Коммерциялық банктердің активті операциялары диплом жұмысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2012 в 23:17, курсовая работа

Описание работы

Банктік жүйе – нарықтық экономиканың маңызды және бөлінбес құрылымдарының бірі болып табылады. Банктердің дамуы мен тауар өндірісі айналысы тарихи жағынан алғанда қатар жүріп отырды және бір-бірімен тығыз байланысты болды. Бұл кезде банктер ақшалай есеп айырысуларды жүргізе отырып, шаруашылықты несиелей отырып, капиталдардың қайта бөлінуінде делдал бола отырып өндірістің жалпы тиімділігін арттырады, қоғамдық еңбек өнімділігінің өсуіне жағдай жасайды.

Работа содержит 1 файл

Курсовой!!! не удалять!.doc

— 410.50 Кб (Скачать)

 

 

 Жобалық, саудалық  қаржыландыру және лизинг шегінде  берілетін несиелер бойынша сыйақы  ставкалары. Несиелік Комитетпен, әр  жобаға жеке, қаржылық нарық жағдайына, несиелік ресурстарға сұранысқа, тәуекел факторларына, қайта қаржыландыру ставкасының өзгеруіне, несиелік операциялар бойынша банк табыстылығының қолайлы нормасына байланысты тағайындалады және банктің Қаржылық Комитетінің ұсынысына негізделеді. ипотекалық, тұтыну, ломбардтық несиелеу бойынша сыйақы ставкалары осыларға сәйкес операцияларды жүргізудің ішкі ережелермен белгіленеді және тұрақты болып табылады.

2000 жылдың басы мен  соңына жасалған несиелік портфель  құрылымының салыстырмалы түрдегі  сапалық талдауы. Банктің несиелік  портфеліндегі стандартты несиелердің үлес салмағы айтарлықтай жоғары екенін, ал күдікті және үмітсіз несиелердің үлесі, банкпен өміршең әрі тиімділігі жоғары жобаларды таңдауы салдарынан төмендегенін көрсетеді.

Қанағаттанарлықсыз, тәуекелі  жоғары күдікті және үмітсіз  займдардың сомалық үлес салмағы, жалпы ссудалық портфель көлемін. 2001 жылмен салыстырғанда (2000ж-12,6%) 3,1 пайызды құрайды.

Стандартты және субстандартты займдар арасындағы арақатынастың өзгеруі, несиелік портфельді жіктеу кезіндегі критерийлердің қатаң болуымен түсіндіріледі.

Қарыздар бойынша мүмкін зияндарға резервтердің есептелуі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісінің талаптарына сай келеді «Банк ЦентрКредит Ашық Акционерлі Қоғамының несиелері бойынша мүмкін зияндарға резервтер, банктің жіктелген портфелі бойынша несиелерді толық жабуға жеткілікті.

2001 жылы несиелік қызметпен байланысты зияндарды жабуға резервтердің өсімі болғанын айтып кетуге болады. Ал ол, өз кезегінде банк активтерін, болуы мүмкін несиелік зияндардан қорғану дәрежесін көтерді. Осы жылы провизиялардың көлемінің артуы,   несиелік портфелдің  көлемінің және проблемалық  несие үлесінің 1,9 пайыздан 2,8 пайызға дейін өскенін сипаттайды.

Несиелік портфелмен  жіктеумен сәйкес 2001 жылдың 31 желтоқсанына  провизия сомасы 102 миллион теңгені  құрады, провизия толық көлемде қалыптастырылған. Құралған провизия есебінен Банк балансынан 22 миллион теңге сомасына үмітсіз займдар шығарылып тасталды

Есептен шығарылып  тасталған несие бойынша шығындардың  орнын толтыру, банктің несиелік  саясатының маңызды бағыты болып табылады.

Баланстан шығарылып  тасталған несиелерді қайтару  мақсатымен келесі жұмыстар жүргізілді:

  • Қарыз алушылар мен кепіл берушілерге орындалмаған міндеттемелер туралы жазбаша хабарламалар жіберілді.
  • Қарыз алушылардың банктің есеп шотына талаптар қойылды.
  • Претензиялық талап жұмыстарына қатысу.

Жүзеге асырылған іс-шаралар  нәтижесінде (оның ішінде сот  шешімін орындау нәтижесін қоса  алғанда ) банк табыстарына есептен  шығарылып тасталған несиелік  қарыздарды өтеу үшін (негізгі  қарыз және сыйақы ) 48 миллион теңге түсті. Ол 2000 жылы провизиялар есебінен шығарылып тасталған займдардың жалпы сомасына қатысты 215 пайызды құрайды.

Жалпы алғанда 2000 жылдың  қорытындысы бойынша банктің  табыстарының ішінде ең үлкен  үлес салмақты несиелік қызметтен  түскен табыстар алып отыр-32,5 пайыз. Ал абсолюттік шамада алатын болсақ, ол 526 миллион теңгені құрайды, оның алдыңғы жылы мен салыстырғанда бұл көрсеткіш 48 пайызға өсіп отыр. Несиелік портфель 2002 жылдың соңына, қысқа мерзімді несие берумен қатар, банк орта мерзімді және ұзақ мерзімді негіздегі жобаларды қаржыландырды.

   Несиелік портфельдің  мерзімдер бойынша құрылымы көрсетілген.

Кесте 7

         Несиелік портфельдің мерзімдер  бойынша құрылымы.

                                                                               (млн. тенге)

 

01.01.2000

01.01.2001

 

Сомма млн.тг

үлесі

Сомма млн.тг

үлесі

Барлығы

1166

100

3222

100

Қысқа мерзімді

1078

92,4

2280

70,7

Орта мерзімді

3

0,3

322

10

Ұзақ мерзімді

85

7,3

620

19,3


 

Осы кестеде көріп  отырғандай 2000 жылмен салыстырғанда 2001 жылы несиелік портфельі 2056 млн. тг. өсіп отыр. Соның ішінде қысқа мерзімді 1202 млн. тг, орта мерзімді 319 млн. тг. ал, ұзақ мерзімді 535 млн. тг. көтеріліп отыр.

Банк кепілдікпен қамтамасыз  етулердің өтімділігі мен қарықтық  бағасын анықтауда қатаң көзқараста болады. Осының салдарынан, толығымен дерлік кепіл затпен қамтамасыз етілген, олрадың құны таза несиелік салымдардан әлдеқайда жоғары болып келеді. Клиенттердің несиелеу негізгі құралдарды, құрылғыларды, тауарларды, жылжымайтын мүлікті, кепілдіктер және ақшалай депозиттерді, дайын өнімді, бағалы қағаздарды кепілге ала отырып жүзеге асырылады. Кепіл затты бағалау банк мамандарының консервативті тобымен, ал қажет болған жағдайда–тәуелсіз экспертпен бағаланады.

 «Банк Центркредитң ААҚ (бұдан кейін Банк) несие операцияларын жүзеге асырғанда өзінің несиелік саясатын негізге алады. Ол банктік несиелік офицерлері үшін несиелік тәуекелді басқарудағы ең негізгі құрал болып табылады. Осы саясатқа сәйкес несие беру мәселесі мынадай тәртіппен қарастырылады:

  • 400 мың долларға дейін – түпкілікті шешімді Бас офистің несиелік комитеті қабылдайды;
  • 400 мың доллардан 1млн долларға дейін-Банк басқармасы қарастырады;
  • 1 млн. Доллардан жоғары – Банк басқармасы түпкілікті шешімді Директорлар кеңесінің келісімі бойынша қабылдайды. 

 Қарыз беру процедурасын жүргізу үшін қажет құжаттар:

  • Қарыз алушының жобасын қаржыландыру бойынша сараптаушының қорытындысы;
  • заңгердің қорытындысы;
  • филиалдың қауіпсіздік бөлімінің қорытындысы (100 мың долларға дейінгі несиелер бойынша);
  • Бас офистің қауіпсіздік басқармасының қорытындысы (100 мың доллар және одан жоғары сомадағы несиелер бойынша);
  • Банк мамандары әзірлеген кепілге салынған мүлікті бағалау актісі;
  • Несиелік келісім;
  • Кепілдік келісім;
  • Филиалдың Несиелік комитетінің несиені беру туралы қабылдаған шешімі;
  • Жоғары шекті сомалар бойынша: Бас офистің Несиелеу департаментінің Несиелік комитетінің шешімі, қажет жағдайда –Банк басқармасының , Директорлар кеңесінің шешімі;
  • Мерзімді міндеттеменің көшірмесі;
  • қарыз шотын ашу үшін, мерзімді міндеттемелерді, кепілге салынған  мүлікті және ол бойынша  белгілейтін құжаттар түп нұсқасын кірістеу үшін шығарылған үкімдердің көшірмелері;
  • касалық қоймаға өткізілген құжаттар түпнұсқасын қабылдау – беру бойынша актілер;

  Мен осыған байланысты  банкте тәжірибеден өту барысымда бақылаған «Орхидея« сән салонына несие берілу өрдісін мысалға келтірейін. Бастапқыда компанияның атынан несиелік келісімге қол қоюға өкілетті жетекшісі Бериков Б.М. қарыз алу туралы өтінішін жазды. Онда қарыз алушы мен сұралатын несие туралы негізгі мәліметтер: мақсаты, мөлшері, түрі, мерзімі қамтамасыз ету формасы   көрсетілген. Банк несиелеудегі қарыз алушының мүмкіндігін алдын-ала бағалау үшін есеп карточкасын толтырды. Онда фирманың жетекшісімен қарыз алушы өкілінің аты-жөні; қызмет және меншік түрі; клиенттің заңды мекен-жайы;  есеп айырысу және валюталы шот ашқан банктің аты және реквизиттері; негізгі құрылтайшылары; сұралған несиенің мақсаты, сомасы және мерзімі; соңғы есептік күнге берілген баланс құрылымы және басқада көрсеткіштер жазылады. Бұл өтінішті несиелік офицер қарастырғаннан кейін, одан әрі жобаны қаржылық сараптау үшін қажет құжаттарды 7-10 күн ішінде тапсыруын клиентке міндеттейді;

- қарыз алушының анкетасы

  1. Компанияның қаржылық есеп беруі, дебиторлық және кредиторлық қарыздары туралы мәліметтер
  2. Бюджеттік міндетті төлемдер бойынша қарызының бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама (өтінішті ұсыну алдында соңғы есеп беруінің мәліметтері бойынша)
  3. Қарыз алушының кепілге салынған мүлкі бойынша салық төленгендігі туралы салық органдарынан анықтама
  4. Басқа банктер алдында қарызы бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама
  5. Бизнес-жоспар
  6. Қарыз қаражаттарын пайдаланудың мақсатын көрсететін құжаттар (контракттар, шот-фактуралар, т.б.)
  7. Жарғы және құрылтай құжаттарының нотариальды-куәландырылған көшірмелері.

Жинақталған құжаттар  пакетінің негізінде несиелік  офицер «Орхидея» ЖШС-нің жобасы бойынша сараптау қорытындысын жасайды. Сараптау 10 күн жүргізіледі. Енді осы қорытындыға тоқтала кетсем, оның қысқаша мазмұны төмендегідей болып келеді.

Қарыз алушы – «Орхидея» ЖШС. Заңды тұлға ретінде 1.10.2000ж. тіркелген. Жарғылық қоры – 72 500 теңге. Ол тігін машиналары құнының есебінен қалыптасқан. Тігін машиналарының саны – 25. Жұмысшылар саны – 22 адам. Жобаның мақсаты - өндіріс көлемін кеңейту. Несие сомасы –   8 000 000 теңге, мерзімі – 12 ай, сыйақы мөлшері – 25 %.

 

 

 

 

 

 

 

Кесте 8                                                                                       

                     Компания қызметінің түрлері

 

   Қызмет түрі

Түсетін түсім,

  мың теңге

Алынатын пайда,

      мың  теңге

Әр қызмет түрінің

 Үлесі, мың теңге

Өндіріс

8 000

3 800

75

Сауда

1 500

600

10

Қызмет көрсету

500

300

15

Барлығы

10 000

4 700

100


 

Сән салонының негізгі  қызметі шағын формалар мен  көйлектерді тігу, сондай-ақ интерьерлерді безендіру болып табылады. Ал маталарды, аксессуарларды сатумен жүзеге асырылатын саудасы 10 %-ды құрап, кәсіпорын пайдасының 12,8 %-н әкеледі. Жеке тігу жалпы өндіріс көлемінің 15 %-н, пайданың  6 %-н алады.

Шағын форма тігуге  заказ беруші ретінде «Дастархан», «Helіos», «Рахат-транссервис» ЖШС, «TexakaBank» сияқты ірі компаниялар қатысады.

Қарыз алушының несиелік  тарихына келетін болсам, ол кезінде «Еуропалық қайта құру және даму» банкінен 18 % жылдық ставкамен 25 мың доллар көлемінде несие алып, оны толығымен мерзімінде қайтарған.

Негізгі құралдарынан  машиналар мен жабдықтардың баланста  көрсетілген қалдық құны – 3 391,8 мың теңге. Олар серіктестіктің өз меншігі болып саналады, кепілге немесе лизингке берілмеген. Дебиторлық қарызы: 18,2 мың теңге («Helіos» ЖШС-нің мамандарына тігілген формалар үшін). Кредиторлық қарыздары: «Панда» ЖШС – маталар үшін 146 мың теңге; салықтар бойынша ағымдағы қарызы – 44 мың теңге. Пайдалар мен шығындар туралы есеп беруі бойынша салонның 1.10.2001 жылғы таза табысы 3 894,4 мың теңгені құраған.

Материалдар Германия  мен Италия дүкендерінен қолма-қол  ақша арқылы сатып алынады.

Несиелік тәуекелді  төмендету мақсатымен қарыз алушының  несие қабілеттілігі анықталды. Оның коэффициенттері банктің «Қарыз алушының қаржылық жағдайын бағалау әдістемесіне» сәйкес есептеледі. Алғашында меншікті айналым қаражаттарымен қамтамасыз етілу көрсеткішін қарастырайын.

Меншікті айналым қаражаттары = меншікті капитал + ұзақ мерзімді міндеттемелер - баланс активінің І-тарауы «Негізгі құралдар және айналымнан тыс активтер» = 7 866,9 – 3 391,8 = 4 475,1 мың теңге

Енді жоба қаржылық  бағалаудың жай әдісі бойынша  жалпы талданады:

  1. Жобаның өтелу мерзімін есептеу әдісі (аймен көрсетіледі)

(Несие сомасы / таза  пайда) * несиелеу мерзімі =

= 8 000 000 / 8 685 000 * 18 = 16,58 ай

  1. Өнімнің рентабельділігін есептеу әдісі

Таза пайда / тауарлық  өнімнің өзіндік құны = 8 685 000 / 37 511 000 = 0,23

«Орхидея» сән салоны банктен алған қаражаттарын қамтамасыз ету ретінде өзінің ательесін кепілге ұсынды. Енді мен қозғалмайтын мүліктің қалай бағаланатындығын бақылау мақсатын көздеп, банк сараптаушысымен ателье орналасқан жерге бардым. Ондағы есік, терезе, еденнің, т.с.с. қандай материалдан жасалғандығын үстіртін қарап шықтық. Келгеннен кейін қозғалмайтын мүлік объектісін бағалау жайында есеп беру мақсатымен акт жасадық. Ол жерде алдымен қозғалмайтын мүлікті сатып алу-сату келісімі, жер учаскесіне меншік құқығын білдіретін сатып алу-сату келісімі мен кадастрлық номері туралы мәліметтер көрсетілді. Ал ательенің неше бөлмеден тұратынын актте келтірілген кестеден байқауға болады. Бұл кестеде әр бөлменің ауданы жеке есептеліп, ең соңында ательенің жалпы ауданы келтірілген. Енді бағаланып отырған объектінің нарықтық құнын анықтау үшін тікелей салыстырмалы талдау әдісін қолдандық, яғни бағаланып отырған объектімен техникалық мінездемесі жағынан ұқсас болып келетін ғимараттар бойынша ұсыныстар туралы барлық мәліметтердің жиынтығы ескерілді. Осы кезеңде мәліметтерді жарнамалар орналасатын арнайы газеттерден алдық.

Информация о работе Коммерциялық банктердің активті операциялары диплом жұмысы