Коммерциялық банктердің несие саясатының теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 08:49, курсовая работа

Описание работы

Коммерциялық банктің несие саясатын зерттеу тақырыбы етіп таңдауымыздың себебі: елімізде банк қызметінің бұл саласының дамуы әлі де жеткіліксіз, сондай-ақ нарықтық экономика жағдайында банк қызметін ұйымдастыру ісінде жаңа әдістер қажет. . Нарыққа көшкенде банк ісінің даму проблемасы, халыққа көрсетілетін банк қызметін жетілдіру айрықша маңызға ие болды. Бұған бірнеше факторлар әсер етті.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 89.51 Кб (Скачать)
ul type="DISC">
  • Еліміздің жалпы экономикасының күйі, инфляция деңгейі, ішкі жалпы өнім өсімінің қарқыны, бюджеттің жетіспеушілігі және т.б.
  • ҚР Ұлттық Банкі мен ҚР Қаржы министрлігінің ақша-қаржы саясатының ықпалы.
  • Орталық банктің тәуелсіздік дәрежесі, банктердің еліміздің саяси өміріне қатысуы және т.б.
  • Халық табысының деңгейі, банк қызметін пайдалану деңгейі, әлеуметтік жеңілдіктің болуы және т.б.
  • Банк қызметінің өңірлік еркшеліктері.
  • Бәсеке деңгейі.
  • Банк өнімдері мен қызметінің бағасының деңгейі.
  • Қоғамның саяси деңгейі.
  • әлеуметтік шиеленіс.
  • Клиенттердің банк несиесіне деген сұранысы.
  •       Банктің несие саясатына елміздің жалпы  экономикасы сондай-ақ банк орналасқан аймақтың жағдайы әсер етеді. Бұл  сыртқы әсерлердің, яғни банк жұмысымен  оның клиентіне тәуелсіз тобына жатады (экономикалық, саяси, әлеуметтік). Әдетте дағдарысты экономика кезінде банк жүйесі күшті бола алмайды. Ол инфляцияның  бүкіл қиындығын, төлем дағдарысын, бюджеттің жетімсіздігін ІЖӨ, ҰТ және т.б. құлдырауын бастан кешеді. 

     

      2 Несие саясатының принциптері  

      2.1. Несие  саясатын оңтайландырудың принциптері  мен критерийлері 

          Банктің несие саясаты принциптерінің өзара  ықпалы арнайы зерттеудің тақырыбы болған емес. Сонымен бірге қоғамның экономикалық дамуының қолданыстағы заңдарының жүйесін  ғылыми игеру, олардың әрекет етуін, қолданылу нысанын түсіну несие  процесін жетілдірудің алғы шарттарының  бірі болар еді.

          Несие саясатының принциптері несие процесінің негізі болып табылады, яғни оларды игерген сайын комерциялық банктің  өтімділігі мен табыстылығын қамтамасыз етуші қызметі тиімді болады.

          Банктің несие саясатының принциптері арнайы зерттеу тақырыбы болмағандықтан және экономикалық баспасөз бетінде талқыланбағандықтан   банктің несие саясатының жалпы  және өзіндік принциптерін атап өту  маңызды.

          Несие саясатының жалпы принциптері деп  орталық банктің мемлекеттік  несие саясаты үшін макроэкономикалық  деңгейде жүргізілетін, сондай-ақ әрбір  нақты комерциялық банктің несие  саясаты үшін жүргізілетін бірыңғай принциптерді түсінеміз.

          Банктің несие саясатының принциптері  несие  қатынастарының субьектілерінің экономикалық мүдделілігін ынталандырады және жалпы  халық шаруашылығы ауқымында  несие саясатын жүзеге асыруда маңызы зор. Банктің несие саясатының негізгі  міндеті несиеті өзінің мәніне қарай  қолдануды қамтамасыз ету болып  табылады. Осылайша несие саясаты  өзінің принциптерін жүзеге асырудың тәсілі ретінде көрінеді. Несие саясатының сапасын оны сипаттайтын принциптердің  орындалу деңгейі анықтайды.

          Банктің несие саясатының маңызды жалпы  принциптері деп біз ғылыми негіздеуді, оңтайландыруды тиімділікті сондай-ақ несие саясаты элементтерінің үздіксіз тығыз байланысын бірлігін айтамыз, өйткені тек ғылыми негізделген  несие саясаты ғана өмірдің объективті шындығы мен субъективті факторларын  ескере отырып, мемлекеттің банктің (институттық құрылым ретінде) оның қызметкерлері мен клиенттерінің  оның ішінде халықтың мүддесін неғұрлым толыққанды білдіреді. Осылайша тек  ғылыми негізделген несие саясаты  ғана  банктің дамуының белгілі  бір кезеңінде алдына қоятын мақсаттарға  барынша сәйкес келеді. Бұдан шығатыны, тек ғылыми негізделген несие  саясаты ғана банк үшін (орталық  және комерциялық) оңтайлы, неғұрлым тиімді басымдық бағытта болып табылады.

          Комерциялық банктің несие саясатының өзіндік  принциптері төмендегідей: табыстылық, пайдалылығы (кез келген комерциялық  банк үлкен пайда табуды көздейді), сондай-ақ қауіпсіздік, сенімділік (банк қандай да жолмен емес, нарық ақиқатын ескеріп, табыс табуға тырысады).

          Сонымен, банктің несие саясатының принциптерінің жүйесі бүтіндей алғанда былайша  бейнеленеді. 
     

          1-кесте.  Коммерциялық банктің несие саясатының негізгі принциптері 

        Банктің несие саясатының принциптері
        Жалпы     өзіндік
        Ғылыми  негізделуі

        Оңтайлылық

        Тиімділік

        Несие саясаты элементтерінің тығыз байланысы, бірлігі

        Табыстылық, пайдалылық

        Қауіпсіздік, сенімділік

     

          Жалпы жоғарыда аталған принциптерді сақтау банктің несие саясатының тиімділігін  арттыру үшін маңызды шарт болып  табылады.

          Табыстылық  принципі банк дамуының жекелеген уақыт  бөлігінде орындалмауы да мүмкін, немесе бүркемеленіп тұрады (мәселен, банктің тактикалық мақсаты жалпы  мақсатен сәйкес келмеген кезде). Мұны графикпен бейнелеуге болады.

          Бірінші суреттегі графикте комерциялық банктің табысты жұмысы бөлігіндегі белгіленген параметрлерге қол жеткізудің 3 мүмкін болатын жолы көрсетілген.

        

        

          
     

          
     

        

        

           1-сурет Банк табыстылығының белгіленген  мақсаттарына 

            жетудің жолдары. 

          Несие байланысын реттеу кезіндегі мүмкіндіктердің  кешені несие саясатының оңтайлы  нұсқасын алға қояды. Латынша optimus –  неғұрлым қолайлы, неғұрлым сәйкес, ең үздік.

          Осылайша, біздің ойымызша,  комерциялық банктің  оңтайлы несие саясатын жалпылай алғанда банктің шығынын жауып, белгілі бір пайдасын таза табысын  әкелетін  саясат деп анықтауға  болады. Сонымен бірге банк қызметінде табыстың немесе тіпіті шығынның болмауы  тиімсіз несие саясатының нәтижесі сияқты қаралмауға тиіс. Банктің несие  саясатын әзірлегенде стратегиялық және тактикалық мақсаттар есепке алынады. Шынында да банк қызметіндегі   және оның несие саясатындағы     басымдық бағыттар банктің несие  операцияларының пайдасын, сенімділігін, қауіпсіздігін қамтасыз ететін болу қажет. Жалпы алғанда коммерциялық банктің несие саясатының дәл осы принциптерінің сақталуы тиімді және оңтайлы несие саясатының критериі болып саналады.

          Теориялық  тұрғыдан келгенде статикалық және динамикалық  оптимум деп бөлуге болады. Статистикалық опимум  банк дамуының деңгейін, жүргізілетін операциялар мен қызмет санын, банктің еңбек, материалдық, қаржылық ресурсын  анықтайды. Ал динамикалық  -  мүмкін болатын өзгерістерді ескере отырып, осы параметрлерді болашақ жоспарда әзірлейді. Статистикалық оптимум әдетте есеп балансы бойынша анықталады, өткен кезеңдегі қаржы мен инвестиция көздерінің құрылымы пропорциясы туралы қажетті ақпарат алады. Алайда озық нұсқа таңдау үшін бұл жеткіліксіз, өйткені есеп балансында бұған балама жоқ. Сол себепті экономиканың кез келген субьектісінің, банктердің   қызметінің негізі болып табылатын жоспарлы құжаттар (бизнес-жоспар, маркетинг жоспары, несие саясатының жоспарлы құжаты) әзірлеу қажет.Коммерциялық банк несие саясатын зерттеу оның жұмысын талдаудың мынадай бағыттарын анықтайды. 1) клиент сапасын, оның несиетік төлем қабілетін бағалау; 2) несие беру кезеңі (несиені беру және өтеу); 3) несие бағасы, пайыздық ставка деңгейі; 4) арнайы шарттар мәселен жеңілдіктер; 5) несиені өндіруге байланысты шығын деңгейі.

          Коммерциялық банктің оңтайлы саясаты дегеніміз банк табысы мен пайдасы шексіздікке, ал шығындары мен тәуекелдері ең төменгі шекке  ұмтылатын саясат.

          Жалпы қоғамда экономикалық қатынастарды оңтайландыру проблемасы  күрделі  экономикалық және қаржы мәселелерінің  біртұтас кешенін қамтиды: экономика  субьектісі деңгейінде оңтайлы шаруашылық жүргізу критериін әзірлеуден бастап, қоғамдық  ұлғаймалы өндіріс құрылымын  жетілдіруге дейін. 
     
     

          2.2. Банктің несие саясатының түрлері 

          Несие саясатының бірқатар элементтері несие  саясатының түрлері туралы айтуға мәжбүрлейді. Несие саясатының түрлері туралы мәселе тың, жаңа отандық және шетелдік экономика әдебиетінде егжей-тегжейлі қарастырылмаған. Сол себепті ол жөнінде толық мағлұмат берейік. Коммерциялық банктің несие саясаты төмендегідей жіктеледі.  

          2-кесте.  Коммерциялық банктің несие саясатының критерий бойынша жіктелуі                     

     

        Несие қатынастарының субъектісі бойынша     Заңды тұлғаларға қатысты саясат

        Халықпен  өзара қарым-қатынастағы несие  саясаты

        Несие нысаны бойынша     Тұтыну  несиеін ұсыну бойынша

        Мемлекеттік несие бойынша

        Ипотекалық  несие бойынша

        Банк  несиеі бойынша

        Халықаралық несие бойынша

        Мерзімі бойынша     Қысқа мерзімді несие бойынша

        Ұзақ  мерзімді несие бойынша

        Тәуекелділік  дәрежесі бойынша 
        
        Агрессивті несие саясаты ;

        Дәстүрлі, классикалық 
     

        
        Бағасы  бойынша     Мақсатты  несие ұсыну бойынша 

        Мақсатсыз несие ұсыну бойынша 

        Рынок түрі бойынша     Ақша  рыногында

          Қаржы рыногында

        Капитал рыногында

        Географиясы бойынша     Банк  жүргізетін несие саясаты:

        Жергілікті, аймақтық деңгейде

        Ұлттық  деңгейде

        Халықаралық деңгейде

        Салалық бағытталу бойынша     Несие берудегі несие саясаты;

        өнеркәсіп кәсіпорны (ауыр, жеңіл, тамақ өнеркәсібі);

        сауда ұйымы;

        құрылыс ұйымы;

        көлік кәсіпорны;

        ауыл  шаруашылық ұйымы;

        өткізу-жабдықтау  ұйымы;

        байланыс  кәсіпорны және т.б.

        Қамтамасыз  ету бойынша     Қамтамасыз  етілген несие беру бойынша

        Қамтамасыз  етілмеген несие беру бойынша

        Несие бағасы бойынша     Төмендегідей  несие берудегі саясаты:

        -стандартты несие

        жеңілдікті  несие

        проблемалық несие (жоғары пайызбен)

        Несие беру әдісі бойынша     Қалдығы бойынша несие бергенде

        Айналымы  бойынша несие бергенде

           

          Несиелік саясат түрлерін сыныптамалаудың негізінде түрлі критерийлер жатыр. Бұл жерде ұсынылған сыныптаманың жалғыз еместігін атап өткен де маңызды. Өзге критерийлерге қарай несие саясатының басқа да түрлерін топтастыруға болады.

          Несиелік саясат банктердің ең алдымен банк пен оның клиенттері арасындағы қарым-қатынасты реттеуіне, басқаруына, ұтымды ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ол қайтарымды негіздегі ресурстарды тартуға және оларды банк клиенттерін несиетеу үшін инвестиция жасауға қажет. Бұл жерде банк қызметіндегі тәуекелді басқарудың негізі де несиетік саясат екенін атап өткен жөн. Несиелік саясат агрессиялық, дәстүрлі және классикалық болып келеді. Несиелік саясат түрін таңдау кезінде банк алдымен өз капиталын өсіруді, табысын көбейтуді көздейді немесе мұнда сан қырлы стратегия жатуы мүмкін. Осы айтылғандарды қорытындылай келе мынадай анықтама беруге болады.Несиелік саясат – банктің өз клиенттеріне несие беру жұмысындағы, банктің белгілі бір аймақта, белгілі бір жұмысындағы, банктің белгілі бір аймақта, белгілі бір уақыт аралығында өз стратегиясын жүзеге асыру үшін жасаған шаралар жүйесі. Несиелік саясат несиеті реттеу жұмысының негізі ретінде, біріншіден, несиелік қарым-қатынастарды дамыту барысындағы басым бағыттарды, екіншіден, несие жетіктерінің жұмыс істеуін анықтайды.

          Түрлеріне қарамастан банктің несие саясатының ішкі құрылымы болады. Біздің пікірімізше, коммерциялық банктегі несие саясатының негізгі элементтері мыналар: 1) несиелік процестің негізгі бағыттарын әзірлеу жөніндегі банк стратегиясы; 2) несие беруді ұйымдастыру жөніндегі банк тактикасы; 3) несиелік саясаттың орындалуын бақылау.

          Шетелдік  экономикалық  оқулықтарда несиелік процесті ұйымдастырудағы банктің стратегиясы мен тактикасын анықтауға мүмкіндік беретін несиелік саясат бойынша құжат әзірлеу (меморандум) жиі ұсынылады (21, С.70).

          Мысалы, Дүниежүзілік банктің «Банк ісі  және инвестицияны қаржыландыру» (Н. Бруктің  реакциясымен) деген басылымында  несиетік саясат бойынша басшылыққа алатын құжат жасауды ұсынады. Онда несие бойынша көрсетілетін құжаттама  және несие бөлімі қызметкерінің  міндеттері анықталады. Біздің ойымызша, мұндай жұмыстың аясы тар. Бұл жерде банктің несиелік саясаты несие жұмыстарын ұйымдастырудың тактикасы мен ғана шектеледі. Жоғарыда келтірілген ұстанымға қарағанда коммерциялық  банктегі оңтайлы несие   саясатын жасаудың теориялық моделінің негізгі ережелерін қалыптастыру қажет болып көрінеді.

    Информация о работе Коммерциялық банктердің несие саясатының теориялық негіздері