Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2011 в 17:16, сочинение
"Баршаңыздың назарыңызға!" дабылы - Азаматтық қорғаныстың дабылдамалармен және басқа да дабыл беру құралдарымен берiлетiн бiрыңғай дабылы.
5. Азаматтық қорғаныс
объектiлерiн құру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi
белгiлейдi.
27-бап. Азаматтық қорғаныс қажеттерiн материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету
Азаматтық қорғаныс қажеттерiн
материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету Азаматтық қорғаныс
шараларын қаржыландыруға, Қазақстан
Республикасының Азаматтық қорғаныс бөлiмдерiн ұстауға бөлiнетiн қаражат есебiнен жүзеге
асырылады.
05.05.00 ж. N 48-II ҚР Заңымен 7-тараудың атауы өзгертілді
7-тарау. Азаматтық қорғаныс шараларын қаржыландыру
көздері. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі
орталық атқарушы органының әскери қызметшілері мен басқа да
санаттағы қызметкерлерінің құқықтары, мәртебесі
2004.20.12 N 13-III ҚР
Заңымен
28-бап өзгертілді (бұр.
ред. қара)
(2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
28-бап. Азаматтық қорғаныс
шараларын қаржыландыру
1. Азаматтық қорғаныс
шараларын қаржыландыру бюджет қаражаты
және ұйымдардың өз қаражаты
есебiнен жүзеге асырылады.
2. Азаматтық қорғаныс
шараларын қаржыландыру азаматтардың
ерiктi жарналарының, қорлардың, дiни және қоғамдық бiрлестiктердiң қаражаты
есебiнен жүзеге асырылуы мүмкiн.
3. 2004.20.12 N 13-III ҚР
Заңымен
алып тасталды
05.05.00 ж. N 48-II ҚР
Заңымен
29-бап өзгертілді
29-бап. 2004.20.12 N 13-III ҚР
Заңымен
29-бап алып тасталды (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа
енгізілді)
05.05.00 ж. N 48-II ҚР
Заңымен
29-1-баппен толықтырылды
29-1-бап. Қазақстан
Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық
атқарушы
органы әскери қызметшілерінің құқықтары,
мәртебесі
1. Қазақстан Республикасының
төтенше
жағдайлар
жөніндегі
орталық атқарушы органы аппаратында,
оның
аумақтық
органдарында, бағынысты ұйымдарында және
азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінде әскери қызмет өткеретін
адамдар міндетті әскери қызметте болады, Қазақстан
Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері үшін Қазақстан
Республикасының заңдарымен белгіленген
мәртебені
иеленеді және құқықтар мен жеңілдіктерді пайдаланады.
2. Қазақстан Республикасының
төтенше
жағдайлар
жөніндегі
орталық атқарушы органы аппаратының,
оның
аумақтық
органдарының, ведомстволық
бағынысты ұйымдарының
және
азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері әскери
атақтарына
сәйкес
айырым белгілері бар нысанды әскери киім (киім-кешек)
киіп жүреді.
Азаматтық қорғаныстың
басқа
санаттағы қызметкерлерінің
нысанды әскери киім (киім-кешек)
киіп жүру ерекшеліктерін Қазақстан
Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық
атқарушы
органының бірінші басшысы белгілейді.
8-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ
ЕРЕЖЕЛЕР
30-бап. Азаматтық қорғаныс
шараларын орындауға тартылатын адамдарды
сақтандыру
және
олар қаза тапқан немесе мертiккен
жағдайда
шеккен залалын өтеу
Азаматтық қорғаныс
шараларын орындауға және аварияларға,
апаттарға, табиғи және өзге де зiлзалаларға
байланысты төтенше, жағдайлардың зардаптарын жоюға
тартылатын адамдарды сақтандыру және олар қаза тапқан немесе мертiккен
жағдайда
шеккен залалын өтеу Қазақстан Республикасының
заңдарына
сәйкес
жүзеге
асырылады.