Несие мәні мен түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2011 в 14:27, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық экономикада несие банк жүйесінде маңызды рөл атқарады. Несиенің экономикадағы алатын орны елеулі екендігіне ешбір күмән жоқ. Олай болса, бұл тақырыптың өзекті екеніне көз жеткізуге болады. Жұмыстың мақсаты капиталдың, яғни қарызға берілген ақша капиталының жүру формасын несие, ақша капиталының ақша айналуын және несие берушінің қарыз алушы арасындағы қатынастарды көрсетеді. Оның көмегі арқылы жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттің бос ақша қаражаттарын шоғырландырып, қарыз капиталына айналуы және белгілі уақытқа қолдануға ақылы түрде беріледі.

Содержание

Жоспар
Кiрiспе.................................................................................................................3
1.Несиенің теориялық негіздері ......................................................................4
1.1.Несиенің мәні және қажеттілігі..................................................................4
1.2.Несиенің формалары.................................................................................11
1.3.Несиенің түрлері........................................................................................23
2. ҚР Кредиттік ұйымдарды дамыту..............................................................27
2.1.Қазақстан Республикасының Банктік секторын талдау.........................27
2.2. Қазақстан Республикасының Банктік емес ұйымдар секторы.............31
2.3. «Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу............................................................33
3.Қазақстан Республикасының несие дамытудың жолдары........................39
3.1. Қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдар кезеніне арналған мақсаттары мен міндеттері..............................................................................39
3.2. Кредиттік мекемені дамыту мен кредиттік бюроны құру.....................40
3.3.Тұрғын үй ипотекалық кредит беруді оңтайландыру және кеңейту.....42
Қорытынды.......................................................................................................44
Пайдаланған әдебиеттер..................................................................................46

Работа содержит 1 файл

Өндіріс.doc

— 374.50 Кб (Скачать)

 Агенттiк  Меморандумды екiншi деңгейдегi 17 банктiң қарауына жiбердi. 2006 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Меморандумға екiншi деңгейдегi 16 банк қол қойды. 
      Бұл екiншi деңгейдегi банктер иелерi құрылымының айқындылығы мен жариялығының деңгейiн арттыруға себепшi болады және қаржы секторы тұрақтылығының деңгейiн арттырудағы маңызды аспектi болып табылады. 
     6. Қуатты қаржылық инфрақұрылымды жасауға және ұлттық қаржы жүйесiне деген сенiмдi арттыруға көмек көрсету мақсатында 2004 жылдың соңында Агенттiк Қаржы нарығында жүйелi тәуекелдер арта түскен кезде жедел iс-әрекеттер сызбасын әзiрледi және бекiттi. 
      Еуропалық Одақтың стандарттарын және Банктiк қадағалау жөнiндегi Базель комитетiнiң, Сақтандыруды қадағалау органдарының халықаралық қауымдастығының, Бағалы қағаздар жөнiндегi комиссия халықаралық ұйымының халықаралық қадағалау стандарттарының одан әрi енгiзiлуiн ескере отырып, нормативтiк құқықтық актiлер, оның iшiнде қаржы ұйымдарының қызметiн, осы ұйымдардағы тәуекелдердi басқару жүйесiн, шоғырландырылған қадағалауды пруденциалдық реттеу бөлiгiнде қабылданды. 
     7. Қазақстанның банк секторын реттеудi халықаралық стандарттарға жақындату мақсатында Қазақстанның банк жүйесiн "Капиталды және капитал стандарттарын есептеудiң халықаралық конвергенциясы" (International Convergence of Capital Measurement аnd Capital Standards) (Базель II) Банктiк қадағалау жөнiндегi Базель комитетiнiң капиталдың барабарлығы келiсiмiне өтудi жүзеге асыру жөнiндегi жұмыс атқарылды.     

 Банктiк  қызмет көрсету деңгейiн арттыру,  халықтың банкке және басқа да қаржы ұйымдарына деген сенiмi, қарыз алушылар мен банктердiң мүдделерiн қорғау жөнiндегi кепiлдiктердi жасау, кредиттiк қызметтер нарығында тәуекелдердi азайту мәселелерiн шешу үшiн 2004 жылы 6 шiлдедегi Заңымен қабылданған "Қазақстан Республикасында кредиттiк бюро және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес республикадағы алғашқы кредиттiк бюро құрылып, жұмыс iстейдi. Осылайша, белгiлi бiр дәрежеде кредиттiк қызметтер нарығының аса айқындылығы мен сенiмдiлiгi, кредит алған кезде ақпаратты жинауға байланысты кредиттiк ұйымдардан қарыз алушылар шығыстарының азаюы проблемалары шешiлдi.       

3.3. Тұрғын үй ипотекалық кредит берудi оңтайландыру және кеңейту     

 Ипотекалық  кредит берудiң және тұрғын үй жинақ ақшасының бұқара халыққа қолжетiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi мiндеттердi шешу мақсатында Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 11 маусымдағы N 1388 жарлығымен Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы қабылданды. 
      Көрсетiлген бағдарлама шеңберiнде "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" АҚ (бұдан әрi - ҚИК) Қолжетiмдi тұрғын үйге ипотекалық кредит берудiң арнайы бағдарламасын қабылдады. Осы арнайы бағдарлама мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру шеңберiнде ҚИК-тiң банктермен және банктiк емес ұйымдармен одан әрi өзара іс-қимылдарының мәселелерiн регламенттейдi.

4-кесте.Экономикаға берілген кредиттер мөлшерлемесі 

  Экономикаға берілген кредиттер, кезеңнің соңына, млн.теңге
    оның ішінде валюта түрлері бойынша оның  ішінде мерзімдері бойынша оның  ішінде субъектілер бойынша
  Барлығы ұлттық валютада шетел валютасында қысқа мерзімді ұзақ мерзімді банктік емес заңды тұлғаларға жеке тұлғаларға
12.00 276 218 135 317   140 901 143 195 133 023 261 570 14 647
12.01 489 817  141 284 348 533 241 135 248 682 459 002   30 815
12.02 672 407   211 862 460 545 289 014 383 393 613 793 58 614
12.03 978 128  435 437 542 691 369 775 608 353 856 345 121 783
12.04 1 84 010        714 071 769 939 508 596   975 414 1 179 969 304 041
12.05 2 592 90   1 255 882 1 336 208 869 136 1 722 53 1 923 271 668 819
12.06 4 690 98   2 421 943 2 269 055 1 256 52 3 434 345 3 156 922 1 534 076
12.07 7 258 69   4 158 399 3 099 970 1 457 07 5 800 763 4 681 174 2 577 195
12.08 7 460 81   4 162 074 3 298 207 1 520 77 5 939 804 5 122 516 2 337 766
12.09 7 644 36   3 944 283 3 699 754 1 213 73 6 430 563 5 417 884 2 226 153
 

      Тұтастай  алғанда, ипотекалық кредиттер  халыққа қолжетiмдiрек болды. Нәтижесiнде,  жеке тұлғаларға 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2006 жылдың 1 қаңтарына дейiнгi кезеңде тұрғын үй сатып алуға берiлген қарыздар тиiсiнше 37,7 млрд. теңгеден 275,3 млрд. теңгеге дейiн артты. Бұл ретте, ипотекалық компаниялардың жиынтық несие қоржыны 2004 жылдың қаңтарындағы жағдай бойынша 16,7 млрд. теңгеден 2006 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 68,3 млрд. теңгеге дейiн артты. 
      Республиканың қаржы нарығында 2006 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 7 ипотекалық ұйым жұмыс iстейдi. Ипотекалық ұйымдардың қызметiн сипаттайтын негiзгi көрсеткiштердiң артуы байқалды. Жиынтық активтердiң сомасы 2006 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 75,3 млрд. теңгені құрады, жиынтық мiндеттемелер 62,0 млрд. теңгеге дейiн жеттi, меншiктi капиталдың мөлшерi 13,3 млрд. теңгенi құрады.

   Қорытынды

     Несиенің  нарықтық экономикадағы мәні мен  мазмұнын, оның қажеттілігін, формалары  мен түрлерін, төлем қабілеттілігін жан – жақты  талдау нәтижесінен мынадай түсініктер қалыптасады.

       Несиенің  қажеттілігі ұдайы өндіріс процесі  фазаларының бірлігі мен өзара әсерін қамтамасыз ететін тауар-ақша қатынастарының, құнының тауарлай және ақшалай формаларының бар болуымен түсіндіріледі.

       Құнының тауарлай және ақшалай формасына  сәйкес несиенің екі негізгі формалары  қарастырылады – коммерциялық және банктік. Егер коммерциялық несие тауарлық формада берілетін болса, онда банктік несие ақшалай формада беріледі. Банктік несие әмбебап болып табылады, өйткені банк арқылы қайтарымдылық, төлемділік шарттарымен қайта бөлінетін ақшалай қаражаттар экономиканың барлық салаларында қолданылады.

       Несиенің  түрлері - бұл белгілі - бір түрдегі  экономикалық қатынас ретіндегі  несиеден келіп шығатын белгілі  бір қасиеттерге ие.

       Төлем қабілеттілігін талдау деп қарыздық міндеттемелерді қарыз алушының тұтыну ссуда есебіне күнделікті өтеудің қаржылық мүмкіндіктерін талдау.

       Несие жүйесі кең мағынада – бұл несиелік қатынастар, несие формалары мен  несиелік мекемелер жиынтығы, ал тар  мағынада – елдегі несиелік есеп айырысу  қатынастарын ұйымдастырушы, ақша айналысын  реттеуші және басқа қаржылық қызмет көрсетуші несиелік мекемелер торабы.

       Банктік ұйымды қызықтыру үшін және бизнестік  құрылымға деген өндіріс жағынан  ұсыныс болуы керек және банктің  тағайындалған пайыздық ставкасының  деңгейі, қайтару мерзімі және жарнама  да әсерін тигізеді. Айта келе, келесідей қорытынды жасауға болады:

    • банктің негізгі несиелік қызметі болып несиелік саясат саналады;
    • несие жоспарланған салада ғана беріледі;
    • несие беру банк ресурстарына ғана тәуелді емес, сонымен бірге

клиенттің мүмкіндіктеріне де тәуелді;

    • несиелеу жүйесі несиелеу қағидаларына негізделеді (қайтару,

төлеу және қамтамасыз ету);

    • несие қабілеттілігі нақты дұрыс нәтиже береді;
    • бүгінгі таңда клиенттердің мүмкіншілігі ол несиені кепілдікке алу.

    Осы курстық жұмысты аяқтай  келе менің  ұсынысым келесідей:

    1. жеке заңды тұлғаларға несие  берген кезде банктер пайыздық  мөлшерін неғұрлым төмендетсе, соғұрлым  оған деген ұсыныс туады;

    2. заңды және жеке тұлғаларға  берілетін ипотекалық несиені  дамытуға көңіл, үлес қосу;

    3. еліміздің несиенің даму заңдылықтарын  халықаралық стандарттарға сәйкестердіру;

    4. кәсіби коммерциялық банктерге  мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығына  белгілі - бір  мөлшерде несие  берумен қамтамасыз ету;

    5. мемлекет тарапынан өз қаржылық  деңгейімен нық тұра алмайтын  ауыл шаруалығын қолдау, банктер арқылы ұзақ мерзімді несиелендіру жүйесі  ұйымдастырылса.

     Қазіргі таңда несиенің маңызы қай сала үшін болмасын өте зор және қажетті, сондықтан  да несие арқылы заңды және жеке тұлғалардың материалдық жағдайы  жақсарып, мемлекеттің экономикалық дәрежесі жоғарлайды деген сенімім мол.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланған әдебиеттер 

    1  Ақша, несие, банктер. Ғ.С.Сейтқасымов.-Алматы:Экономикс,2001.

  1. Деньги, кредит, банки/ Под ред.Лаврушкина О.И.-М.:Финансы и статистика.1999.
  2. Деньги, кредит, банки/ Под ред.Олейникова И.Н.-М.:Магистр.2008.
  3. Ақша айналысы және несие. С.Б. Мақыш.-Алматы:Маркет.2004.
  4. Коммерциялық банктер операциялары. С.Б. Мақыш .-Алматы:Маркет.2004.
  5. Финансы.Денежное обращение.Кредит/ Под ред.Дробозиной Л.А.-М.:Финансы,ЮНИТИ.1997.
  6. Общая теория денег и кредита/ Под ред.Жукова Е.Ф.-М.:Банки и биржа.1995.
  7. Панова Г.С.Кредитная политика коммерцеского банка.-М.:ИЦК ДИС,1997.
  8. Галийцкая С.В. Деньги. Кредит. Финансы.-М.,2002.
  9. Денежное обращение и банки/Под ред.Г.Н.Белоглавзовой,Г.В.Толоконцевой.-М.,2000
  10. Деньги.Кредит.Банки./Под ред.Е.Ф.Жукова.-М.,1999.
  11. Деньги.Кредит.Банки./Под ред.В.В.Иванова,Б.И.Соколова.-М.,2003.
  12. Международный финансовый рынок/Под ред.В.А.Слепова,Е.А.Звоновой.-М.,2007.
  13. Гагарин С.В. и др.Межбанковский кредит.-М.:Принтлайн.1995.
  14. Тулебаева Т.Т. и др. Социалистицеские преобразование кредитной системы и ее развитие в Казахстане.-Алмата:Казахстан.1974.
  15. Көшенова.Б. Ақша, несие, банктер.-Алматы. 2001.
  16. Мелинков В.Д. Основа финансов .- Алматы, 2005 .
  17. Масленчеков Ю.С.Работа банков с корпоративными клиентами.-М.,2003
  18. Статистика финансов./Под ред.В.И.Салина.-М.,2000.
  19. Титова Н.Е.Деньги.Кредит.Банки.-М.,2003.

      21. Көшенова Б.А. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары/

            - Алматы: « Экономика », 2000.

     22 .И. И. Повлов  Денги, кредит, банк,.-Алматы, Казакхстан, 1994.

      23.Ілиясов Қ., Құлпыбаев . Қаржы .- Алматы, 2005.

      24.www.nationalbank.kz

      25.www.afn.kz 
 
 

Информация о работе Несие мәні мен түрлері