Несие мәні мен түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2011 в 14:27, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық экономикада несие банк жүйесінде маңызды рөл атқарады. Несиенің экономикадағы алатын орны елеулі екендігіне ешбір күмән жоқ. Олай болса, бұл тақырыптың өзекті екеніне көз жеткізуге болады. Жұмыстың мақсаты капиталдың, яғни қарызға берілген ақша капиталының жүру формасын несие, ақша капиталының ақша айналуын және несие берушінің қарыз алушы арасындағы қатынастарды көрсетеді. Оның көмегі арқылы жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттің бос ақша қаражаттарын шоғырландырып, қарыз капиталына айналуы және белгілі уақытқа қолдануға ақылы түрде беріледі.

Содержание

Жоспар
Кiрiспе.................................................................................................................3
1.Несиенің теориялық негіздері ......................................................................4
1.1.Несиенің мәні және қажеттілігі..................................................................4
1.2.Несиенің формалары.................................................................................11
1.3.Несиенің түрлері........................................................................................23
2. ҚР Кредиттік ұйымдарды дамыту..............................................................27
2.1.Қазақстан Республикасының Банктік секторын талдау.........................27
2.2. Қазақстан Республикасының Банктік емес ұйымдар секторы.............31
2.3. «Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу............................................................33
3.Қазақстан Республикасының несие дамытудың жолдары........................39
3.1. Қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдар кезеніне арналған мақсаттары мен міндеттері..............................................................................39
3.2. Кредиттік мекемені дамыту мен кредиттік бюроны құру.....................40
3.3.Тұрғын үй ипотекалық кредит беруді оңтайландыру және кеңейту.....42
Қорытынды.......................................................................................................44
Пайдаланған әдебиеттер..................................................................................46

Работа содержит 1 файл

Өндіріс.doc

— 374.50 Кб (Скачать)
 

Жоспар 

Кiрiспе.................................................................................................................3 

1.Несиенің  теориялық негіздері ......................................................................4 

1.1.Несиенің  мәні және қажеттілігі..................................................................4

1.2.Несиенің  формалары.................................................................................11

1.3.Несиенің  түрлері........................................................................................23 

2. ҚР  Кредиттік ұйымдарды дамыту..............................................................27 

2.1.Қазақстан Республикасының Банктік секторын талдау.........................27

2.2. Қазақстан Республикасының Банктік емес ұйымдар секторы.............31

2.3. «Кредит  нарығының жағдайы және өлшемдерінің  болжамы» екінші деңгейдегі банктерге  зерттеу жүргізу............................................................33 

3.Қазақстан Республикасының несие дамытудың жолдары........................39 

3.1. Қаржы  секторын дамытудың 2007-2011 жылдар  кезеніне арналған мақсаттары  мен міндеттері..............................................................................39

3.2. Кредиттік  мекемені дамыту мен кредиттік  бюроны құру.....................40

3.3.Тұрғын  үй ипотекалық кредит беруді  оңтайландыру және кеңейту.....42 

Қорытынды.......................................................................................................44 

Пайдаланған әдебиеттер..................................................................................46 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

         Кіріспе

      Нарықтық  экономикада несие банк жүйесінде  маңызды рөл атқарады. Несиенің экономикадағы  алатын орны елеулі екендігіне ешбір  күмән жоқ. Олай болса, бұл тақырыптың өзекті екеніне көз жеткізуге болады. Жұмыстың мақсаты капиталдың, яғни қарызға берілген ақша капиталының жүру формасын несие, ақша капиталының ақша айналуын және несие берушінің қарыз алушы арасындағы қатынастарды көрсетеді. Оның көмегі арқылы жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттің бос ақша қаражаттарын шоғырландырып, қарыз капиталына айналуы және белгілі уақытқа қолдануға ақылы түрде беріледі.

      Несиенің  маңызы, сонымен бірге оны қолдау аясы елдің экономикалық жағдайына  байланысты үнемі өзгеріп тұрады. Айталық, экономиканы орталықтанған жоспарлы түрде басқарудан нарықтық экономикаға өтуге байланысты біздің елімізде коммерциялық және ипотекалық, лизингтік, трастылық қаржылық банктік операцияларды пайдалану жаңғыртылады, сонымен бірге несие қатынастары мен несиенің көлемі, несие ставкасы де өзгереді.

      Сонымен қатар несие қатынастарының нақты  көрінісін несиенің формалары мен  түрлері сипаттайды. Несиенің негізгі  екі формасы: коммерциялық және банктік  несие болады. Бұл екі несие  бір-бірінен несие субъектілері, құрамы, қарыз объектісі, динамикасы, пайыз мөлшері және қызмет ету аясы бойынша ажыратылады. Несиенің түрлері бұл белгілі бір түрдегі экономикалық қатынас ретіндегі несиеден келіп шығатын белгілі бір қасиеттерге ие.

      Қазақстан Республикасының қазіргі уақыттағы экономикалық жағдайы, оның ішінде несиелі ақша жүйесінде үлкен өзгерістер болып отыр. Несие толығымен экономикамен және оның жеке секторларымен тығыз байланысты. Сондықтан да бүгінгі таңда Қазақстанда күрделі өзгерістер болуда, яғни елдің экономикасының дамуы мемлекеттің несие саясатымен тікелей байланысты. Осы жерден байқайтынымыз несие қазіргі уақыттағы экономиканың тірегі болып табылады. “Несие” деген сөздің өзі, латын тілінен аударғанда “сенім” деген мағынада, ол белгілі - бір тұлғаның мойнына алған міндетін орындауға сенім көрсетуге дегенді білдірсе, екінші жағынан, несие, банктердің филиалдарымен несиелік мекемелердің қанат жаюымен ұштасып, сол арқылы қазақ даласының қойнауының капиталын кеңейтуге мүмкіндік береді.

      Осы жұмысымда несиенің мәні мен қажеттілігін, формалары мен түрлерін, жеке және заңды тұлғалар үшін несиенің өте қажеттігін, олардың

төлем қабілеттілігін, қайтарымдылығын, тиімділігін  қарастырамын. Сондай-ақ ауыл шаруашылығына  берілетін несиенің мемлекет үшін қажеттілігі, мәні мен маңызы және шет ел тәжірибелері салыстырылып ұсынылып қарастырылған. 
 

     1.Несиенің формалары мен түрлері

     1.1.Несиенің  мәні және қажеттілігі 

     Несие – бұл пайыз төлеу және қайтару  шартында уақытша пайдалануға, яғни қарызға берілетін ссудалық капитал  қозғалысы.

     Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға  өтуін қамтамасыз ете отырып, несие  берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары  мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға айналады. Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылықтар бар: несие – бұл банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын және сондай – ақ олардың жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Ссуда – бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.

     Экономикалық  категория ретінде, несие – кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай – ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі – бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.

     Өндіріс, ұдайы өндіріс процесінің бастапқы пункті, шешуші жағдайы бола отырып, басқа фазалармен тығыз байланыса. Ұдайы өндіріс процесі материалдық  игіліктердің қоғамдық өндірісі процесінің үздіксіз жаңаруы ретінде, оның әр түрлі  сатыларының біртіндеп ауысуын ұлғайтады. Әрбір саты- өндіріс, үлестіру, айырбас және тұтыну белгілі бір мағынаға ие.

      Ұдайы өндіріс фазаларының бірлігі  мен өзара әсері тауар- ақша қатынастарының, құнның тауарлық және ақшалай формаларының бар болуымен қамтамасыз етіледі.

      Ұдайы өндіріс процесі фазаларының өзара әсері тауарлық шаруашылықтағы несиенің орның айқындауға және оның мәнің ашуда елеулі мәнге ие. Өндірісте несиелік қатынас жүргізілмейді. Өндірістік процеске несиелік қатынастардың тек бірінші жағы- алынған несиені өндірістік мақсатқа пайдаланушы қарыз алушы ғана  қатынаса алады. Екінші жақ- кредитор өндірістік процестің сыртында қалады. Демек, несие бірігей ұдайы өндіріс процесінің субьектілері арасындағы экономикалық байланысты білдіреді. Сондықтан несиенің мәнің ұдайы өндіріс процесінің бір сатысымен ғана байланыстыруға болмайды.

      Несие құнның белгіленіп үлгерген қызметіне  байланысты болатын қатынастарды білдіреді. Несие тек өндірісте ғана пайда  бола алмайды, өйткені мұндай өнім әлі  жасалған жоқ, ал оның бөліктері ұдайы  өндіріс процесінің сәйкес қатынасушыларының иелігіне түскен жоқ. Сондықтан несиеге бастаманы өндіріс сатысы емес өнімнің қозғалысының келесі сатылары беріледі. Осы мағынада несиелік қатынастар бұл өндірістегі қатынастар емес, оның сыртындағы қатынастар болып табылады.

      Осылайша, өндіріс сферасының айқындаушы мағынасы оны несиелік қатынастардың түпкі мәнін есептеуге негіз болмайды, демек соңғысының мағынасын толық бере алмайды. Айырбаспен өзара әрекет процесінде өндірістің белгілі бір мағынасы бар.

      Өндірілген  өнім мен оның бөліктері индивидуумдардың қолдарына тиместен бұрын айырбасты бастауға болмайды. Сондықтан айырбас өндірісте кіретін акт, өндірісте тікелей бар болады немесе онымен анықталады.

      Өз  кезегінде, үлестіру және айырбас біртұтас алғанда өндіріспен және бір- бірімен өзара әрекетте болады; өндіріс осы бөліктермен анықтала алады. Мысалы, нарық ұлғайған кезде, яғни айырбас сферасы, өндіріс көлемі өседі және оның дифференциясы тереңдей түседі. Үлестірудің өзгерісімен өндіріс те өзгереді, мысалы капиталдың шоғырлануымен, қала мен ауыл арасындағы әр түрлі үлестіруімен т.б. Несие үлестіруімен байланысты, бірақ ол үлестіру қатынасын білдіреді. Үлестіруге екі маңызды жағдай тән: 1- үлестіру пропорцияны белгілейді, онда әрбір индивидум өндірілген өнімге қатысады; 2- ол қоғамнан келіп шығатын көз ретінде анықталады.

      Айырбастың  үлестіруден айырмашылығы, біріншіден, ол индивидумға үлестіру кезінде  алған бөлігін айырбастағысы  келетін белгілі бір өнімге қол  жеткізеді, екіншіден, айырбас жекелеген  қажеттіліктерге сәйкес бөлініп қойғанды қайта бөлінеді, сонымен бірге индивидуумнан шығатын кез ретінде анықталады. Үлестіру фазалары және айырбас арасындағы айтылған айырмашылықтар ұдайы өндіріс қатысушылары арасындағы айырбас процесінде қалыптасатын қатынастарды негіз деп есептеуге мүмкіндік береді. Алдағы көрсеткеніміздей үлестіру саласында тек өнімді үлестіру ғана жүзеге асады, өнім ұдайы өндіріс процесі субъектілерінің иелігіне түседі, өндіріс сияқты үлестіру процесіне қатысты несие пассивті дегенді білдірмейді, керісінше, ол олардың жылдамдатылуына көместеседі. Несиенің ұдайы өндіріс процесіне бұлай әсер етуі өнім өндіріліп және ұдайы өндіріс субъектілерінің игілігіне түскен кезде, ал айырбас фазасында субъектілердің біреуінде қозғалысы тоқтаған уақытша босаған құн мен басқа субъектінің оны қосымша пайдалану қажеттілігі арасында қарама- қайшылық пайда болған кезде мүмкін болады. Несие өндіріс факторы бола келе, өндіріс пен үлестіруден шыға отырып қайта бөлу категориясы ретінде өзінің дербестігін жоғалтпайды, шынында тауарлар айырбасының формасы ретінде юолады.

      Несие айырбас сатысында пайда бола отырып, қарыз мәмілесінің формасы  ретінде құн қозғалысының үздіксіздігін  қамтамасыз етуі тиіс. Құн қозғалысы  несие қозғалысының ядросы болып  табылады. Айырбас процесінде мәміленің екі түрі ажыратылады: қарыз мәмілесі және сатып алу- сату мәмілесі. Несие қарыз мәмілесі ретінде тауар айналысы процесіне себепші болады. Қарыз мәмілесі тауар айналысының ерекше формасы және сатып алу- сату мәмілесіне қарсы қойып салыстыру арқылы сипатталуы мүмкін. Олардың арсында негізгі айырмашылық мынада: сатып алу-сату кезінде тауарларды өзара ұсыну бір мезгілде жүреді, қарыз мәмілесі кезінде эквиваленттің қайтарылуы кейінге қалдырылады. «Сатушы тұтыну құны ретіндегі тауарды шеттете отырып, оның өзіндік айырбас құнынымен және ақшаның тұтыну құнын жүзеге асырады. Бұған керісше, сатып алушы айырбас құны ретінде ақшаны иелігінен шығара отырып ақшаның тұтыну құнын және тауардың бағасын өткізеді. Осыған сәйкес тауар мен ақша орындарының ауысуы жүреді.

      Осылайша екі жақты полярлы қарама- қайшылықтың жанды процесі енді қайтадан өз барысында тағы да екіге жарылады. Сатушы шын мәнінде тауарды өзінен шеттетеді, бірақ оның бағасын бастапқыда тек идеалды түрде ғана белгілейді. Ол тауарды өз бағасы бойынша сатты. Алайда ол баға тек кейінірек, белгіленген мерзімде өткізіледі» 1 . Несие ақшаның төлем құралы функциясындағы ақшаның дамуы болып табылады. Ал эквивалент қайтарылуының кейінге қалдырылуы құн қозғалысының сатып алу- сатудан дербес, сапалық жағынан ерекше қозғалыс формасын жасайды. Сондықтан қарыз мәмілесін сатып алу- сату мәмілесінің бір түрі деп ойлауға болмайды.

      Айырбастың  екі контрагентінің бірегей келісімі ретінде алынған сатып алу- сату мәмілесі олардың арасыда кездейсоқ, өткінші байланысты жүзеге асырады. «А» тауарды «Б»- ға береді және одан ақша алады. Олардың арасында тікелей байланыс тек тауарлар мен ақшалар қозғалысы мерзімінде ғана орнатылады. Тұтастай алғандағы сатып алу- сату мәмілесі барлық қоғамда барлық тауар иелерін байланыстырушы фактор қызметін атқарады, бірақ  бұл мәміле өзінің жекелеген көріністерінде кездейсоқ, өткінші байланысты жасайды. Әрбір қарыз мәмілесі, тіпті тек алынғаны да, басқа осындай мәмілелермен немесе экономикалық қатынастың басқа формаларымен байланыстын тыс мәміленің контрагенттері арасында ұзаққа созылған қатынаста көшеді. Өзара ынтымақ, мақсаттың бірлігі пайда болады.

      Сатып алу- сату мәмілесі кезінде тұтыну құнының  қозғалысы жүреді, ал құн мәселесі контрагенттерінің қолында қалады. Қарыз мәмілесі кезінде тұтыну құнының ғана қозғалысы жүріп қоймайды. «Біз жай тауар туралы, тап осындай тауар туралы, айтқанда сатып алушы қолында бірдей құн қалады, бірақ әр түрлі формада; сауда мәмілесіне дейін де және одан кейін де олардың қолында иеліктерінен шығарған құн болады, бірақ біреуінде ол тауар формасында, басқасында ақшалай формада болады» 2. Қарыз кезінде «ақшалай капиталист бұл мәміледе құнды беретін жалғыз тұлға болып табылады; бірақ ол оны артынан оның қайтып келуі арқасында ғана сақтайды. Қарыз кезінде тек бір тарап қана құнды алады, өйткені оны бір тарап қана береді».

      Сатып алу- сту кезінде меншік қозғалысы  жүреді: «А» тауарды «В»-ға сатады. Бұл мәміленің нәтижесінде тауар  меншік «А»-дан «В»-ға өтеді. Ал қарыз  мәмілесі кезінде меншік қарыз берушіде сақталады: «А» «Б»-ға қарыз береді. Бұл мәміле нәтижесінде құн «А»-дан тауар «В»-ға орын ауыстырады, бірақ бұл мәміленің объектісіне меншік «А»-да сақталады. Осылайша, сатып алу- сату мәмілесі меншіктін оны пайдалануымен сәйкес келуін ұйғарады; Қарыз мәмілесі меншіктің оны пайдаланудан айыру мүмкіндігіне негізделген. Сатып алу- сату мәмілесі кезінде ақша айналыс құралы ретінде қызмет етсе, ал қарыз актісінде олар оны аяқтайды. Сатып алу- сату мәмілесінде сатушы ақшаның көмегімен қандай да бір қажеттілігін қанағаттандыру үшін тауарын ақшаға айналдырады, ал қарыз актісінде олар оны аяқтайды. Сатып алу- сату мәмілесінде сатушы ақшаның көмегімен қандай да бір қажеттілігін қанағаттандыру үшін тауарын ақшаға айналдырады, ал қарыз актісінде ақша құн формасы ретінде мәміле мақсаты болады. Ақша қарыз мәмілесінде сатып алу- сату актісіне қарағанда, басқа қызмет атқаратыны несиенің мәнің анықтау үшін үлкен маңызы бар. Ақша белгілі бір экономикалық байланыстардың заттық көрінісі болып табылады және олар өздерінің әрбір қызметтерінде бұл байланыстардың әр түрлі типтерін бейнелеп көрсетеді. Осыдан келіп, қарызды тауар айналысының формасы деп түсінетін болсақ, онда несиенің қарыз мәмілесі ретінде анықтамасын осы формаға ұқсас, яғни өндірістік байланыстың белгілі бір типі деуге болады.

Информация о работе Несие мәні мен түрлері