Коммерциялық банктердің активті операциялары диплом жұмысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2012 в 23:17, курсовая работа

Описание работы

Банктік жүйе – нарықтық экономиканың маңызды және бөлінбес құрылымдарының бірі болып табылады. Банктердің дамуы мен тауар өндірісі айналысы тарихи жағынан алғанда қатар жүріп отырды және бір-бірімен тығыз байланысты болды. Бұл кезде банктер ақшалай есеп айырысуларды жүргізе отырып, шаруашылықты несиелей отырып, капиталдардың қайта бөлінуінде делдал бола отырып өндірістің жалпы тиімділігін арттырады, қоғамдық еңбек өнімділігінің өсуіне жағдай жасайды.

Работа содержит 1 файл

Курсовой!!! не удалять!.doc

— 410.50 Кб (Скачать)
  1. Шетел банктерімен корреспонденттік қатынас орнату.

Бұл операция банкпен халықаралық есеп-айырысуларды жүргізу үшін қажетті шарт болып  табылады. Қандай да бір шетел банкісімен корреспонденттік қатынас орнату туралы шешім қабылдау клиенттердің тұрақты экспорт-импорттық операцияларына қызмет көрсетуге нақты қажеттілікпен негізделуі керек.

Халықаралық есеп-айырысуларды жүзеге асыру үшін банк шетел банктерінде  және өзінде «Ностро» және «Лоро» шоттарын ашады. «Ностро» шот – банк-корреспондентте коммерциялық банктің атына ашылған ағымдағы шот. «Лоро» шот – коммерциялық банкте банк-корреспонденттің  атына ашылған ағымдағы шот.

  1. Конверсиялық операциялар.

Конверсиялық операциялар  дегеніміз ҚР-ның қолма-қол және қолма-қолсыз теңгесіне қарсы қолма-қол және қолма-қолсыз шетел валютасын (оның ішінде шектеулі конверсияланатын валюталар да бар) сатып алу және сату мәмілелері.

Есепті күндегі шетел  валютасын сатып алу (сату) операциялары бойынша айналым дегенде есепті күн бойындағы сатып алынған (сатылған) шетел валютасын түсіну керек.

Дереу жеткізіп беру мәмілесі (қолма-қол мәсіле - cash) – валюталау күні мәміле жасалған күннен бастап 2 банктік жұмыс күнінен артық емес күнге артта қалатын конверсиялық операция. «Today» типтес мәміле дегеніміз валюталау күні мәміле жасалған күнмен сәйкес келетін конверсиялық операция.

«Tomorrow» типтес мәміле дегеніміз валюталау күні мәміле жасалған күннен кейінгі келесі күні болатын операция.

«Spot» типтес мәміле дегеніміз валюталау күні мәміле жасалған күннен кейінгі екінші күні болатын конверсиялық операция.

Мерзімді (форвардтық) мәміле (forward outrіght) – бұл валюталау күні мәміле жасалған күннен 2 банктік жұмыс  күнінен көп болатын конверсиялық операция. Мерзімді биржалық операциялар (фьючерс,опцион және т.б. типтес) конверсиялық операция болып табылады.

Своп мәмілесі (swop) –  бірдей сомаға жасалған екі қарама-қарсы  конверсиялық операциядан тұратын  мәміле. Бұл кезде көрсетілген  мәмледегі біреуі мерзімді, екіншісі дереу жеткізіп беру болып табылады.

Банктің валюталық позициясы.

Конверсиялық операцияларды  банктің валюталық позициясы  бойынша тәуекелдерді ескермей жүргізуге  болмайды.

Валюталық позиция –  сәйкес валюталарда активтер мен  пассивтер құрайтын аяқталмаған операциялар бойынша баланстан тыс талаптар мен міндеттерді есепке ала отырып шетел валютасындағы қаражаттар және осыған байланысты валютаның айырбас курсының өзгерісі кезінде қосымша табыстарды және шығыстарды алу тәуекелін жасайды.

Ашық валюталық позиция – банктің валютасы түріндегі талаптары мен міндеттерінің арасындағы айырмашылық.

Қысқа ашық валюталық позиция – жекелеген шетел валютасындағы ашық валюталы позиция, онда пассивтер мен баланстан тыс міндеттер саны жағынан осы шетел валютасындағы активтер мен баланстан тыс талаптардан артық.

Жабық валюталық позиция  – жекелеген шетел валютасындағы  валюталық позиция, онда активтер мен  пассивтері (аяқталмаған операциялар  бойынша баланстан тыс талаптар мен міндеттерін есепке ала отырып) саны жағынан сәйкес келеді.

Валюталау күні – мәміле жақтарымен келісілген мәміле бойынша  контрагенттің шотына қаражаттарды жеткізуді жүзеге асыру күні.

«Спот» мәмілесі – бүгінгі келісілген курс бойынша жүзеге асырылатын операция, мұнда бір валюта басқа бір валютаны соңғы есеп-айырысу мәміле жасалған күнді есептемегендегі екінші жұмыс күні жүзеге асатын мерзіммен сатып алуға пайдаланылады.

«Форвард» операциясы (мерзімді мәмілелер) – бұл дәл қазіргі уақытта бір валютаны келісілген курс бойынша басқа валютаға айырбастау арқылы сатып алу бойынша жасалатын контракт. Өз кезегінде «форвард» операциясы төмендегідей болып жіктеледі:

  • «аутрайтпен мәміле» - валютаны белгілі бір күнде жеткізіп беру шартымен;
  • «опционмен» мәміле – валютаны жеткізіп беру күні белгіленбеген шартпен.

«Своп» мәмілесі валютаны бірдей уақытта «форвард» курсы бойынша мерзімге сатып алу немесе сатумен «спот» қолма-қол мәмілесі шартында сол валютаны сатып алу және сатуды біріктіретін валюталық операцияларды білдіреді. «Своп» мәмілелері бірнеше түрлереі бөлінеді;

  • «репорт»  мәмілесі – шетел валютасын «спот» шартында сатып, оны «форвард» шартымен сатып алу;
  • «дерепорт»  мәмілесі – шетел валютасын «спот» шартымен сатып алып, «форвард» шартында сату. Қазіргі кезде контрактілерді «форвард» шартында сатып алу-сату жүзеге асырылады, сонмен қатар фьючерстік контрактілерді сатып алу-сату да жүзеге асырылады.

Валюталық арбитраж –  шетел валютасын валюталық курстардың айырмасынан пайда табу мақсатында сату үшін сатып алу бойынша операцияларды  жүзеге асыру. Әртүрлі елдердің нарықтарындағы валюта курстарындағы айырмашылықтық пайда болуы – кеңістіктегі арбитраж түсінігінің мәні. Ол валюталық арбитраждың бір түрі болып табылады.

Валюталық арбитраждың  келесі күні – уақытша арбитраж. Оның мәні валюта курсының уақыт бойынша  өзгеруінде. Оны жүргізудегі негізгі шарт валютаның еркін айналымдылығы болып табылады.

Сонымен қатар, конверсиялық валюталық арбитраж да бар. ол валютаны ең  арзан бағамен  сатып алуды көздейді.

  1. Тауарлар мен қызметтердің экспорты және импортымен байланысты халықаралық есеп-айырысулар бойынша операциялар.

Сыртқы  саудада дакументарлы аккредитив, документарлы инкассо, банктік аударым сияқты есеп-айырысулардың формалары қолданылады.

Документарлы аккредитив - өзінің клиенті - бұйрық берушісінің (импортердің) өкініші бойынша аккркдитив ашқан банктің аккредитивте көрсетілген қаражаттарға қарсы экспортердың (бенефициардың) пайдасына төлемдер жүргізуге міндеттемесі.

Документарлы инкассо  формасы бойынша есеп-айырысу  кезінде банк өз мойына сенім білдірушімен берілген қажаттарды төлеушіге (импортерға) акцептеуге және ақшаны алуға ұсыну міндеттемесі.

Банктік аударымдарды қолдану  кезінде есеп-айырбастаудағы барлық валюталық түсімдер өкілетті банктердегі  транзиттік шоттарға аударылады.

  1. Банктің валюталық қаражаттарды тарту және орналастыру бойынша операциялары.

Бұл операциялардың келесідей  түрлері бар:

  1. депозиттерді тарату бойынша:
  • жеке тұлғалардың;

заңды тұлғалардың, оның  ішінде банкаралық депозиттер;

  1. несиелерді беру бойынша:
  • жеке тұлғаларға;
  • заңды тұлғаларға;
  1. Несиелерді банкаралық нарықта орналастыру.

 

 

 

 

 

ІІІ. Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктердің активтік операцияларын жетілдіру жолдары.

3.1. Коммерциялық банктердің активтік операцияларының құрылымын жақсарту жолдары.

 

Банк қаражаттарын  орналастырған кезде несиелік  операциалармен бағалы қағаздармен инвестициаларға көп көңіл бөлінеді, атап айтқанда, бағалы қағаздар портфелінің құрамы мен өтелмеген қағаздарға көп көңіл бөлінеді.

Қаражаттарды орналастыру  проблемасының айқын шешімі банк  бара алатындай тәуекел деңгейінде  жоғары табыс әкелетін активтерге (қарыздар, инвестициялар) қаражаттарды болып табылады. Бірақ коммерциялық банктерде қаражаттарды ұтымды орналастыруға көптеген факторлар әсер етеді.

Біріншіден, банктер кәсіпкерліктің  анағұрлым қатаң реттелетін саласы  болғандықтан олар қаражаттарды орналастыруды заңдарға және бақылау органдарының ережелеріне, бұйрықтарына сай түрде жүргізеді.

Екіншіден, банк пен  оның клиенті арасындағы қатынас  сенім және көмек негізінде  құрылады.

Үшіншіден, коммерциялық  банктің акцияларын ұстаушылар  басқа инвесторлар сияқты табыс алуды ойлайды.

Төртіншіден банктік  активтердің құрылымына елдегі  жалпы саяси және әлеуметтік  экономикалық процестер қатты  әсер етеді. Әсіресе банктік жүйеге  іскерлік белсенділіктің бұзылуы, экономикалық дағдарыстар, инфляция  және тағы басқа жағдайлар қатты әсер етеді

Заңдық актілер және  бұйрықтар коммерциялық банктердің  активтік операцияларына банктік  қаражаттардың бөлігін қандай  да бір банктік операцияларға  жұмсау тәртібін белгілеу, активтік  операциялардың қандай да бір  түрлеріне шек қою арқылы әсер етеді.

Банктің тартылған  қаражаттарының көп бөлігін талап  етілгенге немесе клиенттің алатынын  хабарлауы өте аз мерзімдік  қаражаттар алады. Сондықтан банктік  қаражаттарды дұрыс орналастыру  шарты салымшылардың талаптарын  қанағаттандыру қабілеттілігін қамтамасыз ету болып табылады. Келесі шартты

  • банктің клиентерінің несиеге негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткілікті қаражаттардың бар болуы. Несие беру-банктің коммерциялық қызметтінің негізгі түрі болып табылады. Банктің клиенттердің несиеге деген қажеттілігіктерін қанағаттандыру қабілетсіздігі банктің пайдалы операцияны жоғалтуына әкеліп соғады.

Коммерциялық банктер, өтімділікке  және қауіпсіздікке қатысты шектеулермен  қатар, қызметі жеткілікті түрде  пайдалы болуықажет, дербес іскер ұйымдарға жатады. Сонымен қатар банктердің елдің ақша массасының көп бөлігін қоюшы ретіндегі ролі экономиканың бұл саласының өкілдеріне қоғам алдындағы үлкен жауапкершілікті жүктейді. Қоғам, банктік жүйенің төлем қабілеттілігіне, өтімділігіне және тұрақтылығына күмәнданатындай себеп болмауға тиіс, ал салымшылар кез-келген банктің тұрақтылығына сенімді болуы қажет. Белгілі бір қатынаста банктің салымшыларының және акцияларын  ұстаушыларының мақсаттары сәйкес келмейді. Бұл сәйкессіздік өтімділік талабы мен операциялардың пайдалығы арасында қарама- қайшылықта көрініс табады, бұл коммерциялық банктің әрбір қаржылық келісімінде байқалады.

Өтімділік пен пайдалылық  арасындағы бұл келіспеушілік  банк қаражаттарын орналастырған  кезде шешетін негізгі проблема  деп есептеуге болады.

Банк басшылығы бір  жағынан жоғары табыс алуға  мүдделі банктің акцияларын ұстаушылардың  талабын ескеруі қажет. Жоғары  табыс, қаражаттарды ұзақ мерзімді  бағалы қағаздарға жұмсау, несиелік  қабілеті күдікті қарыз алушыларды  несиелеу және пайдаланылмаған қалдықтарды қысқарту есебінен алынады. Екінші жағынан банк басшылығы, бұл әрекеттердің барлығының банктің өтімділігін төмендететінін жақсы біледі.

Банктің өтімділікке қолма-қол  ақша деңгйін жоғары ұстау  арқылы немесе қаражаттарды өтімділігі  жоғары активтерге орналастыру арқылы қол жеткізуіне болады. Бірақ, бұл жағдайда банктің пайдалылығы төмендейді.

Шетелдік банктік тәжірибе  өтімділікті басқару үшін активтердің  құрылымына белгілі бір талаптарды  жасап шығарады.

 Банктің өтімділігін  және пайдалылығын тұрақты қамтамасыз ету үшін активтердің жекелеген түрлеріне келесі нормалар қолайлы деп есептеледі.

  1. бірінші реттегі резервтер

(депозиттер пайызбен  алынғанда)         5-10 пайыздан кем емес.

 

  1. екінші реттегі резервтер

(депозиттерге пайызға  алғанда)          10-15 пайыздан кем емес

 

  1. қарыздар (барлық актив-

 терге пайызбен  алғанда)                    65 пайыздан көп емес.

 

  Осы жерде шетелдік  банктік тәжірибеде бірінші реттегі  резервтерге екінші реттегі резервтерге  қандай активтер жататынын айтып  кету орынды.

Бірінші реттегі резервтерге  кассадағы қолма-қол ақша және  Орталық банктегі корреспонденттік  шоттағы қаражаттар.

Екінші реттегі резервтерге  өтімділігі өте жоғары сатылуға  арналған бағалы қағаздар жатады (мысалы: мемлекеттік бағалы қағаздар)  Активтердің бұл түрі  бірінші реттегі резервтер жеткіліксіз болған жағдайда оларды толықтырады.

Енді банктің құрылымының  оның пайдалығына әсерін қарастырайық. Мысал ретінде дипломдық жұмыстың  екінші бөлімінде қарастырылған.

«Банк Центркредит« Ашық Акциянерлік Қоғамының балансының активтері жөніндегі мәліметтері алынады. (кесте 9)

 

Кесте 9

                     Активтердің құрылымы

Көрсеткіштер

31.12.2000

31.12.2001

1. Пайдалығы (активтерге %-пен алғанда)

0,6

0,4

2. Активтердің құрылымы (%)

   

2.1. 1-ші өшіреттегі резервтер (қолма-қол ақша, 75-кореспондентік шоттағы қаражаттар)

11,2

12,1

2.2. 2-ші реттегі резервтер (өтімділігі өте жоғары бағалы  қағаздар)

20,4

35,9

2.3.  Несиелер

31,4

36

2.4. 3-тұлғалардың капиталына  инвестициялар

0,4

0,1

2.5. Негізгі құралдар

11

4,6

3. Жоғарғы табыс әкелетін  активтердің үлесі (%)

51,8

71,9

4. Тәуекелі жоғары  активтердің үлесі (%)

42,8

40,7

Информация о работе Коммерциялық банктердің активті операциялары диплом жұмысы