Азаматтық қорғаныстың міндеттері

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2011 в 17:16, сочинение

Описание работы

"Баршаңыздың назарыңызға!" дабылы - Азаматтық қорғаныстың дабылдамалармен және басқа да дабыл беру құралдарымен берiлетiн бiрыңғай дабылы.

Работа содержит 1 файл

Azkor.doc

— 225.50 Кб (Скачать)

ұйымдардың басшылары мен халықты осы заманғы зақымдау құралдары қолданылған кезде қорғану әдiстерiне және төтенше жағдайлар кезiнде iс-қимыл жасауға үйретудi ұйымдастырады;

осы заманғы зақымдау құралдары қолданылған жағдайда халықтың тiршiлiгiн бiрiншi кезекте қамтамасыз етуге кепiлдiк беретiн Азаматтық қорғаныс мүлкiнiң, материалдық-техникалық, азықүлiк, медициналық және өзге де ресурстардың көлемiн айқындайды және олардың жинақталуы, сақталуы, жаңартылып отыруы және әзiрлiк жағдайында ұсталуы үшiн жауап бередi;

ұйымдардың бейбiт және соғыс уақытында орнықты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды ұйымдастырады;

ведомстволық бағыныстағы аумақта Азаматтық қорғаныстың жай-күйiне жауап бередi.

23-бап. Ұйымдардың Азаматтық қорғаныс саласындағы өкiлеттiгi

Ұйымдардың басшылары:

бейбiт және соғыс уақытында арналған азаматтық қорғаныс жоспарларын жасайды және оларды iске асыру жөнiндегi басшылықты жүзеге асырады;

жұмыс iстейтiн адамдарды, шаруашылық жүргiзу объектiлерiн осы заманғы зақымдау құралдарының, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың әсерiнен қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;

ұйымдардың бейбiт және соғыс уақытында орнықты жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;

Азаматтық қорғаныс құрамаларын құрады және оларды әзiрлiк жағдайында ұстайды, оларды машықтандырылған мамандармен жасақтауды және авариялық-құтқару жұмыстары мен басқа да кезек күттiрмейтiн жұмыстарды жүргiзуге арналған қажеттi техникамен, құралдармен жарақтандыруды қамтамасыз етедi;

жұмысшылар мен қызметшiлердi, сондай-ақ ықтимал қауiптi объектiлердегi авариялардан зақым келуi мүмкiн аймақтарда тұратын халықты азаматтық қорғанысқа оқытуды жүзеге асырады;

өз объектiлерiнде авариялық-құтқару жұмыстары мен басқа да кезек күттiрмейтiн жұмыстарды жүргiзудi ұйымдастырады;

жергiлiктi құлақтандыру жүйелерiн, ұжымдық және жеке қорғану құралдарын құрады және оларды тұрақты әзiрлiк жағдайында ұстайды;

жұмысшылар мен қызметшiлердiң азаматтық қорғаныс бойынша мiндеттерiн орындауы үшiн оларға қажеттi жағдайлар жасайды;

соғыс уақытында және төтенше жағдайларда Азаматтық қорғаныс мiндеттерiн орындау үшiн заңда белгiленген тәртiппен көлiк, материалдық құралдар, аспаптар мен жабдықтар бередi.

24-бап. Қазақстан Республикасы аумағында тұратын азаматтардың Азаматтық қорғаныс жөнiндегi құқықтары мен мiндеттерi

1. Қазақстан Республикасының азаматтары, республика аумағында тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар:

осы заманғы зақымдау құралдарын қолданудың табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарынан өзiнiң өмiрi мен денсаулығын қорғауға құқылы;

азаматтық қорғаныс мiндеттерiн орындау кезiнде қаза тапқан жағдайда қаза тапқандардың отбасыларына Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес материалдық және өзге де төлемдер төленедi.

Информация о работе Азаматтық қорғаныстың міндеттері