Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2011 в 17:16, сочинение
"Баршаңыздың назарыңызға!" дабылы - Азаматтық қорғаныстың дабылдамалармен және басқа да дабыл беру құралдарымен берiлетiн бiрыңғай дабылы.
2. Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар:
Азаматтық қорғаныс шараларын орындауға қатысуға, сондай-ақ азаматтық қорғаныс бойынша оқудан өтуге;
"Баршаңыздың назарыңызға!" деген дабыл беру бойынша iс-қимыл жасаудың тәртiбiн, ұжымдық және жеке қорғану құралдарын пайдаланудың ережесiн, қорғанудың негiзгi әдiстерi мен зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету тәсiлдерiн бiлуге және орындауға;
Азаматтық қорғаныс объектiлерi мен мүлкiне ұқыпты қарауға;
соғыс уақытында және төтенше жағдайларда азаматтық қорғаныс
мiндеттерiн орындау үшiн заңда белгiленген тәртiппен
жеке пайдалануындағы көлiк құралдарын, аспаптар
мен жабдықтарды беруге мiндеттi.
6-тарау. АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ҚАЖЕТТЕРIН
МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАҒЫНАН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ.
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС
ОБЪЕКТIЛЕРI МЕН МҮЛКI
25-бап. Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерiнiң негiзгi қорлары
1. Әскери қалашықтардың тұрғын үй-жайлары мен басқа құрылыстары, Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерiнiң оқу объектiлерi, материалдық-оқу базасы, материалдық және техникалық құралдары мемлекеттiк меншiк болып табылады және олар Азаматтық қорғаныс бөлiмдерiнiң негiзгi қорларын құрайды. Азаматтық қорғаныс бөлiмдерi аталған және өзiне бөлiнген өзге де мүлiкке қатысты жедел басқару құқығын пайдаланады.
2. Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерiнiң орналасуына және тұрақты жұмыс iстеуiне арналған жер мен үй-жайлар, қоймалар мен басқа да объектiлер оларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тұрақты немесе уақытша пайдалануға берiледi.
3. Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерi жер пайдалануды, әуе кеңiстiгi мен су айдының пайдалануды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
26-бап. Азаматтық қорғаныс объектiлерi мен мүлкi
1. Азаматтық қорғаныс объектiлерi мен мүлкiне: Қазақстан Республикасының барлық деңгейдегi мемлекеттiк органдарының, жергiлiктi атқару органдарының қорғалған ғимараттар мен жер бетiндегi үйлер кешенiн қамтитын басқару пункттерi, жеке тұрған және қосып салынған Азаматтық қорғаныс баспаналары, Азаматтық қорғаныстың радиациядан қорғану панаханалары, Азаматтық қорғаныс мүлкiн сақтауға арналған қойма үй-жайлары, жеке қорғану құралдары, радиациялық, химиялық барлау мен дозиметрлiк бақылау аспаптары, арнаулы өңдеу аспаптары, Азаматтық қорғаныстың қорғану ғимараттарының ауасын сүзгiлiк-желдету және қайта генерациялау құралдары, жеке медициналық қорғану құралдары, байланыс пен құлақтандыру құралдары және мемлекеттiң меншiгi болып табылатын, сондай-ақ тиiстi органдардың бюджет қаражаты, ұйымдардың Азаматтық қорғаныс мүдделерiне пайдалануға арналған қаражаты есебiнен жасалған немесе сатып алынған басқа да материалдық-техникалық құралдар жатады.
2. Азаматтық, қорғаныс шараларын қамтамасыз ету үшiн облыстарда, аудандарда, қалаларда, қалалардағы аудандарда, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда, ұйымдарда Азаматтық қорғаныс мүлкiнiң қоры құрылады.
3. Азаматтық қорғаныс объектiлерi мен мүлкi жекешелендiруге жатпайды.
4. Ұйымдардың басқару құрылымдары мен шаруашылық қызметiнiң нысандары өзгерген жағдайда Азаматтық қорғаныс объектiлерi мен мүлкiнiң мақсатты бағыты, сондай-ақ оларды құру мен жинақтау жөнiндегi тапсырмалар солардың мойнында сақталады.