Муниципалды құрылымдар

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 07:37, курсовая работа

Описание работы

Бірақ елімізде жүргізіліп отырған әлеуметтік саясат, әрине мемлекеттің қаржылық мүмкіндігіне, экономикалық дамуға байланысты. Соңғы жылдардағы экономикамыздың қарқында өсуі, ЖІӨ еселеп жоғарлауы әлеуметтік салаға құйылатын қаржының көлемін ұлғайтты. Бұның бәрі түптеп келгенде халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған мемлекетіміздің сындарлы саясатына байланысты.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3 I Муниципалды әлеуметтік-экономикалық жүйе
ретінде
1.1 Муниципалды органдардың құрылуы мен дамуы.............4
1.2 Муниципалды органдар және олардың функционалдық қызметі........................................................................................................8
1.3 Муниципалдық басқарудың шет елдік үлгілері (Германдық үлгі)........12
ІІ Муниципалды дың функционалдық қызметі
2.1 муниципалды мекеменің негізгі міндеті мен
функциялары...........................................................................................18
2.2 муниципалды халықты әлеуметтік қорғау саясатының
негізінде жүзеге асырылатын шаралар.................................................25
ІІІ Қорытынды…………………………..……………………........................39
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………................................40

Работа содержит 1 файл

МУНИЦИПАЛДЫ ҚҰРЫЛЫМДАР.doc

— 275.50 Кб (Скачать)

Әрина, патша да көзді  жұмып, «мына жер мынадай өлке болсан, оған мына қалалар немесе ауылдар  жататын болсын деп» жобамен айта салмағаны белгілі. Белгілі бір  өлкені, керек десеңіз ауылды, жеке субъекті етіп алу үшін ондағы адамдардың экономикалық ерекшелігін, тарихын, ұлтын, т.б. ескеру қажет.

Сонымен қатар, әкімшілікті  тиімді жүргізудің талаптары да назардан тыс қалмауы қажет. Бұлар –  елдің қорғаныс мүддесі, тәртіп бақылау, алым-салықты жинау, т.б.

Үлкен, ірі мемлекеттердің әкімшілік-территориялық құрылымы көп сатылы болып келеді. Шағын территориялық бөліктер, өздерінен ірі территорияларға қосылады. Демек төменгі сатыдағы чиновник жоғарғы сатыдағы чиновнокке бағынышты болды, соның билігіне түсті. Оның өзі өзінің алдында тұрған (одан да ірі) территориялық-әкімшілікке бағынады. Осы көп сатылы бағыныштылықтың соңы үкіметтің (орталықтың) билігіне алып барды .

Европа тарихына көз  жіберсеңіз, шағын немесе ұсақ феодалдық  мемлекеттердің бір орталыққа бірігіп, ірі мемлекет құрғанын көреміз. Осы  жағдайда кейбір шағын мемлекетер өздерінің ішкі билік жүйесін сақтап та қалатын еді (Германиядағы Бавария немесе Италиядағы Сицилия). Осы құбылыспен бірге мемлекеттердің де бірігуін көруге болады. Әрине, көп жағдайда бұл – зорлықпен, қырғын соғыспен жүрып отырды, жеңіске жеткен мемлекет, жеңілген елдің белгілі бір территориясын тартып алатын. Ал кейде әлсіз мемлекет өзінің, мемлекеттік белгісін сақтай отырып, өзінен күшті мемлееттің қол астына кіруге де мәжбүр болатын.

Абсолюттік билік әлсіреп, қоғам дамыған сайын, төменгі  сатыдағы территоияларда – қалалар мен ауылдарда - өзін-өзі басқару жүйесі қалыптаса бастады. Кейіннен бұл құбылыс ірі қалаларға да тарады.

Қазіргі кезеңде мемлекеттің  территориялық құрылымы, олардың  арасындағы қарым-қатынас, билік түрлерінің бөлінісі Конституция мен заңдар арқылы реттелінеді. Ерекше көңіл қоятын тағы бір мәселе – территориялық құрылымның түрі мен ондағы басқару жүйесі мемлекеттің заң шығарушы және атқарушы құрылымның жүйесіне де әсер етеді.

Қазақстан өзінің тәуелсіздігін  жариялап, демократиялық қоғам құруға бел байлаған күннен бастап, жаңа мемлекеттік құрылымның түрлерін енгізу міндеті күн тәртібінде тұрды. Халықтық биліктің, азаматтық қоғамның алғашқы баспалдағы болып табылатын Муниципалды құрылымды  басқарудың құрылымы жүйесінің соңғы Конституциядан орын алудың өзі осының айғағы.

Муниципалды құрылымды  басқарудың құрылымы мәселесі Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін мүлдем жаңа, жат құбылыс деп айтуға болмайды. Атам заманнан бері әр ауыл, әрбір аймақ өзінің ішкі мәселесін өздері шешкен, оған хан да, сұлтан да араласпаған. Белгілі бір қауымның (ата, ру) ішкі жұмысын былай қойғанда, ауыл арасындағы, ата-ру арасындағы кикілжіңдер, талас-тартыстар ауыл ақсақалдарынан артылса ара биге жүгінумен, соның билігімен аяқталған. Орталық мемлекеттік билік болып табылатын – Хан билігі жергілкті мәселелерді шешуге ешқашан араласпайтын. Ханның жұмысы – елдің саяси бағыты, көрші елдермен қарым-қатынас, соғыс пен бітім жасау, мемлекеттік алым-салық, қысқасы, ұлттық өмірдің негізгі бағытын белгілеу болып табылады. Ал ұлыстың ісі – сол жердегі өмір сүретін жандардың өздері ғана шеше алатын жұмыстар. (Осы жерде бұрынғы тоталитарлық қоғам негізінен шығатын, ақылға симайтын, бірақ, өкінішке орай, өмір шындығы болып табылатын бір «қызықты» айта кеткен дұрыс сияқты. Бір орталыққа қатаң бағындырылған тоталитарлық құрылым әр ауданның, одан қалды колхоз, совхоздың қай уақытта егін сеуіп, қашан жинауына дейін өздері шешетін. Егін пісіп, жерге түсіп, ысырап болып жатса да, егіншілер ауданнан не облыстан түсетін нұсқауды күтіп отыратын... Бұл, бүгіндері шектен шыққан ақымақтық сияқты көрінетіні сөзсіз, бірақ халықты құл етіп ұстау мен тырнақтай да билік бермеудің тамаша әдісі болатын)

Қазақ халқының жергілікті мәселелерін көзі қарақты, көкірегі ояу, өмірлік тәжірибесі бар сол  жердің азаматтары шешетін. Оның жұрттан асқан бай болуы да немесе жасы тоқсаннан асқан қарт болуы да шарт емес, әңгіме сол жердегі халықтың, жұртшылықтың сенімінде ғана болатын. Тым күрделі, тұрғындардың барлығына қатысы бар мәселелер ауылдың сыйлы адамдарының бас қосуында шешілетін. Керек десеңіз, қазақтар тығыз отырған жерлерде бүгінге дейін «мәслихат»  деген сөз (демек, ұғым) сақталған. Үлкен ас берудің алдында сол асты ұйымдастырушылар ет жақындарының ішіндегі үлкен адамдардың бірнешеуін шақырып, бір мал сойып, мәслихат өткізеді. Осы отырыстың үстінде алдағы болатын астың барлық мәселесі сөз болады: жұмыстар бөлініп, жауапты адамдар тағайындалады, қанша мал сойылып, қандай үйлерге қонақ түсірілетініне дейін нақты белгіленіп қойылады

Ұлтымыздың өзін-өзі  басқарудың тағы бір көрінісі – асар болып табылады. Жалғыз-жарым жанның қолынан келе бермейтін (жора-жолдастарының көмегімен де жүзеге асуы екіталай) көптеген адамдардың бір мезгілде, жұмыла жұмыс жасауын талап ететін кезеңде асар жасалынады. Әсіресе үй салғанда сол үйдің төбесін жабуға келгендеасарға шақырып, қауымның көмегіне сүйенеді.

2. Муниципалды құрылымды  басқарудың құрылымыдың европалық жүйесі. (кейде континентальдық жүйе деп те аталады.)

Көптеген батыс елдері Англосаксондық жүйеден көрі европалық  жүйені таңдап алған. Бұл жүйенің басты ерекшелігі – жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқарудың қатар жүргізілуі. Дегенмен бұл жүйеде орталық үікметтің жергілікті органдарды әкімшілік тұрғысынан бақылауға («қамқорлыққа») алуы басым. Орталық үкіметтің қолында сол бақылауды жүргізетін түрлі бюрократтық әдіс-тәсілдер де баршылық. Мысалы, жергілікті органдардың шешімін қолдау не қолдамау, шешімді уақытша тоқтату, кері шақырып алу, жергілікті органды тарату, т.б. Осылардың бәрі бір ғана мақсатты көздейтіні анық, ол – Жергілікті қауымның қызметін Орталыққа тәуелді ету.

Бургомистр мен бөлім  меңгерушілері қалалық Кеңес  сайлайды. Бургомистр бөлім меңгерушілерінің көмегімен басшылық жасайды. Сонымен  қатар ол – кеңестің де төрағасы.

 

 

 

 

 

 

 

 


сайлайды

сайлайды

 

              басқарады                                                              сайлайды

 

 

                жасақтайды                                      бақылайды

                                                                                                        басқарады

сайлайды

 

 

 

 

 

Cурет 4 Муниципалды басқару жүйесінің солтүстік германдық үлгісі

 

(Төменгі Саксония, Солтүстік  Рейн-Вестфалия)

Муниципалдық кеңес  Кеңестің төрағасы және қауымның өкілі  ретінде бургомистрді, басқару органының жетекшісі ретінде қауымның директорын сайлайды. Өкілдік орган, магистраттық құрылым секілді, атқарушы органға қарағанда күштірек болады.

 

 басқарады


                                                    бақылайды

 

 

    құрайды

 

         сайлайды басқарады

 

      сайлайды

 

 

 

(Баден-Вюрттемберг, Бавария)

Сурет 5 Муниципалды басқару жүйесінің оңтүстік германдық үлгісі

 

Бұл үлгі бойынша муниципалдық Кеңес пен бургомистрді азаматтар  тікелей сайлайды. Бургомистрдің  қызметі өте маңызды: ол басқару ісін жүргізеді және, сонымен қоса, муниципалдық Кеңестің төрағасы болады.

 

 

 


 мүше


 

 

сайлайды

 

басқарады

                                                          сайлайды

 

 

жасақтайды

                                                                     бақылайды     басқарады

 

 

сайлайды

 

 

 

Сурет 6 Жаңа құрылған бес федеральдық жерлердің коммуналдық құрылымы

 

Муниципалдық жиналыс  төрағаны немесе президиумды жіәне  басқарудың жетекшісі ретінде бургомистрді сайлайды. Бұл жағдайда өкілдік орган мен атқарушы органдардың ара жігі нақты ашық.

– Муниципалдық немесе қалалық  Кеңес бургомистрді, ал кей жағдайда, бөлім меңгерушілерін сайлайды.

– Бургомистер муниципалдық парламенттің төрағасы және әкімшіліктің (атқарушы органының) жетекшісі болып табылады.

– Кейде бургомистер  мен бөлім меңгерушілері президиум  құрайды да кеңестік құқық туралы, даму туралы не жеке мәселелер жөніндегі  шешімнің жобасын дайындайды.

Франциядағы Муниципалды құрылымды  басқарудың құрылымыдың негізін коммуналар құрайды. Әрбір коммуна өз Кеңестерін сайлайды, ал Кеңес өзінің құрамынан мэр сайлап алады. Мэр өз жұмысын муниципалдық Кеңестің бақылауымен жүзеге асырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 МУНИЦИПАЛДЫ ДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТІ

 

2.1 Муниципалды мекеменің негізгі міндеті мен

функциялары

 

Муниципалды мекеменің негізгі міндеттері:

1) аймақтағы саяси  жоспарлауды ұйымдастыру; мемлекетік  органдардың ішкі саясат саласындағы  қызметін үйлестіруді жан-жақты  қамтамасыз ету;

3) Басқарманың құзырындағы  мәселелер бойынша жүзеге асырылатын бағдарламаларды қаржыландыруды қамтамасыз ету; мемлекеттік қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіреді;

5) аймақтағы қоғамдық-саяси  ахуалды болжау және мониторинг, талдауды ұйымдастыру; саяси партиялар және өзге де қоғамдық бірлестіктердің қызметін ұйымдастыру;

7) басқарушылық шешімдер  қабылдау үшін практикалық ұсыныстар  әзірлеу; аймақтық деңгейде мемлекеттік  ақпараттық саясатты іске асыру;

9) аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттік тапсырысты орындаудағы қызметін үйлестіру; үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) қызметін үйлестіру;

11) мемлекеттік билік  органдарымен өзара әрекеттестік  пен ынтымақтастықты ұйымдастыру;  қоғамның әлеуметтік мәні бар  мәселелерін шешуге ҮЕҰ-ын тарту;

13) мемлекеттік жастар  саясатын жүзеге асыру; саяси  партиялар, қоғамдық-саяси қозғалыстар,  діни бірлестіктердің қызметіне  мониторинг жүргізу; саяси партиялар,  қоғамдық-саяси қозғалыстар, діни  бірлестіктермен өзара әрекеттестік орнатуға арналған концептуалдық негіздер мен практикалық ұсыныстар әзірлеу;

Жергілікті өзін-өзі  басқару мекемелерінің функциялары. Басқарма заңдарда белгіленген тәртіппен төмендегі фунцияларды орындайды:

1) ішкі саясат саласы  бойынша аймақтағы мемлекеттік органдардың стратегиялық, шұғыл, жедел және арнайы жоспарларын үйлестіру, ішкі саясат саласындағы бірыңғай аймақтық іс-әрекет жоспарын келісімге келтіру және әзірлеу; ақпараттық-идеологиялық, ұйымдастырушылық және қоғамдық-саяси кешенді шараларды ұйымдастыру үшін саяси мәні бар жылдық және тоқсандық оқиғалық қатарын қалыптастыру;

2) мемлекеттік ішкі саясаттың негізгі басымдықтарын, Қазақстан Республикасының заңдылықтарын, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауларын, әлеуметтік-экономикалық және саяси дамудың мемлекеттік бағдарламаларын насихаттау мен түсіндіру бойынша бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіруге қатысу; аймақтағы мемлекеттік органдардың ішкі саясат мәселелері бойынша жұмысын, саяси жоспарлауын жақсарту жөніндегі ұсыныстарды үйлестіру;

3) басқарма өкілеттігі деңгейінде бөлім құзырына кіретін облыс Әкімінің шешімдері, өкімдері, заң актілері, концептуалдық құжаттардың жобаларын даярлау және зерделеуге қатысу; ішкі саясат басқармасы құзырына кіретін ішкі саясат мәселелері бойынша жергілікті бюджеттік бағдарламаларды әкімшілік қамтамасыз ету;

4) басқарманың қаржылық-экономикалық жұмысын жүзеге асыру; басқарманың ұйымдастыру-кадрмен жұмысын жүзеге асыру, кадрлармен және кадр резервімен тиімді жұмыс жүргізу бойынша шешімдерді іске асыру; бос мемлекеттік әкімшілік қызметке конкурс өткізу бойыншаи Басқарманың дипломдық комиссиясының, Басқарма қызметкерлерін аттестациядан өткізу үшін атестациялық комиссияның, еңбек өтілін белгілеу жөніндегі комиссиясының қызметін ұйымдастыру;

5) Басқарма қызметкерлерін марапаттауға ұсыну үшін құжаттар әзірлеу; құжаттардың уақытылы және сапалы орындалуын бақылау;

6) ҚР Президентінің және Премьер-Министрінің, Президент Әкімшілігінің және Премьер-Министр Кеңсесінің тапсырмаларының, Президенттің Жарлықтары мен шешімдерінің, Үкімет пен Премьер-Министрдің, министрліктер мен ведомстволардың, Әкім мен Әкімнің орынбасарларының, Басқарма басшылығының қаулылары мен шешімдерінің, Басқарма құзырына кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік бағдарламалар мен шаралардың орындалуын қадағалау; Басқарма құзырына кіретін мәселелер бойынша ҚР Президенті Әкімшілігіне, ҚР Үкіметіне, министрліктер мен ведомстволарға ақпараттық материалдарды беру Графигіне сәйкес мониторинг және талдау ұйымдастыру, сонымен қатар сол ақпараттың уақытылы берілуін қамтамасыз ету;

7) ішкі саясат мәселелері бойынша облыс Әкіміне, ішкі саясат басқармасының бөлімдеріне талдау материалдарын, мемлекет саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстар даярлау. Орталықтағы және жергілікті жерлердегі маңызды саяси оқиғалар, сонымен қатар, қоғамдық-саяси ахуал, діни, ақпараттық-насихаттау және идеология салаларындағы өзгерістер т.б. жөнінде басшылықты уақытылы хабардар ету; саяси партиялар, кәсіподақтар, қоғамдық-саяси қозғалыстар, діни бірлестіктер, тәуелсіз ғылыми-зерттеу орталықтары, қоғамдық пікір жөнінде компьютерлік деректер базасын қалыптастыру және жедел режимде болуын қамтамасыз ету;

8) ішкі саясат мәселелері бойынша аудандар мен қалалардан, атқарушы органдардан Әкім аппаратына ақпарат беру жүйесін ұйымдастыру; үкіметік емес талдау және ғылыми орталықтармен өзара әрекеттестікте ақпарат көздері шеңберін кеңейту. Басқарма құзырына кіретін мәселелер бойынша анықтамалық және өзге әдебиеттерді, мерзімді баспасөздің тақырыптық материалдарын сапалы жетілдіруді қалыптастыру; аймақтағы ішкі саясат процестерін, қоғамдық пікірді, азаматтардың электоралдық көңіл-күйін, мемлекеттік органдардың жұмысын жан-жақты зерделеп, талдау;

9) аудан, қалалардың  орталық және атқарушы органдарымен  мониторинг жүргізудің жүйесі  мен әдістемесін және берілетін ақпараттың сапасын жетілдіру мәселелері бойынша өзара әрекеттестік жүргізу; монитринг жүргізуді жетілдіру бойынша әдістемелік жұмысты, төменгі жүйелердегі қызметкерлермен мониторинг мәселелері бойынша семинар-тренингтер ұйымдастыру; елдегі және шет мемлекеттердегі талдау жұмыстарының тәжірибесін зерделеу .

Информация о работе Муниципалды құрылымдар