Экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасын iске асырудан күтiлетiн нәтижелер

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2011 в 09:56, курсовая работа

Описание работы

Қарағанды қаласын алып қарасақ, қыста қардың беті қарайып жатады. Ол қардың құрамында ауыр металлдардың бар екенін көрсетеді. Сол себепті де жаңбырлы суды да ата бабамыздың уақытындағыдай пайдалана алмаймыз. Қыста көшелерді тазалау барысында жолды тазалау үшін тұз пайдаланылады. Ол жолды тазалауға кететін тұздың үштен екісі су құбырларына түседі, қалғаны қармен шығарылады, ауаға тарайды, топыраққа сініп қалады. Қарды ластайтын, ең алды-мен, мұнай өнімдері, хлор тұз-дары және ауыр металл тұздары. Жол-ды тазалауға шығарған тұз-дың 100%-дан үштен екісіне жуығы су құбырларына түседі, 10%-ы қар-мен бірге шығары-лады, 1%-ы ауаға тарайды, 1%-ы көгалда қалады, қалғаны то-пыраққа түседі. Хлорлы мұздаққа қарсы реагент-тер топырақ пен суға, көгалға ғана емес, инже-нерлік көлік қондыр-ғыларына да теріс ықпалын тигі-зеді.

Содержание

КІРІСПЕ………………………………………………………………………….3
Қазақстанның минералды-шикізат ресурстары......................................5
ЖЕР-ТАБИҒИ РЕСУРС ЖӘНЕ ӨНДІРІС ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕГІ
ІЛІМ..........................................................................................................................7
Қалдықтар.....................................................................................................9
2.2. Қалдықтарды өңдеудің маңызы ..............................................................12
3 Табиғаттың ластануы....................................................................................13
3.1. Бактериологиялық және химиялық ластану.......................................... .17
3.2. Өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтар ................................................19
4. Экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң бағыттары мен негiзгi тетiктерi ...........................................................................................................25
4.1. Экономиканы экологияландыру .................................................................27
4.1.1. Табиғат пайдаланудың экономикалық тетiктерiн жетiлдiру ..............29
4.1.2. Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау жүйесiн жетiлдiру .......................................................29
4.1.3. Табиғат пайдалану мен экологиялық сараптаманың рұқсат ету жүйесiн оңтайландыру .................................................................................................29
4.1.4. Экологиялық мониторинг жүйесiн жетiлдiру ………………………..30
4.1.5. Экологиялық статистика ………………………………………………..31
4.2. Қазақстан Республикасының заңнамасын экологияландыру …………33
4.2.1. Қазақстан Республикасының заңнамасын жетiлдiру ………………..33
4.2.2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жүйеге келтiру …………………………………………………..34
4.3. Қоғамды экологияландыру ………………………………………………35
4.3.1. Экологиялық бiлiм беру және тәрбие ………………………………….35
4.3.2. Экологиялық қауiпсiздiктi ғылыми қамтамасыз ету ………………...36
4.3.3. Экологиялық үгiт-насихат және жұртшылықтың қатысуы …………..37
5. Экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасын iске асырудан күтiлетiн нәтижелер ………………………………………………………………………39
Қорытынды ...........................................................................................................41
Пайдаланған әдебиет.....................

Работа содержит 1 файл

курсоваяАлия.docx

— 89.79 Кб (Скачать)

    4.1.4. Экологиялық мониторинг жүйесiн жетiлдiру

    Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасындағы экологиялық мониторингтi дамытудың деңгейi қазiргi заманғы талаптарға жауап бермейдi.

    Өлшеу аппаратурасымен жарақтануы қажеттi деңгейдiң 40-тан 80%-iнe дейiн бола отырып, бақылау пункттерiнiң мемлекеттiк желiсi олардың оңтайлы санының 20%-iн ғана құрайды. Бақылау және өлшеу техникалық құралдарының тозуы алынатын ақпараттың көлемi мен растығының азаюына әкеледi.

    Түрлi министрлiктер мен ведомстволар мониторингiнiң жүйесiн жеткiлiксiз ведомствоаралық үйлестiру қоршаған ортаның жай-күйiн толық көлемде әдiл бағалауды жүзеге асыруға және уақытылы жедел ақпарат алуға мүмкiндiк бермейдi.

    Ведомстволық  мониторингтiң барлық кәсiпорындары мен мекемелерiн, сондай-ақ өндiрiстiк мониторинг жүйелерiн енгiзе отырып, геоақпараттық жүйелер негiзiнде қоршаған орта мен табиғи ресурстардың экологиялық мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiн құру жөнiндегi шараларды шұғыл түрде қабылдау талап етiледi.

    Оның  жұмыс iстеуi үшiн ақпаратты жинау, жүйелеу, сақтау және тарату үшiн экологиялық ақпарат қорын құру, бақылау және өлшеу жүйелерiнiң қазiргi материалдық-техникалық базасын жаңғырту, барлық мүдделi мемлекеттiк органдардың өзара iс-қимылын ұйымдастыру үшiн нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау қажет.

    4.1.5. Экологиялық статистика 

    Экологиялық статистика стратегиялық және индикативтiк жоспарлардың, мемлекеттiк бағдарламалар мен басқа да бағдарламалық құжаттардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға, Қазақстанның даму деңгейiн, оның әлемдiк қауымдастықтағы орнын айқындауға, мемлекеттiк органдар мен жұртшылық қызметiнiң басым бағыттарын бөле көрсетуге ықпал етедi.

    Алайда, көрсеткiштердi қалыптастыруда жүйелi негiздiң болмауы, сондай-ақ олардың аздығы қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйiнiң өзгеру серпiнiн дұрыс бағалауға мүмкiндiк бермейдi.

    Осы мақсаттарда қоршаған ортаны қорғау саласындағы индикаторлар мен көрсеткiштердiң ғылыми негiзделген жүйесiн әзiрлеу қажет.

    Қоршаған  ортаны қорғау саласындағы индикаторлар мен көрсеткiштердiң жүйесi индикативтi әлеуметтiк-экономикалық жоспарлау мен мемлекеттiк статистика практикасына енгiзiлуi тиiс.

    4.2. Қазақстан Республикасының заңнамасын  экологияландыру 

    Қазақстан Республикасының заңнамасын экологияландыру  қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудегi экожүйе қағидатын ескеру болып табылады және оған Қазақстан Республикасының заңнамасын жетiлдiру және жүйеге келтiру жолымен қол жеткiзiледi.

    4.2.1. Қазақстан Республикасының заңнамасын  жетiлдiру

    Қазақстан құрамына 10 шақты заң мен 200-ден  астам заңға тәуелдi нормативтiк құжаттар кiретiн дамыған экологиялық заңнамаға ие.

    Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын жетiлдiру саласында ең алдымен, дамыған елдердiң экологиялық заңнамасына жақындату және халықаралық стандарттарды енгiзу бағыты алынған.

    Бiрiншi кезеңде, пәрменi қоршаған ортаның жай-күйiне әсер етуi мүмкiн Қазақстан Республикасының барлық басқа да заң актiлерiне табиғат қорғау нормаларын енгiзу қажет.

    2004 жылы мiндеттi экологиялық сақтандыруды енгiзу жөнiндегi және өндiрiс пен тұтыну қалдықтарының мәселелерi жөнiндегi заң актiлерi дайындалады, ал 2006 жылға дейiн экологиялық аудиттi енгiзу қамтамасыз етiлетiн болады. Сақтандыру ұйымдарының қаражатты жинауы қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыру кезiнде елеулi авариялар мен апаттар жағдайында да қоршаған ортаға зиянды өтеуге кепiлдiк беруi тиiс.

    Экологиялық аудит өз кезегiнде кәсiпорындар мен ұйымдарға қоршаған ортаны ластаудың нормативтiк көрсеткiштерiне экономикалық тұрғыдан ұтымды әдiстерiмен қол жеткiзуге көмектесуi тиiс.

    4.2.2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы  Қазақстан Республикасының заңнамасын  жүйеге келтiру

    Қазақстан Республикасы заңнамасының дамығандығы  мен әртараптылығы оны пайдалануда  белгiлi қиындықтарды да тудырады. Көптеген экологиялық заңдар өзара байланысты және бiрiн өзгерту басқаларын өзгертудi талап етедi, ол елеулi еңбек шығындарымен қатар Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының жалпы жүйесiн бұзады, заңдар мен заңға тәуелдi актiлердiң қайшылықтарын тудырады.

    Мұнымен қатар, аталған заңдарды iске асыру үшiн заңға тәуелдi көптеген нормативтiк құжаттар қажет болады.

    Осымен  байланысты, Қазақстан Республикасының  заңнамасын одан әрi реформалауды экологиялық заңнама нормаларын ұлғайтуға емес, оларды жүйеге келтiру мен пәрмендiлiгiн арттыруға бағыттау қажет. Нақ осы мiндеттi Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын жинақтау қоршаған орта мен табиғи ресурстарды сақтау жөнiндегi нормаларын қорытындылау, жүйеге келтiру және нақтылау шеше алады.

    Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық құжаттарға сiлтемесiз, тiкелей әрекеттi ережелердiң көпшiлiгiн қоршаған ортаны қорғау туралы кодексте көрсету жоспарлануда.

    Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамасын жинақтау процесi 2006 жылдың аяғына дейiн аяқталуы тиiс.

    4.3. Қоғамды экологияландыру 

    Қоғамды экологияландыру - бұл адамның табиғатпен үйлесiмдiлiгiне қол жеткiзуге бағытталған қоғам көзқарасының жүйесiн қалыптастыру процесi. Оны жүзеге асыру экологиялық бiлiм беру мен тәрбиелеудi дамыту, ғылыми қамтамасыз ету, экологиялық үгiт-насихат және жұртшылықтың қатысуы жолымен жүргiзiледi.

    4.3.1. Экологиялық бiлiм беру және тәрбие

    Қоғамның  экологиялық мәдениетiн қалыптастырудың негiзi ретiнде экологиялық бiлiм берудi дамыту үшiн:

    бiлiм берудiң барлық деңгейiндегi оқу бағдарламаларына экология және тұрақты даму мәселелерiн енгiзу жолымен үздiксiз экологиялық бiлiм берудiң жүйесiн қалыптастыру;

    мiндеттi және қосымша бiлiм беру жүйесiнiң барлық деңгейi үшiн экология саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру;

    экологиялық бiлiм берудi мемлекеттiк қолдау қажет;

    табиғи  жүйелердiң экологиялық сыйымдылығы мен олардың тұрақтылық шектерiн айқындау;

    экологиялық таза және pecуpc үнемдейтiн технологияларды, өндiрiстердi, шикiзаттың түрлерiн, материалдарды, өнiм мен жабдықты, оның iшiнде ауыл шаруашылығында, әзiрлеу;

    биологиялық әртүрлiлiктi, биоқауiпсiздiктiң ғылыми негiздерiн сақтау проблемасын зерделеу;

    климаттың ықтимал жаhандық және өңiрлiк өзгерiстерiн және табиғи орта үшiн оның салдарларын зерттеу;

    экологиялық қатерлердi айқындаудың ғылыми негiздерiн әзiрлеу;

    ластанулардың алдын алу мен жоюдың, қоршаған ортаны оңалту және қауiптi қалдықтарды кәдеге жаратудың құралдары мен әдiстерiн әзiрлеу;

    адамдардың  аурулары мен қоршаған орта сапасы өзгерiстерiнiң арасындағы байланысты зерделеу;

    қоршаған  ортаны қорғау саласындағы жинақталған  бiлiмдi жүйелеу және ғылыми зерттеулердi үйлестiру.

    Экологиялық қауiпсiздiк саласындағы ғылыми зерттеулердi бюджеттiк бағдарламалар және халықаралық гранттар арқылы мемлекеттiк тапсырыс бойынша ғылыми мекемелер жүргiзедi.

    4.3.2. Экологиялық қауiпсiздiктi ғылыми қамтамасыз ету

    Экологиялық қауiпсiздiктi ғылыми қамтамасыз ету тұрақты дамуға көшудiң теориялық және технологиялық негiздерiн қалыптастыруды көздейдi және iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулердiң мынадай кешенiн қамтиды:

    табиғи  жүйелердiң экологиялық сыйымдылығы мен олардың тұрақтылық шектерiн айқындау;

    экологиялық таза және pecуpc үнемдейтiн технологияларды, өндiрiстердi, шикiзаттың түрлерiн, материалдарды, өнiм мен жабдықты, оның iшiнде ауыл шаруашылығында, әзiрлеу;

    биологиялық әртүрлiлiктi, биоқауiпсiздiктiң ғылыми негiздерiн сақтау проблемасын зерделеу;

    климаттың ықтимал жаhандық және өңiрлiк өзгерiстерiн және табиғи орта үшiн оның салдарларын зерттеу;

    экологиялық қатерлердi айқындаудың ғылыми негiздерiн әзiрлеу;

    ластанулардың алдын алу мен жоюдың, қоршаған ортаны оңалту және қауiптi қалдықтарды кәдеге жаратудың құралдары мен әдiстерiн әзiрлеу;

    адамдардың  аурулары мен қоршаған орта сапасы өзгерiстерiнiң арасындағы байланысты зерделеу;

    қоршаған  ортаны қорғау саласындағы жинақталған  бiлiмдi жүйелеу және ғылыми зерттеулердi үйлестiру.

    Экологиялық қауiпсiздiк саласындағы ғылыми зерттеулердi бюджеттiк бағдарламалар және халықаралық гранттар арқылы мемлекеттiк тапсырыс бойынша ғылыми мекемелер жүргiзедi.

    4.3.3. Экологиялық үгiт-насихат және жұртшылықтың қатысуы

    Халықтың  арасында экологиялық ақпарат таратудың  экология қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерiн шешуде үлкен ағартушылық-үгiт-насихаттық мәнi бар. Бұл жұмыста орталық, облыстық және аудандық бұқаралық ақпарат құралдары қатыстырылуы тиiс.

    Сонымен бiрге, берiлетiн материалдардың сапасын, жеделдiгiн және өзектiлiгiн арттыру жөнiнде шаралар қабылдау қажет. Мемлекеттiк органдар олар бойынша ресми материалдар беру арқылы өзектi экологиялық проблемаларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауы тиiс. Бұл үшiн интернетте экологиялық сайттар құрып, онда ресми ақпаратты орналастыру, ғылыми мақалаларды, монографияларды жариялауды жалғастыру, экологиялық газеттер мен журналдар басып шығару қажет.

    Экологиялық проблемаларды шешуде барлық мүдделi азаматтардың қатысуының тиiмдiлiгiн ескере отырып, мемлекеттiк органдар экологиялық ақпаратқа тиiстi қол жеткiзудi, қоршаған орта қорғау саласындағы шешiмдердi қабылдауды қамтамасыз етуi тиiс. Бұл әдiс сұралатын ақпаратты берумен және қоршаған ортаға айтарлықтай әсер ететiн iрi шаруашылық жобалар бойынша қоғамдық тыңдаулар өткiзумен қамтамасыз етiлетiн болады.

    Экологиялық үгiт-насихатта және ағартушылықта табиғатпен үйлесiмдiктегi салауатты өмiр салтын насихаттауға, экологиялық туризмдi дамытуға ерекше рөл арттылуы тиiс.

    Халықаралық конвенциялар бойынша мiндеттемелерге сәйкес үкiметтiк емес экологиялық ұйымдардың әлеуетiн қоғамдық бақылауды жандандыру, қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргiзу арқылы экологиялық проблемаларды шешуге, қоршаған ортаның сапасын жақсарту мәселелерi бойынша қоғамдық көзқарасты қалыптастыруға қатысуға бағыттау қажет.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    5. Экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасын iске асырудан күтiлетiн нәтижелер

    Осы құжаттың ережелерiн iске асыру республикалық деңгейде iс-шаралар жоспарын әзiрлеудi, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мен ұтымды табиғат пайдалану саласында мемлекеттiк қолдау және реттеу шараларын әзiрлеудi және iске асыруды көздейдi.

    Осы құжаттың ережелерiн қоғам мен мемлекет қызметiнiң жекелеген салаларына және экология саласындағы мемлекеттiк саясатты жүргiзу ерекшелiктерiне қатысты нақтылау Қазақстан Республикасының мемлекеттiк, өңiрлiк және салалық бағдарламаларын әзiрлеу кезiнде жүзеге асырылуы мүмкiн.

    Бiрiншi кезеңде (2004-2007 жылдар) Қоршаған ортаны қорғаудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданып, iске асырылатын, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық сақтандыру, өндiрiс және тұтыну қалдықтары, экологиялық аудит туралы мәселелердi реттеуге бағытталған заң aктiлерi әзiрленетiн, қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай жүйесi құрылатын болады.

    Бұдан басқа келесi бағдарламалар:

    төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюдың мемлекеттiк жүйесiн дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған;

    2015 жылға дейiн Қазақстан Республикасында қызған газдардың шығарындыларын азайту жөнiндегi;

    cу  үнемдеу жөнiндегi;

Информация о работе Экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасын iске асырудан күтiлетiн нәтижелер