Несие мәні мен түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2011 в 14:27, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық экономикада несие банк жүйесінде маңызды рөл атқарады. Несиенің экономикадағы алатын орны елеулі екендігіне ешбір күмән жоқ. Олай болса, бұл тақырыптың өзекті екеніне көз жеткізуге болады. Жұмыстың мақсаты капиталдың, яғни қарызға берілген ақша капиталының жүру формасын несие, ақша капиталының ақша айналуын және несие берушінің қарыз алушы арасындағы қатынастарды көрсетеді. Оның көмегі арқылы жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттің бос ақша қаражаттарын шоғырландырып, қарыз капиталына айналуы және белгілі уақытқа қолдануға ақылы түрде беріледі.

Содержание

Жоспар
Кiрiспе.................................................................................................................3
1.Несиенің теориялық негіздері ......................................................................4
1.1.Несиенің мәні және қажеттілігі..................................................................4
1.2.Несиенің формалары.................................................................................11
1.3.Несиенің түрлері........................................................................................23
2. ҚР Кредиттік ұйымдарды дамыту..............................................................27
2.1.Қазақстан Республикасының Банктік секторын талдау.........................27
2.2. Қазақстан Республикасының Банктік емес ұйымдар секторы.............31
2.3. «Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу............................................................33
3.Қазақстан Республикасының несие дамытудың жолдары........................39
3.1. Қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдар кезеніне арналған мақсаттары мен міндеттері..............................................................................39
3.2. Кредиттік мекемені дамыту мен кредиттік бюроны құру.....................40
3.3.Тұрғын үй ипотекалық кредит беруді оңтайландыру және кеңейту.....42
Қорытынды.......................................................................................................44
Пайдаланған әдебиеттер..................................................................................46

Работа содержит 1 файл

Өндіріс.doc

— 374.50 Кб (Скачать)

      Несиені экономикалық категория ретінде қарыз мәмілесі негізінде көрінетін және дамитын өндірістік қатынас арқылы анықтау керек. Қарыз мәмілесі несиені экономикалық категория ретінде өз бетінше сипаттамайды; оны осы мәміле негізінде пайда болатын өндірістік байланыстар немесе жүзеге асу формасы – қарыз мәмілесі болып табылатын өндірістік қатынастар сипаттайды. Қарыз мәмілесі тауар шаруашылығының әр түрлі сатыларына тән. Экономиканың тарихи дамуымен бұл мәмілесі тауар шаруашылығының әр түрлі сатыларына тән. Экономиканың тарихи дамуымен бұл мәмілелер жиілейді, ұлғаяды, жетілдіріледі және жалпылама ие болады.

      Әр  түрлі шаруашылық жүйелерінде кездесетін мәліме типтерінің формалды ұқсастығы олардың бір атауымен – «несие» - бекітіледі, бірақ әр түрлі дәуірлердің несиелік қатынастары бір атауды сақтай отырып әр түрлі мәнге, табиғатқа ие.

      Несие шаруашылық жүйелерінің ауысуына жағдай жасай отырып өзі де ауысып отырады, өз мазмұның өзгертеді. Кез келкен халық  шаруашылығы жүйесінің алдынғы жүйені женетіні және жоққа шығаратыны сияқты несие де бір шаруашылық жүйе жағдайындағы байланыстардың типі  ретінде алдынғы шаруашылық жүйесіндегі женуші және жоққа шығарушы болып табылады. Несие мәміле типі ретінде, тауар айналысының формасы, құн қозғалысының әдісі ретінде натуралды шаруашылықтан тауар шаруашылығына өткен уақыттан бері дамып келеді. Несие айырбас процесінің өндірістік байланысының типі, тауарлы өндірістің экономикалық категориясы ретінде ғана емес, тауар шаруашылығы шеңберінде диалектикалық дамушы құбылыс ретінде де қарастырылуы қажет. Тауар шаруашылығының  әр түрлі сатыларының несиелік қатынастарының өзара айырмашылығы, қолдан-қолға өтуі қарыз келісімі арқылы жүзеге асатын әр түрлі объектілердің айырмашылығынан көрінеді.

      Несие түсінігі келесі түрде белгіленеді. Бақыланылатын халық шаруашылығы құбылыстарының барлық жиынтының ішінен бәрінен бұрын қоғамдық өмірде несие деп аталатындары іріктелініп алынады; сонан соң бұл құбылыстар талданады, төмендегідей белгілерге бөлінеді: біріншіден, олардың барлығына тән белгілері; екіншіден, бұл белгілердің ішінен тек осы іріктелініп алынған құбылыстарға тән белгілер ғана сақталынады. Несие деп аталатын әлеуметтік байланыстар: әр түрлі тприхи кезеңдерде, тауар шаруашылығының алғаш пайда болуы кезінде, дамыған нарықтық шаруашылық дәуірінде де бар болды.

      Қарыз мәмілесі ретінде несиені екі  көзқараста қарастыруға болады: біріншіден, оның техникалық- заңдылық белгілері  көзқарасынан, екіншіден, әлеуметтік мазмұны, яғни осы келісім негізінде өсетін және дамитын немесе онда өз көрінісін  табатын өндірістік байланыстар типін сипаттайтын белгілер тұрғысынан. Бұл екеуі бір- бірінен бөлінгісіз, олар өзара байланысты және себепші. Бірақ экономикалық талдау үшін маңыздысы қарыз мәмілесінің экономикалық мазмұны, яғни өндірістік қатынастардың белгілі бір формаларымен байланысты шаруашылық әдістері, жұмыс тәсілдері емес, өндірістік қатынастардың өзі болып табылады.

      Бұл жағдайды былайша түсіндіруге болады. Мысалы, машина өндірісін таза техникалық тұрғыда, машина өндірісінің макроэкономикалық  орта параметріне анағұрлым бейімделуін оның жұмыс және таза техникалық тиімділігі тұрғысынан қарастыруға болады; сонымен қатар, сол машина өндірісін оның әлеуметтік жағынан да қарастыруын, яғни машина өндірісі негізінде пайда болатын және дамитын өндірістік байланыстардың формалары мен типтері тұрғысынан, бұл бір жағынан, оларға себепші, ал екінші жағынан, олар оны анықтайды. Бірақ бірінші жағдайда- біз машина өндірісін техникалық- экономикалық категория, ал екінші жағдайда- экономикалық категория ретінде қарастырамыз.

      Несиеге қатысты осыны айтуға болады. Несиені оның техникалық- заңдылық белгілері жағынан тауарлар айналысы процесін жүзеге асыратын мәміленің белгілі бір типі ретінде қарастыруға болады. Бұл жағдайда несие олардың алдында техникалық немесе құқықтық категория ретінде танылады. Несиені құбылыстардың экономикалық мазмұны ретіндегі көзқарас тұрғысынан қарастыруға болады. Бұл жағдайда несие олардың алдында экономикалық ғылым категориясы ретінде қабылданады.

      Несие теориясы оны техникалық заңдылық категориясы  ретінде емес, қоғамдық- экономикалық категория ретінде қарастырады. Несиені оның формалды- заңдылық белгілері жағынан оқып- білудің несиелік мәмілені тек меншіктің қозғалысы әдісінің және оны иеленудің ерекше түрі ретінде түсіну үшін маңызы бар. Сондықтан, несие экономикалық категория ретінде несиелік мәміленің ерекше техникалық- заңдылық белгілерімен сипаттала алмайды.

      Осылайша, несие- өндірістік қатынастарды білдіретін экономикалық категория. Несие экономикалық категория ғана емес, сонымен қатар  тарихи категория екенің атап өту керек. Ол өндірістік күштердің тек белгілі бір дамуында пайда болады. Экономикалық категориялар- жалпы тарихи категориялар. Несиенің және несиелік қатынастардың пайда болуына табиғи негіз, тауар шаруашылығы болып табылады.

      Тауардың  пайда болуы екі жағдайда қатар жүреді. Біріншіден, тауар тек натуралды формасы және құны бар болған жағдайда ғана тауар бола алады. Тұтыну құндары өзінің екі жақты сипатына байланысты тауар бола алады. Біріншіден, олар бір мезгілде тұтыну заты болады және олардың құны болады; екіншіден, қандай да бір заттар бір- біріне тауар ретіндегі қатынаста болуы үшін оларды өндірушілер өздеріне де ортақ ерікті әрекеті, өз меншігіндегі тауарды иелігінен шығара отырып, басқа тауарды өзіне иеленуге ықыласы бар меншік иелері ретінде бір- біріне қарама- қарсы тұрулары қажет.

      Тауардың  бір тауар иесінен басқаға  ауысуы нарықта айырбас арқылы жүзеге асады. Тауар айырбасы сферасының несие үшін маңызы зор. Оның пайда болуын ішкі тұтыну үшін өндірілген өнімдер сферасынан емес, тауар иелері, экономикалық қатынасқа түсуге дайын меншік иелері дербес заңды тұлға ретінде  бір- біріне қарама- қарсы тұрған айырбас сферасынан іздеу қажет.

      Қолдан- қолға тауарлардың қозғалысы  ретінде тауарлар айырбасы, қызметтер  айырбасы несие жайындағы қатынастың пайда болуына негіз болып табылады. Осыған байланысты бір маманның мынадай пікірін атап өту артық болмайды: «бірте- бірте айырбас саудаға айналды; саудамен арнайы айналысатын адамдардың жаңа тобы- көпестер пайда болды; жылдың белгілі бір уақытында көпестер мен сатып алушылар кездесетін ерекше орын пайда болды, жәрмеңкелер, яғни уақытша нарықтар құрылды. Көпестермен, жәрмеңкелермен, жалпы саудамен бірге алғашқы несие пайда болды. Ірі сауда жүргізетін адам үшін алған тауардың төлем мерзімі мен сатып алу төлемінің мерзімі сәйсек келмеген жағдайлар болады. Егер саудагер тауарын сатудан бұрын оны сатып алуға тиіс болса, онда осы уақыт ішінде несие алуға деген қажеттілік, яғни бұл адамға қарыз беру мүмкіндігіне деген сенім пайда болады».

      Несие қарыз мәмілесі ретінде ежелгі әлемде де, орта ғасырлық қолөнер, крепоснойлық шаруашылықта да және дамыған тауар шаруашылығында кездеседі. Барлық кезде біз анағұрлым жетілген, бір қарыз мәмілесіне кездесіп отырдық, бірақ осы мәмілелер негізінде ұлғайып отыратын, құқықтық хатталуы осы мәмілелер болып табылатын өндірістік қатынастардың әр түрлі шаруашылық жүйелерінде бір- бірінен өте қатты айырмашылықтары болады.

      Несиенің  бәрінен бұрын тауар өндірісі процесінде пайда болатын оның негізгі  өндірістік қатынастарымен анықталатын  қоғамның әлеуметтік байланыстарының белгілі бір типі. Сонтықтан несие экономикалық категория ретінде тек өндірістік қатынастар шеңберінде ғана сипатталуы мүмкін. Бұл несиені экономикалық мазмұны, көзқарасы тұрғысынан қарастыруға қатысты. Несие әлеуметтік байланыстың белгілі бір типі бола отырып, өндірістік қатынастар тобына жатады.

      «Өндірістік қатынастар өз жиынтығында қоғамдық қатынастар, қоғам деп аталатындарды  құрайды және сонымен бірге тарихи дамудың белгілі бір сатысында тұрған, өзіне тән ерекше сипаты бар қоғамды құрайды» 3.

      Қоғамның  негізгі өндірістік байланыстарына сүйенген несиелік қатынастар жекеленген тұлғалар мен кәсіпорындар, кәсіпорындар мен мемлекет, мемлекет пен тұрғындар, адамдардың әлеуметтік топтарының арасындағы тауарлар айналысы сферасында пайда болады.

      Айналыс сферасы немесе тауарлар айналысы өндірістік қатынастармен анықталады. Осылайша, белгілі бір өндіріс, белгілі  бір тұтынуға, үлестіруге, айырбасқа және осы әр түрлі жағдайлардың бір- біріне белгілі бір қатынасына себепші болады. Өндіріс жағдайындағы айырбас құнның немесе меншіктің бір иесінен басқаға ауысуы тәрізді әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырылады. Мұндай тәсілдердің бірі қарыз деп аталатын тауар айналысының бір формасы болған мәміле типі болып табылады. Тауар айналысының мұндай формасы өндірістің ерекше шарттарымен анықталады, осы себептен тауарлардың иеліктен шығарылуы уақыт бойынша олардың бағасының өткізілуінен бөлініп қалады. Бұл шарттар мынаған байланысты: «тауарлардың бір типі өзінің өндірісіне көп уақытты, ал басқа түрі анағұрлым аз уақытты талап етеді. Әр түрлі тауарлардың өндірісі жылдың әр түрлі мерзіміне байланысты. Бір тауар өз нарығында пайда болса, басқасы алыс нарыққа сапар шегуі тиіс. Сондықтан, әлде бір тауар иеленуші келесі бір сатып алушыдан бұрын сатушы ретінде көрінуі мүмкін. Бірдей мәмілелердің бір тұлғалардың арасында жиі қайталануы кезінде тауарларды сату шарттары олардың өндіріс шарттарымен реттеледі. Екінші жағынан, тауарлардың белгілі бір түрін пайдалану, мысалы үйді, белгілі бір уақыт аралығына сатады. Бұл жағдайда сатып алушы тек мерзімі өткеннен кейін ғана шың мәнінде тауардың тұтыну құнын алады. Сондықтан, ол тауарды төлемі төленгеннен бұрын алады» 3.

      Ақшаның қажеттілігін қамтамасыз ететін себептер, несие қажеттілігінің де себептері  болып табылады. Жай тауар шаруашылығы жағдайында тауар айналысының формасы ретінде қарыз мәмілесі қажеттілік пен өндіріс шарттарынан туындайды. Алайда өндіріс шарттары несиенің қажеттілігін толығымен ашпайды. Тауар айналысының ішкі мазмұны ретінде құн қозғалысы несиенің қажеттілігі туралы түсінікті тереңдетеді. Айырбас шаруашылығы жағдайында құн қозғаласы капиталдың шеңбер айналымында және өндірістік айналымында нақты түрде көрінеді және ол несиелік қатынастар пайда болатын, дамитын нақтылы экономикалық негізі болып табылады. Артынан несиелік қатынас өзінің табиғаты бойынша құндық болады. 
 

1.2.Несиенің  формалары  

     Несие экономикалық категория ретінде  формаларға ие. Форма әр уақытта  қандай да бір объектілерге тән тұрақты, қажетті байланыстардың жиынтығын  білдіреді. Несиеге қажетті байланыстардың жиынтығын білдіреді. Несиеге қатысты оның формасы бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың әр түрлі сыртқы және ішкі өзгерістер кезінде сақталатын негізгі қасиеттерінің көрінісі. Қарызға берілген құнға қатысты кредитор мен қарыз алушы арасындағы байланыс қалай өзгерсе де, несиенің формасы оның бүтін ретіндегі мазмұнын білдіреді.

     Несиенің  формалары, оның құрылымымен және белгілі-бір  дәрежеде несиелік қатынастардың мәнімен  тығыз байланысты. Несие берушілер  мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің формасы сол күйінде сақталады.

     Несие қатынастарының нақты көрінісін  несиенің формалары мен түрлері  сипаттайды. Несиенің мазмұны мен  түрі диалектикалық бірлікте болады. өндірістік қатынастардың өзгеруі  несиенің мазмұны мен оның қолданылатын түрін өзгертеді.

     Несиенің  формасы- бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісі. Экономикалық әдебиетте, әдетте, несиенің негізгі екі формасы қарастырылады: коммерциялық және банктік. Тауар түрінде берілетін несиені – коммерциялық, ал ақша түріндегі несиені  банктік деп атайды. Бұл екі несие бір – бірінен  несие субъектілері, құрамы, қарыз объектісі, динамикасы, процент мөлшері және қызмет ету аясы бойынша ажыратылады. Сонымен қатар көптеген жарияланымдарда несие формаларына: тұтыну, мемлекеттік, халықаралық, үкіметаралық, фирмалық және т.б. жатқызады. Олар осы екі форманың тәжірибеде қолдануынан туады.

     1. Коммерциялық несие- бұл жеткізушінің сатып алушыға ұсынған тауары немесе көрсетілген қызметі үшін төлемді кейінге қалдыруы.

     Мұнда қарыз алушы да және оны берушілер  ретінде кәсіпкерлер мен бизнеспен  айналысатындар бола алады. Коммерциялық несие, көбіне тауарды сатып алушыда  нақты ақшаның болмай қалуы барысында туындайды. Мұндай жағдайда айналыс құралы ретінде, қарыз алушының  көрсетілген қарызын уақытында төлейтіндігін куәландыратын арнайы қарыздық міндеттеме, яғни вексель қолданылады. Ол оның иесіне белгілі – бір уақыт өткеннен кейін, борышқордан вексельде көрсетілген ақшалай соманы талап етуге құқығы бар.  Несиенің бұл формасының объектісі ретінде тауарлық капитал қызмет атқарады.

     Коммерциялық  несиенің ерекшелігі мынада: қарыз  капиталы өнеркәсіптік капиталмен біріккен, ал оның мақсаты – тауарларды өткізуді жылдамдату.

     Әр  түрлі тауарларды өндіру және өткізу әртүрлі уақыт кезеңін және белгілі  – бір маусымға сәйкестендіруді  талап етеді. Қандай да бір тауар  өндіруші, өз тауарларын нарыққа ұсынған  кезде осы тауарды қажет етіп тұрған басқа өндірушінің қолма-қол ақшалай қаражаты болмауы мүмкін. Нәтижесінде тауарларды несиеге сату қажеттілігі туындайды. Коммерциялық несиенің шектелген деңгейі бар. Біріншіден, ол жұмыс істеп тұрған капиталисттердің резервтік капиталдарының мөлшерімен шектелген,яғни олардың әрқайсысы коммерциялық несие өзінің бағыты бойынша шектелген:оны өндіріс құралдарын шығаратын салалар осы құрал – жабдықтарды тұтынатын салаларға береді, бірақ керісінше емес. Мысалы, машина құрылыс кәсіпорнының иесі тоқыма станоктарын несиеге тоқыма фабрикасына сата алады, ал тоқыма фабрикасы машина құрылыс кәсіпорнына коммерциялық несие бере алмайды, өйткені маталар машина құрылысында өндіріс құрал – жабдығы бола алмайды.

Информация о работе Несие мәні мен түрлері