры да бір шындықтың ұшы.
1 МУНИЦИПАЛДЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ
1.1 Муниципалды органдардың құрылуы мен дамуы
«Кеңестік одақтың» ыдырау нәтижесінің Еуразия құрлығына жаңа мемлекеттердің бой көтеріп, олардың жаңа жүйенің жетегіне жармасып, жаңа қоғам құруына итермеледі. Аталмыш он жыл кеңестік менталитеттің сарсаңға түсе ыдырап, соны психология мен тың көзқарасқа негізделген жаңа әрекет қана жаңа қоғам тудыратынын мойындатуда. Сонымен, келмеске кеткен кеңесшілдік жойылғанымен, алдымыздан жаңа қоғам құрудың объективті жағдайы біз күткендей құшағын жаймады. Осылайша, егемен болумен жүріп, он бес жылдың қалай өткенін де байқамай қалыппыз. Егемендік дегеніміз - жаңа мемлекет құру екен. Ал, біз оның үстіне жаңа формациялы қоғамды қолға алудамыз. Сондықтан да, бұл мемлекеттің қалыптасып дамуы заман талабына жауап беретіндей жаңа тұжырымға негізделген мемлекеттік ды дамыту қажет болғандықтан, өз тарапымыздан сондай жаңа мемлекеттік құрылым тұжырымдамасын қоғамдық ортаға ұсынуды жөн санадық.
Аталмыш тұжырым тұрғысынан
биліктің қазір қолға алып отырған
әкімшілік реформасы біржақты және
елдің әкімшілік құрылымын
Басқа жағынан алғанда, жоғарғы атқарушы салалық органдар мемлекеттік міндетті белгілегенімен, оның барысы мен нәтижесіне жауап беретіндей міндеттен ада болған сыңай бар. Мәселен, қазырғы кезде жергілікті жерлердегі білім сапасы мен деңгейі облыс әкімдерінің рейтингісін анықтауға тікелей қатысты шама болып отыр, ал министрлік рейтингісінің бұған қатысы жоқ. Осылайша, әр сала бойынша мемлекеттік міндеттің атқарылу рейтингісі жоғарғы атқару органдарынан аластатылған, мұнымен бірге олардың үнемі болуға тиісті жауаптылығы та шайылып отыр.
Жалпы, біздің елдегі бұдан бірнеше жыл бұрын пайда болған децентрализациялау саясаты сол кездегі қаржы мен жауапкерлік тапшылығынан әлеуметтік салаларды орталық органдардың жергілікті билікке ысыра салу ниетінен туғанын да жасырмаған абзал. Енді әлеуметтік салаларға қаржы құйылып, қан жүгіре бастағасын бұл саясатты қайта қарау ниетінің туып отырғаны тағы бар. Оның үстіне миллиондаған бюджет қаржысы қоғамдық бақылаудан тыс қалғаннан кейін, оны жергілікті билік біржақты пайдалану және жемқорлық пен ысырап етудің үлгісін жасап отыры да бір шындықтың ұшы.
Аталмыш жайтты тағы бір жағынан алып қарағанда, елдегі облыстық мемлекеттік басқарым звеносы қолына мемлекетті федерациялауға алғышарт жасау үстінде: жергілікті барлық билік пен адам, бизнес, табиғат ресурсын бақылау және оларды үйлестіру мен жұмсау шоғырланғандықтан, облыстық әкімдікті жергілікті аумақтағы саяси суперсубъектіге айналуына мәжбүр етуде. Өйткені, облыстық мемлекеттік басқарым звеносын бақылау біржақты да тігіңкі түрде жоғарыдан төмен бағытталған, ал көлденең сипатты түрдегі қоғамдық және халықтық бақылау жоқтың қасы; тіпті болған күннің өзінде жергілікті өкілдік органдар әкімдік құрсауынан шыға алмайды. Сөйтіп, облыстық мемлекеттік басқарым, әсіресе, атқару билігінің басты тұтқасы болып отырғанымен, оның нықты звеносы болып отыр деуге келмейді. Бұл жағдай елді демократияландыру бастамасына кедергі келтіріп қоймай, оған қарсы бірден бір звено екені тағы шындық. Бәрінен бұрын бұл звенолық билік жергілікті бизнестің алаңсыз дамуына бірден бір тұсау болып, жергілікті жекедара корпорацияларды қалыптастырды, өздерінен тәуелсіз бизнесті бұғауда ұстап отыр. Бұл жерде, коррупциялық арқаудың негізі де, осы облыстық басқарым звеносында жатқанын жасыра алмаймыз.
Әкімшілік - аумақтық бөлініс пен жергілікті басқарым субъектісі. Қазақстанның әкімшілік – аумақтық бөлінісі (ӘБ) жаңа формацияға орай, ырықты (либералды) экономикалық қатынастың сипаты, демографиялық ахуал мен аумақтық әлеует ескеріле отырып, қайта құрылуы қажет. Нақтылай айтқанда, ӘБ қазырғы облыстық звеноның кеңестік иерархиялы-тоталитарлық жүйенің сипаты ретінде жойылып, делдал әкімшілік бөліністі уақыт талабына сай мемлекеттік органдармен алмастыру арқылы басы артық әкімшіл - әміршіл жүйенің түбірімен аласталуына батыл әрекет жасалған жөн.Қысқасы, әкімшілік-аумақтық бөлініс пен жергілікті басқарым субъектісін барынша тиімді етіп реформалау қажеттігі туып отыр. Бұл - жергілікті атқару билігін де әртараптандыру керек деген сөз. Аталмыш жоба ел аумағының байтақтығы мен халық тығыздығының селдірлігін үйлестіре басқаруға жауап беруі тиіс. Сөйтіп, аумақтардың шын мәнінде біркелкі түрде нығаюына алғышарт жасалғаны абзал .
Ел аумағы облыстарды жойып, тек қана аудандарға жіктелген бөліністен тұруы - біздің демографиямызға да, аумақты билеу саясатымызға да сәйкес, әр аудан Муниципалды қ мүдде мен мемлекеттік төменгі ауқымдағы мүдденің объектісі болғанда, ал жергілікті мемлекеттік басқарым Жергілікті өзіндік меңгеріммен (Местное самоуправление) қабыса отырып, жергілікті билік субъектісі болса ғана интенсивті даму жолына түсетін боламыз. Елдің әкімшілік бөлінісін экономикалық-әлеуметтік әлеуетіне орай үш сипатты:
- индустриялы немесе мегаполисті аудан (МА);
- агро-индустриалы немесе провинциялы аудан (ПА);
- агросекторлы немесе
ауылды аудан (АА) түрде жіктеп,
оларға сәйкес мемлекеттік
МА – ды қазырғы және бұрынғы облыс орталықтары мен оларға таяу поселкелер, селолар мен ауылдар аумағының жиынтығы құрайды; ал ПА–ға индустриялық комбинаттар құраушы шағын қалалар мен оған таяу поселкелер, шағын қала, селолар мен ауылдар аумағы бірігеді. АА болса, негізгі экономикасы ауыл шаруашылығына негізделген шалғайдағы елді мекендер мен шағын қала, поселкелерден тұрады. Елді бұлайша үш сипатты аудандарға жіктеу мемлекет тарапынан оларды ерекшелігіне орай дифференциалды дамыту мен аумақтарды өзара интеграциялау мүддесін көздеуге итермелейді. Осылайша үш түлік аудандардан құрылған аумақты бір аймаққа біріктіру арқылы елде бес аймақтық бөлініс жасақтауға болады. Бірақ бұл аймақтарды қазырғы облыс не губерния ретінде қабылдамау керек. Аймақтарға әкімшілік немесе жергілікті өзіндік меңгерім тән болмайды, аумақтық саясат негізінен жоғарғы мемлекеттік билікті төменгі мемлекеттік әкімшілік әлеуетпен ұштастыратындай өңірлік (аймақтық) министрліктер арқылы экономикалы-әлеуметтік салада үйлестіріліп отырады. Бұрынғы облыстық әкімге де, министрліктерге де қарап келген аудандық, облыстық деңгейдегі мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар енді барынша тәуелсіз қызмет ете отырып, тікелей өз ведомостволарына бағынатын болады. Ал, оларды шаруашылық-жарақ жағынан жергілікті әкімдік арнайы бөлінген мемлекеттік қаржымен қамтамасыз етіп отыруы тиіс. Сонда, денсаулық пен білім саласындағы былықтар үшін жергілікті әкім емес, жауапты жоғарғы орган болмақ, ал әкім әлгі мекемелердің ғимараты мен коммуналдық қызметіне жауап бермек. Бұл жағдай елдегі меншік түрінің нақ па нақ үшке бөлінуін талап етеді: мемлекеттік, Муниципалды қ және жекеменшік.
Сонымен, ел аумағы шартты түрде бес өңірге: шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік және орталық болып бөлінеді. Оның әрқайсысына шамамен әлгі үш сипаттағы 40 ауданды шоғырландыруға болады. Алайда, бұл аймақтар әкімшілік–аумақтық бөлініске жатпағандықтан, аймақ бойынша өкіметтік билік тармақтары (мәслихат, сот) болмайды, бар болғаны жоғарғы мемлекеттік органдардың аймақтық бөлімшелері болуы мүмкін. Сөйтіп, мемлекеттік өкімет қазіргідей 3 сөрелі (ярусты) емес 2 сөрелі болып нығаяды: жоғарғы және төменгі. Сот билігін алсақ – Ұлттық (Жоғарғы) Сот және аудандық (төңіректік) сот, өкілдік билік – Парламент және аудандық (ауылдық, қалалық, поселкелік) мәслихаттар, ал атқару билігі – Президент-Үкімет және аудандық деңгейдегі мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар. Ал, аудандық (ауылдық қалалық, поселкелік) әкімдіктер Жергілікті Өзіндік Меңгерімнің (ЖӨМ) құрылымы болып табылады, бірақ заң жүзінде белгіленген мемлекеттік кейбір қызметтерді жергілікті аумақта атқару жүктелетін болады. Сөйтіп, аудандық деңгейде мемлекеттік басқарым мен жергілікті меңгерім тоғысады. Атқару билігінің қызметін нақтылайтын болсақ; Министрлер кабинеті Президент белгілеген міндеттің стратегиялық және тактикалық шешімін анықтап, іске асырады; Аймақтық министрлік шешімді іске асыруды аймақ бойынша ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды. Аудандық әкімдіктер Муниципалды құрылымдық мүліктерге қожалық етіп, Муниципалды құрылымдық органдарды басқарады. Жергілікті өкіметтің атқару саласы бойынша сәйкес түрде ауыл, поселке меңгерушілері мәслихаттарда сайланады. Ал, аудан әкімі бастапқы кезеңде Президент ұсынысымен бірнеше кандидат ішінен аудандық мәслихатта сайланып, кейін жергілікті сайлауда таңдалуы мүмкін. Мегополистік аудандардағы қалалық маңайлар (городские районы) жергілікті өзіндік меңгерім субъектісі болғаны жөн және олардың әкімдері сайлаушылардың тікелей сайлауымен болғаны абзал. Ондай жағдайда ірі қала әкімдері - әмірлер (мэр) ауданның стратегиясы мен тактикасын жасақтаумен және іске асырумен айналысады да, ал коммуналдық және басқа шаруашылық әкімдердің құзырына көшетін болады. Әмірді бастапқы кезеңде Президент тағайындап, кейіннен қалалық мәслихат сайлауы ықтимал. Жалпы, ең көп дауыс алған (пайыздық көрсеткіш бойынша) әрбір қалалық маңай (городские районы) депутаттарының, айталық, 20 пайызынан қалалық (Мегополисті аудандық) мәслихат құрылғаны жөн .
Әрбір аудан Муниципалды құрылымдық деңгейдегі дербестікке ие болып, өзін өзі басқарады, соған орай әр ауданның қажеті мен мүмкіндігіне сәйкес мәдениет, білім, денсаулық, тәртіп қорғау және коммуналдық т.б. сала бойынша меншігі болуы керек.
Аудандық бюджет жергілікті салықтан құралады, ол жетпеген жағдайда аймақтық министрлік құзырымен дотация көлемі анықталып, мемлекеттік бюджеттен толықтырылады.Сөйтіп, әкімшілік өз құзыры, белгілі бір мөлшерде өз қаражаты, мүлкі арқылы жергілікті мәселелерді шешумен өзін өзі басқарудың толыққанды бірлігі болады, сондай-ақ, атқарушы биліктің тігіңкі бағыныстағы төменгі звеносы ретінде атқарушы өкіл болып табылады.
Мемлекеттік бағыныстағы шаруашылық субъектілерінің қызметін өзіне тиісті аймақ мүддесінің экономикалық, әлеуметтік және басқа салалары бойынша белгіленген мақсатқа жұмылдыра отырып, сәйкес Аймақтық министрлік сол аймақтағы жойылған облыстық әкімшіліктердің саяси, экономикалық, меншіктік, құрылымдық мұрагері болып табылады. Бұл құрылымның ісі мығым болуы үшін Министрлер кабинеті жөніндегі заңда арнайы бір тарау Аймақтық Министрлік жөнінде болып, ал Министрдің Министрлер Кабинетінің мүшесі болуы қажет болмақ.
Әкімшілік – аумақтық бөліністің бұлайша әлпеттенуі әр сала бойынша бұрынғы облыстық мекеме, органдардың құзыры сол аумақтағы аудандық мекемелер мен Аймақтық министрліктер арасында бөліске түседі. Айталық, бұрынғы облыстық Ішкі Істер басқармалары біріктіріліп, сол аймақ бойынша ІІМ аймақтық департаментін құрайды. Ал, Муниципалды қ өкімет қарауында учаскелік милиционерлер тобы мен бюджет шамасына қарай өзге де бөлімшелер болуы мүмкін.
Муниципалды органдар дегеніміз - (лат. municipalium) белгілі бір аймақ ауқымында жалпы заңнама негізінде келесідей шешімдер қабылдауға жауапты жергілікті басқару органдары
Муниципалды меншікке Муниципалды билік органдар иелігіндегі меншік жатады.
Муниципалды бюджет дегеніміз – жергілікті салықтар мен төлемдерден құралатын және аймақ тұрғындарына бағытталған әлеуметтік шараларды іске асыру мен жергілікті бюджеттіі үлестіруге жұмсалатын бюджет болып табылады.
Муниципалды меншік мемлекеттік және басқа меншік түрлерімен салыстырғанда өте ерекше болып табылады. «Муниципал» - латынның «municipals» немесе немістің «munizipalitet» сөздурінен шыққан «қаланы басқару» деген ұғымды білдіреді. Ал, латынның «municipium» сөзі «қаланы өзін - өзі басқару құқығын білдіреді. Әдетте Муниципалды қ меншікке өкімет ұйымдары мүлік және әкімшілік – аумақтық ы басқару жатады.