Экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасын iске асырудан күтiлетiн нәтижелер

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2011 в 09:56, курсовая работа

Описание работы

Қарағанды қаласын алып қарасақ, қыста қардың беті қарайып жатады. Ол қардың құрамында ауыр металлдардың бар екенін көрсетеді. Сол себепті де жаңбырлы суды да ата бабамыздың уақытындағыдай пайдалана алмаймыз. Қыста көшелерді тазалау барысында жолды тазалау үшін тұз пайдаланылады. Ол жолды тазалауға кететін тұздың үштен екісі су құбырларына түседі, қалғаны қармен шығарылады, ауаға тарайды, топыраққа сініп қалады. Қарды ластайтын, ең алды-мен, мұнай өнімдері, хлор тұз-дары және ауыр металл тұздары. Жол-ды тазалауға шығарған тұз-дың 100%-дан үштен екісіне жуығы су құбырларына түседі, 10%-ы қар-мен бірге шығары-лады, 1%-ы ауаға тарайды, 1%-ы көгалда қалады, қалғаны то-пыраққа түседі. Хлорлы мұздаққа қарсы реагент-тер топырақ пен суға, көгалға ғана емес, инже-нерлік көлік қондыр-ғыларына да теріс ықпалын тигі-зеді.

Содержание

КІРІСПЕ………………………………………………………………………….3
Қазақстанның минералды-шикізат ресурстары......................................5
ЖЕР-ТАБИҒИ РЕСУРС ЖӘНЕ ӨНДІРІС ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕГІ
ІЛІМ..........................................................................................................................7
Қалдықтар.....................................................................................................9
2.2. Қалдықтарды өңдеудің маңызы ..............................................................12
3 Табиғаттың ластануы....................................................................................13
3.1. Бактериологиялық және химиялық ластану.......................................... .17
3.2. Өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтар ................................................19
4. Экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң бағыттары мен негiзгi тетiктерi ...........................................................................................................25
4.1. Экономиканы экологияландыру .................................................................27
4.1.1. Табиғат пайдаланудың экономикалық тетiктерiн жетiлдiру ..............29
4.1.2. Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау жүйесiн жетiлдiру .......................................................29
4.1.3. Табиғат пайдалану мен экологиялық сараптаманың рұқсат ету жүйесiн оңтайландыру .................................................................................................29
4.1.4. Экологиялық мониторинг жүйесiн жетiлдiру ………………………..30
4.1.5. Экологиялық статистика ………………………………………………..31
4.2. Қазақстан Республикасының заңнамасын экологияландыру …………33
4.2.1. Қазақстан Республикасының заңнамасын жетiлдiру ………………..33
4.2.2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жүйеге келтiру …………………………………………………..34
4.3. Қоғамды экологияландыру ………………………………………………35
4.3.1. Экологиялық бiлiм беру және тәрбие ………………………………….35
4.3.2. Экологиялық қауiпсiздiктi ғылыми қамтамасыз ету ………………...36
4.3.3. Экологиялық үгiт-насихат және жұртшылықтың қатысуы …………..37
5. Экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасын iске асырудан күтiлетiн нәтижелер ………………………………………………………………………39
Қорытынды ...........................................................................................................41
Пайдаланған әдебиет.....................

Работа содержит 1 файл

курсоваяАлия.docx

— 89.79 Кб (Скачать)

    Қазақстанның  түсті металлургиясының шикізат  базасы ретінде тек күлді ғана емес, өндірілетін руданың құрамында  бірқатар металдардың мөлшері көптеген жылдар бойы мол жинақталган жүздеген миллион тонна шлактарды да пайдалану  кеңінен қарастырылуда. Геологиялык. барлау жасауға, тасымалдауга, рудниктер  және байыту фабрикаларын салуға қаражат  жұмсалмайтынына байланысты шлактардан алынғап металдардың өзіндік  құны рудадан алынғаннан бірнеше  есе төмен болады. 
Қазақстанның тусті жәнс кара металлургия саласындағы көптеген өнеркәсіптерден бөлініп шығатын газдар күкірт қышқылын алуға шикізат ретінде пайдаланылып келеді. Металлургия өнеркәсіптерінің құрамында күкірті бар газдардан алынған қышқылдың өзіндік кұны, сонымсн катар, 1 т өнімге жүмсалған қаржының үлсс салмағы табиғи шикізаттан өндірілген күкірт қышқылына қарағанда 2 еседей төмен. 
Кені бар шикізатты кешенді түрде пайдалануды мақсатқа ала отырып, Орталық жәнс Солтүстік Қазақстанда металлургиялык өндірістерінің калдықтарын колдану аркылы азот, фосфор жоне баска да минералдық тыңайткыштарды өндіруге бағытталған химия өнеркәсібі дамуда. 

    Азот  тыңайтқыштарын алуға оттекті өндіргенде шыққан металлургиялық өнеркәсіп қалдықтары пайдаланылады. Сульфитті рудаларды  күйдіргенде бөлінген газдардан  алынған күкірт қышқылы аммоний  суперфосфатын, сульфатын және гидросульфатын алуға қолданылады. 
Металл сынықтары өнеркәсіп калдықтарының ішінде ерекше назар аударуға тұратын калдыққа жатады. Өндіріс процестерінен шығатын металл сынықтарының жалпы көлемінің 67% кесінділерден, металл ұнтақтарынан, жоңқадан, табақша үлгілерден, 31%-ті амортизациялык сынықтардан, қалған 2%-ті қоқыстан алынғап металл қалдықтарынан түрады. 

    Амортизациялық  сынықтарға шығынға жіберген, істен  шыққан жабдықтар, саймандар, бұйымдар және т. б. инвентарлар жатады. Мысалы, вагондар мен рельстердің 30 жыл, кемелердің 25 жыл, көпірлердің 100 жыл, автомобильдердің 10 жыл, электр қуатын жүргізу жолының қолдану мерзімі 50 жыл ғана.

    Машина  жасайтын өнеркәсіптерде амортизациялык сынықтардың 55% технологиялық жабдықтар  мен саймандарды ауыстырған кезде  шығады. Өндірістегі металл қалдықтарыныи  өңдеуге жататын көлемі металдар мен ерітпе қоспаларының мөлшеріне  байланысты келеді. Қалдықтардың шығатын  негізгі көздерінс мсталдарды механикалық  өндеу, түрлі формаларға келтіру, құю процестері жатады.

    Металлургиялық  өнеркәсіптер тек металл сынықтары  мен қалдықтар шығаратын көз  ғана емес, сонымсн қатар олар негізгі  пайдаланушының қатарына жатады. 1 тонна  электрлік болат өндіруде 940 кг, 1 т мартен болатына 500 кг, 1 т шойын  алуға 20 кг-нан 700 кг-ға дейін металл сыныктары пайдаланылады. Металл сынықтарынан алынған болаттың құны рудадан алғаннан 60-70%-тей арзанға түссді.

    Шет елдерде ерекше назар алюминий жәие қаңылтыр банкілерін жинау мен өндеуге  аударылады. АҚШ-та кайтадан өнделіп  шығарылған алғашқы өнімдер алюминий ыдыстары болған. 1990 жылы жасалған 88 млрд. банкілердің 55 миллиарды, яғни 62,5% қайтадан өндеу арқылы қалдыктардан алынған. Қалдықтарды өндеу арқылы алынатын алюминий мен қаңылтыр банкілерінің мөлшері Ұлыбританияда 5%-тен, ал Батыс  Еуропа елдерінде 25% тен асқан емес, экономикалық түрғыдан карағанда, қолданылған  банкілерді өңдеп, кайтадан өнім алу  арзан түсетініне байланысты болашақта  осы жол кеңінен пайдаланылатынына  күмән жоқ деуге болады, себебі бастапқы шикізаттан өндіргеннен гөрі қалдыктардан банкілср шығарғанда 10 еседей аз мөлшерде энергия жүмсалады.

    Өте қиын және де кідіртуге болмайтын  проблемаларға пластмасса мен әртүрлі  полимерлі материалдарды өңдеу  және қайтадан пайдалану жатады. Бұл  проблемалар жарым-жартылай шешілген, себебі оларды өңдеуден өткізу үшін алдымен  ұқыпты түрде сұрыптау және бөлектеу қажет. Сонан соң олар үгітіліп, жуылып, бөлініп болған соң, белгілі өнім түрлерін алуға пайдаланылады. Белгілі  анықталынған сипаттамасы болмаған ала-құла (әр текті) пластмассалар тек  төменгі сортты материалдар алуға  жұмсалады. Полиуретан мен жасанды  талшықтардан жасалған кейбір бүйымдарды кайтадан өңдеу өте қиынға түседі, биохимиялык ыдырауға түспейтін  болғандыктан олар көмуге де жатпайды, сондыктан қазіргі кезде орын алған шешімсіз проблемалардың бірі пластмассалық жарамсыз қалдықтар. Дүние жүзі бойынша жыл сайын 80 млн. тоннаның үстінде шығарылатын пластмассалардың 70%-нен артығы автокөліктер аккумуляторлары мен азық-түлік салатын ыдыстар түрінде калдықка айналып отырады.

    Соңғы 15-20 жылда пластмассалардың жаңадан  жетілдірілген түрлерін жасау максатында ғылыми-зерттеу жұмыстары карқынды түрде жүргізілуде. Негізгі мақсат мұнайдан өндірілетін әдеттегідей  арзан пластмассалардың орнына табиғи жағдайда биологиялық жолмен микрооргағшзмдердің  қатысуымен қоршаған ортаға залал келтірмейтін қосылыстарға ыдырайтын түрлерін алу. Осындай полимерлі материалдар  ауылшаруашылык дақылдарынан (жүге-ріден, картофельден, катты тағам қалдықтарынан) алынған крахмал немесе целлюлоза  мен полиэтилен қоспаларынан алынады.

    Биологиялық жолмен ыдырайтын полимерлерге химиялық синтез арқылы алынған синтетикалық полиэфирлер және микроорганизмдердің  катысуымен түзілгсн биополимерлер, биосахаридтср  жатады. Осындай жаңа материалдар  толығымен дымқылды жағдайда биохимиялық  жолмен ыдырайды және әртүрлі жағдайда қолдаланылады. Биоиолимерлерден негізінде  бірсыпыра өнімдер шығарыла бастады. Мысалы, бұрынғы полистиролдан жасалған жоңқалардың орнына амортизациялык буып-түюге арналған жоңқалар, орауыш қаптар, бір реттік әртүрлі ыдыс-аяктар, контейнерлер және т. б. жасалуда. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  1. Табиғаттың ластануы

    Табиғаттың  ластануы дегенде біз оған тән  емес агенттердің енуі немесе бар  заттардың консентрациясының (химиялық, физикалық, биологиялық) артуын, санның нәтижесінде қолайсыз әсерлер туғызуын түсінеміз. Ластандырушы заттарға тек  улы заттар ғана емес, зиянды емес немесе ағзаға қажет заттың оптималды консентрациядан  артық болуы да жатады.

      Ластануды жүйенің тепе – теңдігін  бұзатын кез келген агент ретінде  бағалауға болады.

      Ластану әр түрлі белгілері  бойынша жіктеледі:

    • шығу тегі бойынша:

      табиғи және жасанды (антропогенді);

    • пайда болу көзіне байланысты:

      а) өндірістік, ауыл шаруашылық, транспорттық  және т.б.;

      ә) нүктелік (өнеркәсіп орнының  құбыры), объектілі (өнеркәсіп орны), шашыраған (егістік танабы, бүкіл  экожүйе), трансгрессивті (басқа аймақтар  мен мемлекеттерден енетін);

    • әсер ететін ауқымына байланысты: ғаламдық, аймақтық, жергілікті;

    • қоршаған ортаның элеметтері бойынша: атмосфера, топырақ, гидросфера және оның әр түрлі құрам бөліктері (әлемдік  мұхит, тұщы су, жер асты сулары, өзен сулары және т.б.);

    • әсер ететін жеріне байланысты: химиялық (химиялық заттар мен элементтер), физикалық (радиоактивті, радиациялық жылулық, шу, электромагниттік), физико – химиялық (аэрозольдер), биологиялық (микробиологиялық және т.б);

    • әсер етудің периодтылығына байланысты: бірінші ретті (өнеркәсіп орындарының  қалдықтары), екінші ретті (смогты құбылыстардың  өнімдері);

    • тұрақтылық дәрежесі бойынша: өте тұрақты  – 100 және 1000 жыл тұратын (азот, оттегі, аргон және басқа инертті газдар), тұрақты – 5-25 жыл (көмірқышқыл газы, метан, фреондар), тұрақсыз (су буы, көміртегі  тотығы, күкіртті газ, күкіртсутек, азоттың  қостотығы, озон қабатындағы фреон).

    Неғұрлым  ластаушы зат тұрақты болса, оның қоршаған ортада жиналу эффекті жоғары. Кез келген ластаушы затты үш параметр бойынша бағалауға болады: қоршаған ортаға түсетін көлеміне, улылығына  және тұрақтылық дәрежесіне қарай. Мысалы, көмірқышқыл газының қолайсыз эффектісін оның қоршаған ортаға түсетін көлеміне және ұзақ сақталу уақытына, олай болса  оның жинақталуы және осыған байланысты парниктік эффекттің пайда болуы  қамтамасыз етеді.

      Өндірілетін ресурстардың тек  2 – 3% ғана пайдалы өнім ретінде  қолданылады, ал қалғаны қалдықтар  (бос жыныс, шлактар және т.б).

      Адам қызметінің көңіл аударарлық  нәтижесіне қоршаған ортаға оған  тән емес, тірі ағзалар үшін  бөтен (ксенобиотиктер) заттардың  шығарылуы жатады. Тбиғатта 2 мыңдай  бейорганикалық және шамамен  2 млн. органикалық қосылыстар  бар. Адам қазір 8 млн. – нан  астам қосылыстарды синтездей  алады. Жыл сайын олардың саны  бірнеше мыңға артып отырады. 

      Жер бетіндегі адам мекен етпейтін  кеңістіктің болуы (құрлықтың  жалпы ауданы 149 млн. км2 болса,  мұндай жерлердің үлесіне шамамен  48 млн. км2 тиеді) қазіргі дағдарыстың  ғаламдық сипатын жоққа шығармайды. Бұл ең алдымен атмосфера мен  судың қозғалғыштығына байланысты. Мысалы, мұнайлы қабықшамен әлемдік  мұхиттың бетінің 15 – 25% ластанған.  Қазіргі кезде атомдық двигательдер  мен радиоактивтік қалдықтардың  көмілуі нәтижесінде әлемдік  мұхиттың радиоактивті ластануы  зор қауіп төніп отыр.

      Табиғат ресурстарын пайдалану  жылулық ластанумен, яғни жер  маңы кеңістігінде қосымша энергияның  жиналуымен байланысты.

      Биосфераның жылулық балансының  бұзылуын атмосфераның шаңдануының  артуы, өсімдік жабынының булануының  өзгеруі, топырақ пен су қоймаларының  бетінен ластануының өзгеруі  қамтамасыз етеді. Мұнайлы қабықша  булануды 20 – 30% - ға тежейді. Нәтижеде  ғалымдардың болжауы бойынша  ауаның орташа жылдық температурасы  1 – 30С – ға артады. Ал мұның  өзі биосфераның термодинамикалық  немесе жылулық дағдарыс жағдайына  өтуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.

      Қазіргі кездегі озон қабатын  бұзатын негізгі антропогенді  фактор фреондар болып есептеледі. Соңғы жылдары атмосфераның жоғары  қабатындағы озонның мөлшерінің  кемуі байқалуда. Солтүстік жарты  шардың орталық және жоғары  ендіктерінде бұл кему 3% құраған.  Мәліметтер бойынша озонның 1% - ға кемуі терінің қатерлі ісігімен ауру деңгейін 5 – 7% - ға арттыруы мүмкін.

      Көптеген мемлекеттер фреондардың  өндірісін 50% кеміту және оларды  басқа пропиленттермен алмастыру  туралы міндеттеме қабылдады.

    Судың ластануы. Ластануға судың барлық категориялары: мұхит, континенттік, жерасты, әртүрлі дәрежеде ұшырайды.

      Судың ластануы ең бірінші  рет су қоймаларына әр түрлі  ластаушы заттардың келіп түсуіне  байланысты болады. Екінші ретті  ластану бірінші ретті ластаушылардың  әр түрлі тізбекті реакцияларға  түсуі арқылы жүреді. Ластаушы  заттарға негізінен топырақ эрозиясының  өнімдері, минералдық тыңайтқыштар, улы химикаттар және т.б заттар  жатады. Ластаушы заттардың басым  көпшілігін амосфералық жауын  – шашын әкеледі. Сулардың  канализация ағысымен, тұрмыстық  қалдықтармен, өнеркәсіп орындарының  қалдықтарымен, су таранспорттарымен  ластану үлесі де жоғары. Қазір  бүкіл планетада іс жүзінде  қандай да бір дәрежеде адам  қызметі нәтижесінде ластанбаған  беттік тұщы су көзі жоқ  деуге болады.

      Қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерінің  бірі – радиациялық ластану  болып қалып отыр. Қазақстан территориясында  қуатты ядролық сынақтардың ең  көп мөлшері жасалды. Олар еліміздің  территориясының біраз бөлігінің  радиациялық ластануына әкелді. Қазақстан территориясында радиациялық  ластану себептеріне мыналар  жатады: Семей ядролық полигонында  жасалған жарылыстардың салдары,  радиоактивті материалдарды пайдаланатын  атомдық өнеркәсіп орындары, ғламдық  жауындар, халық шаруашылық мәселелерін  шешу мақсатында жасалған жер  асты ядролық жарылыстар, табиғи  радиоактивтілік, радиоактивті қалдықтар.

    1. Шикізат қалдықтары

    Маңызды шикізат қорына қалдықтардың ішінде күл мен қокысты жатқызуга  болады. Осы күнды материалдың  казіргі кезде 20%-тен аспайтын бөлігі ғана өңделінеді. Кул негізінде цементке толтырғыш ретіндс қолданыдады. Түтін газдарынан алынған 1,3 т қоңыр  көмірдің күлі 1т цемснттің орнын  толтырады. Қоңыр көмір күлінің  күрамында 5-30% темірдің оксиді, 30% әк жөне едәуір мөлшерде коксталған көмірдің қалдығы бар екендігіне байланысты металлургияда оны темір концентратын алу үшін пайдалануға мүмкіндік бар.

    Қазақстанның  түсті металлургиясының шикізат  базасы ретінде тек күлді ғана емес, өндірілетін руданың құрамында  бірқатар металдардың мөлшері көптеген жылдар бойы мол жинақталган жүздеген миллион тонна шлактарды да пайдалану  кеңінен қарастырылуда. Геологиялык. барлау жасауға, тасымалдауга, рудниктер  және байыту фабрикаларын салуға қаражат  жұмсалмайтынына байланысты шлактардан алынғап металдардың өзіндік  құны рудадан алынғаннан бірнеше  есе төмен болады. 
Қазақстанның тусті жәнс кара металлургия саласындағы көптеген өнеркәсіптерден бөлініп шығатын газдар күкірт қышқылын алуға шикізат ретінде пайдаланылып келеді. Металлургия өнеркәсіптерінің құрамында күкірті бар газдардан алынған қышқылдың өзіндік кұны, сонымсн катар, 1 т өнімге жүмсалған қаржының үлсс салмағы табиғи шикізаттан өндірілген күкірт қышқылына қарағанда 2 еседей төмен.

Информация о работе Экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасын iске асырудан күтiлетiн нәтижелер