Коммерциялық банктердің несие саясатының теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 08:49, курсовая работа

Описание работы

Коммерциялық банктің несие саясатын зерттеу тақырыбы етіп таңдауымыздың себебі: елімізде банк қызметінің бұл саласының дамуы әлі де жеткіліксіз, сондай-ақ нарықтық экономика жағдайында банк қызметін ұйымдастыру ісінде жаңа әдістер қажет. . Нарыққа көшкенде банк ісінің даму проблемасы, халыққа көрсетілетін банк қызметін жетілдіру айрықша маңызға ие болды. Бұған бірнеше факторлар әсер етті.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 89.51 Кб (Скачать)

      4-кезең.  Несие беру туралы шешім қабылдағаннан  кейін мынадай құжаттар ресімделеді:  несие шарты, несие алуға өтінім, мерзімді міндеттеме, бұлар несие  журналында тіркеледі де папкаға  тігіледі. Оның мұқабасына қарызгердің  аты-жөні, несие шартының нөмірі, банктегі несие шотының нөмірі, шарт бекітілген жыл, істі сақтау  мерзімі, банктің атауы көрсетіледі.

      5-кезеңде  банк клиентпен несие алғаннан  кейін жұмыс істейді. Несие  шартының орындалуына бақылау  жасап, клиентпен ынтымақтасудың  жаңа нысанын іздейді. Бақылау  жасау кезінде несие бөлімінің  қызметкерлері әр түрлі ақпарат  көздерін пайдаланады (банктің,  басқа да қаржы институтының, қарызгердің ақпараты). Банк несиені  қайтару бойынша шаралар қабылдайды, оны пайдалану пайызының тұрақты  түсуін бақылайды, мекен-жайына  барып, тексеру актісін жасайды.  Мұндай тексеру кезінде несиенің  мақсатқа сай қолданылуы анықталады, материалдық құндықтарды сатып  алу, сату шарттары, іс-қағаздары  тексеріледі.клиенттің қаржылық  жағдайы нашарлап, несие қайтарылмайтындай  жағдай туса, несие офицері өзінің  басшылығына бұл жөнінде мәлімдейді. Клиенттің ақша дағдарысы салдарынан  несие проблемалық сипат алады.  Проблемалық несиетің сыртқы  және ішкі белгілері болады. Банк  үшін қаржылық және қаржылық  емес себептері де қауіпті.  Соңғы себепке жататыны: есептеме  ұсынуды кешіктіру, клиент қызметіндегі  жоспарының өзгеруі, қарызгердің  ынтымақтасудан бас тартуы, бұрмаланған  ақпаратты ұсыну, несие шартының  талаптарын бұзу, әсіресе тыйым  салынған тармақтарды орындамау.

      6-кезең  – несиенің пайыздармен қайтарылуы және несие ісінің жабылуы – банк пен қарызгер арасындағы несие қатынасының аяқталуы. Несиені өтеу оның табиғатына байланысты. Банкте негізгі қарызды және оның пайыздарын өтеу графигі болуға тиіс. Клиенттің несие алу үшін ұсынатын қамтамасыз ту мүлкінің құны негізгі қарыз сомасын көрсетуге тиіс. Сондай-ақ, бір ай ішіндегі пайыздары мен айыппұлды білдіреді. Несиенің өтелмеген қалдығынан асатын қамтамасыз   ету құнын сақтау үшін өтеу графигін құру қажет.

      Банк  өтеудің төрт тәсілін қолданады:

  1. Тең бөлінген төлем
  2. Негізгі қарызды біркелкі азайту
  3. Төлем мерзіміне дейін пайызды төлеу
  4. Несиенің әрекет ету мерзімінің соңында пайыздар мен негізгі өарызды өтеу.

      Негізгі қарызды біркелкі азайту  негізгі  қарызды бүкіл несие мерзімі  ішінде бірдей шамаға азайтуды білдіреді.

      Төлем мерзіміне дейін пайызды төлеу  дегеніміз – негізгі қарыз  сомасын кемітпей-ақ  пайыздарды өтеу.

 

       3.2  Коммерциялық  банктің ішкі несие саясатын қалыптастыруды жетілдіру және жүзеге асыру жолдары 

      Банктің заңдық тұлғаларға несие беру операциясы, ең табысты жұмыс болып саналғанмен, ол үлкен тәуекелмен байланысыты. Несиелік тәуекелге берілген несиенің қайтарылмауы мен дер кезінде жабылмауынан және ол бойынша пайыздардың төленбеуінен келетін мүмкін шығындар жатады. Сондықтан қарыз алушыларды мұқият таңдау және олардың қаржылық-шаруашылық қызметіне үнемі бақылау жасап отыру банктегі несие саясатының негізін құрайды.

      Мысалы, нарықтық жағдайда істеудің көп жылдық тәжірибесіне сүйенген Германияның  банктік практикасы несие саясатын жүргізу ережелерінің орныққан тізбесін ұсынады. Ол несие операциялары бойынша  тәуекелді неғұрлым төмендетуге  мүмкіндік береді. Бірақ әр елдегі экономикалық және саяси жағдайдың  әр түрлі болуына байланысты банк несиетерін беру тәсілдері мен технологиясын  көшіру мүмкін емес. Сонымен бірге  Германия мен басқа да батыс елдеріндегі  несие беруді ұйымдастырудан түсетін  конструктивті табыстар қазіргі  Қазақстан үшін өзекті болып тұр.

      Нарықтық  қатынастарға өтуіне байланысты Қазақстанда  да несие төлеу қабілетіне талдау жасаудың қажеттілігі туындады.

      Осы тарауда несие берудің бірінші  кезеңіне – несие өтінімін қарауға  және қарыз алушымен әңгімелесуге қайта  оралғанды қажет деп санаймын. Ертеңді болжай білетін сақтық пен  кез келген клиентке деген жылы қарым-қатынас  банктегі әрбір шенеуніктің бұлжымас ережесі болып табылады. Қызметкерлері  клиентке дұрыс мән бермейтін  банктің болашағы жоқ.

      Банк  қызметкері клиентке несиенің шарттары жөнінде қажетті ақпарат береді және одан банк анкетасы бойынша қойылған сұрақтарға жауап алады. Клиентпен алғашқы және одан кейінгі кездесулердің нәтижелерін стандартты сұрақтар тобы шоғырланған есептемелерде жинақтаған дұрыс.

      Мұндай  есеп беру түзетіліп тұрады және клиенттік  банкке жасаған әрбір қадамынан  соң толықтырылады.

      Мұндай  есеп берулерден несие инспекторы болашақ  клиентпен жеке кездескенге дейін-ақ ол туралы маңызды мәлімет алады.

      Несиелік өтінімдер мен ілеспе құжаттарды мұқият зерделегеннен кейін несие қызметкері болашақ қарыз алушымен қайта әңгімелеседі. Мұндай кездесулер несие инспекторына несиетік шарттардың маңызды тұстарын анықтауға ғана емес, қарыз алушының психологиялық келбетін жасауға, компания басшылығының кәсіби әзірлігін бағалауға, кәсіпорын дамуының шынайы жағдайына көз жеткізуге мүмкіндік береді.

      Әңгіме  барысында қарыз алушы компаниялық  жұмысындағы ұсақ-түйекті білудің  қажеттілігі жоқ, несие инспекторы ең алдымен банк-несиеордың мүддесін білдіретін шешуші мәселелерге назар  аудару керек. Болашақ қарыз алушымен танысу әңгімесінде мынадай жүйедегі сұрақтарды қоюға болады.

      Несие берудің бірінші кезеңінде банк мынаны анықтап алу керек:

      А. Қарыз алушының салмақтылығын, сенімділігін және несие төлеу қабілетін, бизнестегі болашақ партнер ретіндегі атағын, әсіресе, бұл жаңа клиенттерге көбірек  қатысты.

      Ә. Несиелік өтінімнің негізділігі және несие қайтаруды кепілдік қамтамасыз етудің ережесі. Қажетті жағдайда банк несиетік ұсынысқа өз талабын қосып, онымен қарыз алушыны таныстыра алады.

      Б. Несиетлк ұсыныстың банктің несие саясатына және оның несиетік портфелін жасау құрылымына сәйкестігі. Жаңа несие беру несиетік портфельдің сан қырлылығына апарып, несиетік тәуекелді төмендете ме, әлде кері нәтиже бере ме.

      Екінші  сұрақ несие беруші банктен стандартты үлгідегі анкетаны әзірлеуді талап  етеді. Оны несие алудан үміткер  несиетің мақсаты мен саласына қатысты, сондай-ақ, қарыз алушының қаржылық жағдайы туралы ақпаратпен толтыру  керек. Біздің елімізде, қазіргі жағдайда мұндай сенімді ақпарат алу өте  қиын, тіпті кей жағдайларда мүмкін емес: қарыз алушының ролінде ұсақ кәсіпорындар, яғни жалғыз иесі бар  фирмалар, немесе, активтері мен  пассивтері қарыз алушының отбасындағы  қаржылық жағдаймен араласып кеткен серіктестіктер. Тіпті қаржылық есеп беру жүйесі жұмыс істеген жағдайда да мұндай ақпараттарға аудиторлық тексеріс  жүргізілген емес, сондықтан оның құндылығы тым шектеулі. Дегенмен, банктер өз клиенттерінен қаржылық есеп берудің тұрақты тәртібін белгілеуді талап ету керек. Онда кем дегенде  баланс, табыс туралы мәліметтің болғаны  жөн. Банктердің бұл жерде ағартушылық  ролі бар. Өйткені, жоғарыдағыдай талап  қою несие беруші банкке ғана емес, қарыз алушы үшін де тиімді. Өйткені, ол кәсіпорын қаржысын ұтымды басқаруға  үйретеді.

      Несиеге баға беру үшін банктің қаншалықты құзырлы екендігіне ерекше назар аударудың да маңызы бар. Несиемен айналысатын банк қызметкерлерінің кәсіби білімі жетпейтін экономика саласындағы кәсіпорындарға несие беруден банктің бас тартқаны жөн. Әрине, банк бұл жағдайда несиелік ұсынысты бағалау үшін құзырлы инспекторлардың көмегіне жүгіне алады. Бірақ бұл банктің шығынын көбейтуге алып келеді және несиелеуге байланысты тәуекелдерден қорғауға кепіл бола алмайды.

      Несие жұмысын жүргізетін қызметкер алдын  ала жасалған талдауға сүйене отырып несиелік өтінімді қарау жөнінде шешім қабылдаса, ол ізденушіден кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы мәлімет беретін түрлі жазбаша баяндамалармен қамтамасыз етуін талап ету керек. Әдетте, мұндай ақпарат кем дегенде үш жылды қамту керек және неғұрлым жаңа мәліметтің уақыты алты айдан көп болмағаны жөн.

      Егер  мүмкін болса, баяндамаларды тәуелсіз қаржы сарапшысы әзірлеу керек  және онда мынадай ақпараттардың  болғаны жөн:

      1.Кәсіпорынның  жылдық (ең дұрысы алты айлық  және тоқсандық) қаржылық есебі,  табыстары туралы есеп, қаржы  көздері мен оларды қолдану  туралы есеп, ақша қозғалысы туралы  есеп.

      2. Сұралған несиенің түріне қарай нақты запас құрылымы, дебиторлық және несиеорлық қарыздардың кем дегенде соңғы 18 ай ішіндегі таратылым қағазы.

      3. Несиеден түсетін қаржының кәсіпорынның алдағы қаржылық жағдайына, әсіресе, ақша қозғалысына қалай әсер ететінін көрсететін бизнес-жоспар. Онда мыналар көрсетілу керек:

  • Басшылық туралы резюме;
  • Қаржыландырылатын жобаның, өнімнің немесе қызметтің сипаттамасы;
  • Сала мен рынокқа талдау жасау;
  • Маркетинг, өндіріс және басқару жоспарлары;
  • Қаржылық жоспар (әр түрлі нұсқалары көрсетіледі);
  • Ақша қозғалысының болжамы (әдетте қарызды жабу кезіндегі);
  • Шамаланған қаржылық есеп.

      4. Егер несие жеке адамға немесе  корпоративтік емес қарыз алушыға  берілсе, немесе компания активтерін  жеке адамдікінен ажырату қиын  болса, 3 жыл ішіндегі жеке қаржылық  декларация.

      Өнеркәсібі  дамыған елдерде қарыз алушылардың  несие төлеу қабілетінің арқасында  ғана қарыз алатын. Басқаша айтқанда, ол қамтамасыз етілмеген және кепілі жоқ несие алады. Мұндай жағдай түсінікті  себептерге байланысты Қазақстанда  мүмкін емес. Қарыз алушының мүмкіндігіне сенімсіздік тиісті кепілсіз несие  беруге мүмкіндік бермейді. Сондықтан  несие беретін банк кепілзаттың  сапасын бағалауға өте жауапты  қарау керек. Кепілзаттың қолданылуы, әрине, міндеттеменің орындалмау тәуекелін  шеше алмайды. Кепілзат тәуекелге ықпал  ете алмайды, ол тек қарыз төленбей қалған жағдайда несиеорға өз қаржысын қайтаруға мүмкіндік береді.

      Қаржыландыру  мақсаты, несиеті жабу көздері, қарыздың қайтуын кешіктіретін тәуекелді  бағалау анықталғаннан кейін  несие беруші банк қарыз алушыға  қаржылық талдау жасау керек. Онда коэфициенттер  қатынасына талдау мен ақша қозғалысына  талдау болу керек.

      Әлемдік банктің экономикалық даму институты  талдауда коэфициенттердің бес тобының  қарым-қатынасын қолдануды ұсынады: 

  1. Өтімділік коэфициенттері. Ол фирманың өзінің қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша жауап беру қабілетін көрсетеді (ағымдық және жылдам өтімділік коэфициенті).
  2. Тиімділік немесе белсенділік коэфициенттері. Сауданы күшейту үшін фирма өз активтерін қаншалықты тиімді пайдаланады(айналым күндеріндей дебиторлық берешектің айналымдылығы, тауарлық-материалдық құндылықтар қорының айналымдылығы, тіркелген активтердің айналымы).
  3. Қаржылық  леверидж (тетік) коэфициенттері. Ол фирманың әрі қысқа мерзімді, әрі ұзақ мерзімді міндеттемелері бойынша қабілеттілігін анықтайды (активтерге берешек, капиталға берешек; пайызды жабу, келісілген төлемдерді жабу, ақша қозғалысы).
  4. Операциялық коэфициенттер және пайда түсіру коэфициенттері. Ол фирманың сауда және пайда көлемінің сауда мен активтер көлеміне және өз капиталына қарым-қатынасы арқылы жұмыс істеуінің тиімділігін көрсетеді (сауда көлемінің өзгеруі, активтердің өзгеруі, таза табыстың өзгеруі; жалпы пайданың маржасы, таза операциялық табыстың маржасы, пайда маржасы, активтерге қатысты пайда, таза капиталға қатысты пайда, кәдімгі акционерлік капиталға қатысты пайда).
  5. «Нарықтық» коэфициенттер. Ол фирма капиталының нарықтық қаржылық бағасын көрсетеді (акциядан түскен табыс, үлестен түскен табыс, резервке жасалатын төлемдер, бір акцияға шаққанда бағаның табысқа қатысы, акцияның баланстық және нарықтық бағасының қарым-қатынасы, активтерден түсетін табыс).

      Егер  коэфициенттерді талдау бұған дейінгі  тарауларда қаралса, ақша қозғалысына  әлі талдау жасалған жоқ. Дегенмен, төлеу қабілетінің көрсеткіштері  ақша қозғалыстарымен тығыз байланысты. Сондықтан әлемдік практикада несие төлеу қабілетін бағалау үшін ақша қозғалысына талдау жасау тәжірибесі қолданылады.

      Ақша  қозғалысына талдау жасағанда, клиенттің  қарызды жабу қабілетін бағалауға  мүмкіндік беретін уақыт аралығындағы ақшаның келуі мен шығуы салыстырылады. Келетін және шығатын ақша қозғалыстарының  арасында уақытша лаг болады. Сондықтан  кәсіпорын артық ақшаны үнемі  есепшотта сақтауға мәжбүр. Ақша күтпеген төлемдерді жасау үшін де, сондай-ақ қосымша пайда табуға мүмкіндік  беретін тиімді инвестиция жасау  орайы пайда болғанда дақажет. Сондықтан  кәсіпорын ағымдық төлеу қабілетін  сақтай отырып және бос ақшаны пайда  табу мақсатына жұмсап, олардың орташа ағымдық қалдығын оңтайландыруды тұрақты  баланс жасап отыру қажет.

Информация о работе Коммерциялық банктердің несие саясатының теориялық негіздері