Кестеде қарап
мынадай қортынды айтуға болады.
Ағымдық мезгілде банктің пайдалығы
бастапқы мерзімен салыстырғанда
төмендеп кеткен.
Жоғарыда айтылып
өткендей банктік қаражаттарды
әртүрлі активтерге орналастыру
жұмыс істеп тұрған заңдарға
және реттеуші нормативтік актілерге,
жоғары өтімділік деңгейін ұстап
тұру қажеттілігіне және жоғары
табыс алу қажеттілігіне байланысты « Өтімділік – пайдалық «диллемасын
шешуге ұмтылушылық активтерді басқарудың
яғни ұтымды орналастырудың көптеген
түрлерінің пайда болуына әкеліп соқты.
Активтерді басқарудың негізгі әдістері:
жалпы қор әдісі, активтерді үлестіру
әдісі, ғылыми әдіс болып табылады. Бұл
әдістердің барлығын өте жақсы деп есептеуге
болмайды, өйткені олардың әр қайсысының
өзіндік артықшылықтары және кемшіліктері
бар. Әрбір әдісте жекелеген коммерциялық
банктердің нақты мәселелерін шешу кезінде
пайдалануға болатын элементтер кездеседі.
Қолданылу тұрғысынан алғанда ең қарапайымы
қор әдісі болып табылады. Көптеген банктер
бұл әдісті көп қолданады, әсіресе қаражаттары
мол болып тұрған кезеңдерде.
Екінші әдістің, яғни
активтерді үлестіру әдісінің
пайда болуы, бірінші әдістің
кейбір кемшіліктерін түзетуге ұмтылумен байланысты. Үшінші
әдіс активтерді ұтымды орналастыруда
ғылыми әдісті қолданумен байланысты,
яғни электрондық есептеу машиналарын
қолданумен байланысты.
Жалпы қор әдісінің
негізінде барлық ресурстарды
жинақтау идеясы жатыр. Cонан соң жинақталған қаражаттар қолайлы
деп есептелген активтердің (қарыздар
мемлекеттік бағалы қағаздар, қолма-қол
ақша және тағы басқалар) арасында үлестіріледі
жалпы қор әдісін нақтылы бір активтік
операцияны жүзеге асыру үшін қаражаттар
қайда келіп түскеніне көңіл аударылмайды,
олардың орналастырылуы банктің алдына
қойылған мақсатына жетуге көмектессе
болды.
Бұл әдіс басшылығынан
өтімділік және пайдалылық принциптерінің
біркелкі сақтауын талап етеді.
Сондықтан қаражаттар осы принципке
анағұрлым сай келетін активтік операциялардың түрлеріне жұмсалады.
Жалпы қор әдісі
арқылы қаражаттарды орналастыру
кезінде өтімділікке тым көп
көңіл аударылады және өтімділік
талабының талап етілгенге дейінгі
салымдарға, жинақ салымдарына, мерзімдік
салымдарға негізгі капиталға
қатысты айырмашылықтары ескермейді.
Активтерді үлестіру
әдісі, банкке қажетті өтімді
активтердің мөлшері, қаражаттарды
тарту көздеріне байланысты болатынын
білгілейді. Бұл әдіс арқылы қаражаттар
көздерін міндетті резервтер
нормасына және сол қаражаттардың
айналыс жылдамдығына сәйкес бөлуге талпыныс
жасалады. Мысалы; талап етілгенге дейінгі
салымдар сақтық және мерзімдік салымдармен
салыстырғанда жоғары резервтік норманы
талап етеді және олардың айналым жылдамдығы
да жоғары. Бұл әдістің негізгі артықшылығы
өтімді активтердің үлесін төмендету
және қосымша қаражаттарды қарыздарға,
инвестицияларға жұмсау болып табылады,
ал бұл пайданың ұлғаюына әкеледі.
Активтерді ғылыми
әдістер және операцияларды зерттеу
көмегімен ұтымды орналастыру
анағұрлым күрделі модельді және
банк балансымен пайда және зияндар туралы
есебінің әртүрлі баптары арасында
өзара күрделі байланыстарды зерттеу
үшін экономика- математикалық әдістерді
пайдалануды ұйғарады .Бұл әдіс банк басшылығына
шешім қабылдауда үлкен көмек көрсете
алады. Бұл күрделі методика басшылық
проблемаларын прогрессивті математикалық
әдістерді және күрделі модельдегі элементтердің
өзара әсерін зерттеу үшін электронды
есептеу машиналарын поадалана отырып
шешудің ғылыми әдісін ұйғарады.
3.2. Банк активтік
операцияларын сақтандыру.
Сақтандыру қоғамдық қалыпқа
келтірудің басты элементті болып
табылады.
Сақтандыру
жарнасы жоғалған соманы іздестіру
үшін жабдықтарды қалпына келтіру
үшін жұмсалады.
Банктік сақтандырудың
бір формасы ретінде депозиттермен
аманаттарды айтуға болады. Сақтандыру қызметін заңды
тұлға статусын алған сақтандыру компаниялары,
агенствалары және қаржы мекемелері жүзеге
асырады. Сақтандыру жарнасы ретінде түскен
сомманы компания жинақтап үнемі айналымға
жіберіп отырады. Банк мекемесі депозит
аманат шоттағы қаржыларға байланысты
сақтандыру функциясын орындайды. Сақтандыру
ісіне кем дегенде екі тұлға қатысады.
Сақтанушы және сақтандырушы.
Сақтанушы бұл
өзінің жеке меншік мүлкін
басқа тұлғаға мүмкін болатын
шығындарын өтеу үшін сеніп
тапсырған заңды немесе жеке тұлға.
Сақтандырушы
белгіленген құнды куәландіріп
мүмкін шығындарды өз мойнына
алатын заңды тұлға мекеме. Банктік
қызмет кезінде төмендегідей
тәуекелділіктей болуы мүмкін
- инвестициялық
- несиелік
- нарықтық
- валюталық
- қаржылық
- ақпаратты жүйелі
- проценттік
- экологиялық
-табиғи және өндірістік
- төлемсіздік
Банк қызметтіндегі
сақтандырудың 1 формасы ретінде
әр түрлі
мақсатта жинақталған
қорларды айтуға болады.
Екінші деңгейдегі
банктердің операциялық тәуекелділігін
қамтамасыз ету үшін Ұлттық
банк тарапынан міндетті мөлшерлер,
шартты талаптар белгіленеді.
Банк сақтандыру
мекемесінің қызметін несиелену
кезінде толық пайдалана алады.
Қорытынды
Банктердің және тауарлы-ақшалай
қарым-қатынастардың дамуы негізгі
тұрғыдан қатарлас жүреді, және
олар бір-бірімен өзара тығыз
байланысты. Банктер халық шаруашылығы
қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты
болады, себебі тек қана банк арқылы олардың
есеп-айырысу операциялары жүзеге асырылады,
банктің әртүрлі қызметтерін пайдаланады.
Мысалы, несие алады, валюталармен операциялар
жүргізеді. Бұның барлығы банктің активті
операциясы болып табылады. Олар арқылы
ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушылардың
экономикалық мүдделерін қанағаттандыру
жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық
делдал ретінде шаруашылық органдардың
капиталдарын, халықтың жинақтарын және
шаруашылық үрдісінде босаған басқа да
бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз
алушылардың уақытша пайдалануына береді,
ақшалай есеп айырылысу жүргізіледі, және
экономика үшін басқа да көптеген қызмет
көрсетеді, соның арқасында өндірістің
тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналысына
тікелей ықпал етеді. Басқаша айтқанда
банктің жүзеге асыратын барлық активтік
операцияларының клиенттер үшін, олардың
қызметтері үшін алатын орны зор.
Банктер нарықтық экономикада басты
делдалдар болып табылады. Өз қызметінің
үрдісінде, олар ақша нарығында тауар
болатын жаңа талаптар мен міндеттемелерді
жасайды. Клиенттердің салымдарын қабылдау
арқылы банк депозит деген жаңа міндеттеме
жасаса, ал қарыз беру арқылы қарыз алушыға
жаңа талап қояды. Осы жаңа міндеттемелер
талаптарды жасау үрдісі қаржылық делдалдықтың
негізін құрайды. Несие беруші қарыз алушыға
және соған қатысты қаржылық институттар
қызметтінің қозғалысы орын ауыстыруы
қаржылық ресурстардың құйылуы активтік
операциялардың ең бір басты бөлігі болып
табылады.
Банктік жүйенің
мақсаты мен міндеттері негізінен экономиканы
жалпы басқарудың мақсаттары және міндеттерімен
бірдей, әйтпесе де банктер басқарудың
кішігірім жүйелері ретінде экономиканы
басқарудың жалпы мақсатына жетуді қамтамасыз
ететін, өзіне тән жеке міндеттерін орындайды.
Экономиканы басқару процесінде банктер
негізінен басқарудың экономикалық қатынастарын
көрсетеді, ал әр қоғамның экономикалық
қатынастары ең алдымен мүдде ретінде
көрініс алады, ал экономикалық мүдде
өндірістің мақсаты дамиды.
Қазіргі уақытта коммерциялық
банктердің активтерінің құрылымы өзінің
диверсификациялануының жеткіліксіздігімен
ерекшеленеді. Банктердің активтерінің
құрылымында өтімді активтер және несиелік
жұмсалымдардың үлесі жоғары.
Банктің активтерінің
құрылымында несиелердің үлесінің
көп болуы банктің өтімділік деңгейіне басым әсер етеді.
Несиелік жұмсалымдар
өз уақытында өтелмеуімен және
берілген қарыздардың ұзартылуымен
сипатталады. Ал бұл банктерді
қосымша ресурстар тартуға мәжбүр
етеді. Мұның барлығы банктердің
өтімділіктеріне және төлем қабілеттіктеріне теріс әсер етеді. Сондықтан
қазіргі уақытта активтерді ұтымды орналастырудың
негізгі мәселесі қарыздың қайтарылуын
және қарыз алушының сенімділігін егжей-тегжейлі
бағалау қажет. Қарыздар бойынша мүмкін
зияндардың орнын толтыру үшін резерв
құрауға үлкен көңіл бөлу қажет. Бұл активтердің
табыстылығын қолдауға бағытталған іс-шараларды
жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Қазақстандық тәжірибеде
банктер активтерінің сапасын
бағалау үшін жоғарыда айтылып
өткен бағыттардың барлығын пайдаланады.
Атап айтсақ, өтімділіктің сапалық көрсеткіші, активтердің
жалпы тәуекелділігі және тағы басқалары.
Бұлардың барлығы заңмен белгіленген
және сақтауға тиісті көрсеткіштерге
емес. Банктер оларды дербес анықтайды.
Ал, заңмен белгіленген көрсеткіштерге
өтімді активтердің талап етілгенге дейінгі
депозиттерге қатынасы, бір қарыз алушыға
келетін тәуекелдің ең жоғарғы мөлшері
және негізгі құралдарға және қаржылық
емес активтерге банктің инвестицияларының
ең жоғарғы мөлшері коэффиценттері жатады.
Банк өз қызметінде
үнеміпайда алып отыруға тиісті.
Ал, пайданың көлеміне банк активтерінің
құрылымы және сапасы әсер
етеді. Сондықтан банктер активтерінің
сапасын үнемі қадағалап отыруы
қажет активтердің құрамында
сапалы активтердің үлесін ұлғайтып
отыруға тиісті. Бұл үшін банк мынадай жолдарды
пайдалануына болады:
- Қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздармен және бағалы металдармен операцияларды ұлғайту;
- банктің несиелік портфелінде күдікті және проблемалы қарыздардың үлесін азайту;
- табыс әкелмейтін активтерді лизингтік операциялар арқылы табыс әкелетін активтерге ауыстыру;
- банк активтерінің диверсификациялануын ұлғайту;
- клиенттерге трасталық операцияларды көрсетуді ұлғайту және тағы басқалары.
Банктің активтері
бойынша мүмкіндік зияндардың
орнын жабу үшін құрылған резервтер де банктің активтерінің
сапасын жақсартуға әсер етеді.
Пайдаланылған
әдебиеттер
- “Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы” Заң 31-тамыз; 1995 жыл
- “Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктерінің активтерін және шартты міндеттемелерін жіктеу және олар бойынша провизия есептеу туралы” Ереже 23-мамыр; 1997 жыл № 219
- «Пруденциялық нормативтер туралы» Ереже 23-мамыр; 1997 жыл
- Ачкасов А.И «Активные операции коммерческих банков» – Москва Консалтбанки,1994жыл
- «Банковкое дело» О.И Лаврушина-Москва «Финансы и статистика; 2000 жыл
- «Банковское дело» В.И Колесникова- Москва «Финансы и статистика; 2000 жыл
- «Банковское дело» Г.С Сейткасымова- Алматы «Қаржы-қаражат»
1998 жыл
8. “Банковское дело” Ю.А Бабичевой-Москва
“Экономика” 1994жыл 9. “Банковский портфель”
2-ші том. Москва 1996 жыл
10. “Денежное обращение и банки” Г.Н
Белоглазова-Москва “Финансы и статистика”;
2000 жыл
11. “Основы банковского менеджмента”
О.И Лаврушина-Москва “Инфра-м”; 1995жыл
12. Рид Э; Котлер Р; Гилл Э “Коммерческие банки”-Москва;
1991жыл
13. Усоскин В.М. “Современный коммерческий банк: Управление
и
операция”-Москва; “Антидор” 1998жыл
14. “Финансы, денежное обращение и кредит”Архипова,
Сенчогова К
Москва “Проспект” 2000 жыл
- Жуков А. И “Инвестиции и ликвидность банка” “Деньги и кредит” 2000 жыл
- Зайцева Н.В “Оперативный анализ риска, потери ликвидности в коммерческом банке” 2000 жыл
- Ильясов С. М “Управление активами и пассивами банков” “Денги и кредит” 1998жыл
- Ларионова И.В “ Анализ деятельности кредитной организаций на основе финансовой отчетности” Бухгалтерия и банки; 2000 жыл
- Фетисов Г. “Факторы определяющие надежность коммерческого банка” Финансовый бизнес 1998 жыл;
- “ Банк ЦентрКредит” Ашық Акционерлік Қоғамының есеп беру материалдары;
- “Деньги, кредит,банки” Лаврушин О.И. Москва: 2001ж
- “Финансы. Денежное обращение. Кредит” Под. ред Дрободиной Л.А. Москва: “Финансы” 2002ж
- “Банки и банковские операций” Под ред. Жукова Е.Ф. Москва: 2000г
- “Техника банковского дела” Бухвальд Б. Москва. 2001ж
- “Экономический анализ деятельности коммерческого банка” Батракова Л.Т. Москва: 2000ж
- “Деньги, банковское дело и денежно кредитная политика” Делан Э. Дж; Кэмпбелл К.Д; Кэмпбелл Р. Дж, Москва; 1999ж
- “Коммерческие банки и их операций” Маркова О.М; Сахарова Л.С; Сидоров В. П: Москва; 2001ж
- “ Операций коммерческих банков: российский и зарубежный опыт“ Ширинская Е. Б. Москва; 2002ж