Экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасын iске асырудан күтiлетiн нәтижелер

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2011 в 09:56, курсовая работа

Описание работы

Қарағанды қаласын алып қарасақ, қыста қардың беті қарайып жатады. Ол қардың құрамында ауыр металлдардың бар екенін көрсетеді. Сол себепті де жаңбырлы суды да ата бабамыздың уақытындағыдай пайдалана алмаймыз. Қыста көшелерді тазалау барысында жолды тазалау үшін тұз пайдаланылады. Ол жолды тазалауға кететін тұздың үштен екісі су құбырларына түседі, қалғаны қармен шығарылады, ауаға тарайды, топыраққа сініп қалады. Қарды ластайтын, ең алды-мен, мұнай өнімдері, хлор тұз-дары және ауыр металл тұздары. Жол-ды тазалауға шығарған тұз-дың 100%-дан үштен екісіне жуығы су құбырларына түседі, 10%-ы қар-мен бірге шығары-лады, 1%-ы ауаға тарайды, 1%-ы көгалда қалады, қалғаны то-пыраққа түседі. Хлорлы мұздаққа қарсы реагент-тер топырақ пен суға, көгалға ғана емес, инже-нерлік көлік қондыр-ғыларына да теріс ықпалын тигі-зеді.

Содержание

КІРІСПЕ………………………………………………………………………….3
Қазақстанның минералды-шикізат ресурстары......................................5
ЖЕР-ТАБИҒИ РЕСУРС ЖӘНЕ ӨНДІРІС ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕГІ
ІЛІМ..........................................................................................................................7
Қалдықтар.....................................................................................................9
2.2. Қалдықтарды өңдеудің маңызы ..............................................................12
3 Табиғаттың ластануы....................................................................................13
3.1. Бактериологиялық және химиялық ластану.......................................... .17
3.2. Өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтар ................................................19
4. Экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң бағыттары мен негiзгi тетiктерi ...........................................................................................................25
4.1. Экономиканы экологияландыру .................................................................27
4.1.1. Табиғат пайдаланудың экономикалық тетiктерiн жетiлдiру ..............29
4.1.2. Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау жүйесiн жетiлдiру .......................................................29
4.1.3. Табиғат пайдалану мен экологиялық сараптаманың рұқсат ету жүйесiн оңтайландыру .................................................................................................29
4.1.4. Экологиялық мониторинг жүйесiн жетiлдiру ………………………..30
4.1.5. Экологиялық статистика ………………………………………………..31
4.2. Қазақстан Республикасының заңнамасын экологияландыру …………33
4.2.1. Қазақстан Республикасының заңнамасын жетiлдiру ………………..33
4.2.2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жүйеге келтiру …………………………………………………..34
4.3. Қоғамды экологияландыру ………………………………………………35
4.3.1. Экологиялық бiлiм беру және тәрбие ………………………………….35
4.3.2. Экологиялық қауiпсiздiктi ғылыми қамтамасыз ету ………………...36
4.3.3. Экологиялық үгiт-насихат және жұртшылықтың қатысуы …………..37
5. Экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасын iске асырудан күтiлетiн нәтижелер ………………………………………………………………………39
Қорытынды ...........................................................................................................41
Пайдаланған әдебиет.....................

Работа содержит 1 файл

курсоваяАлия.docx

— 89.79 Кб (Скачать)

    Кені  бар шикізатты кешенді түрде  пайдалануды мақсатқа ала отырып, Орталық жәнс Солтүстік Қазақстанда  металлургиялык өндірістерінің калдықтарын  колдану аркылы азот, фосфор жоне баска  да минералдық тыңайткыштарды өндіруге бағытталған химия өнеркәсібі дамуда. 
Азот тыңайтқыштарын алуға оттекті өндіргенде шыққан металлургиялық өнеркәсіп қалдықтары пайдаланылады. Сульфитті рудаларды күйдіргенде бөлінген газдардан алынған күкірт қышқылы аммоний суперфосфатын, сульфатын және гидросульфатын алуға қолданылады.

    Металл  сынықтары өнеркәсіп калдықтарының  ішінде ерекше назар аударуға тұратын  калдыққа жатады. Өндіріс процестерінен  шығатын металл сынықтарының жалпы  көлемінің 67% кесінділерден, металл ұнтақтарынан, жоңқадан, табақша үлгілерден, 31%-ті амортизациялык сынықтардан, қалған 2%-ті қоқыстан алынғап металл қалдықтарынан  түрады. 
Амортизациялық сынықтарға шығынға жіберген, істен шыққан жабдықтар, саймандар, бұйымдар және т. б. инвентарлар жатады. Мысалы, вагондар мен рельстердің 30 жыл, кемелердің 25 жыл, көпірлердің 100 жыл, автомобильдердің 10 жыл, электр қуатын жүргізу жолының қолдану мерзімі 50 жыл ғана.

    Машина  жасайтын өнеркәсіптерде амортизациялык сынықтардың 55% технологиялық жабдықтар  мен саймандарды ауыстырған кезде  шығады. Өндірістегі металл қалдықтарыныи  өңдеуге жататын көлемі металдар мен ерітпе қоспаларының мөлшеріне  байланысты келеді. Қалдықтардың шығатын  негізгі көздерінс мсталдарды механикалық  өндеу, түрлі формаларға келтіру, құю процестері жатады.

    Металлургиялық  өнеркәсіптер тек металл сынықтары  мен қалдықтар шығаратын көз  ғана емес, сонымсн қатар олар негізгі  пайдаланушының қатарына жатады. 1 тонна  электрлік болат өндіруде 940 кг, 1 т мартен болатына 500 кг, 1 т шойын  алуға 20 кг-нан 700 кг-ға дейін металл сыныктары пайдаланылады. Металл сынықтарынан алынған болаттың құны рудадан алғаннан 60-70%-тей арзанға түссді.

    Шет елдерде ерекше назар алюминий жәие қаңылтыр банкілерін жинау мен өндеуге  аударылады. АҚШ-та кайтадан өнделіп  шығарылған алғашқы өнімдер алюминий ыдыстары болған. 1990 жылы жасалған 88 млрд. банкілердің 55 миллиарды, яғни 62,5% қайтадан өндеу арқылы қалдыктардан алынған. Қалдықтарды өндеу арқылы алынатын алюминий мен қаңылтыр банкілерінің мөлшері Ұлыбританияда 5%-тен, ал Батыс  Еуропа елдерінде 25% тен асқан емес, экономикалық түрғыдан карағанда, қолданылған  банкілерді өңдеп, кайтадан өнім алу  арзан түсетініне байланысты болашақта  осы жол кеңінен пайдаланылатынына  күмән жоқ деуге болады, себебі бастапқы шикізаттан өндіргеннен гөрі қалдыктардан банкілср шығарғанда 10 еседей аз мөлшерде энергия жүмсалады. 
Өте қиын және де кідіртуге болмайтын проблемаларға пластмасса мен әртүрлі полимерлі материалдарды өңдеу және қайтадан пайдалану жатады.

    Бұл проблемалар жарым-жартылай шешілген, себебі оларды өңдеуден өткізу үшін алдымен  ұқыпты түрде сұрыптау және бөлектеу қажет. Сонан соң олар үгітіліп, жуылып, бөлініп болған соң, белгілі өнім түрлерін алуға пайдаланылады. Белгілі  анықталынған сипаттамасы болмаған ала-құла (әр текті) пластмассалар тек  төменгі сортты материалдар алуға  жұмсалады. Полиуретан мен жасанды  талшықтардан жасалған кейбір бүйымдарды кайтадан өңдеу өте қиынға түседі, биохимиялык ыдырауға түспейтін  болғандыктан олар көмуге де жатпайды, сондыктан қазіргі кезде орын алған шешімсіз проблемалардың бірі пластмассалық жарамсыз қалдықтар. Дүние жүзі бойынша жыл сайын 80 млн. тоннаның үстінде шығарылатын  пластмассалардың 70%-нен артығы автокөліктер аккумуляторлары мен азық-түлік  салатын ыдыстар түрінде калдықка айналып отырады.

    Соңғы 15-20 жылда пластмассалардың жаңадан  жетілдірілген түрлерін жасау максатында ғылыми-зерттеу жұмыстары карқынды түрде жүргізілуде. Негізгі мақсат мұнайдан өндірілетін әдеттегідей  арзан пластмассалардың орнына табиғи жағдайда биологиялық жолмен микрооргағшзмдердің  қатысуымен қоршаған ортаға залал келтірмейтін қосылыстарға ыдырайтын түрлерін алу. Осындай полимерлі материалдар  ауылшаруашылык дақылдарынан (жүге-ріден, картофельден, катты тағам қалдықтарынан) алынған крахмал немесе целлюлоза мен полиэтилен қоспаларынан алынады. Биологиялық жолмен ыдырайтын полимерлерге химиялық синтез арқылы алынған синтетикалық полиэфирлер және микроорганизмдердің катысуымен түзілгсн биополимерлер, биосахаридтср жатады. Осындай жаңа материалдар толығымен дымқылды жағдайда биохимиялық жолмен ыдырайды және әртүрлі жағдайда қолдаланылады. Биоиолимерлерден негізінде бірсыпыра өнімдер шығарыла бастады. Мысалы, бұрынғы полистиролдан жасалған жоңқалардың орнына амортизациялык буып-түюге арналған жоңқалар, орауыш қаптар, бір реттік әртүрлі ыдыс-аяктар, контейнерлер және т. б. жасалуда.

    Адам  баласыының кез-келген шаруашылық әрекеті  әр түрлі қалдықтармен биосфераны ластайды, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің қысқаруына, қоршаған ортадағы тепе-теңдікке қауіп-қатер  тудырады. Кең үйінділерін, өнеркәсіп  тастандыларын, қоқыстарды, қала шөп-шаламдарын тек қоршаған ортаны бұзатын ластағыштар  деп санауға болмайды, олар құнды  шикізат көздеріне жатады. Қазіргі  кезеңдегі ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес әбден жетілдірілген  технологияның жоқтығына байланысты, оларды өндеп құнды өнімдер алу  әзірше жолға қойылмаған, сондықтан  бұларды сақтауға, жоюға, тасуға, көмуге, зиянсыз түрде айналдыруға көптеген қаражат, энергия, уақыт жұмсалып отыр.Қалдықтар  шығаратын негізгі көздерге өнеркәсіп, ауыл-шаруашылығы, үй-жай шаруашылығы жатады.   

    Екінші  реттік энергоресурстарды тиімді пайдаланудың халықшаруашылық маңызы өте зор. Екінші реттік энергоресурстар дегеніміз  тікелей тап осы өндірістің өнімдерінің, қалдықтарының, жанама жөне аралык өнімдерінің  энергетикалық потенциалдары. Екінші реттік энергоресурстар 3 топқа бөлінеді: 
1)жанғыштар (Н2, СН4, СО, пеш газдары, май, шайыр целлюлоза және  
т. б.); 
2) жылу (бөлінген газдардыкі, өнімдердікі, жанама өнімдердікі, 
суытылатын судыкі, экзотермиялык реакциялардыкі); 
3) технологиялық аппараттардан шығатын газ бсн сұйықтықтардың қысымы.  
Екінші реттік энергоресурстар химиялық өндірістің азот күкірт, фосфор, хлор қосылыстарын, соданы шығаратын және мұнай-химия салаларыңда пайдаланылады. Жанғыштар қазандыктарда отын ретінде қолданылады. Бөлінген жылу калдықтарды өндейтін кондырғыларда, жылу айырбастағыштарда кейбір заттарды кыздыруға қолданылады, осы жағдайлармен жылуды тұтыну қажеттілігін төмендетуге болады. Қысым утилизациялык турбиналарда компрессорларды, насостарды, желдеткіштерді жүмыс істетуге қолданылады және электроэнергия алуға пайдаланылады. 
Екінші реттік энергетикалық ресурстарды жүзеге асыру жылу мен энергияны үнемдеумен қатар, атмосфераға бөлінетін жылу мөлшерін азайтып, қоршаған ортаны қорғауға себебін тигізеді.

    Череповец мсталлургиялық комбинатына карасты  зауыттың жылу электр орталығында барлық казандықтар екінші реттік ресурстарды  пайдалану арқылы жұмыс істеуде. 
Құс фабрикаларында қалдық болып шығып отырған кұс жүндері жоғары сапалы мал жемін - күрамында 85%-ке дейін белогі бар ұн алуға арзан шикізат ретінде қолдануын тауып жатыр. Мұндай өндіріс Германияда жаксы жолға қойылған, 3 т қалдықтан 1,2 т ұн алынады. 
Қалдықтар проблемасы қолымызда бар заттарды тиімді пайдаланумен тікелей байланысты. Бір көргенде, мысалы, күйіп кеткен лампалардан вольфрам алу түкке тұрмайтын іс сияқты. Жанып кеткен бір лампочкада 10 мг-дай вольфрам болады, ал оның миллионында ~ 10 кг. Өнеркәсіпте осы қымбат, тапшы металдың 10 кг алу үшін кұрамында вольфрамы бар минераддар — вольфрамит, шеелиттің 1 тоннадан кем емес көлемі өңделеді, сонымсн қатар, біраз энергия мөлшері жүмсалады. Вольфрам оксидінің геологиялық қоры не бәрі 1 млн. тоннадай. Жер шары масштабымен есептегенде ашылған қор 50 жылға ғана жетуі мүмкін, бұрынғы Одаққа кіретін мемлекеттерді есепке алмағанда, жылына дүниежүзі бойынша вольфрам рудасыньң 25 мьң тоннасы өндіріледі. Бұл мәлімет вольфрам қосылыстарын тастауды азайту тиімді екеніне ерекше көңіл аударудың қажеттілігін көрсетіп отыр.

    Румынияның  аяқ-киім өнеркәсіп институтында тері қалдықтарынан табиғи терінің қасиетінен айырмашылығы жоқ материал шығаруға бағытталған пластикалық масса  алу жолы жасалып өндіріске енгізілген. 1 кг қалдыктан 0,9 кг материал алынады.

    Ерекше  назар аударуға және кідіртпей оңдеуге  жататын калдықтарға тұрмыстық  қалдықтар жатады, себебі осы қалдыктардың мөлшері мен әртүрлі аурулар  эпидемиясының арасында тікелей  байланыс бар. АҚШ-та тұрмыстық қатты  қалдықтардың 41%-і "айрықша қауіпті" болып топтастырылады, ал Венгрияда " 33,5%-і, Францияда — 6%-і, Ресейде  — 10%-і, Ұлыбританияда - 3%-і, Италия меи  Жапонияда - 0,3%-і. Жылына Москва қаласынан шығатын тұрмыстық қалдықтың мөлщері 16 млн. м3 , Алматыдан — 3 млн. м3 үстінде. Жылына үлкен қалаларда бір адамға шаққанда жалпы 300 кг тұрмыстық қалдық келеді, оның ішінде азық-түлік калдыктарының жылдық мөлшсрі 80-90 кг. 1 т азық-түлік қалдықтарының құнарлығы орта есеппсн 250 кг дәнді жсм-шөптікіне пара-пар келеді. Ресей ғалымдарының мәліметтеріне сүйенсек, осы мөлшерді жем ретінде мал өсіру саласында пайдаланғанда 45 кг-ға дейін шошқа етін алуға болады. Тұрмыстық қалдықтарды пайдаланбай тастайтын болсақ, онда әртүрлі ауруларды қоздыратын ошақтың көзін ашуымен қатар, біраз жер көлемін пайдасыз жерге айналдырамыз.

    Қала  қалдықтарында әртүрлі компоненттерге келетін мөлшер массалық %-пен алғандай: қағаз (30-40), азық-түлік қалдықтары (30-40), металдар (2-4), ағаш (1,5-3), кездемелер (2-4), шыны (3-6), тастар (1-2), тері, резина (1-2), пластмасса (1-1,5). Қала сыпырындысын жинайтын негізгі  жер қоқыстар үйіндісі, шамалы мөлшері  қайтадан өнделеді немесе арнайы ұйымдастырылған зауыттарда жағылады.

      Тұрмыстық қалдықтарды бірнеше  бағытпен өндеуге мүмкіндік бар,  мысалы, тыңайтқыш, жанатын газ  және синтетикалық мүнай, құрылыс  плиталарын, қағаз және тағы да  көптеген заттарды алуға болады. Ең алғашкы қоқысты жағуға  арналған зауыт 1975 жылы Москва  қаласында ашылған, оның жылдық  өнімділігі 150 мың тонна шамасында.  Жану процесінің нәтижесінде  бөлінетін жылу іске асырылып, бу қазаңдықтарды жылытуға пайдаланылса, шлактан іріктеп жиналған металл  қалдықтары металлургия өнеркәсібіне, ал шыққан шлактар кұрылыс  материалдарын өндіруге колданылады.  Тұрмыстық қалдықтарды жою, яғни  негізгі мақсатын орындаумен  бірге, зауыт басқа өндірістерге  шикізат ретінде кажетті өнімдерді  — жылу, металл, шлактарды да шығарады. Мысалы, Мәскеудің N1 қоқыс жағатын  зауытынан шыққан шлакты зерттеу  арқылы алынған мәліметтерге (Г.И.  Сидоренко, 1990 ж.) сүйенсек, жылына тұрмыстық  қалдық, жинайтын жерге тек Мәскеудің  өзінен мынадай көлемде металдар  тасталады екен: Мо - 8,3 т, Со - 11,4 т, V - 12,4 т, Аg - 27,6 т, Иі - 75 т, 5Ь - 115 т, 5п - 244 т, F - 353 т, Сг - 689 т, РЬ - 1573 т, Сu - 2180 т, Zn - 6762 т. Бұл мөлшер  жыл бойына үлкен кең орындарынан  алынатын мөлшерге эквивалентті.

    Санкт-Петербург  маңындағы Горелово поселкесінде 1972 жыддан бастап тұрмыстық қокысты  өндсйтін зауыт қызмет етуде, оның ең негізгі шығаратын өнімі компост (тыңайткыш), бірақ-та қоқыстың 30%-і, яғни пластмасса, резина, тері, ағаш, металдан тұратын бөлігі өнделінбейді. 
Жылдық өнімділігі 110 мың тонна төңірегінлегі зауыт 1975 жылдап бастап

    Ташкентте іске қосылған. Жыл сайын тұрмыстык  қоқыстан 400 т кара және 5 т түсті  металдар, 20 мың т компост алынады. Компост деп микроорганизмдермен  ыдырау нәтижесінде өсімдіктер мен  жануарлар қалдықтарынан шыкқан органикалық тыңайтқыштарды айтады. Оны алуға көң, көң бөкпесі  және құстар саңғырығы, шьмтезек, қала сыпырындысы, ағаштардың түскен жапырақтары, сабан және т. б. тұрмыстық қалдықтар  колданылады. Қордаландыру процесінің нәтижесінде органикалық массадагы  өсімдіктер сіңіруге қолайлы қоректік заттектер (азот, фосфор) түрлерінің мөлшері  жоғарылайды, патогеңді микрофлора залалсызданады, целлюлоза мен пектин заттектері азаяды, сонымен катар  тыңайткыш топырақка еңгізуге қолайлы  сусымалы түрде алынады. Өте тапшы  органикалық тыңайткыштардың (көң, шымтезек) орнына компост кеңінен пайдалануға жатады.

    Тұрмыстық қалдықтардың барлық түрі компост алуға  жатпайды. Егерде қоқыстағы азык-түлік  қалдықтарының мөлшері 20%-тен төмен  болса, олардан тұрмыстық тынайтқыш  алынбайды. Себебі қалдықтарды қордаландыру аэробты микробтардың қатысуымен жүретін  биохимилык процесс. Бұл микробтардан өте көп мөлшерде жылу бөлініп  шыккандықтан қоқыс 70 0С-ге дейін қызады. Бұл жағдайда ауру қоздыратын микробтар  жойылып, шикізат қызып, тұрмыстық  тынайтқышқа айналады. Табиғи жағдайда бұл процесс айлап жүрсе, зауыт  жағдайыңда аэрадия аркылы 2-3 күнде  аякталады. Ал қалдықтарда азық-түлікке  жағатын компоненттер аз болса процестін  жүру жылдамдығы күрт төмендейді. 
Тұрмыстық қоқысты қайта өндеу үшін магниттік сепарация әдісі де қолданылып келеді.

    3.2. Бактериологиялық және химиялық ластану

    Бактериологиялық  ластану. Бактериологиялық жұқтырудың ықтимал қаупiн Арал теңiзiндегi Возрождение  аралындағы биологиялық полигонның қызметi төндiредi.

    Кейбiр  биологиялық агенттердiң қоршаған орта объектiлерiнде және жануарлардың организмiнде ұзақ уақыт сақталатынын ескере отырып, олардың республика мен басқа да шектес мемлекеттер  аумағына таралуының нақты қатерi бар. Возрождение аралында оба, күйiк және туляремия сияқты өте қауiптi жұқпалы аурулардың табиғи-ошақ аймақтары болуы мүмкiн.

Информация о работе Экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасын iске асырудан күтiлетiн нәтижелер