Коммерциялық банктердің активті операциялары диплом жұмысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2012 в 23:17, курсовая работа

Описание работы

Банктік жүйе – нарықтық экономиканың маңызды және бөлінбес құрылымдарының бірі болып табылады. Банктердің дамуы мен тауар өндірісі айналысы тарихи жағынан алғанда қатар жүріп отырды және бір-бірімен тығыз байланысты болды. Бұл кезде банктер ақшалай есеп айырысуларды жүргізе отырып, шаруашылықты несиелей отырып, капиталдардың қайта бөлінуінде делдал бола отырып өндірістің жалпы тиімділігін арттырады, қоғамдық еңбек өнімділігінің өсуіне жағдай жасайды.

Работа содержит 1 файл

Курсовой!!! не удалять!.doc

— 410.50 Кб (Скачать)

  Ерекшеліктері:

  1. Іскерлік қатынастардың ұзақтығы.
  2. Банктік операцияның сенімділігі.
  3. Бекітілген заңдарға сәйкес, арнайы деңгейде қалыпты жүргізілуі. 

  Банк операцияларын  мерзімділігіне байланысты күнделікті  дәстүрлі, дәстүрлі емес банк қызығушылығымен жүзеге асырылатын деп бөліп жүзеге асыруға болады.

Дәстүрлі банк операциясы  деп банк операциясын жүзеге  асыру туралы лицензияға сәйкес  банк қызметінде жиі, кездесетін  және күнделікті жүргізілетін  операция түрінде қалыптасқан  қызметті айтамыз.

Дәстүрлі операциялар:

  • есеп, қарыз, несие операциялар.
  • депозит, аманаттар қабылдау.

     -  клиенттің  шотын жүргізу.

Банк қаржысымен қызығушылығына  байланысты арнайы лицензия негізінде  жүзеге асырылатын, кейде банк  жанындағы болып саналатын операция  дәстүрлі емес операция.

  Оған:

  • валюталық
  • траст
  • лизингтік
  • факторингтік  т.с.с.

        Коммерциялық банк қызметтерінің принципі.

    Коммерциялық  банк (акционерлік) заң жүзінде ақша  қаржыларын тартуға орналастыруға  қайтаруға, төлеуге уәкілеттенген  мекеме.

Банктік статус Ұлттық банктен банк операциясын жүргізу туралы алынған рұқсат қағаз (лицензия) ие екендігін білдіреді. Заңға сәйкес заңды тұлға банк мекемесі деген мәртебе “ Әділет” министрлігінде тіркелген соң берілді.

  Банк ашуға ниет  білдірген заңды немесе жеке тұлға алғашқы қаржы- жарғылық қор жинақтауы тиіс. Бұл қордың ең төменгі мөлшерін Ұлттық банк белгілейді және бұл қор толықтай 1 жыл мерзім ішінде төленуі тиіс. Қорға заңды тұлғалар қаржыны акция шығару есебінен еркін, жарна есебінен құя алады. Ал жеке меншік банктерде үлес қосушылар есебінен жинақталады.

Ұлттық банк белгілеуі  бойынша олар төмендегі құжаттарды, банктік бақылау және қадағалау  департаментіне ұсынады.

  1. Өтініш
  2. Техника экономикалық негіздер (бизнес план)
  3. Іскерлік жоспарымен 3 жыл мерзімде белгіленген есеп   айыру балансы
  4. Банк бастығы туралы анкета. (банктік тәжірибе, жоғары экономикалық білім, алынбаған қылмыстық жауаптылықтың болмауы, бұрын күйзеліске ұшыраған мекеме басшысы болмауы талап етіледі).
  5. Банк жарғысы (ашылатын банкті атау, мекен-жайы, жүргізілетін операция түрлері, ашатын қорлары мен жарғылық қор көлемі тағы сол сияқты)
  6. Құрылтайшының төлем қабілеті туралы аудиторлық қортынды және жарғылық қордың енгізілгендігі туралы құжат.

Лицензия түрлері:

  • Жаңа банк ашуға;
  • Бөлімшелер ашуға;
  • Валюталық операциялар жүргізуге;
  • Халық қаржыларын таратуға;

Коммерциялық банктің  функциялары:

       1. аманаттар  қабылдау;

           2. несиелендіру жүргізу;

       3. шаруашылық  мекемемен есеп айырысу;

           4. айналымға бағалы қағаз тағы  сол сияқты құндылықтар                                                   шығару;

               5.     кеңес беру және әртүрлі ақпараттар ұсыну;

 

Принциптері:

  1. Өзіндік қаржылар есебінен қызмет ету рентабентілікті                                                        қамтамасыз ету.
  2. Еркін түрде қаржы тарту орналастыру экономикалық еркіндікте болу.
  3. Нарық жағдайына байланысты клиенттермен сенімділік қатынаста болу.
  4. Қызмет бағытын, экономикалық орнын еркін таңдау.

 

1.3. Банк активтерін сапасына байланысты жіктеу.

 

Банктің активтерінің сапасы олардың өтімділік, тәуекелділік, және табыстылық деңгейімен бағаланады. Талдаудың классикалық схемасы төмендегідей.

Алдымен активтерді үш топқа бөледі:

  • Өтімді активтер. Оларға: кассадағы қолма-қол ақша, Орталық Банктегі және корреспондент-банктердегі шоттардағы қаражаттар, мемлекеттік бағалы қағаздар, егер олардың дамыған екінші нарығы және ломбартық несие бар болса, Орталық банкте қайта есептеуге алынатын есепке алынған вексельдер.
  • Өтімді активтердің мөлшері салымшылардың орналастырған ресурстарын қайтаруға қатысты олардың талаптарын қанағаттандыру үшін, банктің қаражаттарды айналымнан алу мүмкіндігін сипаттайды. Әдетте өтімділігі тез активтер тәуекелі жоқ деп есептеледі және сәйкесінше, табыстығы аз болып есептеледі.
  • Жұмыс істеп тұрған активтер. Олар клиенттерге берілген қарыздар, банкаралық несиелер, сатылуға арналған және сатуға жарамды  бағалы қағаздар және тағы басқалар.

  Бұлар табыс әкелетін активтер, бірақ белгілі-бір дәрәжеде тәуекелі бар және өтімділігі төмен болып табылады. Бұл кезде мына жағдайды ескеру қажет: әдетте мұндай активтердің табыстылығы жоғары болғанымен олардың шамадан тыс көбеюі банктің өтімділігі және қаржылық тұрақтылығына теріс әсер етеді.

-  Өтімсіз активтер. Оларға қозғалмайтын мүлікке, банктің ғимаратына және құрылғыларына, басқа мекемелердің, фирмалардың және компаниялардың капиталына, егер олар сатуға арналған және сатуға жарамды бағалы қағаздар формасында болса, инвестициялар жатады.

Мұндай жұмсалымдар  банктің өз қаражаттары есебінен жұмсалыуы қажет. Өйткені табиғаты бойынша мұндай жұмсалымдар ұзақ мерзімдік сипатта болады да тартылған ресурстардың қысқа мерзімдік сипатына сай келмейді.

Келесі сатыда активтердің белгілі-бір уақыт кезеңіндегі динамикасына талдау жасалады. Осы сатының ең негізгісі - жұмыс істеп тұрған активтердің тәуекелдігін талдау және бағалау болып табылады. Мұндай талдау құрылған резервтердің жеткіліктігілігін анықтау үшін және активтік операцияларды басқару тиімділігін бағалау үшін қажет. Осыған байланысты, тек жұмыс істеп тұрған активтерді олардың тәуекелдігі тұрғысынан жіктейді.

Мұндай  жіктеудің көптеген түрлері бар. Анағұрлым белгілісі - бұл 1985 жылы АҚШ Федералдық Резервтік Жүйесінің Кеңесі ұсынған жіктеу. Осыған сәйкес активтер былай бөлінеді, - «жақсы активтер, яғни өзіне міндеттеме қабылдаған қарыз алушының ағымдық таза құнымен және төлем қабілеттігімен қамтамасыз етілген, сонымен қатар, активтің өзінің құнымен қамтамасыз етілген активтер:

Ерекше  есептелген активтер. Бұл категориядағы  активтер тап осы кезде қауіптілік туғызбайды, бірақ жалпы алғанда әлсіз және болашақта банктің жағдайын нашарлатуы мүмкін. Бұл активтерге жоғары тәуекелділік тән, бірақ оларды қауіп тудыратын активтерге жатқызатындай шамада емес. Бұл категорияға әдетте адекватты қадағалау  қамтамасыз етілмеген, олар бойынша «зияндық келісім жасалған және адекватты  қамтамасыз етілуі жоқ, барлық қажетті құжаттар алынбаған немесе несиелермен жұмыс істеудің қалыптасқан тәжірибесінен қандай да бір ауытқушылықтар бар. Мұнан басқа, қарыз алушыға әсер етуі мүмкін экономиканың және нарықтың жағдайы кейде бұл орналастыруларды ерекше есепке алуды талап етеді.

-Қауіп тудыратын активтер. Мұндай активтерде қарыздың қайтпай қалу ықтималдылығының айқындығы байқалады. Егер банк активтердің бұл кемшіліктерін жоя алмаса, бұл жағдайда банктің белгілі бір зияндар шегуінің ықтималдылық дәрежесі өте үлкен болады.

-Күдікті активтер. Күдікті ретінде жіктелген активтерге қауіп тудыратың активтерге тән  кемшіліктердің барлығы да тән. Сонымен қатар қосымша кемшілектерде тән, ол кемшіліктер олардың қайтарылуын немесе қарыздың өтелуін мүмкін емес етеді және оларды жоғары шамада күдікті етеді. Күдікті активтерден зиян шегу ықтималдылығы өте жоғары, бірақ активтердің жақсаруына мүмкіндік беретін бірқатар факторлардың болуы (капиталды алу немесе қосу, қосымша қамтамасыз етуге құқықтың алынуы, қайта қаржыландыру жоспарының болуы) оларды зиянды категорияға қоспайды.

  • Шығынды активтер, яғни қайтарылмайтын немесе құндылығының жоқтығы сонша оларды банктің активтері деп есептеуге де болмайды, олай есептеудің орны да жоқ. Мұндай активтердің болашақта белгілі-бір бөлігі қайтуы мүмкін деп есептеген күнің өзінде оларды шығынға жатқызуды соза беру орынсыз болып табылады.

Осындай  тәсілмен топтастырылған активтердің  динамикасына талдау жасау тәуекелге  қатысты банктің саясаттық сипаты  туралы бір қатар қорытындылар  жасауға мүмкіндік береді, сонымен  бірге тәуекелді жұмсалымдар  сферасы ұлғайды ма, бір деңгейде  тұр ма, немесе қысқарды ма, осыларды анықтауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, банктің жалпы активтерінің сапасын тәуекелділік дәрежесі бойынша жіктеу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісінің “Пруденциалдық нормативтер туралы” ережесі негізінде жүзеге асырылады.

  Пруденциалдық нормативтер жайлы ереже бойынша, төменде көрсетілген сандық белгілер арқылы коммерциялық банктердің активтерінің тәуекелділігін белгілейді.

1-топ  тәуекелділік дәрежесі нөлге  тең активтер. Оларға мыналар жатады;

  • касса (теңгелер және халықаралық экономикалық ынтымастық пен даму ұйымына кіретін елдердің валютасы);
  • Ұлттық Банктегі шоттардағы қаражаттар, Ұлттық Банктегі міндетті депозиттер;
  • Монетарлық бағалы металлдар;
  • Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымына кіретін елдердің Орталық Банктеріндегі ағымды шоттар мен қысқа мерзімді депозиттер;
  • Мемлекеттік және басқа да жоғары өтімді бағалы қағаздар;
  • Несиелер (депозиттермен, жоғары өтімді бағалы қағаздармен монетарлы бағалы металлдармен, Үкімет кепілдеген кепілдермен кепілденген)
  • Қазақстан Республикасы Үкіметтіне берілген несиелер;

2-топ  тәуекелділік дәрежесі 0,2-ге тең  активтер. Олар:                                                                                                      

-   Экономикалық ынтымақтастық пен  даму ұйымына мүше елдердің  банктерінде орналастырылған ағымдағы шоттар мен қысқа мерзімді депозиттер;

3-топ  тәуекелділік дәрежесі 0,5-ке тең  активтер. Олар:

  • Монетарлы емес бағалы металдар.

4-топ  тәуекелділік дәрежесі 1-ге тең  активтер. Олар:

  • Экономикалық ынтымақтастықпен даму ұйымына кірмейтін елдердің валютасы;
  • Басқа банктердегі ағымдағы шоттардағы және мерзімдік депозиттердегі қаражаттар;
  • Сатуға арналған бағалы қағаздар және басқа қағаздар;
  • Басқа банктерге берілген несиелер ;
  • Төлемдер бойынша есеп айырысулар;
  • Материалдық қорлар;
  • Негізгі құралдар;
  • Есептелген проценттік табыстар;
  • Проценттерді және шығындарды алдын ала төлеу;
  • Бағалы қағаздар бойынша премиялар және скидкалар;
  • Банк дебиторлары;
  • Уақытша активтер;

Активтерді тәуекелділік  дәрежесі бойынша өлшеу Сәйкес  баланстық шоттағы қалдықты (немесе оның бір бөлігін)  тәуекелділік коэффициентіне көбейту (% пен) және оны жүзге бөлу арқылы жүзеге асырылады.

Банк активтерінің  барлығы белгілі бір тәуекелде  болады. Банк өз активтерінің  тәуекелділік дәрежесін заңға  және өз саясатына сай анықтау  керек және соны ұстап отыру керек. Тәжірибеде несиенің қандай да бір топқа жатқызылуы қарыз алушы несиелік шарттың мерзімдерін және шарттарын атап айтқанда, қарызды өтеу шарттарын қаншалықты орындауына байланысты жүзеге асырылады.

Банктік қадағалау  органдары пайдаланатын активтерді топтастырудың заңдастырылған жүйесі әр елде әр түрлі болады.

Қазақстанда бес буынды  жіктеу қолданылады. Ол негізгі  сома немесе пайыздар бойынша  қарыздарды төлеудің кешіктірілу  дәрежесіне негізделген Банк  активтерін топтастыру тәртібі  Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасының Қаулысымен 1997 жылы 23-мамырда бекітілген «Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктерінің активтерін баланстан тыс талаптарын топтастыру және олар бойынша провизиялар есептеу туралы” №218 Ережесі арқылы белгіленген.

Банктер ай сайын  айлық баланспен бірге Қазақстан  Республикасы Ұлттық Банктік  Қадағалау Департаментіне активтердің  және баланстардан тыс талаптардың  жіктелуі және провизиялардың  мөлшері бойынша өзгерістер туралы  мәліметтерді тапсырады.

Жіктеу активтердің сапасына, яғни олардың қайтарылу мүмкіндігіне негізделеді.

Активтер және баланстан  тыс талаптар стандартты және  жіктелетін болып бөлінеді.

Актив бойынша талап  орындалады деп ойлауға негіз  бар болса, онда актив стандартты  деп есептеледі. Егер актив бойынша талап орындалмайды деп, немесе келісім шарттарына сай орындалмайды деп ойлауға негіз бар болса, онда актив жіктелетін актив болып табылады.

Несиелік портфельдің  жіктелінуі екінші деңгейдегі  банктердің берген барлық несиелері  бойынша жүргізіледі: қарыздар, лизингтер, овердрафт, факторинг, форфейтинг түрінде берілген несиелер, вексельдерді есептеу немесе басқа да қарыздық міндеттемелерді есептеу, аккредитив ашу жолымен берілген несиелер.

Банктер берген несиелер, қарыз берушінің несие бойынша  төлемдердің (негізгі қарыз және процент) мерзімін сақтауына , қарыз алушының банкпен қарым қатынасына, несиелік тарихына, несиенің қамтамасыз етілуіне және оның сенімділігі мен өтімділігіне байланысты сапасы бойынша мынадай топқа бөлінеді:

Информация о работе Коммерциялық банктердің активті операциялары диплом жұмысы