Азаматтық қорғаныстың міндеттері

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2011 в 17:16, сочинение

Описание работы

"Баршаңыздың назарыңызға!" дабылы - Азаматтық қорғаныстың дабылдамалармен және басқа да дабыл беру құралдарымен берiлетiн бiрыңғай дабылы.

Работа содержит 1 файл

Azkor.doc

— 225.50 Кб (Скачать)

Азаматтық қорғаныстың тұрақты дайындықтағы әскер бөлiмдерi техникамен және жабдықпен жарақтандырылуға және зардап шеккен халыққа көмек көрсету үшiн дереу қолдануға әзiр болуға тиiс.

4. Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерiн жасақтау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының әскери бөлiмдерi азаматтық қызметкерлермен де жасақталады. Азаматтық қызметкерлер атқаратын лауазымдардың штат санын, тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен жалпы сан шегiнде Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органының басшысы белгiлейдi.

5. Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерiн мобилизациялық өрiстету үшiн штатқа сәйкес техника, қару-жарақ, материалдық және техникалық құралдардың қорлары құрылады және күтiп ұсталады.

12.03.99 ж. N 347-1 ; 2004.20.12 N 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 14-бап өзгертілді

14-бап.  Азаматтық қорғаныс құрамалары, олардың мақсаты және оларды құру тәртiбi

1. Азаматтық қорғаныс құрамалары бейбiт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар қатерi төнгенде және туындағанда авариялық-құтқару жұмыстары мен басқа да шұғыл жұмыстарды жүргiзуге арналған.

Азаматтық қорғаныс құрамалары ұйымдарда, аудандарда, қалаларда, облыстарда құрылып, объектiлiк және аумақтық құрамалар болып бөлiнедi.

Объектiлiк құрамалар ұйымдарда, тұрғылықты жерлер бойынша құрылады және әдетте солардың мүдделерi үшiн пайдаланылады. Жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша объектiлiк құрамалар тиiстi аумақтардың мүдделерiн көздейтiн мiндеттер орындауға тартылуы жұмылдырылуы мүмкiн.

Аумақтық құрамалар аудандарда, қалаларда, облыстарда құрылады және тиiстi Азаматтық қорғаныс бастықтарына бағынады. Ұйымдар аумақтық құрамалар құруға негiз болады.

Азаматтық қорғаныс құрамаларының құрамы мен саны алдағы авариялық-құтқару жұмыстарының болжамдық есептерi мен көлемiнiң негiзiнде бейбiт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда халықты, аумақтар мен ұйымдарды сенiмдi қорғауды қамтамасыз ететiн жеткiлiктi қажеттілiктi басшылыққа ала отырып айқындалады.

Қазақстан Республикасының жер сiлкiнiсi болып тұратын аймақтары үшiн Азаматтық қорғаныс құрамалары халықтың 10 адамына кемiнде бiр құтқарушы; су тасқындары, өрт пен басқа да ықтимал қауiп-қатерлерге ұшырайтын өнеркәсiп аймақтары мен аумақтары үшiн халықтың 15-20 адамына бiр құтқарушыдан келетiндей есеппен әзiрленедi.

Азаматтық қорғаныс құрамалары құрылатын ұйымдардың басшылары олардың кәсiби даярлығына, осы заманғы техникамен, жабдықпен басқа да материалдық құралдармен жарақтандырылуына және тұрақты әзiрлiкте болуына дербес жауапты болады.

2. Азаматтық қорғаныс құрамаларының негiзгi түрлерi:

1) құтқару құрамалары зардап шеккендердi барлауға, iздеуге және үйiндiлерден шығарып алуға, алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған және олар аралас құтқару отрядтарынан (командаларынан), құтқару командаларынан (топтарынан), адамдарды iздеу командаларынан (топтарынан), барлау топтарынан, буындарынан және басқалардан тұрады.

Информация о работе Азаматтық қорғаныстың міндеттері