Несие мәні мен түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2011 в 14:27, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық экономикада несие банк жүйесінде маңызды рөл атқарады. Несиенің экономикадағы алатын орны елеулі екендігіне ешбір күмән жоқ. Олай болса, бұл тақырыптың өзекті екеніне көз жеткізуге болады. Жұмыстың мақсаты капиталдың, яғни қарызға берілген ақша капиталының жүру формасын несие, ақша капиталының ақша айналуын және несие берушінің қарыз алушы арасындағы қатынастарды көрсетеді. Оның көмегі арқылы жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттің бос ақша қаражаттарын шоғырландырып, қарыз капиталына айналуы және белгілі уақытқа қолдануға ақылы түрде беріледі.

Содержание

Жоспар
Кiрiспе.................................................................................................................3
1.Несиенің теориялық негіздері ......................................................................4
1.1.Несиенің мәні және қажеттілігі..................................................................4
1.2.Несиенің формалары.................................................................................11
1.3.Несиенің түрлері........................................................................................23
2. ҚР Кредиттік ұйымдарды дамыту..............................................................27
2.1.Қазақстан Республикасының Банктік секторын талдау.........................27
2.2. Қазақстан Республикасының Банктік емес ұйымдар секторы.............31
2.3. «Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу............................................................33
3.Қазақстан Республикасының несие дамытудың жолдары........................39
3.1. Қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдар кезеніне арналған мақсаттары мен міндеттері..............................................................................39
3.2. Кредиттік мекемені дамыту мен кредиттік бюроны құру.....................40
3.3.Тұрғын үй ипотекалық кредит беруді оңтайландыру және кеңейту.....42
Қорытынды.......................................................................................................44
Пайдаланған әдебиеттер..................................................................................46

Работа содержит 1 файл

Өндіріс.doc

— 374.50 Кб (Скачать)
 

      Банк жүйесi қызметiнiң ашықтығын арттыру мақсатында Банк қызметiнiң ашықтығын арттыру мәселелерi бойынша ынтымақтастық және өзара iс-қимыл жасау туралы меморандум әзiрленiп, банктерге қол қоюға ұсынылды, онда банктiң шынайы меншiк иелерi туралы, банк бақылайтын ұйымдардың тiзбесi туралы, банктiң аффилиирленген тұлғалары және олармен жасалатын мәмiлелер туралы, банк бизнесiн дамытудың жақын арадағы бес жылға арналған стратегиясы туралы ақпаратты банктердiң ашуы көзделедi. 
            Экономиканың үздiксiз өрлеуi, елдегi қолайлы инвестициялық ахуал, соңғы жылдары банк секторының орнықты дамуы халықаралық кредиторлар тарапынан сенiмнiң нығаюына және соның нәтижесiнде сыртқы қарыздардың ағылуына ықпал еттi, бұл өз кезегiнде банк секторының шетелден алынатын қарыздарға тәуелдiлiгiн күшейтуi мүмкiн.     

     Сырттан  қарыз алудың өсуi банк секторының  айтарлықтай валюталық тәуекелге  бейiмдiлiк дәрежесiн арттыруға  алып келуi мүмкiн екенiн атап  өткен жөн, оның келеңсiз әсерi банктердiң валюталық мiндеттемелерiн қайта бағалауға, сондай-ақ қайта қаржыландыру тәуекелдерiне, пайыздық тәуекелге және өтiмдiлiк тәуекелiне әкеп соғуы мүмкiн.      

     Қазақстандық  банктер сыртқы қарыздарды негiзiнен  құбылмалы пайыздық ставка бойынша тартатынын айрықша атап өту қажет. Өз кезегiнде, әлемдiк нарықтағы ахуал мен кредиттiк келiсiмдердiң шарттары күрт өзгерген жағдайда банктер өз мiндеттемелерi бойынша жауап беруге қабiлетсiз болуы мүмкiн, бұл жекелеген банктiң де, республиканың бүкiл банк жүйесiнiң де рейтингіне келеңсiз ықпал етуi мүмкiн. 
          Ағымдағы жылы банктердiң сырттан қарыз алуын шектеу мақсатында пруденциалық сипаттағы тиiстi жанама шаралар қабылданды.

      Отандық банк жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi қабылданып жатқан шараларға қарамастан, осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыру қажет.

        Банк секторын одан әрi дамыту  мақсатында, сондай-ақ алдағы Қазақстанның  ДСҰ-ға кiруiн ескере отырып, халықаралық  стандарттарды ескере отырып  банк заңнамасын жетiлдiру, бәсекелестiктi дамытуды және шетелдiк банктердiң отандық қаржы нарығына кiруiн ырықтандыруды дамыту тәуекелдердi бағалау негiзiнде шоғырландырылған қадағалауды жетiлдiру бойынша шараларды қабылдау (ҚР-дағы қолданыстағы кангломераторларды және осыған байланысты тәуекелдердiң туындауын ескере отырып), банктердiң сыртқы нарықтарға экспансиясына, тұтынушылық кредит берумен және шағын бизнеске кредит берумен байланысты банк тәуекелдерiн төмендету, қаржы статистикасын жетiлдiру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу ұйғарылады. 
     Негізгі шаралар:      

1. Шетелдiк банктердiң отандық қаржы нарығына кiруiн ырықтандыру 
жаһандандыру процесiн, Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға кiру перспективасын ескере отырып, банк жүйесiнде ырықтандыру және бәсекелестiктi арттыру жөнiндегi жұмыстарды жалғастыру орынды болып табылады. 
      Шетелдiң қатысуы бар, банктердiң қызметi үшiн алынған шектеулерден өзге (шетелдiң қатысуы бар банктердiң жиынтық жарғылық капиталына, Басқарма құрамына, қаражатты iшкi активтерге орналастыру жөнiндегi талаптарға, сондай-ақ персоналға қатысты) өтпелi кезеңдi және елдiң қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге танылған шарттарды сақтаған кезде Қазақстан Республикасының аумағында олардың филиалдарының қызметiне рұқсат беру мүмкiндiгiн ұйғарылады. 
      2. Шоғырландырылған қадағалауды жетiлдiру және оның әлемдiк нарықтарға кiруiн жеделдету мен белсендi халықаралық ынтымақтастық үшiн ұлттық банк секторының айқындылығын қамтамасыз ету 
      Шоғырландырылған қадағалауды жетiлдiру және банк секторында айқындылықты қамтамасыз ету мақсатында шоғырландырылған қадағалау, меншiк иелерi құрылымы, аффилиирлендiрiлген тұлғалармен қарым-қатынас жасасу бөлiгiнде банктердiң заңнама талаптарын орындауын қамтамасыз етуге бағытталған банктiк қадағалау рәсiмдерi жетiлдiрiлетiн болады. 
      3. Жылжымайтын мүлiкке кредит беру көлемiнiң өсуiне, банктердiң сыртқы нарықтарға экспансиесiне, тұтыну кредитiн беруге және шағын бизнеске кредит беруге, сондай-ақ банк қызметтерiнiң тiзбесiн дамыту мен кеңейтуге байланысты банк тәуекелдерiн азайту үшiн шаралар қабылдау 
      Екiншi деңгейдегi банктердiң кредит тәуекелдерiн, сондай-ақ жоғарыда санамаланған тәуекелдердi қажеттiлiгiне қарай бағалау мақсатында және экономикалық орындылықты ескере отырып қолданыстағы банк заңнамасы, әсiресе пруденциалдық реттеу және екiншi деңгейдегi банктердiң активтерiн сыныптау әдiстемесi бөлiгiнде жетiлдiрiлетiн болады. 
      4. Халықаралық стандарттарды ескере отырып банк заңнамасын жетiлдiру Қазақстанның банк секторын реттеудi халықаралық стандарттарға жақындату мақсатында Қазақстанның банк жүйесiнiң Банктiк қадағалау жөнiндегi Базель комитетiнiң "Капитал есебiнiң және капитал стандарттарының халықаралық конвергенциясы" (International Convergence of Capital Measurment and Capital Standars) (Базель II) капитал барабарлығының жаңа келiсiмiне көшуiн жүзеге асыру жөнiндегi жұмыс жалғастырылатын болады. Орта мерзiмдi перспективада Базель II көшудi аяқтау жөнiндегi жұмыс жүргiзiлетiн болады.  Бұдан басқа, банктердiң қызметiне қойылатын талаптарды арттыру, халықаралық практиканы ескере отырып екiншi деңгейдегi банктерде тәуекелдердi басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi жұмыстар жалғастырылатын болады. 
      5. Қадағалау ақпаратымен алмасу үшiн шетелдiк мемлекеттердiң қадағалау органдарымен өзара iс-әрекет жасасу халықаралық стандарттарды ескере отырып, банк заңнамасын әсiресе Қазақстанның банк жүйесiнiң Базель II көшуiн жүзеге асыру бөлiгiнде жетiлдiру жөнiндегi шаралар шеңберiнде елдердiң Қазақстанда қаржы ұйымдарының еншiлес қаржы ұйымдары бар барлық реттеу органдарымен (АҚШ, Нидерланды) және тиiсiнше Қазақстанның қаржы ұйымдарының еншiлес ұйымдары мен филиалдары бар елдермен ынтымақтастық пен ақпарат алмасу туралы меморандумдарды жасасу жөнiндегi жұмыстарды жеделдету, сондай-ақ Қазақстанда еншiлес банктерi бар бас банктердiң (атап айтқанда,АҚШ, Нидерланды, Ұлыбритания) қадағалау органдарымен бас банктердiң Базель II ережелерiн қолдануда өзара iс-әрекет стратегиясын әзiрлеу, оның iшiнде техникалық ынтымақтастық саласында шет елдердiң қадағалау органдарымен қарым-қатынастарды орнату. 
      6. Депозиттердi мiндеттi кепiлдендiру жүйесiн дамытуды жетiлдiру  
Қазақстандық депозиттердi кепiлдендiру жүйесiнiң (бұдан әрi - Жүйе) үздiк халықаралық практикаға сәйкес келуi мақсатында мынадай негiзгi шараларды жүзеге асыру қажет:

  • үздiк әлемдiк тәжiрибенi және Халықаралық депозиттердi сақтандыру жүйелерi қауымдастығының (IАВI) ұсынымдарын ескере отырып, Жүйенi одан әрi жетiлдiру;
  • 2007 жылдан бастап Жүйеге қатысушы банктер үшiн мiндеттi күнтiзбелiк жарналардың әртараптандырылған ставкаларын енгiзу;
  • мәжбүрлеп таратылған банктiң мiндеттемелерi мен мүлкiнiң бiр бөлiгiнiң екiншi банкке (банктерге) бiр уақытта берiлуi жөнiндегi операцияларды жүргiзу мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық базаны әзiрлеуге қатысу.
 

      7. Елдiң банк  секторының сыртқы қарыз алуын  басқару тиiмдiлiгiн арттыру. Ағымдағы жылы қабылданған халықаралық қаржы ұйымдарының ұсынымдарын ескере отырып, халықаралық практиканы зерделеуге негiзделген банктердiң сыртқы қарыз алуын шектеу жөнiндегi шараларды, перспективада, қалыптасқан жағдай шеңберiнде және көрсетiлген шаралардың банк секторының сыртқы қарыз алу көлемiне әсер етуiн назарға ала отырып, қажет болған кезде банктердiң қызметiн пруденциялық реттеудi жетiлдiру шеңберiнде осы бағыттағы жекелеген нормативтер мен лимиттердi қайта қарау мүмкiн. 
      8.Қаржы статистикасын жетiлдiру экономиканың қаржы секторының ұзақ мерзiмдi кредит беру статистикасының жоқтығы банк жүйесiнiң өнеркәсiптiң негiзгi құралдарын құру және жаңғыртуға инвестициялық кредит беруiн тиiсiнше бағалауды жүргiзуге мүмкiндiк бермейдi.  
 
 

2.2. Банктік  емес ұйымдардың секторы

     Қазақстан Республикасында да, шет елдерде  де банктiк емес ұйымдарды дамыту мен олардың қызметiнiң негiзгi мақсаты халықты, шағын және орта кәсiпкерлердi кредиттiк ресурстармен қамтамасыз ету осы ұйымдардың бәсекеге қабiлеттiлiгi мен қаржылық тұрақтылығының деңгейiн арттыру болып табылады. 
Банктiк емес ұйымдар қаржылық қызметтер нарығындағы екiншi деңгейдегi банктер жасауы мүмкiн ақауларды толтыруға ықпал етуге тиiс. 
           Банктiк емес ұйымдардың секторын одан әрi жетiлдiрудi қамтамасыз етуде қаржы жүйесiн елеулi тәуекелдерден, ал халықты - бір жағынан қағидатсыз iс-әрекеттерден қорғау, екiншi жағынан - инновацияны дамыту және кәсiпкерлiктi дамыту үшiн кедергiлердi жеңу арасында балансқа қол жеткiзу қажеттiлiгi маңызды рөл ойнайды.

3-кесте.Несиелеу барысында банктің зиян шегуіне әкелетін факторлар 

Ішкі  факторлар 67% Сыртқы факторлар 33%
Қамтамасыз  етудің жетіспеушілігі 22% Компанияның банкроттығы 12%
Несиеге деген өтінішті оқып үйрену барысында  ақпаратты дұрыс бағалауы 21% Кредиторлық қарызды  қайтаруын талап ету 11%
Алдын ала ескерту белгісіне кеш  көңіл бөлу және операциялық бақылаудың әлсіздігі 18% Жұмыссыздық/Отбасы мәселесі 6%
Қамтамасыз  етілудің сапасының нашарлығы 5% Ұрлық/Алдау 4%

     Негізгі шаралар:

1.Ипотекалық ұйымдар қызметiн реттеудiң заңнамалық және нормативтiк базасын одан әрi жетiлдiру.Ипотекалық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және тәуекелдерiн ырықтандыру мақсатында оларды Базель комитетiнiң банктiк қадағалау жөнiндегi ұсынымдары мен Еуродирективаларға сәйкес пруденциалдық реттеу көзделген. Перспективада ипотекалық ұйымдар қызметiнiң нәтижелерiн талдау негiзiнде, оларды тиiмдi қалыптасуы мен жұмыс iстеуi үшiн жағдайлар жасау мақсатында реттеушi төрелiк пен бәсекелестiктегi кедергiлердi болдырмауға негiзделген ипотекалық ұйымдардың қызметiн реттеудiң заңнамалық және нормативтiк базасын жетiлдiру ұйғарылады. Бұдан басқа, ипотекалық компаниялардың тәуекел-менеджментi жүйесiн жетiлдiру мәселелерiне көңiл бөлiнетiн болады.

2.Ипотекалық  тұрғын үй қарыздарын беруге құқықты ұйымдардың тiзбесi бойынша шектеулердi енгiзу. "Қазақстан Республикасында банктер мен банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңында банктiк қарыз операцияларын жүзеге асыруға, оның iшiнде ипотекалық қарыздар беруге құқықты ұйымдардың (банктер, ипотекалық ұйымдар, брокерлер және жалғыз акционерi (қатысушысы) мемлекет болып табылатын атаулы ұстаушы және заңды тұлға ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығы бар дилерлер).Бұл  ретте  мемлекеттiк  даму  институттарын  қоспағанда,  барлық көрсетiлген ұйымдар үшiн олардың қызмет ерекшелiгiн ескере отырып пруденциалдық реттеу көзделдi. Мемлекеттiк бағдарламаларды iске асыру шеңберiнде құрылған мемлекеттiк даму институттары үшін пруденциялық реттеу көзделмеген, өйткенi нормативтiк реттеудi енгiзу осы бағдарламаларды іске асыруға кедергі келтiруi мүмкiн.Пруденциялық реттеу көзделген және осы реттеу көзделмеген ұйымдардың қаржы қызметтерiнiң бiр нарығында қызметi бiрiншiсiн теңсiздiк жағдайына қояды. Бұдан басқа, ипотекалық кредит беру нарығының, атап айтқанда қарыз алушының төлем қабілетсiздiгiне және жылжымайтын мүлiк нарығында, атап айтқанда тұрғын үй нарығында бағаның мүмкiн күрт ауытқуларына байланысты жоғары тәуекелдер тән ерекшелiгiн ескеру қажет.Осыған байланысты, заңнамалық деңгейде екiншi деңгейдегi банктер мен ипотекалық ұйымдарды енгiзе отырып, ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беруге құқықты ұйымдардың тiзбесiн шектеген жөн.

3. Жылжымайтын мүлiкпен жасалатын алыпсатарлық мәмiлелердiң көлемiн тежеу жүйесiн енгiзу. Жылжымайтын мүлiк нарығының дамуын талдау Қазақстанда коммерциялық (офистер, қоймалар) және тұрғын үй жылжымайтын мүлiктiң түрлi секторларына салымдар бойынша кiрiстiлiк орташа есеппен алғанда жылдық 12-16%-ды құрайтындығын куәландырып отыр, ол банк салымдары бойынша кiрiстiлiктен асып түседi. 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда жеке тұлғалардың мерзiмдi салымдары бойынша орташа өлшемдi пайыздық ставка соңғы 2 жылда тұрғын үйге бағаның өсуi жылына 48%-ды құрағандығына қарамастан, теңгемен жылдық 9,4%-ды шетел валютасымен 5,9%-ды құрайды. Бұдан басқа, жылжымайтын мүлiктi жалға беру кiрiстiлiгiн талдауды жүргiзу кезiнде республикада алыпсатарлықтың негiзгi объектiсi құны 50 мың АҚШ долларынан асатын жылжымайтын мүлiк болып табылатындығы анықталды, ол жалға берушiге орташа алғанда жылдық 17,2% кiрiстi қамтамасыз етедi. Мұндай ахуал тұрғын үй нарығында сақталып отырған бағаның өсу үрдiсiмен қатар кейiннен сату және құнының өсуiнен кiрiс алу мақсатында тұрғын үйді сатып алуға мүдделiктi ынталандырады. Тұрғын үйге сұраныс пен ұсыныс арасында тепе-теңдiктiң болмауы, тұрғын үйдi сатып алу-сатумен айналысатын делдал ұйымдардың көптiгi, делдал және құрылыс компанияларының қызметiне қатаң мемлекеттiк бақылаудың болмауы және т.б. сияқты факторлармен қатар тұрғын үй алыпсатарлығы "сабынды көпiршiк" қаупiн және тұрғын үйге бағаның "құлау" қауiптілiгiн тудырады, ол ипотекалық кредиттер бойынша кепiл құнын төмендету мағынасында қаржы ұйымдары үшiн шынайы қауiптiлiктi бiлдiредi.       Тұрғын үймен алыпсатарлық мәмiлелердi жасауды азайту мақсатында мынадай шараларды енгiзу орындылығы қарастырылатын болады: 
      1) қосымша тұрғын үй сатып алушылар үшiн қосымша бiржолғы салық және мұндай салыққа жоғары салық салу; 
      2) сатып алғаннан кейiн екi-үш жылдың iшiнде тұрғын үй сатушылар үшiн салық салуды (оның iшiнде капиталдың өсiмiнен) қатаңдандыру.
 

     2.3. «Кредит нарығының жағдайы және  өлшемдерінің болжамы» екінші  деңгейдегі банктерге зерттеу  жүргізу 

     Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2010 жылғы қазанда жүргізген «Кредит нарығының жағдайы және параметрлерінің болжамы» тұрақты тексеру нәтижелері тұтастай алғанда корпоратив секторды кредиттеудің біршама қалпына келтірілгенін растап отыр: бизнес тарабынан кредиттік ресурстарға сұраныстың шамалы өсуі байқалып отыр, оған банктердің кредиттік саясатының шамалы жұмсаруы себепші болды. Бөлшек кредиттеу нарығының жандануы жалғасып отыр, ол тұтынушылық заемдар сегментінде басым болды. Банк секторы үшін неғұрлым айтарлықтай тәуекел факторы мерзімі өткен берешектің жоғары болуы жалғасуда.

    1.  Корпоративтік секторды кредиттеу нарығы

     1. Зерттеу жүргізіліп отырған кезең корпоративтік сектор тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың шамалы өсуімен сипатталып отыр      (1-диаграмма9). Мәселен, сұраныстың ұлғаюын мәлімдеген респонденттердің үлесі респонденттердің жалпы санының 42% құрады, ал респонденттердің 50% сұраныстың өзгермегенін  растады. Айналым қаражатын толықтыруға арналған қысқа мерзімді кредиттер, сондай-ақ орын алып отырған берешекті қайта қаржыландыру үшін бизнес субъектілері тартатын ұзақ мерзімді кредиттер неғұрлым талап етілетін болып табылады.

1-диаграмма.  2009-2010жылғы сұраныстың кредиттік ресурстарға өзгеруі 

     Банктердің  бақылауы бойынша ірі кәсіпорындардың  басым бөлігі жаңа инвестициялық  жобаларға бұрынғыша өте сақтықпен қарайды, бұл инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін тартылатын ұзақ мерзімді кредиттерге сұраныстың төмендеуіне себепші болып отыр. Банктердің растауы бойынша, ірі жобаларды қаржыландырудың негізгі көзінің ірі компаниялардың меншікті қаражаты болып табылатынын атап өту қажет.

      2. Тұтастай алғанда, банктер 2010 жылғы 4-тоқсанда сұраныстың шамалы  өсетінін болжап отыр: респонденттердің 61% жуығы сұраныстың ұлғаюын күтеді, ал 36% ол өзгеріссіз қалады деп болжайды.

     3. Респонденттердің басым көпшілігі – 76% – кредит саясатын өзгертуді жоспарлап отырған жоқ және тек 15% ғана  оны алдағы тоқсанда біршама жұмсартады. Банктер кредит берудің баға талаптарының айтарлықтай өзгерістерін болжап отырған жоқ: стандартты кредиттер бойынша маржа деңгейінің сақталуын респонденттердің 76% белгіледі және банктердің 82% кредиттеудің тәуекелді түрлері бойынша маржаны өзгертуді жоспарлап отырған жоқ.

Информация о работе Несие мәні мен түрлері