Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2011 в 14:27, курсовая работа
Нарықтық экономикада несие банк жүйесінде маңызды рөл атқарады. Несиенің экономикадағы алатын орны елеулі екендігіне ешбір күмән жоқ. Олай болса, бұл тақырыптың өзекті екеніне көз жеткізуге болады. Жұмыстың мақсаты капиталдың, яғни қарызға берілген ақша капиталының жүру формасын несие, ақша капиталының ақша айналуын және несие берушінің қарыз алушы арасындағы қатынастарды көрсетеді. Оның көмегі арқылы жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттің бос ақша қаражаттарын шоғырландырып, қарыз капиталына айналуы және белгілі уақытқа қолдануға ақылы түрде беріледі.
Жоспар
Кiрiспе.................................................................................................................3
1.Несиенің теориялық негіздері ......................................................................4
1.1.Несиенің мәні және қажеттілігі..................................................................4
1.2.Несиенің формалары.................................................................................11
1.3.Несиенің түрлері........................................................................................23
2. ҚР Кредиттік ұйымдарды дамыту..............................................................27
2.1.Қазақстан Республикасының Банктік секторын талдау.........................27
2.2. Қазақстан Республикасының Банктік емес ұйымдар секторы.............31
2.3. «Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу............................................................33
3.Қазақстан Республикасының несие дамытудың жолдары........................39
3.1. Қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдар кезеніне арналған мақсаттары мен міндеттері..............................................................................39
3.2. Кредиттік мекемені дамыту мен кредиттік бюроны құру.....................40
3.3.Тұрғын үй ипотекалық кредит беруді оңтайландыру және кеңейту.....42
Қорытынды.......................................................................................................44
Пайдаланған әдебиеттер..................................................................................46
Монополияға дейінгі капитализм кезеңінде коммерциялық несие өндіріс пайызының және тауарларды өткізудің үздіксіздігін қамтамасыз ете отырып, несиелік жүйенің негізі болды.
Қазіргі уақытта фирмалар өз өнімдерін өткізудің бұл формасын төлемді кейінге қалдыра отырып, сатуды белсенді қолданады. Бұл ұсақ және орта фирмалардың төлем қабілеттілігінің шамалығымен, тауарлар құнының өсуімен, банктік қарыз алуды қиындататын несиелік шектеулермен түсіндіріледі.
Коммерциялық несие Жапонияда және Францияда кең таралған. Жапондық кәсіпорындар балансының жалпы сомасында коммерциялық талаптар мен міндеттемелердің үлесі орта есеппен 30 % -ға жетеді, француз фирмаларынікі 20-25 %. Олардан кейінгі орында ағылшындық, американдық және германиялық компаниялар. Төлеуді кейінге қалдыруды тек қаржылық мүмкіндігі шектеулі ұсақ фирмалар ғана пайдаланбайды, сонымен қатар кредитор және қарыз алушы ретінде бола отырып, едәуір қаражаттарды және банктік несие ала алатын ірі компаниялар да пайдаланады.
Коммерциялық
несиенің сақталуының себептерінің
бірі – тауарлардың ұдайы
Басқа да несие формаларының жедел өсуіне байланысты коммерциялық несиенің рөлі мен оның көмегінің абсолютті шамада ұлғаюына қарамастан қысқарып кетті.
Батыстың экономикалық әдебиеттерінде “коммерциялық несие” терминімен банктің коммерциялық мақсаттарға беретін қарыздары түсіндіріледі. Жұмыс істеп жатқан капиталисттердің бір – біріне таурларды төлемді кейінге қардыру шарттарымен сатуы коммерциялық фирмааралық несие деп аталады. К. Маркстің айтуы бойынша, әрбір жұмыс істеп тұрған капиталист “ бір қолымен несие береді және екінші қолымен несие алады”. Сондықтан жекелеген кәсіпорын тұрғысынан алғанда, коммерциялық несие төлеуді кейінге қалдыру шартымен, сатып алушыларға қойылған тауарлар және осындай шартпен жабдықтаушылардан алынған тауарлар арасындағы айырмашылық ретінде анықтауға болады. Кейбір экономисттер несие көлемін анағұрлым анықтау үшін тауарларды жеткізу кезінде қолданылатын аванстық төлемдерді де ескеру керек деп есептейді.
Коммерциялық
несиенің ерекшелігі мынада: қарыз
келісімі – аясы тар мақсат емес,
ол сатып алу – сату келісіміне
қосақталып жүреді. Қарыз келісімі
тауарлардың өткізілуін жеңілдетеді.
Төлемді кейінге қалдыру
Несиенің бұл формасын таңдаудың басқа факторы бәсекелестік кезінде мәнді рөл атқаратын оның құны болып табылады. Коммерциялық несие бойынша мөлшерлеме ақша нарығының мөлшерлемелеріне ілесіп отырады, бірақ анағұрлым жоғары деңгейде белгіленеді. Коммерциялық несие қазіргі уақытта несиенің басқа формаларынан жеке өмір сүрмейді. Несиенің негізгі екі формасының байланысы банкте қарыз міндеттемелерін есептеу мысалында көрінеді. Тауар өткізуді мақсат еткен алғашқы мәміле вексель арқылы банкте басқа сападағы несиелік мәмілеге айналады, оның негізінде қарыз капиталының қозғалысы жатыр. Банкте вексельдерді есептеу мүмкіндігі коммерциялық несиенің көмегімен ұлғайтылады, жабдықтаушылар банкте вексельді оның төлем мерзімі жеткенге дейін қиындықсыз есептете алатынын біле отырып, өз клиенттеріне ынталы түрде төлемді кейін жүргізуді ұсынады, яғни вексельді есептеу механизмі кәсіпорындардың сатып алушыларға төлемді кейінге қалдыруды ұсынуда шектелген мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Соңғы он жылдықта несиенің екі формасының арасындағы өзара байланыс нығайып келеді. Банктік несиені коммерциялық несиемен салыстырғандағы артықшылық күшейе түсуде. Коммерциялық несие көбіне бағынышты рөл атқаруда, өйткені онда банктік мекемелердің қызмет ету ережелерінің өзгерістері көрінеді.
Коммерциялық несиенің артықшылықтарымен қатар, кемшіліктері де бар. Уақыт шектеулігі, өлшемдер, қозғалыс бағыты тәрізді белгілі кемшіліктерден басқа төлемді белгілі – бір дәрежеде кейінге қалдыру мәжбүрлік сипатына ие болады; тауарларды төлеу мерзімі жиі бұзылады; жабдықтаушылар сатып алушылардың қаржылық жағдайы туралы әр уақытта жақсы хабардар болмайды, ал бұл олардың шаруашылық қызметі үшін белгілі – бір тәуекел туғызады. Төлемді кейінге қалдыру – банктік сфераның ықпалынан күшті әсер көреді(атап айтқанда, ол жабдықтаушы оңай түрде банкте вексельді қаншалықты есептете алатынына байланысты). Көрсетілген кемшіліктер коммерциялық несиенің рөлін төмендетеді.
Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылығы:
Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді. Олар мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
І. Қарыз алушылар категорияларына қарай:
1.
Қаржылық институттарға
- мақсатты қорларға
- банктерге
- қаржы – несиелік мекемелеріне
2.
Қаржылық емес агенттерге
- өнеркәсіп салаларына
- ауыл шаруашылығына
3. Тұтыну мақсатына берілетін несиелер.
ІІ. Мерзіміне қарай:
- қысқа мерзімді ( 1 жылға дейін )
- орта мерзімді ( 1 жылдан 3-5 жылға дейін )
- ұзақ мерзімді ( 3-5 жылдан жоғары )
ІІІ. Тағайындалу және пайдалану сипатына қарай
- негізгі қорға жұмсалатын
- айналым қаражатына жұмсалатын
IV. Қамтамасыз дәрежесіне қарай:
V. Валютамен берілуіне қарай:
VI. Қайтарылу дәрежесіне қарай:
Қамтамасыз етілген:
- кепілхатпен
- кепілдемемен
- кепілдікпен
Сақтандырылған.
VII. Берілу шартына қарай:
VIII. Несиелеу объектісіне қарай:
2.Тұтыну
несиесі – бұл тұрғындарға
тұтыну тауарларын сатып алу
және тұрмыстық қызметтерді
Тұтыну несиесінің негізгі міндеті – тұрғындарға тауарларды сатуға қолдау көрсету. Бұл несие бөлшек саудамен тығыз байланысты: бір жағынан – тауар айналымының ұлғаюымен несиенің көлемі де өседі, өйткені тауарларға болған сұраныс несиеге де сұраныс тудырады; екінші жағынан – тұрғындарды несиелеудің өсуі төлем қабілетіне сұранысты күшейтеді. Бұл тәуелділік, әсіресе қазіргі уақытта нарықтың тауарлармен толығу жағдайында көрінеді.
Несиенің бұл түрін әр түрлі елдерде салыстыру, оның дамуының әр түрлі деңгейін көрсетеді. Италия мен Жапонияда тұрғындардың жалпы қарыз сомасының қатынасы осы елдердің ЖІӨ - не 10 % деңгейінде, ГФР және Францияда 30 %, ал Ұлыбритания мен АҚШ – та 60 % астам5. Тұтыну несиесі негізінен, қымбат тұратын тауарларды сатып алу кезінде: автомобильдерді, электр тұрмыстық құралдарды, жиһаздарды және т.б. пайдаланылады. Тауар бағасы қымбат болған сайын, тұтыну несиесі де жиі қолданылады. Капиталисттік елдерде несие көлемінің жартысынан көбі автомобильдерді сатудың үлесіне тиеді. Қалған тауарлар көбінесе қолма – қол төлеу шартымен сатылады.
70
жылдардан бастап, бірқатар елдерде
жеке тұлғаларға тұрақты
КСРО – да тұтыну несиесі 60 – 70 жылдары дамыды. Несие ұзақ қолданыстағы тұрмыстық заттарды сатып алу үшін 1 – 2 % жылдық мөлшерлемемен 6 – 24 айға берілді.
Тұтыну несиесі жеке тұлғаларға ұзақ мерзімді банктік қарыз формасында тұрғын үй алуға және салуға берілуі мүмкін. Қазақстанда осы үшін мамандандырылған Мемлекеттік тұрғын үй құрылыс банкі құрылған.
Жаңа тұрғын үй саясатының Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес азаматтарға қызмет көрсету үшін Мемлекеттік тұрғын үй құрылыс банкінде қарыз – жинақ шоттары ашылады. Қарыз – жинақ шоттарын құрылысты бастауға, аяқталмаған құрылысты жалғастыруға, жарналарды жинақтау мен тұрғын үй сатып алуға және осы мақсаттарға жеңілдік несиелерін беру үшін пайдаланылады.
3.
Ипотекалық несие –