Экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасын iске асырудан күтiлетiн нәтижелер

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2011 в 09:56, курсовая работа

Описание работы

Қарағанды қаласын алып қарасақ, қыста қардың беті қарайып жатады. Ол қардың құрамында ауыр металлдардың бар екенін көрсетеді. Сол себепті де жаңбырлы суды да ата бабамыздың уақытындағыдай пайдалана алмаймыз. Қыста көшелерді тазалау барысында жолды тазалау үшін тұз пайдаланылады. Ол жолды тазалауға кететін тұздың үштен екісі су құбырларына түседі, қалғаны қармен шығарылады, ауаға тарайды, топыраққа сініп қалады. Қарды ластайтын, ең алды-мен, мұнай өнімдері, хлор тұз-дары және ауыр металл тұздары. Жол-ды тазалауға шығарған тұз-дың 100%-дан үштен екісіне жуығы су құбырларына түседі, 10%-ы қар-мен бірге шығары-лады, 1%-ы ауаға тарайды, 1%-ы көгалда қалады, қалғаны то-пыраққа түседі. Хлорлы мұздаққа қарсы реагент-тер топырақ пен суға, көгалға ғана емес, инже-нерлік көлік қондыр-ғыларына да теріс ықпалын тигі-зеді.

Содержание

КІРІСПЕ………………………………………………………………………….3
Қазақстанның минералды-шикізат ресурстары......................................5
ЖЕР-ТАБИҒИ РЕСУРС ЖӘНЕ ӨНДІРІС ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕГІ
ІЛІМ..........................................................................................................................7
Қалдықтар.....................................................................................................9
2.2. Қалдықтарды өңдеудің маңызы ..............................................................12
3 Табиғаттың ластануы....................................................................................13
3.1. Бактериологиялық және химиялық ластану.......................................... .17
3.2. Өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтар ................................................19
4. Экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң бағыттары мен негiзгi тетiктерi ...........................................................................................................25
4.1. Экономиканы экологияландыру .................................................................27
4.1.1. Табиғат пайдаланудың экономикалық тетiктерiн жетiлдiру ..............29
4.1.2. Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау жүйесiн жетiлдiру .......................................................29
4.1.3. Табиғат пайдалану мен экологиялық сараптаманың рұқсат ету жүйесiн оңтайландыру .................................................................................................29
4.1.4. Экологиялық мониторинг жүйесiн жетiлдiру ………………………..30
4.1.5. Экологиялық статистика ………………………………………………..31
4.2. Қазақстан Республикасының заңнамасын экологияландыру …………33
4.2.1. Қазақстан Республикасының заңнамасын жетiлдiру ………………..33
4.2.2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жүйеге келтiру …………………………………………………..34
4.3. Қоғамды экологияландыру ………………………………………………35
4.3.1. Экологиялық бiлiм беру және тәрбие ………………………………….35
4.3.2. Экологиялық қауiпсiздiктi ғылыми қамтамасыз ету ………………...36
4.3.3. Экологиялық үгiт-насихат және жұртшылықтың қатысуы …………..37
5. Экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасын iске асырудан күтiлетiн нәтижелер ………………………………………………………………………39
Қорытынды ...........................................................................................................41
Пайдаланған әдебиет.....................

Работа содержит 1 файл

курсоваяАлия.docx

— 89.79 Кб (Скачать)
 

КІРІСПЕ………………………………………………………………………….3

  1. Қазақстанның    минералды-шикізат  ресурстары......................................5
    1. ЖЕР-ТАБИҒИ РЕСУРС ЖӘНЕ ӨНДІРІС ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕГІ

ІЛІМ..........................................................................................................................7

  1. Қалдықтар.....................................................................................................9

2.2. Қалдықтарды өңдеудің маңызы ..............................................................12

3 Табиғаттың ластануы....................................................................................13

3.1. Бактериологиялық және химиялық ластану.......................................... .17

3.2. Өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтар ................................................19

4. Экологиялық  қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң бағыттары  мен негiзгi тетiктерi ...........................................................................................................25

4.1. Экономиканы  экологияландыру .................................................................27

4.1.1. Табиғат  пайдаланудың экономикалық тетiктерiн  жетiлдiру ..............29

4.1.2. Қоршаған  ортаны қорғау және табиғат  пайдалану саласындағы мемлекеттiк  бақылау жүйесiн жетiлдiру .......................................................29

4.1.3. Табиғат  пайдалану мен экологиялық сараптаманың  рұқсат ету жүйесiн оңтайландыру  .................................................................................................29

4.1.4. Экологиялық  мониторинг жүйесiн жетiлдiру ………………………..30

4.1.5. Экологиялық  статистика ………………………………………………..31

4.2. Қазақстан  Республикасының заңнамасын экологияландыру  …………33

4.2.1. Қазақстан  Республикасының заңнамасын жетiлдiру ………………..33

4.2.2. Қоршаған  ортаны қорғау саласындағы Қазақстан  Республикасының заңнамасын жүйеге  келтiру …………………………………………………..34

4.3. Қоғамды  экологияландыру ………………………………………………35

4.3.1. Экологиялық  бiлiм беру және тәрбие ………………………………….35

4.3.2. Экологиялық  қауiпсiздiктi ғылыми қамтамасыз ету ………………...36

4.3.3. Экологиялық  үгiт-насихат және жұртшылықтың қатысуы …………..37

5. Экологиялық  қауiпсiздiк тұжырымдамасын iске асырудан күтiлетiн нәтижелер ………………………………………………………………………39

Қорытынды ...........................................................................................................41

Пайдаланған әдебиет.............................................................................................44 
 
 

    КІРІСПЕ   

    Қазіргі таңда өндірістің дамуымен қатар  елімізде экологиялық жағдай да өршіп  тұр. Оның себептері, біріншіден, өндірістік кәсіпорындарынан шығатын зиянды шығарындылардың  көбеюі, олардың техникалық, экологиялық, санитарлық талаптарды орындамауы, экологиялық  таза өнім шығаруда отандық кәсіпкерлеріміздің қызығушылығының болмауы, табиғи ресурстарды  аямай падалану, адамдардың экологиялық  сана сезімінің төмендігі, келешек  ұрпақтың денсаулығын ойламау және т.б. «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы» Қазақстан  Республикасы Президентінің  Жарлығының   1.2. тармақшасында 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасын әзiрлеудiң өзектiлiгi және басымдықтарының ішінде     бiрiншi кезеңде (2004 - 2007 жылдар) - қоршаған ортаның ластану деңгейiн төмендету және оны тұрақтандыру жөнiндегi iс-қимыл жоспарын әзiрлеуі көрсетілген [1]. Сонда да  экологиялық жағдайдың әсерінен бала туу, балалардың  өкпе, тері ауруларымен ауруының жиілеп кеткенін ескерсек, бұл кезеңнен  өттік деп айту қиын. Әрине, экономикамызды көтереміз деп бар байлығымыз - шикізатты пайдалана берсек, оның сарқылу күні де туындайтынын ескеруіміз қажет. Сонымен қатар инвестиция тарту мақсатында бірнеше шетел өнеркәсіптері ашылып, олардың қазақстандық экологиялық заңнама талаптарына салғыртықпен қарауы да табиғатымыздың нашарлауына әкеліп соққанын жоққа шығара алмаймыз.       Кезінде Совет өкіметінде «Барлығы - ортақ байлық»  деген ұранды үлгі ету арқасында  Арал өзенінің экологиялық қасіретке ұшырағанын білеміз, ал қазір  шетел азаматарының, отандық өз басын ойлайтын ғана кәсіпкерлеріміздің жемі болып отырмыз.

    Қазақстанның  пайдалы қазбаларға бай екенін білеміз, алайда табиғи ресурстарды ала бермей, басқа елдерден жеткізілетін табиғи ресурстарды өңдеумен айналысу уақыты да келді. Сонымен қатар стратегияда  қарастырылған табиғат ресурстарын  пайдаланудың ашық саясатын іске асыру  қағидасы көзделген. Трансұлттық корпорациялар  қызметі, әсіресе ТҰҚ аумағындағы  қолданыстағы барлау және өндіру жұмыстары  ерекше алаңдаушылық туғызады. Қаржы  күшіне қарамастан, олардың қызметі  бір жақты пайдалану немесе әуелі  табиғат ресурстарын жұтып жіберуге бағыталған. Олардың қызметіне мемлекет тарапынан бақылау әлсіреуде.

    Еліміз  Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) табалдырығын әне-міне аттайын деп тұр. ДСҰ-ға кірген соң бізден өнімнің саны емес, сапасы талап етіледі, әлемдік нарықтағы  бәсеке де сапаға бірінші басымдық береді.

    Қазіргі таңда шикізатпен айналысатын зауыттардың  көбеюіне байланысты олардан шығатын  қалдықтар да көбеюде.

    "Қызу  әсерiнiң" салдарынан болатын  климаттың өзгеруi жалпы әлемдiк  көлемдегi проблема болып табылады  және қоршаған ортаның жай-күйiне  барынша ықтимал қатер төндiредi. Оларды тек көме бергеннен        экологиялық

    жүйеге  кері әсерін тигізетініне күмән келтурмеуіміз  мүмкін емес. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, орман, су қорлары  жерінен жер учаскелерін жергілікті атқарушы орнандардың жеке меншікке беріп жіберген жағдайлары аз кездеспейді және алаңдатады.

    Бизнестің үлкен қала мегаполистерде шоғырлануына байланысты  адамдардың барлығы ірі қалаларға ұмтылуда. Көптеген  экологтар жер-де қалалар мен олардың ортасындағы бос жатқан экология-лық кеңістіктер болған күннің өзінде мегаполис қалалар-да тұты-нылатын өнімдерді өндіру-дегі экологиялық зиян олардың ық-шам орналасу тиімділігінен едәуір асып кететінін дәлелдейді.

    Қарағанды қаласын алып қарасақ, қыста қардың беті қарайып жатады. Ол қардың құрамында  ауыр металлдардың бар екенін көрсетеді. Сол себепті де жаңбырлы суды да ата бабамыздың уақытындағыдай пайдалана  алмаймыз. Қыста көшелерді тазалау  барысында жолды тазалау үшін тұз пайдаланылады. Ол жолды тазалауға  кететін тұздың үштен екісі су құбырларына түседі, қалғаны қармен шығарылады, ауаға тарайды, топыраққа  сініп қалады. Қарды ластайтын, ең алды-мен, мұнай өнімдері, хлор тұз-дары және ауыр металл тұздары. Жол-ды тазалауға  шығарған тұз-дың 100%-дан үштен екісіне  жуығы су құбырларына түседі, 10%-ы  қар-мен бірге шығары-лады, 1%-ы  ауаға тарайды, 1%-ы көгалда қалады, қалғаны то-пыраққа түседі. Хлорлы мұздаққа қарсы реагент-тер топырақ  пен суға, көгалға ғана емес, инже-нерлік көлік қондыр-ғыларына да теріс ықпалын  тигі-зеді. 
 

    

  • 1. Қазақстанның    минералды-шикізат  ресурстары
  •             Адамзат қоғамының минералды – шикізат ресурстарын пайдаланбай өмір  сүруі мүмкін  емес. Пайдалы қазбалар  қалпына келтірілмейтін  ресурстарға жатады. Ал  бұл олардың көпшілігінің  қорларының  уақыт өте келе  толығымен   таусылуы  мүмкін  екендігін көрсетеді.

            Қазақстан – жердегі   минералды –  шикізат   базасына  бай  аздапған  елдердің  бірі. Әлемдегі  алынатын  55 түрлі   пайдалы  қазбалардың  ( олардың  29 –ы  металдар) Қазақстанда  39 –ы  алынады.  Салыстырмалы  түрде   алсақ  жоғар   көрсеткіштер  тек  Ресейде  – 49, Қытайда –  45, Австралия  және  АҚШ – 42, Бразилия  – 41  түрлі   пайдалы  қазбалар  өндіріледі.

            Мұнай  мен   табиғи  газ   қорлар  бойынша   республика  әлемі   елдерінің   бірінші  ондығына  кіреді, мұнда   тас  және  қоңыр   көмір, темір,  хормит, қорғасын, мырыш,  мыс, уран  және  сирек  кездесетін  металдар  т.б.  табылған.

            Аталған  пайдалы   қазбалардың   түрлерін   өндіру, қайта  өңдеу   және  байыту  процесінде  литосфера   мен  тұтас   қоршаған  орта  жағдайына  неғұрлым  мұнай, табиғи  газ  концентраттарын   өндіру  ықпал   етеді. 

                  Қазақстанның 2030 жылға  дейінгі даму стратегиясында кен-металлургия кешені Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағынан жоғары дамыған елдердің қатарына қосылуын қамтамасыз етуге жәрдемдесетін басым салалардың бірі ретінде белгіленген. Республика кен-металлургия кешенінің басты міндеті ішкі және сыртқы рыноктардың қажеттерін қанағаттандыратын бәсекеге қабілетті өнімдер шығару болып табылады.

            Қазақстанның минералдық-шикізаттық  кешені әлемдік  минералды шикізат  балансында айтарлықтай   күшті  позицияға  ие,  әлемдік минералды  шикізат рыногының дамуы мен ұлғаюына үлкен ықпал ете алады. Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі геология және жер қойнауын игеру комитетінің ақпараттық-талдау орталығының мәліметтері (2003 ж.) бойынша әлемдік зерттелген қор жөнінен Қазақстанның алар үлесі мынадай:

        алтын – 2,7% (әлемде 8-орында), күміс – 16%, мыс 7,1%, марганец – 30% (2-орын), қорғасын – 22%, мырыш  – 15,2%, барит – 47,2% (1-орын), темір – 6%, кобальт  – 3,9% (5-орын), хром – 37,6% (8-орын), боксит – 1,4% (10-орын), никель – 1,4% (12-орын).

            Минералды шикізат  өнімдерін өндіру  және алу жөнінен  республика хром  бойынша екінші  орында, титан бойынша  – екінші-үшінші, мырыш және қорғасын  бойынша – алтыншы,  марганец бойынша  – сегізінші,  күміс бойынша  тоғызыншы орында.

             Әлемдік мыс, титан,  ферроқорытпа және  болат рыноктарында  Қазақстанның атқаратын  рөлі аз емес, ал  Еуразиялық субконтинентте хром бойынша монополист, темір, марганец, алюминий жөнінен өңірлік рынокта (ТМД елдері, бірінші кезекте Ресей) айтарлықтай ықпалы бар.

             Бұл жетістіктер  өздігінен келген  жоқ, ол ғалымдар  мен инженерлік-техникалық  қызметкерлердің  ерен еңбегінің  жемісі болды.  Кезінде осы сала  Қазақстан ғылымының қарыштап дамуына зор әсер етті. Отандық геология, кен ісі, металлургия салалары әлемдік жетістіктерге қомақты үлес қосты.

                  Ал жекеменшікке  өтіп кеткен кәсіпорындарға келсек, әрине, нарықтық экономикада мемлекет   кәсіпорынның   шаруасына араласпайды. Әйтсе де үкімет өз меншігіндегі кен орнын   кәсіпорынға пайдалануға бергеннен   кейін, сол пайдалы   қазбаны    өндіру    мен өңдеу барысында жеке   қожайындардың    мемлекет мүддесін бұзбауын қадағалап отыруы тиіс.  Бұл не деген сөз?

             Біріншіден, кен орнын  пайдаланушылар руданы өндірген кезде үкімет белгілеген норматив бойынша, руданы барынша толық (тек қана бай руданы емес) қазып алулары керек.

             Екіншіден, руданы  өңдеген кезде оның құрамында бар элементтерді  мейлінше толық бөліп алу керек.

             Үшіншіден, металдардың  өзіндік құнын  шектен тыс жоғарылатпауы,  сату бағасын төмендетпеуі  тиіс.

             Төртіншіден, өндіріс  үдерісінде қоршаған  ортаны ластамауы,  ал егер оған  нұқсан келтірсе, сол үшін үкіметке жеткілікті мөлшерде төлем төлеуі тиіс.

        Бесінші, өндірісте істейтін жұмыскерлердің қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі тиіс.

             Солтүстік Каспий  жобасының аясындағы  алғашқы барлау  бұрғылау жұмыстарының  алғашқы нәтижелері  – Каспийдің қазақстандық  бөлігінің болашағы  зор деген қорытынды  жасатып отыр.

             Республикамызда  197 мұнай  және  газ кен   орындары, олардың  ішінде 102  мұнай, 29  газ   конденсаты, 30 мұнай  –газ  конденсаты, 6  мұнай –газ,   11 газ  конденсаты  және  12  газ   кен  орындары  ашылған. Мұнайдың  ашылған  кен   қорлары  3млрд. тоннасы, ал  газдың  анықталған  қорлары  3 трлн. текше   метрді  құрайды.  Негізгі  мұнай   мен  газды   өндіру  Батыс  Қазақстанда  жүзеге  асырылады. Онда  мұнайдың  90,4% және  газ  конденсатының  100% өндіріледі. Бұл  регион  Қазақстан    территориясындағы   неғұрлым  ластанған    және  экологиялық   жағдайы  нашар   аудандар қатарына  жатады. Тау –  кен  өндіру  өнеркәсәбәнің   мұнай  өндірі  саласы  жеке  тұрғыдыан  алғанда  да  басымдық  маңызға   ие  ( 2030 жылға   қарай  мұнай   өндіруді  жылына  қарай   150 млн.т  – ға  дейін   жеткізу  болжамын  есепке  алғанда).

    Информация о работе Экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасын iске асырудан күтiлетiн нәтижелер