Экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасын iске асырудан күтiлетiн нәтижелер

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2011 в 09:56, курсовая работа

Описание работы

Қарағанды қаласын алып қарасақ, қыста қардың беті қарайып жатады. Ол қардың құрамында ауыр металлдардың бар екенін көрсетеді. Сол себепті де жаңбырлы суды да ата бабамыздың уақытындағыдай пайдалана алмаймыз. Қыста көшелерді тазалау барысында жолды тазалау үшін тұз пайдаланылады. Ол жолды тазалауға кететін тұздың үштен екісі су құбырларына түседі, қалғаны қармен шығарылады, ауаға тарайды, топыраққа сініп қалады. Қарды ластайтын, ең алды-мен, мұнай өнімдері, хлор тұз-дары және ауыр металл тұздары. Жол-ды тазалауға шығарған тұз-дың 100%-дан үштен екісіне жуығы су құбырларына түседі, 10%-ы қар-мен бірге шығары-лады, 1%-ы ауаға тарайды, 1%-ы көгалда қалады, қалғаны то-пыраққа түседі. Хлорлы мұздаққа қарсы реагент-тер топырақ пен суға, көгалға ғана емес, инже-нерлік көлік қондыр-ғыларына да теріс ықпалын тигі-зеді.

Содержание

КІРІСПЕ………………………………………………………………………….3
Қазақстанның минералды-шикізат ресурстары......................................5
ЖЕР-ТАБИҒИ РЕСУРС ЖӘНЕ ӨНДІРІС ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕГІ
ІЛІМ..........................................................................................................................7
Қалдықтар.....................................................................................................9
2.2. Қалдықтарды өңдеудің маңызы ..............................................................12
3 Табиғаттың ластануы....................................................................................13
3.1. Бактериологиялық және химиялық ластану.......................................... .17
3.2. Өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтар ................................................19
4. Экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң бағыттары мен негiзгi тетiктерi ...........................................................................................................25
4.1. Экономиканы экологияландыру .................................................................27
4.1.1. Табиғат пайдаланудың экономикалық тетiктерiн жетiлдiру ..............29
4.1.2. Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау жүйесiн жетiлдiру .......................................................29
4.1.3. Табиғат пайдалану мен экологиялық сараптаманың рұқсат ету жүйесiн оңтайландыру .................................................................................................29
4.1.4. Экологиялық мониторинг жүйесiн жетiлдiру ………………………..30
4.1.5. Экологиялық статистика ………………………………………………..31
4.2. Қазақстан Республикасының заңнамасын экологияландыру …………33
4.2.1. Қазақстан Республикасының заңнамасын жетiлдiру ………………..33
4.2.2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жүйеге келтiру …………………………………………………..34
4.3. Қоғамды экологияландыру ………………………………………………35
4.3.1. Экологиялық бiлiм беру және тәрбие ………………………………….35
4.3.2. Экологиялық қауiпсiздiктi ғылыми қамтамасыз ету ………………...36
4.3.3. Экологиялық үгiт-насихат және жұртшылықтың қатысуы …………..37
5. Экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасын iске асырудан күтiлетiн нәтижелер ………………………………………………………………………39
Қорытынды ...........................................................................................................41
Пайдаланған әдебиет.....................

Работа содержит 1 файл

курсоваяАлия.docx

— 89.79 Кб (Скачать)

    Бактериологиялық  ластанудың алдын алу үшiн Возрождение  аралының аумағындағы қоршаған орта объектiлерi мен фаунаның тұрақты  эпидемиологиялық және эпизоотологиялық мониторингiн жүргiзу қажет.

    Осы мақсатта 2004 жылы жұқпалы ауруларды  қозғыштардың ұзақ сақталуы мүмкiндiгi тұрғысынан Возрождение аралының әртүрлi белiгiне бағалау жүргiзудi, арал аумағының  қазақстандық бөлiгiн зерттеудi, оң нәтижелер  табылған жағдайда Возрождение аралындағы биологиялық полигон қызметiнiң  зардаптарын жоюды аяқтау қажет. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет және обаға қарсы мемлекеттiк ұйымдар  республика аумағындағы аса қауiптi жұқпалы аурулардың қоздырғыштары  штаммдарының қозғалысына тоқсан сайынғы  мониторинг жүргiзедi. Барлық облыстардан  бөлiнген барлық штаммдар аса қауiптi жұқпалы аурулар қозғыштарының  депозитарийi болып табылатын Қазақ  карантиндiк және зооноздық жұқпалы  аурулар ғылыми орталығына ғана келiп  түседi, онда қатаң есепке алу қамтамасыз етiлген және режим бойынша барлық талаптар сақталған.

    Қазiргi уақытта АҚШ-пен бiрлесiп мақсаты  аса қауiптi жұқпалы аурулардың қоздырғыштарынан халықты қорғау және елдiң биологиялық  қауiпсiздiгiн құру болып табылатын "Қазақстан Республикасындағы  белсендi эпидемиологиялық мониторингтiң  ықпалдасқан жүйесiн құру" бағдарламасы бойынша жұмыстар басталды.

    Химиялық  ластану. Химиялық заттардың арасында Қазақстанда ерекше қауiптi тұрақты  органикалық ластағыштар (бұдан  әрi - ТОЛ) тудырады. 2001 жылдың мамырында  Қазақстан Республикасының Yкiметi Тұрақты  органикалық ластағыштар туралы Стокгольм конвенциясына қол  қойды.

    Тұрақты органикалық ластағыштар - уытты  қасиеттерге ие, ыдырауға тұрақтылық танытатын, биожинақтағыштығымен сипатталатын химиялық заттардың әртүрлi тобы. Бұл  топтың химиялық құрамалары мен қоспасы  ауамен, сумен және көшетiн түрлерi бойынша трансшекаралық таралу объектiсi болып табылады, сондай-ақ құрлық экожүйелерi мен су экожүйелерiнде жинақталып, өздерiнiң шығарынды көздерiнен  алыс қашықтықта шөгедi.

    Белгiлi бiр органдарды зақымдайтын уларға қарағанда, бұл заттар iшкi реттеу жүйесiн  бұзады. Аз мөлшерiнiң өзiнде ТОЛ  қалыпты биологиялық функцияларды бұзуы, кейiнгi ұрпаққа берiлуi және адамның  денсаулығы мен қоршаған ортаға нақты  қатер төндiруi мүмкiн.

    Қазақстандағы ТОЛ-дың едәуiр бөлiгiн пестицидтер  құрайды. Өсiмдiктердi қорғаудың жаңа құралдарының сан түрлiлiгiне қарамастан, әлi күнге талдау жасалатын үлгiлерде 1950-1960 жылдардың пестицидтерi табылуда.

    Өнеркәсiптiк  ТОЛ-дар энергетика, мұнай өңдеу  және химия өнеркәсiбi кәсiпорындарында құралады және пайдаланылады.

    ТОЛ-дың  табиғи ортаны ластауының объективтi бағалауы жоқ, өйткенi мониторингтiң қазiргi жүйесi топырақтағы және тамақ өнiмдерiндегi пестицидтердiң қалдық санын ғана айқындайды.

    Табиғи  ортаға қауiптi әсерiн және генетикалық  деңгейде қайтымсыз процестерге  әкелiп соқтыру мүмкiндiгiн ескере отырып, 2005-2006 жылдар барысында ТОЛ-ды бақылаудың, мониторингiнiң және басқарудың бағдарламасын әзiрлеу қажет.

    3.3. Өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтар 

    Республикада  өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтардың мониторингiн, оларды сақтауды, ұқсатуды және кәдеге жаратуды қамтитын қалдықтарды  басқарудың мемлекеттiк жүйесi жоқ.

    Қазақстанның  аумағында өндiрiс пен тұтыну қалдықтарының 20 млрд. тоннадан астамы, оның iшiнде 6,7 млрд. тонна улы заттар жинақталған, әрi олардың ұлғаю үрдiсi байқалуда.

    Бұл ескiрген технологияларды қолданумен, сапасыз шикiзатпен және отынмен, кәсiпорындардың  өндiрiс қалдықтарын кәдеге жарату мен қайта құнарландыруға қаражат  салуға құлықсыздығымен түсiндiрiледi.

    Уытты қалдықтарды қоса алғанда, өндiрiс  қалдықтары әлi күнге, көбiнесе тиiстi экологиялық  нормалар мен талаптарды сақтамастан, түрлi жинақтағыштарда қойылып, сақталады. Осының нәтижесiнде көптеген өңiрлердiң  топырағы, жер асты және жер үстi сулары қарқынды ластануға ұшыраған. Қойылатын қалдықтардың үнемi ұлғайып  отырған көлемi жаңа техногендiк ландшафтар қалыптастырады. Yйiндiлер мен террикондар биiктiгi өскен сайын олар шаң құраудың неғұрлым қарқынды көздерiне айналады.

    Қатты тұрмыстық қалдықтардың негiзгi массасы  құрауыштарға бөлшектенбестен шығарылып, ашық күресiндерге тасылады және қойылады, оның 97%-i Қазақстан Республикасының  табиғат қорғау және санитарлық заңнамасы  талаптарына сай емес. Оларды орналастыру  және жайғастыру жобасыз және қоршаған ортаға әсерi бағаланбастан жүргiзiлген. Республикада қатты тұрмыстық қалдықтардың шамамен тек 5%-i ғана кәдеге жаратылады немесе жағылады.

    Өндiрiстiк  және тұрмыстық қалдықтарға байланысты проблемаларды шешу үшiн өндiрiстiк  және тұрмыстық қалдықтарды басқаруды  жетiлдiру жөнiндегi салалық және өңiрлiк  бағдарламаларды әзiрлеу қажет. Осы  бағдарламалар шеңберiнде қатты  қалдықтарды басқару жүйесiнiң  әзiрленуi, қалдықтарды басқару құрылымын  реформалау, қалдықтардың жинақталуын  кемiтуге бағытталған нормативтiк  құжаттарды әзiрлеу және енгiзу, қалдықтарды  басқарудың есебiн жүргiзу және бақылау  жүйесiн ұйымдастыру, қалдықтарды  ұқсату және қайталама пайдалану  жөнiндегi үлгiлiк бағдарламаны әзiрлеу, неғұрлым таза өндiрiстi енгiзу жөнiндегi ғылыми зерттеулердi жүргiзу, қалдықтарды  ұқсату жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге  ақпараттық қолдау көрсету, қалдықтарды  басқарудың үдемелi жүйелерiне мамандарды оқытуды ұйымдастыру, өндiрiстiк қалдықтарды  көму мен өнеркәсiптiк және басқа  да ағынды суларды жерге төгу шарттары бойынша республика аумағын аудандарға бөлу көзделуi тиiс.  
 
 
 
 
 
 
 

    4. Экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң бағыттары мен негiзгi тетiктерi

    Экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттары экономиканы, заңнаманы және қоғамды экологияландыру болып табылады.

    4.1. Экономиканы экологияландыру 

    Экономиканы экологияландыру өндiрiстiң табиғат қажеттiлiгiн азайту және заттар мен энергия алмасуының биосфералық процестерiне экономиканың әсерiн азайту арқылы тұрақты экологиялық қауiпсiз табиғат пайдалануды қамтамасыз етуде және ресурстық-экологиялық тепе-теңдiктi сақтауда болып табылады.

    Экономиканы экологияландыруды жүзеге асыру  үшiн pecуpc үнемдейтiн технологияларды дамыту және экологиялық "лас" өндiрiстiң үлесiн азайту, табиғат пайдаланудың, мемлекеттiк экологиялық бақылаудың, экологиялық мониторингтiң және статистиканың табиғат пайдаланудың және экологиялық сараптаманың рұқсат ету жүйесiн оңтайландырудың экономикалық тетiктерiн жетiлдiру арқылы барлық әзiрленетiн мемлекеттiк, өңiрлiк және салалық бағдарламаларға экологиялық шарттар мен талаптарды енгiзу қажет.

    4.1.1. Табиғат пайдаланудың экономикалық  тетiктерiн жетiлдiру

    Табиғат пайдаланудағы жаңа экономикалық тетiктер баға белгiлеу жүйесiне экологиялық сипаттамаларды енгiзудi, табиғат пайдаланудың ақылылық жүйесiн жетiлдiрудi және мiндеттi экологиялық сақтандыруды көздейдi.

    Табиғат пайдаланушылардың табиғат қорғау қызметiнiң тиiмдiлiгi қаржы ынталандыруын құрумен, сондай-ақ табиғат қорғау-қызметiндегi қоршаған ортаны қорғауды ынталандырудың экономикалық құралдарын енгiзумен айқындалады. Табиғат пайдаланушыларды табиғат қорғау iс-шараларын жүргiзуге және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға ынталандыру экологиялық төлемдер жүйесiн көздейтiн табиғат пайдаланудың экономикалық тетiгi көмегiмен жүргiзiлуi тиiс.

    Қоршаған  ортаны ластағаны үшiн төлемдер ресурстарды нормативтен тыс пайдаланғаны немесе нормативтен тыс шығарынды және ластаушы заттардың төгiндiлерi үшiн ставкаларды арттырудың тетiгi арқылы қоршаған ортаның ластануын азайтуды экономикалық ынталандыруды қамтамасыз етедi.

    2004 жылы қоршаған ортаны ластағаны  үшiн төлем ставкасы қайта қаралатын болады, олардың мөлшерi ластаушы заттардың көлемi мен түрлерiн ескере отырып белгiленуi тиiс. Ластану көзi ерекше қорғалатын аумақтарда немесе олардың жанында орналасқан жағдайда қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлем ставкаларына арттыру коэффициенттерi қолданылатын болады.

    Экономикалық  құралдар инновацияларды енгiзу және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, неғұрлым тиiмдi және аз қалдықты технологияларды дамыту мен енгiзу мақсатында шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметiне қатаң нормалар мен стандарттардың белгiленуiне ықпал етуi тиiс.

    Табиғат қорғау заңнамасын бұзу салдарынан қоршаған ортаға келтiрiлген зиян ластану деңгейi мен келтiрiлген залалды (зиянды), қалпына келтiруге, ұдайы өндiрiске кеткен шығындарды және өзге де шығыстар мен ысыраптарды ескере отырып, толық көлемде өтеуге жатады.

    4.1.2. Қоршаған ортаны қорғау және  табиғат пайдалану саласындағы  мемлекеттiк бақылау жүйесiн жетiлдiру

    Қоршаған  ортаны қорғау және табиғат пайдалану  саласындағы мемлекеттiк бақылаудың тиiмдiлiгiн арттыруды бақылау мен құқық қолдану функцияларын жүзеге асыру кезiнде қосарланушылықты болдырмау және мұндай қызмет процесiнде азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын қорғау тетiгiн құру жолымен мемлекеттiк бақылау органдарын күшейтудi көздейдi.

    Қоршаған  ортаны қорғау және табиғат пайдалану  саласындағы мемлекеттiк бақылау органдары инспекциялар өткiзумен немесе құқық қолдану iс-қимылдарын жүзеге асырумен байланысты кез келген мәселелерге қатысты тәуелсiз және әдiл шешiмдер қабылдау үшiн барлық өкiлеттiктерге ие болуы тиiс.

    Қоршаған  ортаны қорғау және табиғат пайдалану  саласындағы мемлекеттiк бақылау жүйесiн дамыту:

    құқық қолданудың және Қазақстан Республикасының  заңнамасын сақтауды ынталандырудың тиiмдi жүйесiнiң негiзгi сипаттамасын табуға мемлекеттiк органдарға көмектесетiн және ұзақ мерзiмдi перспективада қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану саласында мемлекеттiк бақылау органдарының институционалдық реформасын жүргiзуге ықпал ететiн модельдi құруға;

    мемлекеттiк органдарды, өнеркәсiп кәсiпорындарын, үкiметтiк емес ұйымдарды және қалың жұртшылықты қоса алғанда, экологиялық, заңнаманы сақтауды қамтамасыз ету жөнiндегi қызметке барлық қатысушылардың арасындағы ынтымақтастыққа және ақпарат алмасуға жәрдемдесуге;

    экологиялық менеджмент жүйесiнiң маңызды құралы ретiнде өндiрiстiк бақылауды мiндеттi жүзеге асыруға;

    табиғат қорғау iс-шараларының орындалуына қызметтiң барлық деңгейiндегi жауапкершiлiктi нақты айқындауға;

    қоршаған  ортаны қорғау және табиғат пайдалану  саласындағы бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларға құқықтық және әлеуметтiк кепiлдiктер беруге бағытталуы тиiс.

    4.1.3. Табиғат пайдалану мен экологиялық  сараптаманың рұқсат ету жүйесiн оңтайландыру

    Әлемнiң дамыған елдерiнде қоршаған ортаны ластауға рұқсат беру қоршаған ортаға әсердi мiндеттi бағалау негiзiнде кешендi жүзеге асырылады.

    Бұл қағидаттың бiр құқықтық көрiнiсi әлемнiң көптеген елдерiнiң экологиялық заңнамасына енгiзiлген қоршаған ортаға әсердi бағалау тәртiбi болып табылады. Осындай елдер қатарына Қазақстан Республикасы да кiредi.

    Қазақстанда, әдетте, ТМД-ның басқа елдерiндегiдей, қоршаған ортаға әсердi мiндеттi бағалаумен қатар, мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзiледi. Мемлекеттiк экологиялық сараптамамен ажырағысыз болатын қоршаған ортаға әсердi бағалау (ҚОӘБ) шаруашылық қызметтi алдын ала экологиялық бақылаудың тетiгi болып табылады.

    Қоршаған  ортаны превентивтiк қорғау немесе қоршаған табиғи ортаға терiс антропогендiк әсердiң алдын алу қағидаты әлемнiң көптеген елдерiнде кең қолдау тапқан.

    Бұл орайда өңiрдегi экологиялық ахуалды, қоршаған ортаның аялық жай-күйiн ескере отырып, ластаушы заттар эмиссиясының рұқсат етiлген көлемдерiн ғылыми негiздеу, табиғат пайдаланудың ерекше жағдайларын белгiлеу қамтамасыз етiледi. Қоршаған ортаның ластануын нормалау халықтың денсаулығына және қоршаған ортаның жай-күйiне зиянды әсер етудiң салдарларын барынша ескере отырып жүргiзiледi, сондай-ақ жоспарланатын қызметтiң әлеуметтiк-экономикалық салдарлары да ескерiледi.

    Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындылары негiзiнде кәсiпорындар жыл сайын қоршаған ортаны ластауға рұқсат алады.

    2004 жылы халықаралық тәжiрибенi пайдалана отырып, табиғат пайдаланушылар қызметiнiң жобалық шарттарының ықтимал өзгерiстерiн ескере отырып, рұқсаттардың қолданылу мерзiмiн оларды ұлғайту жағына қайта қарау арқылы рұқсат беру жүйесiн оңтайландыру көзделуде. Бұл кәсiпорындар санының тұрақты өсуiн ecкepe отырып, түсетiн құжаттамаға талдау жасауға үстiрт көзқарас болмауы үшiн қажет.

    Бұдан басқа, Қазақстанда жаңа нарықтық жағдайларда  табиғат пайдалануды реттеу процесiне жұртшылықты тартуға мүмкiндiк беретiн пәрмендi тетiк болуға тиiс қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргiзу заңдық тұрғыдан бекiтiлген. Бұл үшiн "Экологиялық сараптама туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу қажет.

    Бұл мақсатта, үкiметтiк емес ұйымдарды (YЕҰ) табиғат қорғау қызметiне неғұрлым белсендiрек тарту, олардың ғылыми және шығармашылық әлеуетiн, үкiметтiк емес ұйымдардың мүмкiндiктерi мен ресурстарын қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзуге, оның iшiнде заңнамалық актiлердi әзiрлегенде, экологиялық жобаларды қалыптастырғанда, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен экологиялық ахуалдың мониторингiн өткiзгенде кеңiрек пайдалану қажет. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 наурыздағы N 253 қаулысымен бекiтiлген Үкiметтiк емес ұйымдарды мемлекеттiк қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасының қабылдануын ескере отырып, мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс арқылы YEҰ-ны экологиялық жобаларды iске асыруға, қоғамдық экологиялық сараптама өткiзуге қатысуға тартуға нақты мүмкiндiк ашылды.

Информация о работе Экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасын iске асырудан күтiлетiн нәтижелер