Коммерциялық банктердің активті операциялары диплом жұмысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2012 в 23:17, курсовая работа

Описание работы

Банктік жүйе – нарықтық экономиканың маңызды және бөлінбес құрылымдарының бірі болып табылады. Банктердің дамуы мен тауар өндірісі айналысы тарихи жағынан алғанда қатар жүріп отырды және бір-бірімен тығыз байланысты болды. Бұл кезде банктер ақшалай есеп айырысуларды жүргізе отырып, шаруашылықты несиелей отырып, капиталдардың қайта бөлінуінде делдал бола отырып өндірістің жалпы тиімділігін арттырады, қоғамдық еңбек өнімділігінің өсуіне жағдай жасайды.

Работа содержит 1 файл

Курсовой!!! не удалять!.doc

— 410.50 Кб (Скачать)


Коммерциялық  банктердің активті операциялары диплом жұмысы

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Банктік жүйе – нарықтық экономиканың маңызды және бөлінбес құрылымдарының бірі болып табылады. Банктердің дамуы мен тауар өндірісі айналысы тарихи жағынан алғанда қатар жүріп отырды және бір-бірімен тығыз байланысты болды. Бұл кезде банктер ақшалай есеп айырысуларды жүргізе отырып, шаруашылықты несиелей отырып, капиталдардың қайта бөлінуінде делдал бола отырып өндірістің жалпы тиімділігін арттырады, қоғамдық еңбек өнімділігінің өсуіне жағдай жасайды.

Коммерциялық банктер  өздерінің табыстық базасын кеңейтіп, рентабельділігі мен бәсекелестілігін көтеру үшін клиенттеріне операциялар мен қызметтердің кең көлемін көрсетуге тырысады. Банк активтік операциялары нарығындағы бәсеке банктік қызметтің бұл түрінің сандық және сапалық сипатамаларына әсер етеді.

Халыққа дәстүрлі активтік  операцияларды (несиелік, есеп-айырысу  кассасы, валюталық және тағы  басқаларын) көрсетумен қатар, қызметтерді, клиенттердің тапсырысы бойынша  маркетингтік зерттеулерді, лизингтік  және тағы да басқа операцияларды көрсете бастауда.

Коммерциялық банктердің  дұрыс жұмысын атқаруы олардың  өзінің және сырттан тартылған  қаражаттарының әр түрлі активтер  бойынша дұрыс орналастырлуына  байланысты, яғни қолындағы қаражаттарды  қаншалықты дұрыс, орналастырса, оның  жағдайы соншалықты орнықты болады.

Банктік қызметтің  маңызды және басты бөлігін  пайда табу мақсатында банктің  өз және тартылған ресурстарын  орналастыру іс- әрекеттері құрайды, яғни банктің активтік операциялары  құрайды.

Активтік операцияларды  жүзеге асыру барысында банктер әртүрлі жұмсалымдар жасайды. Олар проценттер, дивиденттер немесе біріккен кәсіпорының пайдасына қатысу түрінде табыс әкеледі. Банктің активтік операцияларының нәтижелері банк балансының активінде көрініс табады. Оның көрсеткіштеріне қарап банктің ресурстарының жұмсалу сипаты туралы айтуға болады. Банк активтерінің және қаржылық емес мекемелердің активтерінің құрылымында едәуір айырмашылықтар бар. Коммерциялық банктердің активтерінің көп бөлігі қаржылық талаптар түрінде болады. Банктердің салыстырмалы түрде қаражаттарының көп бөлігі ақшалай формада болады, ал ғимараттар және құрылғыларға жұмсалымдар аз болады.

Банктер мен кәсіпорындардың  активтерінің құрылымындағы айырмашылық  олардың міндеттемелерінің шығу  тегінен және пайда табу мақсатында  жүргізетін қызметтерінің сипатынан келіп шығады. Кәсіпорындар өз пайдаларының көп бөлігін шикізаттар және материалдарды пайдалана отырып жасалған тауарларды сату арқылы алады. Сату процесі дайын өнімдердің көп бөлігінің қоймада сақтауын талап етеді, ал өндіріс шикізаттар қорларын бір қалыпта ұстап тұру қажеттілігін және қымбат тұратын құрылғыларды пайдалану қажеттілігін талап етеді. Ал банктік пайда негізінен несиелік және инвестициялық операциялардан алынады, нәтижесінде банктер ақшаның болашақта төленетін куәландыратын вексельдердің, облигациялардың және басқа да қаржылық құжаттардың ұстаушысы болады.

Банктің өз және  тартылған қаражаттарын жоғары  табыс алу мақсатында тиімді  орналастыру, банк активтерінің  сапасы және оны бағалау мәселелерінің  актуальдылығы менің диплом жұмысыма осы тақырыпты таңдауыма осы себепші болды. Өйткені банктің өтімділігі, пайдалылығы, қаржылық жағынан сенімділігі және тұрақтылығы оның активтерді тиімді орналастыруына және олардың сапасына, жалпы айтқанда активтік операцияларына байланысты болады.

Осыған байланысты  дипломдық жұмысымның мақсаты:

  • банктің активтік операцияларының мәнін көрсету;
  • банктердің активтерінің ұтымды құрылымын анықтау және активтердің сапасын бағалау тәжірибесін оқып-үйрену, олардың сапасының банктің өтімділігі мен пайдалылығына әсерін талдау болып табылады.

      Қойылған  мақсатқа жетуде мынадай міндеттерді  шешу қажет:

  1. Банктің активтік операцияларының құрылымы мен оның ерекшеліктеріне тоқталу;
  2. Банктің активтік операцияларының құрылымына әсер ететін факторларды қарастыру;
  3. Банк активтерінің сапасын анықтайтын көрсеткіштерге нақты материалдар негізінде талдау жасау;
  4. Банктің активтік операцияларын жетілдіру жолдарын қарастыру;

Жұмысты жазу барысында «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісінің нормативтік-құқықтық актілері; Отандық және шетелдік оқу әдебиеттері, мерзімді басылымдар және жұмыстың ішінде талдау жасалынатын банктің қаржылық есеп беру құжаттары пайдаланылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І.  Коммерциялық банктердің активтік операциялары және олардың сипаттамасы.

1.1.  Банктің активтік операцияларының  мәні мен құрылымы.

 

Банктің активтік операциялары  оның операцияларының маңызды  бөлігін құрайды.

Банктің активті операциясы бұл банктердің кіріс табуымен өтімділікті көтеру мақсатында ресурстарды орналастыру операциясы.

Банктің активті операциялары  негізгі кіріс көзін құрайтын  операция болып табылады.

Бұл операцияға нақты ақша және кассалық қызмет операциясы, есеп қарыз операциясын, бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар, активті депозиттер мен банк аралық несиелік және депозиттік операцияларды жатқызуға болады.

Кассалық операциялар  нақты ақша негізінде жүзеге  асырылады. Бұл кезде банк банктік  шоттары бар клиенттерден нақты ақша қабылдайды және нақты ақша түрінде әр түрлі аударулар жасайды, төлемдер жүргізіледі (Жалақы, жол сапар шығындары, материалдық көмек, несие немесе қарыз басқа да қызметтік шығындарға берілетін қарыздар)

Банктің есеп қарыз  операциясы кең көлемді кіріс әкелетін операция ретінде саналады жеке және заңды тұлғаларды несиелендіру кезінде кеңінен қолданылады. Банк мекемесінде несиеден кейін екінші кезекте кіріс әкелетін операция болып бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар саналады. Бұл кезде банк өзіндік бағалы қағаздарын сатып өткізеді, клиенттердің тапсырысы бойынша олардың бағалы қағаздарын орналастырады және болашақта кіріс алу мақсатымен инвестиция түрінде ұзақ мерзімді салымдар жасайды.

Кіріспеде айтылып  өткендей бұл операциялар банк  балансының актив жағынан көрініс табады.

Банк активтерінің  құрылымы деп банк балансының активінің сапасы бойынша әртүрлі баптарының баланстық қорытындыға қатынасын айтады.

Әрбір банк активтердің  ұтымды құрылымын белгілеу және  сақтау кезінде біршама мәселелерге тап болады. Сонымен қатар, активтердің құрылымы көбінесе елде қалыптасқан ұлттық ерекшеліктерімен де анықталады.

Бірінші топқа: қолма-қол  ақша және оған теңестірілген  қаражаттар жатады, яғни банкте  бар ақшалай қаражаттар (корреспонденттік  шоттағы, Орталық банктегі міндетті резервтік қордағы қаражаттар), сонымен қатар, аз уақыт ішінде ақшалай қаражаттарға тез айналатын активтерге жұмсалған қаражаттар (мемлекеттік бағалы қағаздар, мемлекет кепілдендірген қысқа мерзімді қарыздар және тағы басқалары) жатады.

Екінші топқа: басқа кәсіпорындардың, ұйымдардың бағалы қағаздарына салынған  инвестициялар жатады. Бұл активтердің өтімділік деңгейі бірінші және үшінші топтың активтерінің өтімділік деңгейіне  қарағанда төмен қазіргі уақытта өтімділігі жоғары бағалы қағаздарға банктердің бағалы қағаздарын (акциялар, депозиттік сертификаттар және тағы басқаларын) жатқызуға болады.

Үшінші топқа: кәсіпорындарға, ұйымдарға берілген қарыздар  жатады. Бұл активтердің өтімділік  деңгейі қарыздың берілу мерзімі  мен мақсатына, қарыз алушыға байланысты болады. Өтімділігі жоғары құнды қағаздарға басқа  банктерге берілген және бірінші классты құнды қағаздар жатады.

Төртінші топқа: банктің  негізгі құралдары жатады: ғимараттар, құрылғылар есептеу техникалары, көлік құралдары және тағы  басқалары. Бұл активтер өтімділігі төмен активтерге жатқызылады. Дегенмен әрбір кезеңде елдегі экономикалық жағдайды ескеріп отыру қажет.

Банк өз активтерінің  құрылымын олардың жекелеген  топтары және түрлері тұрғысынан  алынғанда, белгілі-бір уақытқа яғни, белгілі-бір күнге, сонымен қатар, олардың динамикасы арқылы талдау негізінде ол қаражаттарды активтердің бір түрінен келесі түріне ауыстыра алады. Бұл кезде қаражаттар көзі өзгермей қалуы да мүмкін немесе ақшалай қаражаттардың жаңа көздері есебінен де ауыстырылу жүргізілуі мүмкін. Банк активтерді бір түрінен екінші бір түріне ауыстырған кезде орналастырудың сенімділігі және табыстың деңгейі тұрғысынан активтердің ұтымды құрылымын қалыптастыру қамтамасыз етуді көздейді. Бұл жағдайда пассивтердің құрылымы және тартылған қарыз қаражаттарының мерзімі де ескерілуі қажет.

Егер активтердің бірінші  тобын қарастыратын болсақ, Орталық  Банкте корреспонденттік шоттағы ақшалай қаражаттардың қалдығы үнемі жоғары болатын болса  бұл қаражаттарды қысқа мерзімді банктік қарыздарға немесе мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастыруға болады. Мемлекеттік бағалы қағаздардың әкелетін табысы аз болғанымен олардың банктің шығаратын бағалы қағаздарына қарағанда сенімділігі жоғары. Қазақстан Республикасында 1994 жылдан бері мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы жұмыс істеуде. Осылайша өтімділік деңгейін төмендетпей, банктің табысын жоғарылатуға болады.

Алайда, корреспонденттік  шоттағы қаражаттарды активтің  басқа түріне орналастыру туралы  шешім қабылдамас бұрын, банк  кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне талдау жасауы, табыстары және шығындарына болжау жасауы қажет. Өйткені түрлі қолайсыз факторлар әсерінен корреспондентік шоттағы қаражаттардың тез арада азаюы орын алуы мүмкін, ал бұл корреспондентік шот бойынша дебеттік қалдықтың пайда болуына әкеліп соғады. Бұл жағдайда банк операцияларды жүргізуге Орталық Банктің қаражаттарын қарызға алуға мәжбүр болады, олар бойынша пайыздық мөлшерлеме Орталық Банктің есеп мөлшеріне қарағанда анағұрлым жоғары болады.

Қаражаттардың екінші топтағы активтеріне орналастырылуы акционерлік қоғамдардың, серіктестіктердің, кәсіпорындардың, ұйымдардың акцияларын алу, олардың қызметтеріне қатысу түрінде болады. Бұл негізінен банктердің табыстың үнемі келіп түсуін қамтамасыз етуде ұмтылушылығынан болып отыр, осының әсерінен банктердің қаржылық тұрақтылығы және өтімділігі жоғарылайды. Қазақстан Республикасында банктердің барлығына бірдей кәсіпорындардың бағалы қағаздарын сатып алуға рұқсат берілмеген. Банктердің бұл қызметін кастодиалдық қызмет деп атайды. Кастодиалдық  қызметпен айналысуға рұқсатты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі береді.

Қазіргі уақытта Қазақстан  Республикасында бұл қызметпен  тек санаулы ғана банктің айналысуға  рұқсаты бар. Соның ішінде осы  жұмыста активтік портфеліне  талдау жасалғалы отырған банк  те бар.

Бір мезгілде бұл  топтың активтері банктің қарыздар  тобының активтеріне қарағанда  өтімділігі төмен, әсіресе экономикалық  дағдарыс жағдайында, және оларға  қаражаттарды орналастыру едәуір  тәуекелмен байланысты болады. Сондықтан  коммерциялық банкте арнайы резервтер құрылуы керек. Қазақстан Республикасында банктердің бұл тобына қаражаттарды орналастыруы өте аз болып табылады.

Акционерлік қоғамдардың, кәсіпорындардың, ұйымдардың бағалы  қағаздарына қаражаттар жұмсау  және олардың шаруашылық қызметтеріне  қатысу коммерциялық банктің өтімділігін төмендетеді, ал оларды басқару дамыған корпоративтік бағалы қағаздар нарығының жоқтығына байланысты үлкен қиыншылықтар туғызады.

Екінші топтың активтерінің  құрылымында да негізгі үлесті  кәсіпорындарға, ұйымдарға берілген  қарыздар алады. Бұл қарыздар қазіргі уақытта қысқа мерзімдік сипатта және негізінен айналыс сферасына бағытталған. Активтердің бұл түріне қаражаттарды орналастырудан түсетін табыс деңгейі анағұрлым жоғары. Бұл коммерциялық банктерге пайданың көп бөлігін несиелік операциялардан алуға мүмкіндік береді. Қысқа мерзімді несиелердің өтімділігі әр уақытта біркелкі емес, бұл қарыз алушының несиенің қайтарылуын қамтамасыз етуге қойған қамтамасыз етілу көздерінің әруақытта сапалы еместігінен туындайды. Сондықтан коммерциялық банктер тартылған ресурстарын тәуекелділігі жағынан қолайлы активтің түрі - басқа банктерге несиелерге жұмсайды. Активтердің бұл түрінің табысы кәсіпорындарға берілетін несиелердің табысынан төмен, бірақ банктің өтімділігін  көтереді. Бұл несиелер әдетте негізінен қысқа мерзімдік сипатта болады.

Екінші топтағы активтердің  ішінде шамасы бойынша едәуір  орын алатын актив - банкаралық  несиелер болып табылады.

Коммерциялық банктердің  дамуымен байланысты банкаралық  несиелер де тұрақты түрде  өсіп келеді. Бұл бірқатар факторларға байланысты, соның ішінде банктердің өз өтімділіктерін жоғарылатуға ұмтылуы да бар.

Активтердің төртінші  тобын негізінен коммерциялық  банктің өндірістік-техникалық базасын дамытуға жұмсалған қаражаттар құрайды. Коммерциалық банктер өздерінің қалыптасуының алғашқы сатысында тұрғандықтан олардан бүгінгі таңда өздерін ғимараттармен, құрылғылармен, есептеу техникаларымен, байланыстың жаңа құралдарымен қамтамасыз ету үшін едәуір қаражат жұмсау талап етіледі. Алайда, барлық банктер бірдей, әсіресе жаңадан құралған банктер өздері дамуы үшін қаржыландыру көздерін таба бермейді. Осыдан банктің күрделі жұмсалымдары мен оны қаржыландыру көздері арасында тепе-теңдікті қамтамасыз ету мәселесін шешу қажеттілігі пайда болады. Жоғарыда айтылып өткен шығындарды банк сәйкес жабу көздерінсіз жүзеге асыратын болса, онда банктің өтімділігі төмендей бастайды.

 

1.2  Банк операциялары туралы түсінік.

Банк заңды тұлға  коммерциялық ұйым жарғыға сәйкес  банк қызметтін жүзеге асыратын  мекеме.

Екінші деңгейлі банк  бұл Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкі ұсынған лицензиямен  негізгі заңға сәйкес заңды  және жеке тұлғалардың бос ақша қаржыларын жинап өз атынан қайтарымдылық, төлемділік, мерзімдік негізінде орналастыратын және банк операциясын жүзеге асыратын заңды тұлға мекеме.

 Банк операциясы  бұл азаматтық, құқылық қызметпен  нақты істерді бухгалтерлік безендірулермен  байланыстыратын қызмет.

Информация о работе Коммерциялық банктердің активті операциялары диплом жұмысы