Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2011 в 14:27, курсовая работа
Нарықтық экономикада несие банк жүйесінде маңызды рөл атқарады. Несиенің экономикадағы алатын орны елеулі екендігіне ешбір күмән жоқ. Олай болса, бұл тақырыптың өзекті екеніне көз жеткізуге болады. Жұмыстың мақсаты капиталдың, яғни қарызға берілген ақша капиталының жүру формасын несие, ақша капиталының ақша айналуын және несие берушінің қарыз алушы арасындағы қатынастарды көрсетеді. Оның көмегі арқылы жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттің бос ақша қаражаттарын шоғырландырып, қарыз капиталына айналуы және белгілі уақытқа қолдануға ақылы түрде беріледі.
Жоспар
Кiрiспе.................................................................................................................3
1.Несиенің теориялық негіздері ......................................................................4
1.1.Несиенің мәні және қажеттілігі..................................................................4
1.2.Несиенің формалары.................................................................................11
1.3.Несиенің түрлері........................................................................................23
2. ҚР Кредиттік ұйымдарды дамыту..............................................................27
2.1.Қазақстан Республикасының Банктік секторын талдау.........................27
2.2. Қазақстан Республикасының Банктік емес ұйымдар секторы.............31
2.3. «Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу............................................................33
3.Қазақстан Республикасының несие дамытудың жолдары........................39
3.1. Қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдар кезеніне арналған мақсаттары мен міндеттері..............................................................................39
3.2. Кредиттік мекемені дамыту мен кредиттік бюроны құру.....................40
3.3.Тұрғын үй ипотекалық кредит беруді оңтайландыру және кеңейту.....42
Қорытынды.......................................................................................................44
Пайдаланған әдебиеттер..................................................................................46
Ипотекалық несие беру – тұрғын үй саласына инвестициялар тартудың ең тиімді тәсілдерінің бірі. Дәл осы ипотека, халықтың тұрғын үй жағдайларын жақсарту, банктердің тиімді және пайдалы жұмыс істеу, құрылыс кешенінің өндірісті ырғақты жұмыспен жүктеу және халыққа ипотекалық несие беруді кең қолдануға жәрдемдесетін экономикалық өсуге ынталы мемлекеттің мүдделерін үйлестіруге мүмкіндік береді.
Азаматтарға ипотекалық несиелер беруді екінші деңгейдегі банктер 1998 жылдан бастап жүзеге асыруда. Ипотекалық несиелер бойынша сыйақының бастапқы ставкасы жылына 20 %, бастапқы жарна мөлшері 40 - 50 %- ға жуықты құрады, несие 5 – 10 жылдан аспайтын мерзімге берілді.
Алайда, ипотекалық несие беру жүйесінің осындай дамуы кезінің өзінде қызметтер көрсетудің бұл түрі ҚР азаматтарының аз санатына ғана қол жетімді болды. Негізгі себептердің бірі халықта сыйақы төлеу мен бастапқы жарна үшін жеткілікті қаражаттың жоқтығы болып табылады. Осыған байланысты « Қазақстандық Ипотекалық Компания » ЖАҚ (бұдан әрі – ҚИК) құрылды. Қазіргі кезде ҚИК-тің жарғылық капиталы 2,5 млрд. теңгені құрайды.
Екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық несие беру көлемін ұлғайту үшін ипотекалық несие бойынша талап ету құқықтарын сатып алу жолымен екінші деңгейдегі банктерді қайта қаржыландыру ҚИК қызметінің мақсаты болып табылады.
ҚИК – тің қатысуымен ипотекалық несие беру жүйесінде 8 банк және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын 2 ұйым жұмыс істейді. ҚИК – тің бағдарламасы бойынша ипотекалық несие беру жөніндегі өз қызметін жүзеге асыратын «Каспий», «Астана – Қаржы» банкі, «Центр – Кредит» банкі, «АСҚ», «БТА – Ипотека» банкі, «Нұрбанк», «Қазақстанның Наурыз банкі», «Техака банк», «Альянс банкі», «Цесна банк» сияқты екінші деңгейдегі банктер мен қаржы ұйымдары ҚИК – тің серіктестері болып табылады. Бұдан басқа, екінші деңгейдегі банктердің бірқатары тұрғын үй құрылысына ипотекалық несие беруді дербес жүзеге асырады.
2001 жылғы 1 – наурыздағы жағдай бойынша ҚИК екінші деңгейдегі банктерден 10 млрд. теңгеден астам сомаға ипотекалық несиелер бойынша талап ету құқықтарын сатып алды.
Ипотекалық несиелерге кепілдік беру (сақтандыру) жүйесі айтарлықтай рөл атқаратынын атап өткен жөн. Ипотекалық несиелерге кепілдік беру (сақтандыру) жүйесі екінші деңгейдегі банктер мен ипотекалық несиелерді сақтандырушы ұйымдар арасындағы несие бойынша несиелік тәуекелдерді бөлу жолымен ипотекалық несиелерге қолжетімділікті арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.
Осыған байланысты ҚР – да 2003 жылы Қазақстандық ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры (ҚИНБҚ) құрылды. Ипотекалық несиелерге кепілдік беру (сақтандыру) жүйесін құру ҚР – на ипотекалық несиелер рыногын оңтайландыруға және кеңейтуге мүмкіндік береді6.
Тұрғын үй саласының ипотекалық несиелеу мәселесі қазіргі таңда халық арасындағы ең өзекті проблемалардың бірі болып отырғаны баршамызға мәлім. Республикамыздың елбасы да ипотекалық несиелеу қызметіне көп көңіл бөлуде. Президентіміз өзінің халыққа жолдауында ипотекалық несиені алдыңғы бағыттарында атап көрсетті. Мен осы курстық жұмысымда, ипотекалық несие мәселесін жалғастыра отырып, президенттің 19 – наурыз 2004 жылы күні Қазақстан халқына жолдауындағы « Тұрғын үй құрылысының жаңа саясаты » бөлімін жеке атап кеткенді жөн көрдім.
«Соңғы кездері тұрғын үй құрылысы проблемаларының шешілу жолдары туралы көп айтылуда. Мемлекеттік қайтарымсыз тұрғын үй салудың идеясы әлі күнге дейін күшінде қалуда. Бар жауапкершілікпен мынаны атаймын, кейбір жекеленген топтар болмаса, тұрғын үйді тегін беру деген болмайды. Тұрғын үй жеке – меншік болып табылады, демек, адамның өзінің жауапкершілігінде деген сөз. Бүгін де еліміздегі тұрғын үй қорындағы жеке – меншік үйдің үлесі 97 %- ға жуық. Бұл бұдан әрі төмендемейді.Осымен қатар тұрғын үй проблемасы ең басты болып қалып отыр. 2003 жылы Қазақстанда 2 млн. – нан астам шаршы метр тұрғын үй салынды. Бұл 2002 жылы пайдалануға берілген үй санынан 30 %- ға артық. Алайда, бұл жетістіктің өзі бізді қанағаттандырмайды. Есептеулер көрсеткендей, жыл сайын кем дегенде 4 млн. шаршы метр үй салу керек. Мен осы саланы біздің экономикалық дамуымыздың жетекші саласының біріне айналдыру идеясын көптен айтып келемін. Сіздер түсінесіздер ме, тұрғын үйлерді жаппай салу өзімен бірге құрылыс материалдар өнеркәсібін, жиһаз өнеркәсібін, металл өңдеуді дамытады. Осыған байланысты мен қазақстандықтарға 2005 жылдан бастап тұрғын үй құрылысында жаңа саясатты іске асыру басталатыны жөнінде үлкен қанағаттанған сезіммен айта кеткім келеді. Бұл саясаттың мән – мағынасы оның құнының арзандауы, тұрғын үйді несиеге алудың мерзімінің ұзаруы, алғашқы төлемдік жарнасының және несиелік өсімінің төмендетілуі арқасында халықтың басым бөлігінің қолы жететін тұрғын үймен қамтылуына жағдай жасау.
Сонымен, ипотекалық несиелер үшін қайтарым мерзімі бүгінгі 10 жылдан 20 жылға дейін арттырылады. Алғашқы төлемақы жарнасы үй бағасының 20% - дан 10 %- ға дейін төмендетіледі, бұл жағдайда несие ставкасы 13 – тен 10 %- ға дейін азайтылады. Тұрғын үй құрылысы қаражаты жүйесі туралы айтсақ, онда алғашқы төлемақы жарнасы 50 – ден 25 %-ға дейін төмендетіледі. Несині қайтару мерзімі қалған сома бойынша 15 – тен 25 – ке дейін ұлғайтылады. Бұл жағдайда үлкен қалалардағы аз мөлшердегі өрлеу жұмыстарымен жақсартылған жобадағы тұрғын жайдың бір шаршы метрінің құны бүгінгі әр шаршы метрі үшін 700 доллардан 350 долларға дейін төмендетіледі. Тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде еліміз бойынша жобаланып отырған ЖІӨ өсімі 2 %- ға жуық өседі деп күтілуде...»7.
4.Мемлекеттік
несие – азаматтарға және
Мемлекеттік несиенің негізгі формасы – мемлекеттік займдар, сонымен қатар қысқа мерзімді қазыналық міндеттемелер, тұрғындардың жинақ кассасындағы салымдар болып табылады. Қысқа мерзімді қазыналық міндеттемеле ( вексельдер және де т.б. несиелік міндеттемелер ) ресми түрде бюджеттегі уақытша кассалық үлесті жабу үшін, бірақ іс жүзінде бюджет тапшылығына байланысты шығарылады. Қазақстанда 1994 жылдың сәуір айынан бастап қазыналық вексельдер аукционы үнемі өткізіледі.
5.Халықаралық
несие – валюталық және
Кредиторлар және қарыз алушылар ретінде банктер, жеке тұлғалар, кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер, сонымен қатар халықаралық және аймақтық ұйымдар қатынасады.
Қазақстан Республикасының жетекші халықаралық қаржылық ұйымдарға мүше болуы, экономикалық реформалар жүргізу үшін қосымша қаржылық көздерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Халықаралық валюта қорымен 185,6 млн. СДР (арнайы қарыз құқығы) сомасын «стенд - бай» несиесі шеңберіндекелісімге қол қойылды.
« Стенд – бай » - резервтік несие – кредитор қажет болған жағдайда және көрсетілген талаптар орындалған кезде (бұл жағдайда сөз Қазақстандағы экономикалық реформалардың бағыттары бойынша ХВК – мен келісімнің шарттары орындалуы туралы болып отыр) ақшалай қаражаттың белгілі – бір сомасы келісілген уақыт аралығында несиеге берілетіні туралы келісім.
Келісімнің әрект етуінің барлық кезеңі бойында ХВҚ миссиясымен «стенд - бай» бағдарламасының жүзеге асуының нәтижелеріне талдау жасалынды және кредитор зайымның кезекті траншын бөлу туралы шешім қабылданды.
Қысқа мерзімді бағдарламаның жетістікті орындалуы ХВҚ – ның 1996 – 1997 жылдары орта мерзімді бағдарламасы туралы келісім жасауға мүмкіндік береді.
1993 жылы Халықаралық қайта құру және даму банкімен 1993 жылғы құрылымдық реформалардың үкіметтік бағдарламасын қолдауға бағытталған 180 млн. АҚШ доллары сомасында медеттік займ бөлу туралы және Қазақстанның экономикалық қаржылық, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы сияқты секторларына техникалық көмек көрсетуге бағытталған 38 млн. АҚШ доллары сомасында техникалық көмек қарызын бөлу туралы келісімге қол қойылды.
Еуропалық Халықаралық қайта құру және даму банкі « Қазақстанғда шағын және орта кәсіпорындарды дамыту » бағдарламасына 100 млн. ЭКЮ сомасында несие бөлді. Бұл бағдарлама экономиканың төмендегідей секторларындағы жобалар кіргізілді: қонақ үй шаруашылығы, алтыны бар рудаларды қайта өңдеу, диірмен құрылысы, косметика өндірісі, құрылыс және медицина саласындағы жобалар.
Жапонияның экспорт – импорт банкі ХҚДБ – мен қатар қоса қаржыландыруға заем бөлді.
Азияның даму банкі мен ҚР арасында 1994 жылы 40 млн. АҚШ доллары сомасында арнайы көмек займы туралы келісімге қол қойылды.
Халықаралық займдарды пайдалануды екінші деңгейдегі банктер де белсенді қолдануда.
6.Дербес несие. Банктік мекемелер тұтыну несиесі жүйесіне қосылған. АҚШ– пенҰлыбританияның коммерциялық банктері жеке тұлғаларға «дербес несиелер» деп аталатын несиелерді беруді қолдана бастады. Бұл несиелерді тұтыну несиесінің бір түрі деп қарастыруға болады, бірақ олардың тауарларын қаржыландырудың бірқатар мәнді айырмашылықтары бар. Біріншіден, дербес несиелер – бұл жеке тұлғаларға ақшалай формада беретін банктік қарыздар; екіншіден, бұл несиелер нақтылы коммерциялық мәмілеге бекітілген, сондықтан олар сатып алынған тауар үшін төлемді кейінге қалдыруға қарағанда анағұрлым икемді болып табылады; үшіншіден, делдалдардың болмауы мұндай несиелер жүйесін едәуір икемді және қарапайым етеді, өйткені оған тек банк пен қарыз алушы қатысады.
Дербес несиелер тұтыну тауарларын сатып алу мен белгілі – бір қызметтерді алу үшін пайдаланылады. Бұл несиелерді көбінесе жас жанұялар және білім алудың бүкіл кезеңіне қарыздарын 5 жыл ішінде өтеу үшін оқуға түскен студенттер алады. Әдетте дербес несиенің сомасы қарыз алушының 3 айлық еңбекақы мөлшерімен шектеледі, өтелу мерзімі 36 ай.
Қазіргі
уақытта дербес несиені пайдалану
ережелері анағұрлым біркелкі бағытталған.
Бұған төлем карточкаларының
көптеген түрлері бар. Олардың барлығын
ортақ сипат біріктереді, яғни тауарды
болашақта төлемін төлеу
7.Банктік несие – бұл банктердің, арнайы несие – қаржылық мекемелерінің қарыз алушыларға ақшалай қарыз түрінде беретін несие. Банктік несие коммерциялық несиенің шектеулерін жояды. Бос ақшалай капиталдар кез – келген өндіріс саласына беріледі және банктік несие арқылы кез – келген бағытта қозғала алады. Тоқыма фабрикасының иесі өзінің бос ақшалай капиталын банкке орналастыра алады, ал банк бұл капиталды машина құрылыс кәсіпорнына қарызға береді.
Банктік несиенің коммерциялық несие аясына қарағанда қолдану өрісі кең. Коммерциялық несие тек тауар айналысына қызмет етеді, ал банктік несие қоғамның барлық топтарының ақшалай табыстарынан және жинақтарын капиталға айналдыра отырып, капиталдың қорлануына қызмет етеді.
Банктік және коммерциялық несиенің динамикасы әр түрлі. Коммерциялық несиенің көлемі өндіріс пен тауар айналымының ұлғаюымен жоғарлайды және олардың азаюымен қысқарады. Өнеркәсіптің дамуы кезеңінде оған ұсыныс және сұраныс жоғарлайды, ал дағдарыстар кезінде азаяды. Өндіріс дағдарыстары әсерінен тауарлардың өндірілуі мен өткізілуі де қысқарады, ал қарыздарды төлеу үшін банктік несиеге деген сұраныс өседі. Өндірістің жанданып, жоғарылаған кезінде нағыз капиталдың көлемі өседі өндірістік мақсаттар үшін банктік қарыздарға деген сұраныс жоғарылайды. Қоғамдық капиталдың ұдайы өндірілуі тұрғысынан банктік несие қарыз капиталына (қарыз алушылар қаражаттарды жұмыс істеп тұрған капиталдың көлемін ұлғайту үшін пайдаланғанда) және ақшалай қарызға (қарыз алушылар қаражатты өздерінің қарыздық міндеттемелерін өтеу үшін алғанда) бөлінеді. Жеке капиталды ұдайы өндіріс тұрғысынан алғанда бұл бөліну қарыздың қамтамасыз етілуіне байланысты және қарыз алушы капиталының шамасына несиенің әр түрлі әсерін көрсетеді. Несие алу кезінде тауарларды, бағалы қағаздарды кепілдікке қоя отырып, борышқор банктен қосымша капитал алмайды. Оның көзқарасы тұрғысынан бұл – ақша қарызы. Банктік несие әмбебап болып келеді, өйткені банк арқылы қайта бөлінген қарыз капиталы экономиканың барлық салаларындақолданыс табады. Бұл ерекшелік оның жедел даму себебі қызметін атқарады. Қарыз мәмілесінің дербес сипаты бар, онда ақшалай капитал өнеркәсіптік капиталдан бөлектенген. Кредитордың мақсаты – пайыз түрінде табыс алу. Қарыз алушыға қайтарымдылық, мерзімділік және пайыз төлеу жағдайларында қарыз капиталын ұсынушы банктік мекеме кредитор ретінде көрінеді.
Банктік
несие өзінің маңызды ерекшеліктерін
сақтай отырып, едәуір сандық және сапалық
өзгерістерге ұшырайды. Олардың біреуі
қарыз мәмілесінің