Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2011 в 17:16, сочинение
"Баршаңыздың назарыңызға!" дабылы - Азаматтық қорғаныстың дабылдамалармен және басқа да дабыл беру құралдарымен берiлетiн бiрыңғай дабылы.
Азаматтық қорғаныс саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобасын әзірлейді;
төтенше жағдайлардан қорғау саласында ұйымдар, оның iшiнде коммерциялық емес мамандандырылған ұйымдар, оқу орындарын құру және қайта ұйымдастыру жөнiндегi шараларды жүргiзедi;
Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерi адам құрамының, Азаматтық қорғаныс ұйымдары мен құрамалары басшыларының, халықтың азаматтық қорғаныс бойынша әзiрлiгiн ұйымдастырады, осы мақсаттарда тиiстi дайындық бағдарламаларын жасайды;
азаматтық қорғаныс мүдделерi үшiн қару-жарақ, техника, қорғаныс құралдары мен басқа да материалдық-техникалық құралдар жөнiндегi қажеттердi айқындайды;
Қазақстан Республикасының аумағында Азаматтық қорғаныс шараларының орындалуына мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының әскер бөлiмдерiнiң жауынгерлiк және мобилизациялық әзiрлiгiн қамтамасыз етедi;
Қарулы Күштерде, басқа әскерлер мен әскери құралымдарда Әскери қызмет өткеру ережелеріне сәйкес әскери қызметшілерді лауазымға тағайындайды, ауыстырады, қызметтен босатады және шығарады, сондай-ақ әскери қызметшілерге және әскери міндеттілерге мерзімінен бұрын беруді қоса алғанда, әскери атақтар береді, оларды төмендетеді және әскери атақтардан айырады;
Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен мазмұнын қалаларды және шаруашылық объектілерін санаттарға бөлу дәрежесіне байланысты бекітеді.
Азаматтық қорғаныс саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.
05.05.00 ж. N 48-II ; 2006.07.07. № 183-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 20-бап өзгертілді
20-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Азаматтық қорғаныс саласындағы өкiлеттiгi
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi:
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органын, ал жергілікті әскери басқару органдары арқылы төтенше жағдайлар жөнiндегi облыстық, қалалық басқармаларды тиiстi әзiрлiк деңгейiне келтiру туралы, сондай-ақ мобилизация жариялау туралы құлақтандырады;
Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтары негiзiнде азаматтарды Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс жүйесiне мiндеттi әскери қызметке шақыруды, әскери қызметшiлердi запасқа шығаруды, тiзiмдегi құрамды оқу жиындарына шақыруды, сондай-ақ мобилизация бойынша азаматтарды шақыруды жүргiзедi;
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органын, оның аумақтық органдарын, Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерi мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды әскерге шақырылатын құраммен және мобилизациялық ресурстармен жасақтауды, офицерлердi запастан әскери қызметке шақыруды (қабылдауды) жүзеге асырады;
халық пен аумақтарды осы заманғы зақымдау құралдарын қолданудың зардаптарынан қорғау жөнiндегi, сондай-ақ табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен олардың зардаптарын жою жөнiндегi мiндеттердi шешу кезiнде Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органымен өзара iс-қимыл жасайды.