Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2011 в 17:16, сочинение
"Баршаңыздың назарыңызға!" дабылы - Азаматтық қорғаныстың дабылдамалармен және басқа да дабыл беру құралдарымен берiлетiн бiрыңғай дабылы.
5. Азаматтық қорғаныстың
эвакуациялық шараларын орындауды ұйымдастыру
мақсатында
орталық және жергiлiктi атқарушы
органдар мен ұйымдарда эвакуация,
эвакуациялық-қабылдау комиссиялары құрылады.
5-тарау. АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ, ЖЕРГIЛIКТI ӨКIЛДI ЖӘНЕ АТҚАРУШЫ
ОРГАНДАРЫНЫҢ, ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ӨКIЛЕТТIГI, АЗАМАТТАРЫНЫҢ
ҚҰҚЫҚТАРЫ
МЕН МIНДЕТТЕРI
18-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Азаматтық қорғаныс саласындағы өкiлеттiгi
Қазақстан Республикасының Үкiметi:
Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысына басшылық жасайды;
Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және осы саладағы мемлекеттiк бағдарламаны Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне ұсынады;
Азаматтық қорғанысты дамыту мен жетiлдiрудiң негiзгi бағыттарын, оны қаржыландыру мен материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету тәртiбiн белгiлейдi;
республика экономикасының бейбiт және соғыс уақытында жұмыс iстеу орнықтылығын арттыру жөнiндегi шараларды әзiрлеу мен жүргiзуге басшылықты жүзеге асырады;
қалаларды азаматтық қорғаныс бойынша топтарға, ұйымдарды-санаттарға жатқызу тәртiбi мен өлшемдерiн бекiтедi;
Азаматтық қорғаныс жүйесiн бейбiт жағдайдан соғыс жағдайына көшiру, эвакуация шараларын жүргiзу тәртiбiн айқындайды;
iрi көлемдi авариялар, апаттар мен табиғи зiлзалалар кезiнде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының жекелеген әскер бөлiмдерiн өрiстетуге шешiм қабылдайды.
05.05.00 ж. N 48-II ; 2006.07.07. № 183-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 19-бап өзгертілді
19-бап. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органының өкiлеттiгi
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органы:
Азаматтық қорғанысқа тiкелей басшылықты жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары, ұйымдары, сондай-ақ халқы орындауға мiндеттi азаматтық қорғанысты дайындау және жүргiзу мәселелерi бойынша өз құзыретi шегiнде шешiмдер қабылдайды;
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерi туралы Ереженi бекiтедi;
Азаматтық қорғаныс мiндеттерiн шешуге бағытталған мақсатты бағдарламалар әзiрлеудi және олардың орындалуын ұйымдастырады;
авариялық-құтқару жұмыстары мен басқа да кезек күттiрмейтiн жұмыстарды жүргiзу кезiнде Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерi мен құрамаларын басқаруды ұйымдастырады;
Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының бейбiт және соғыс уақытына арналған жоспарын жасайды және оны Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне ұсынады;