Азаматтық қорғаныстың міндеттері

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2011 в 17:16, сочинение

Описание работы

"Баршаңыздың назарыңызға!" дабылы - Азаматтық қорғаныстың дабылдамалармен және басқа да дабыл беру құралдарымен берiлетiн бiрыңғай дабылы.

Работа содержит 1 файл

Azkor.doc

— 225.50 Кб (Скачать)

2) инженерлiк құрамалар инженерлiк барлау жүргiзуге, үйiндiлерде жүргiн жолдар, соқпақ жолдар салуға, жолдар мен көпiрлердi, оның iшiнде су тосқауылдары арқылы салынған өткелдердi қалпына келтiруге және оларды жүрiп-тұра алатындай жағдайда күтiп ұстауға, жарылыс жұмыстарын жүргiзуге, қираған құрылыстарды аршып алуға және бүлiнiс аудандарында басқа да инженерлiк жұмыстарды жүргiзуге арналған және инженерлiк командалардан, жол-көпiр командаларынан (топтарынан), жарылыс жұмыстары топтарынан, инженерлiк барлау топтарынан (буындарынан) және басқалардан тұрады.

Инженерлiк құрамалар шешiлетiн мiндеттердiң ерекшелiгiне қарай жұмыстарды дербес орындауды қамтамасыз ететiндей техникамен және жабдықпен жасақталуға тиiс.

3) Азаматтық қорғаныс қызметiнiң құрамалары халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз етуге, авариялық-құтқару және шұғыл-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзуге, құтқару құрамаларын күшейтуге және олардың iс-қимылын жан-жақты қамтамасыз етуге арналған және медицина, байланыс, қоғамдық тәртiптi қорғау, өртке қарсы, авариялық-техникалық, материалдық жағынан қамтамасыз ету, көлiк, жануарлар мен өсiмдiктердi қорғау және басқа да құрамалар болып бөлiнедi.

3. Жедел-құтқару отрядтары iздестiру-құтқару жұмыстарын жүргiзуге және зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсетуге арналған.

Жедел-құтқару отрядтары жоғары дәрежелi әзiрлiктегi құрамалар болып табылады және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен құрылады.

4. 2004.20.12 N 13-III Заңымен алып тасталды

5. Азаматтық қорғаныс құрамаларына I, II, III топтардағы мүгедектерден, жүктi әйелдерден, сегiз жасқа дейiнгi балалары бар әйелдерден және соғыс уақытында - жұмылдыру нұсқамасы бар әскери міндетті адамдардан басқа еңбекке жарамды жастағы ерлер мен әйелдер алынады. 

4-тарау.  АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫСТЫҢ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРI 

15-бап.  Азаматтық қорғанысқа басшылық жасау

1. Азаматтық қорғанысқа жалпы басшылықты Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi жүзеге асырады, ол (лауазымы бойынша) Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының Бастығы болып табылады.

2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органының басшысы лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысы Бастығының орынбасары болып табылады және Республиканың азаматтық қорғанысына тiкелей басшылықты жүзеге асырады.

3. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда, ұйымдарда Азаматтық қорғанысқа басшылықты олардың бiрiншi басшылары жүзеге асырады, олар лауазымы бойынша тиiстi Азаматтық қорғаныс бастықтары болып табылады және азаматтық қорғаныс шараларын ұйымдастыру мен жүзеге асыруға жеке жауапты болады.

4. Азаматтық қорғаныс бастықтарына:

Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс Бастығы белгiлеген тәртiппен тиiстi деңгейдегi азаматтық қорғаныс жоспарларын бекiту және iске қосу;

белгiленген тәртiппен ведомстволық бағыныстағы аумақта халықты эвакуациялау;

Информация о работе Азаматтық қорғаныстың міндеттері